[:ru]
«Басты мақсат — Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол — «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті»
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2014 жылдың 17 қаңтарындағы Қазақстан халқына Жолдауынан.
Кеше Алматыда қалалық әкімшіліктің Ішкі саясат басқармасы және «Алматы қаласының ақпараттық-ресурстық орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Алматы қаласында Мемлекет Басшысы Н.Ә.Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асыруда ҮЕҰ-дың рөлі» атты тақырыпта «Болашағымыз бірлікте! Вместе сильнее!» — деген ұранмен Х-шы Азаматтық форум өтті.
«Мәңгілік ел» идеясы аясында өткізіліп отырған бұл шараның мақсаты – үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік органдардың бірлесіп әрекет етулерінің жаңа формаларын, қаладағы өзекті проблемаларды шешу бойынша бірлескен жұмыстарды талқылау болып табылады. Бұл форумдағы негізгі тақырып Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес инстиуттық реформасын жүзеге асырудағы үкіметтік емес ұйымдардың рөлі болды. Жиында жасалған баяндамаларда үкіметтік емес ұйымдардың Алматы қалалық Қоғамдық Кеңестің жұмысына атсалысуы, Мемлекеттік істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер жөніндегі агенттікпен бірлесіп жұмыс істеуі, «Болашағы бір ұлт» ұттық біркелкілікті қалыстастырудағы қоғамдық ұйымдардың рөлі, сондай-ақ мемлекеттік қызметке тән емес функцияларды бәсекелестік ортаға беру процесіне үкіметтік емес ұйымдардың қатысуы туралы айтылды.
Форумда Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы, «Тұран» университетінің ректоры Р.А. Алшанов «Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің жұмысына ҮЕҰ-дың қатысуы туралы» баяндама жасады. Қоғамдық Кеңестің Төтенше жағдайлардың алдын алу жүйесі қызметін, тұрғын-үй коммуналдық қызметін, Алматыда бірыңғай ақылы автотұрақ жүйесін енгізу бойынша тыңдаулар өткізгені туралы, қоғамдық бақылаудың барлық түрлерін пайдалана отырып бюджеттік бағдарламаларға бақылау жасалатындығы жайлы айтты.
Мемлекет Басшысы Н.Ә.Назарбаевтың бес институционалдық реформалары аясында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ҮЕҰ-мен өзара әрекеттестігі жайлы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Ш. Әлімханов баяндама жасады. Алматы қаласы кәріс ұлттық орталығы төрағасының орынбасары, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Г.В. Кан Мемлекет Басшысы Н.Ә.Назарбаевтың бес институционалдық реформалары аясында «Біртұтас келешек ұлт» төртінші реформа аясындағы азаматтық біртұтастықты қалыптастырудағы қоғамдық ұйымдардың рөлі туралы айтты. Мемлекетке тән емес функцияларды бәсекелестік ортаға беру процесіне ҮЕҰ-дың қатысуы жөнінде «Берекелi жол» РҚБ президенті Р. Бадаева әңгімелеп берді.
«Алматы қаласының ақпараттық-ресурстық орталығы» қоғамдық қорының директоры Алтынай Көбееваның айтуынша, Алматы қаласындағы Азаматтық форумы ҮЕҰ, БАҚ, ұлттық-мәдени орталықтардың, кәсіподақтардың, жалпы қаламызға жаны ашитын, сүйетін тұрғындардың бірлескен күшімен қаланың өзекті проблемаларын шешуге бағыттайтын стратегиялық ұсыныстардың алаңы болды.
Жиынның соңына қарай «Өрлеу» 2016 Жәрмеңкесі мен Байқауының лауреаттарын салтанатты түрде марапаттау рәсімі және Қазақстанның VII Азаматтық Форумының делегаттар құрамына үміткерлерді ұсыну, талқылау және дауыс беру рәсімі болды.
Алтынорда
[:]