[:kz]
Бетпердені қашан шешесіз ? Өткенде естіген бір оқиға есімнен кетпей қойды. Ерлі -зайыптылар ұлын үйлендіреді. Құдаларын күту үшін банктен несие алып, үйін кепілге қойып, елді таң қалдырып, той жасайды. Енді келген қонақтар, ағайыны аузынан суы құрып тойды мақтап жүр. Бірақ ауқатты, дәулетті көрінгісі келген отбасы жалғыз баспанасын сатыпты. Банктегі қарызын төлеуге жетпеген көрінеді. Пəтер жалдап тұрады. Той өткеннен кейін сыпайы, инабатты келіні ата -енесімен ұрысып, күйеуін жетектеп, пәтерге көшіп кетіпті. Ерлі -зайыптыларды осы жағдайға итермелеген не ? Шамасына қарап той жасауға неге намыстанамыз?
Кеше тағы бір тойға дайындықты талқыладық. Отбасының тойханада қонақ күтетін жағдайы жоқ. Бірақ намысқа тырысып, тағы бетперде киюге бел будық . Əйтпесе құдалардан, елден ұят болады? Олармен бірге мен де бетперде киіп, тұншығып кеттім. Турасын айтсаң, ешкімге жақпайсың. Бетперде кигеннің тиімділігі əркімнің сөзін тыңдап, өзіңше ой түйесің.
Əнеугүні бір кісіні құдалықта танымай қалдым. Қорасында қойы жоқ еді. Алтынға оранып, тойға тотыдай таранып келіпті. Сөйтсем, бүкіл ауылдағы абысын -ажындарының алтындарын тағып, жақсы киімін киіп келіпті. Бетперде кию мода болған ба?
facebook.com парақшасынан
[:]