АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қарағандыда белгісіз біреулер ауру әйелді жұмысқа салып, мазақ етіп келген (фото)[:]

[:kz]

Қарағандыда құлдықта болып, өзгелердің мазағына көніп келген мүгедек әйел табылды.  Еріктілер әйелді небәрі 8 сағатта тапты. Ал, ол полицейлердің іздеуінде 1 жылдан бері тұр.Бұл туралы 31 арна хабарлайды.Любовь Ногайбаева бір жылдан бері екі баласын көрген жоқ. 25 жастағы келіншек психиатрдың тіркеуінде тұр.  Былтырғы жылдың мамыр айында белгісіз ер адам оған жұмыс ұсынып, өзімен алып кеткен. Ол христиан шаруашылығына тап болып, ондағы барлық қара жұмысты істеген.«Мені жұмысқа салды. Жұмыс істемесем ұратын еді. Астанадан келген бір туысымен бірге тұруға мәжбүрледі. Ол мені шашым сүйреп ұратын. Түн ішінде далаға шығарып жіберетін», – дейді Любовь Ноғайбаева.7c7aacdc21da8cb7c776946252916c38__1200x630

  1. Мүгедек келіншектің анасының айтуынша, оның дерті бала босанған соң басталған. Ол ашуланғаннан және талмасы ұстағаннан үй ішін басына көтеріп қиратыпты. Басқа кезде өзін салмақты ұстайды.

    Қызы жоғалған соң анасы арыз жазған.  Алайда полицейлер бір жылдан бері таппапты. Келіншекті еріктілер тапқан.

    7c7aacdc21da8cb7c776946252916c38__1200x630

    «Қызым бұдан да арық болып қалар ма еді. Оның өзінің сүйегі жуан. Сондықтан білінбей тұр», – дейді анасы.

    Бұл отбасының жағдайы мәз емес. Азық-түлік пен балаларға киімді мешіт қызметкерлері әкеп береді. Анасы қызын құлдықта ұстаған адамдардың жазалануына талап етеді.

    7c7aacdc21da8cb7c776946252916c38__1200x630

    Еріктілер қаладағы әлеуметтік көмек ұйымдарынан келіншектің мүгедектігіне байланысты жеңілдіктерді рәсімдеп беруін сұрайды.

    Анасы көзіне жас ала отырып, өздеріне қарапайым халықтың көмек көрсетіп жатқанын айтады.

    Источник: Stan.kz

[:]