АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қайдан көрдің бір мал сойып, құдайы тамақ беріп, кредиттен құтылған адамды?[:]

[:kz]

 

Каспи банк жайлы АНЕКДОТ

Немересі әжесін Каспи Банкке ертіп барып, пенсиясына 1 миллион несие алыпты. 5-6 айдан соң әжесі марқұм болып кеткен ғой. Сөйтсе, немересі — «Жақсы болды бүкіл кредит әжеммен кетті» деп қуанып жүр дейді.

4-5 ай өткен соң әжесі немересінің түсіне кіріп:

— «Балам, сен неге Каспи Банктың кредитін төлемей жүрсің, төлесейші уақытылы» деп айтып жатқанда, бала шошып оянып, қорқып, тұла бойы дірілдеп кетіпті. Таңертең ерте тұрып, қорадағы бір қойды құрбандыққа шалып, мешіттен молда шақырып, әжесінің аруағына құран бағыштапты.

— «Енді әжем риза шығар» деп банктің кредитін төлеместен тағы да 5-6 ай жүріпті.

Бір күні ұйықтап жатса, түсіне әжесі тағы кіріпті. 

— «Әй, балам, өткенде ғана саған түсіндіріп айттым ғой, сен анау Каспи Банктың кредитін неге төлемей жүрсің? Қайдан көрдің бір мал сойып, құдайы тамақ беріп, кредиттен құтылған адамды? Төлесейші кредитті. Маған мына жақта тыныштық бермей жатыр қайта-қайта. Оказывается, мына жақта да Каспи Банктің филиалы бар екен» депті әжесі!

Камшат Албан

Фейсбуктегі парақшасынан

 alashainasy.kz

 
 

[:]