АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Билік неге Ринат Зайытовтан қорқады?[:]

[:kz]

paaАқын Ринат Зайытов “Алматы” телеарнасындағы “Өткір тіл” бағдарламасына сұхбат берген. Біраз дүниенің басын шалған.

Соның ішінде ақынның “билік халықтың қолында, шендінің бәрі бастық емес” деген пікірі көңілімізге қонды. Осы бағдарламада Зайытов Мәсімовті түйреп өтіпті.

“Кәрім Мәсімов премьер-министр болып тұрғанда «отставкаға» кетпейсіз бе деп ашық айтқанмын. ҚР азаматы ретінде оны айтуыма миллион негізім болды.

Сол сөз айтылған айтыстың ертесінде мен өз арамызда кішігірім жиналысқа салындым.

Сонда бір-ақ сұрақ қойдым.

Біз өз жерімізде, өз мемлекетімізде отырып, өзіміздің мұң-мұқтажымызды айту үшін бір қызметтегі адамнан қорқамыз ба?!
Біздің ата-заңымызда Қазақстанның негізгі билігі халықта, қалғанының бәрі атқарушы билік деп жазылған. Демек, премьер-министр, депутат, облыстың әкімі барлығы халықтың қызметкерлері. Бастығымыз емес. Осының ара-жігін ажыратып алу керек”, – дейді Ринат Зайытов.

[:]