[:kz]
Атырау облысында дін қызметкерлері жетіспейді. Бұл мәселені аймақтың коммуникация қызметінде облыстың Дін істері басқармасы жетекшісі Қайролла Құшқалиев көтерді.
Басқарма басшысының айтуынша, қазіргі уақытта өңірде 21 наиб имам, 21 азаншы орны бос тұр.
«Облыстағы діни кадр жетіспеушілігі мәселесін біз кезең-кезеңмен шешуді жоспарлаймыз. Жуық уақытта Түркиядағы оқуларын тәмамдаған атыраулық жастар келіп, дін қызметіне кіріседі. Сондай-ақ, Алматыдағы «Нұр-Мүбарак» университетін де бітіріп келуші түлектер бар. Осы кадрлар арқылы бос діни қызмет орындарын толтырамыз», – деді Қайролла Құшқалиев.
muslim.kz
[:]