[:kz]
Молдовада 12 ақпанда мемлекеттік телеарналардың ресейлік жаңалықтар мен ақпараттық-сараптамалық бағдарламаларды көрсетуіне тыйым салатын заң қолданысқа енді. Жаңа заңнцың орындалуын Молдованың Радио және телевидение жөніндегі үйлестіру кеңесі қадағалайды.
12 ақпаннан бастап Молдовада осы уақытқа дейін ресейлік жаңалықтарды трансляциялаған телеарналарға арналған жаңа хабар тарату кестесі бекітіледі. Радио және телевидение жөніндегі кеңес телеарналардың қандай хабар таратып жатқанын жоспардан тыс бірнеше рет тексереді.
Қаңтардың басында Молдованың ресейшіл президенті Игорь Додон қызметінен уақытша шеттетілген. Бұдан соң ресейлік ақпараттық бағдарамаларға тыйым салатын заңға Додонның орнына Молдова парламентінің спикері Андриан Канду қол қойған. Додон Конституция бойынша бекітуге міндетті болғанына қарамастан, шетелдік үгіт-насихатпен күрес туралы заңды екі рет қайтарып тастаған еді.
Жаңа заң Молдовада Еуропаның трансшекаралық телевидение туралы конвенциясын қабылдамаған елдерде жасалған ақпараттық-сараптамалық, әскери немесе саяси бағдарламарды көрсетуге тыйым салады. Конвенцияны қабылдамаған елдер қатарында Ресей де бар. Ресейдің ойын-сауық немесе басқа да бағдарламаларын ретрансляция жасауға тыйым салынған. Бұл заңды бұзған телеарнаның лицензиясы қайтарып алынбақ.
azattyq.org
[:]