АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Астанада жантүршігерлік жол апаты: Олжас Сүлейменовтің немересі қаза болған [:]

[:kz]

Астанада жантүршігерлік жол апатынан қаза тапқан мотоциклшінің туыстары куәгерлерді іздестіріп жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшсі. 22 маусымда Астанадағы Мәңгілік ел мен Керей, Жәнібек хандар даңғылының қиылысында болған жол апатынан мотоциклші қаза болған еді. Қаза болған мотоциклшінің 26 жастағы Искандер — Олжас Сүлейменовтің немересі екені анықталды. Қазіргі уақытта Искандердің туыстары жол апатының куәгерлерін іздестіріп жатыр.

Астана қалалық ІІД жол апатының мән-жайын анықтап жатқанын және кейінірек қосымша мәлімет беретінін айтты.

Полицейлер осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Жол апатының мән-жайы анықталып жатыр», — деп хабарлады Астана қалалық ІІД баспасөз қызметіндегілер. Қаза болған жігіттің туыстары осы оқиға жайлы қандай да бір мәлімет білетіндерден мына нөмірлер бойынша хабарласуды сұрайды: +7701-44-44-134, +7701-551-82-22, +7701-981-78-81.
kaz.tengrinews.kz

 

[:]