АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]САРЫ КАРТОЧКА[:]

[:kz]

Жанашыр жандарым ұрсады маған. «Неге шапқылай бересің? Өзіңді неге аямайсың?!», — деп. Əсіресе, ҚОЖАЙЫН.  Тыңдамаймын. Өйткені «ұйықтап» жүріп, қанша жыл қанша нəсіптен құр қалдық. Бізге тиесіліге басқалар иелік етуде. Атасы басқа, қаны да. Əрі қазақ журналистерге төбеден қарап, кердеңдегендерден шаршадым. Намыстандым. Түркітілдес журналистер қорын құрдым. «Əкесіннн, көрсетейін сендерге менсінбегенді» дедім))Шүкір, жайлап жемісін беріп жатыр. Түркі əлеміне қазақ журналистерді таныту, ұлттық құндылықтарды насихаттау, түркі журналистермен қарым-қатынас орнату, түркі ақпараттық кеңістігін қалыптастыру т.б. мәселеге шама-шарқымыз жеткенше үлес қосып келеміз. Кейде журналистикаға, түркі əлеміне қатысты халықаралық шараларға шақырмайды кейбіреулер. Жұмысымызды, жасап жатқан тірлігімізді біле тұра Бақталас болатындар көбінесе — еркектер, яғни, ағаларым, бауырларым. Пендешіліктен ғой… Ондайда кейде ішімнен, кейде даусымды шығарып боқтап алам сықпыртып  Ең бастысы, жанымда ниеті түзу жандар көп. Аллаға шүкір.  Мынау Түркияда журналистерге берілетін сары карточкасы. Кез келген ала алмайды. Еңбек өтілі, сотталмаған т.б. ескеріледі. Зейнеткерлікке 48 жаста шығады екен. Шахтерлармен бірдей есептеледі. Аса қатерлі мамандықтар қатарында. Сары карточкасы бар журналиске виза кедергісіз беріледі, қоғамдық көлікте тегін жүреді, барлық шаралар, тарихи орындарға тегін кіреді. Ұшаққа арнайы жеңілдік бар. Түркияда журналистердің беделі өте жоғары. Оны əр барған сайын көреміз.
Негізі бірнеше жылдан бері осы мəселе туралы айтып келеміз. Сары карточкамыз болса біздің де. Бірақ қорқатыным, жемқорлық дендеген Қазақ қоғамында ол сары карточка да «сатылымға» шығып кетуі мүмкін. Журналистиканың исі мұрнына бармайтындар жүрсе сол көрінген жерде сары карточкасын шошаңдатып))) Бірдеңе қылу керек… Журналистердің беделін арттыру үшін… Əсіресе, ҚАЗАҚ ЖУРНАЛИСТЕРдің.

Назия Жоямергенкызы

facebook.com

 

[:]