[:kz]
Атырау қаласында ағымдағы жылы 227 көшені қамту жоспарланып отыр, бұл 211 шақырым жолды құрайды деп, хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Қалалық ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің ақпараты бойынша бүгінгі күні Көкарна, Бірлік, Мұнайшы, Геолог, Жұлдыз-3, Жұлдыз-1,2 ықшам аудандарында, Бесікті және Дамбы ауылдарында жаңа жол құрылысын салу жұмыстары жүргізілуде.
— Осы жылы Ақжар-2, Ақсай-2, Атырау-1, Жаңаталап-1, Еркінқала-2, Водников-2, Томарлы-2, Бірлік-2, Дамбы-2, Тасқала-3 ауылдарында жалпы ұзындығы 211 шақырымды құрайтын 227 көшенің ЖСҚ әзірленуде. Мемлекеттік сараптаманың оң шешімін алғаннан кейін асфальт төсеу осы қала маңындағы елді мекендерде де басталады, — деді қалалық ТКШ ЖК және АЖ бөлімінің өндірістік-техникалық секторының басшысы Акесен Ибрагимов.
Ағымдағы жылы 20 мың шаршы метрдей жолды шұңқырлы жөндеу жүргізу жоспарланғанын, оның ішінде бүгінгі таңда 3 770 шарты метр жол жөнделгенін атап өтеміз.
2018 жылы Атырау облысында барлығы 280 шақырым жолды асфальттау жоспарлануда.
[:]