[:kz]
Ресейде банк тонамаққа бекінген белгісіз адамдар еден тесігінен кіріп, миллиондаған қаражатты алып кетіпті.
Бұл туралы РБК агенттігі хабарлайды.
Қазіргі таңда ұрылардың әрекетіне қатысты Курчатов қалалық ІІД қылмыстық іс қозғаған. Әзірге дерек бойынша “Российский капитал” банкіне мысық табандап кірген тонаушылар, 1,4 млн теңгені ұрлаған.
Олар алдымен үйдің жертөлесіне кіріп, сол арқылы еденді ерінбей тесіпті. Кейін бірден банкомат орналасқан ғимаратқа қарай жол салған
stan.kz
[:]