АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Еуразия барысы» турнирінің жеңімпазы 10 миллион теңге алады[:]

[:kz]

bez-nazvaniyaОрталық коммуникациялар қызметінде қазақ күресінен өтетін «Еуразия барысы» халықаралық турниріне арналған баспасөз мәслихаты өтті. Бұл турнир биыл төртінші рет 1 желтоқсан күні Алматы қаласында өтеді. Ол  еліміз Тәуелсіздігінің 24 жылдығына орайластырылып  отыр.

Баспасөз мәслихатына «Қазақстан барысы» қазақ күресін дамыту қоры қамқоршылар кеңесінің төрағасы Арман Шораев, осы қордың атқарушы директоры, Қазақ күресі федерациясының вице-президенті Сәрсен Құранбек пен түйе палуан Бейбіт Ыстыбаев қатысты.

Онда А.Шораев турнирдің дайындығы туралы баяндады. «Еуразия барысы» турнирі биыл төртінші рет өткізілгелі отыр. Ол Елбасының тапсырмасына сәйкес ұлттық спорт түрлерін дәріптеу мақсатында өткізіледі. Биылғы белдесулерге Қазақстан,  Грузия, Моңғолия, Польша, Ресей, Тәжікстан, Украина мен Өзбекстанның палуандары қатысады», — деді ол.

Сонымен бірге ол Қазақстан командасының құрамы турнирге  бірнеше күн қалғанда анықталатынын, «Еуразия Барысы» турниріне дейін қалған  он күн ішінде қос құрамдағы палуандар Алматыда  оқу-жаттығу жиынын өткізетінін айтты. Ал С.Құранбектің айтуынша, осы жылы  жарысқа қатысушылар қатарында аты әлемге әйгілі палуандар аз емес. Грузия құрамасының сапында самбодан төрт дүркін әлем чемпионы Вахтанг Чидрашвили, екі дүркін Еуропа чемпионы Давид Лариошвили мен әлем және Еуропа чемпионаттарының жүлдегерлері бар.

–Биылғы сынға Моңғолия командасында самбодан әлем чемпионы А.Байараа, дзюдодан әлемдік гран-при турнирлерінің бірнеше дүркін жүлдегері Х.Ганболд келеді. Осы елдің құрамында 2014 жылы «Еуразия барысы» атанған спортшылар да бар. Турнир өте қызықты және тартысты өтеді деп отырмыз. Өйткені, басқа елдердің палуандары да жер қарап қалмайтын спортшылар. Олардың арасында ұлттық жекпе-жек түрлері, соның ішінде күреш, белдік күрес және тағы басқа да күрес түрлерінен әлем чемпионы атағын иеленген палуандар көп, – деді ол.

Жиында А.Шораев «Еуразия барысының» жүлде қоры 20 млн. теңге болатынын, турнирдің жеңімпазына 10 миллион теңге, екінші орын алған палуанға 6 миллион теңге, үшінші орынға ие болған спортшыға 4 миллион теңге тапсырылатынын айтты.

–Әр команда төреші, жаттықтырушы және сегіз балуаннан құралады. Спортшылар 55 кг, 60 кг, 66 кг, 74 кг, 82 кг, 90 кг, 100 кг және 100 килодан аса ауыр салмақта күреседі. Балуанның жасы 18 жастан үлкен, ол өзі намысын қорғайтын елдің азаматы болуы міндетті. Жарыс алдында қатысушылар медициналық тексеру, салмақ өлшеу, допинг-тексеру және дайындық жаттығуларынан өтеді, – деді «Қазақстан барысы» қазақ күресін дамыту қоры қамқоршылар кеңесінің төрағасы.

Алтынорда

 

[:]