АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қытайдағы бір қазақ Головкинге қатты ұқсайды екен[:]

[:kz]

Иә, Қытайда тұратын бір қандасымыздың қазақстандық даңқты боксшы Геннадий Головкинге ұқсайтыны соншалық, Гена ол қазақпен бірге суретке де түсіп алыпты.

Boxingmonthly.com сайтының хабарлауынша, Головкиннің «егізі» де тәуір боксшы екен. 22 жастағы қытайлық спортшы жартылай орта салмақта әзірге 11 кездесу өткізіп, 10 рет жеңіске жеткен. Жалғыз ғана жеңілісі бар.

pogudx5dii3jsnrm8-36cdda52
Photo courtesy of Zovi boxing

Бай Шан Бо – ұлты қазақ қытайлық спортшы. Қытайдағы Щыңжаң-ұйғыр автомономдық ауданында туып-өскен. 22 жаста болса да, кәсіпқой рингке шыққалы жүр екен.

Өкінішке қарай, Бай Шан Бо қазақ тілін онша жақсы білмейді екен. Бірақ рингке көтерілгенде Гена сияқты шапан жамылып шығады екен.

pogudx5nit0e24gp5-23a70427
Photo Zhou Chao She (Sina Sports)
[:]