АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Алматыда зейнеткер төрт немересімен жерасты тұрағын паналауға мәжбүр[:]

[:kz]

Алматылық зейнеткер мүгедек қызы мен төрт немересімен бірге қаладағы  жерасты тұрағында өмір сүреді.  Отбасы кішкентай бөлмені паналауға мәжбүр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Астана» арнасына сілтеме жасап.

68 жасар Дариға Қасымованың айтуынша, төрт жыл бұрын ол алаяқтардың арбауына түскен. Соңғысы алаяқтықпен оның құжаттарын алып, үйді банкке кепілге берген. Сот шешімінің нәтижесінде зейнеткер баспанасыз қалған.

 

«Менен басқа әйел тағы 69 адамды алдағанын білдім. Нәтижесінде оны алаяқтық үшін түрмеге отырғызған. Ал мен үйімнен айырылып қалдым. Таныстарым арқылы осы тұраққа күзетші қажет екенін білдім. Бақытымызға орай, мені жұмысқа алды. Мен зейнеттемін ғой. Сосын осында тұруды сұрадым. Осылай тұрып жүрміз. Бір жыл өтті», — деді Дариға Қасымова.

Оның айтуынша, ол тіркелген жері бойынша әкімдікке бірнеше рет жүгінген, бірақ нәтиже шықпаған.

«Мен Медеу ауданында тіркелгенмін. Онда күтіңіз деп айтады. Күтеміз, басқа амал жоқ. Пәтер жалдау тым қымбат», — дейді зейнеткер.

Отбасына паналап жүрген тұрақ орналасқан Әуезов ауданының әкімшілігінде көмектесуге уәде берді.

Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімдігінің әлеуметтік сала бөлімінің басшысы Анжела Адамбаеваның айтуынша, шенеуніктер жағдайды анықтау үшін комиссиялық тексеріске барады.

«Бұдан әрі, біз өз тарапымыздан мүмкіндігімізше көмектесеміз», — деп сендірді Адамбаева.

[:]