АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қызылордада күріш өсіретін ирандық қазақ[:]

[:kz]

6654d4d5-db02-4e39-ba8b-3d235d58eff3_cx0_cy3_cw0_w987_r1_s_r1Иранда тұратын этникалық қазақ Пәрвиз Тіней Қызылорда облысынан жалға жер алып, күріштің ирандық тұқымын өсірмек. Ол жаңадан бастап жатқан ісі жайлы Азаттық тілшісіне әңгімелеп берді.

Орта жастағы Пәрвиз Тіней 2015 жылы көктемде Қызылорда облысынан жалға жер алып, алғашқы тәжірибе ретінде ирандық күріштің үш тоннадай тұқымын егіп көрген. «Түсім өте жақсы болды» деген ирандық қазақ енді тарихи отанында күріш егумен түбегейлі айналыспақ. Алайда ол тек егіншілікпен табыс түсірмек емес, қой және тауық өсірудің Иранда дамыған технологиясын әкелетінін айтады.

Азаттық: – Пәрвиз мырза, Қазақстанға келген сапарыңыздың мәнісін айтсаңыз.

Пәрвиз Тіней: – Өткен жылдан бері Қызылорада облысының Жаңақорған ауданы мен тағы бірнеше жерлерді аралап көріп, күріштің ирандық тұқымын ектік. Өткен жылы үш тонна күріштің дәнін еккен едік. Түсім өте жақсы шықты. Басында қорықтық. Өйткені Иранда күріштің дәнегін күн салқында арнайы орынға егеді де, 20-25 сантиметр болып көтерілгеннен кейін барып жерге отырғызады. Ал қазақстанда [дәнді] жерге шаша салады екен. Біз осыдан қорыққан едік. Бірақ қазақтың құмы да, күні де жақсы екен.

Азаттық: – Неге ирандық тұқым алып келіп жатырсыздар?

Пәрвиз Тіней: – Мұндағы мақсат – Қазақстанда өсірілген күрішті Иранға экспорттау. Иранда күріштің бағасы қымбат. Бірақ күріштің қазақстандық тұқымы өтпейді — жергілікті халық сатып алмайды. Біз Ирандағы ең жақсы күріш тұқымын өсірмекпіз. Бұл жердегі мақсат – қазақстандағы күріштің тұқымын жақсарту және пайда түсіру. Біз биыл тек күріш ексек, алдағы жылдары қызылша, жүгері, зығыр тұқымдас өсімдіктерді де екпекпіз.

Азаттық: – Сіз — Иран азаматысыз. Қазақстанда шетел азаматтарына және шетелдік заңды тұлғалардың үлесі 50 пайыздан асатын заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығы жерлерін жалға беруге биыл мамырда мараторий жарияланған. Сіздер жерді мараторийге дейін алған екенсіздер. Болашақ жоспарларыңызға мараторий кедергі болмай ма?

Пәрвиз Тіней: – Қызылорда облысы әкімшілігінің жігіттерімен таныстығымыз бар еді. Бірде [олар] біз жаққа (Иранға – ред.) іссапармен келгенде күріштің жақсы өсетінін, ет шаруашылығының аса дамымай жатқанын айтқан еді. Сол [мәлімет] бойынша келіп, алдын ала эксперимент жасап көрдік. Алдағы айда Ираннан 60-қа жуық адамды бастап қайта келемін. Алла бұйыртса, үлкен істі қолға аламыз. Тіпті Оңтүстік Қазақстан облысынан да бізге ұсыныс түсіп жатыр. Егер жақсы пайда әкеліп жатса, жерді 10 жылға жалға алуға болады дегендей айтып отыр.

Азаттық: – Тек егінмен ғана айналысасыздар ма, әлде басқа да жоспарлар бар ма?

Азаттық: – Иранда қандай қызмет істейсіз?

Пәрвиз Тіней: – Иранда жергілікті банк қызметкерімін. 20 жылдан бері сонда істеп келем. Енді 10 жылдан кейін зейнетке шығамын. Зейнетке шыққанға дейін есте қаларлық бір нәрсе жасайын, өзіме де, еліме де жақсы болсын деген ниетпен бір жылға демалыс алып, осы жобаны бастадым. Аталарым 1932 жылдары Маңғыстаудан қоныс аударған. Иранда тұрып жатқан жерім — Гүлістан өңірі.

Азаттық: – Сұхбатыңызға рахмет!

http://www.azattyq.org/

[:]