АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Асхат Садырбай «Қазақстан аруы» байқауына қарсы шықты[:]

[:kz]

 

  1. bez-nazvaniya-3Белгілі журналист, тележүргізуші Асхат Садырбай «Қазақстан аруы» байқауына қарсы шықты. Оның айтуынша, қазақ қызын бүкіл әлемнің алдында бикинимен көрсететін байқаудың халқымыз үшін түк пайдасы жоқ, деп хабарлайды Stan.kz.

 

«Miss Kazakhstan» байқауына қос қолдап қарсымын. Оның бізге түкке де пайдасы жоқ. Іш киіммен әлемнің саxнасына шығып әдемі ару деген атаққа таласу не теңіміз? Қазақ қызының сыр тартар сұлулығы, әдемілігі талайларды баяғыда-ақ таңқалдырған, мойындатып қойған, қазір де шетелден келгіштеп кеткендер оны қайта-қайта айтып мойындап жүр ғой. Сонда қаракөздеріміз несімен сұлу деп бір сәт ойланып көріңізші. Олар тазалығымен, пәктігімен, инабаттылығымен, ибалылығымен, тәрбиесімен, мәдениетімен сұлу. Біздің қыздар – біздің қарындастарымыз, әпкелеріміз, аналарымыз, құдаша-балдыздарымыз, қайынбике-жеңгелеріміз», – деп бастады сөзін Асхат Садырбай.

Журналист өз сөзінде аталмыш байқауды ұйымдастыруды доғармасақ, тектілігімізге, қазақы қадір-қасиетімізге сын келетінін айтты. Тіптен болмаған жағдайда «Қыз сыны» байқауын республикалық деңгейге көтеруге болатынын жеткізді. Сол сияқты сұлулық байқауына қатысқан қыздарды «кітап оқымайды, надан» деп сынаудың орнына, кемшілікті жұмыла түзеуге ұсыныс жасады.

«Мынау арсыздықты доғарайық. Қазір күлкіге қалған да, оған күлген де ұялмайтын заман болды ғой. Ондайға құлақ үйренді, енді ет өлмесін. Есімізді жияйық. Сынай бергенше бір адам болса да тамшыдай үлес қоссын. Өзімізді өзіміз ғана түзейміз. Өзгенің оған басының ауырғаны қанша?!» – деп түйіндеді сөзін тележүргізуші. 

images-2Miss Kazakhstan байқауына қос қолдап қарсымын. Оның бізге түкке де пайдасы жоқ. Іш киіммен әлемнің саxнасына шығып әдемі ару деген атаққа таласу не теңіміз? Қазақ қызының сыр тартар сұлулығы, әдемілігі талайларды баяғыда-ақ таңқалдырған, мойындатып қойған, қазір де шетелден келгіштеп кеткендер оны қайта-қайта айтып мойындап жүр ғой. Сонда қаракөздеріміз несімен сұлу деп бір сәт ойланып көріңізші. Олар тазалығымен, пәктігімен, инабаттылығымен, ибалылығымен, тәрбиесімен, мәдениетімен сұлу. Біздің қыздар -біздің қарындастарымыз, әпкелеріміз, аналарымыз, құдаша-балдыздарымыз, қайынбике-жеңгелеріміз. Ойланайық. Оларға купальник кигізіп саxнаға шығарып абырой таппаймыз. Мисс Казаxстансыз-ақ барлық қыз әдемі, барлығы бас жүлдеге лайық. Бұл сұлулық байқауының ар жағында қандай саясат жатқаны бесенеден белгілі. Доғармасақ тектілігімізге сын. Тегі байқаусыз болмайды десеңіздер өзіміздің баяғы “Қыз сыны” деген жап-жақсы байқауды жаңа форматта қайта жаңғыртуға болады. Жылда осы, қатысатын қазақ, оны кітап оқымайды, надан деп мазақ ететін де қазақ. Оларға күлгенше жағдайды түзейікші. Жастардың, әсіресе әдемі қыздардың қоғамдағы рөлі Мисс Казаxстанмен шектелмейтінін ұғындырайықшы, түсіндірейікші ерте бастан, мектеп жасынан жақсыға үйретейікші, кітапқа қызықтырайықшы. Ал, мынау арсыздықты доғарайық. Қазір күлкіге қалған да , оған күлген де ұялмайтын заман болды ғой. Ондайға құлақ үйренді, енді ет өлмесін. Есімізді жияйық. Сынай бергенше бір адам болса да тамшыдай үлес қоссын. Өзімізді өзіміз ғана түзейміз. Өзгенің оған басының ауырғаны қанша?!

stan.kz

 

[:]