АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Күйеуіне ренжіген шымкенттік келіншек «уксус» ішіп өлмек болды[:]

[:kz]

Суицидке барған азаматша жедел жәрдем қызметімен ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер бір аптаға жуық жан сақтау бөлімінде ес-түссіз жатқан азаматшаның өмірін әрең дегенде аман алып қалды.

Отбасылық жанжалдан кейін өмірімен қош айтыспақ болған келіншекпен қазір психологтар жұмыс істеп жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, келіншектің жағдайы қазір жақсы. Өміріне келер қауіп жоқ. Дегенмен мамандар күйеуіне ренжіп сірке суын (уксус) ішкен азаматшаның әлі бірнеше ай ем алуы қажеттігін айтты.
«Жағдайы ауыр болғандықтан сегіз күн бойы реанимацияда жатты. Қазір жағдайы жақсы. Ішкі ағзасы уланғандықтан әлі біраз уақыт емін жалғастыру керек»,-деді токсикология бөлімінің меңгерушісі Асылхан Мыңбосынов.
elitar.kz

[:]