АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Павлодарда халқымызға қайтадан бодандық қамытын кигізуді көксейтін патшашыл-кеңесшіл топтар көп» — Арман Қани[:]

[:kz]

 

 

Осындай топтардың бірі кеше яғни 3 тамыз күні Павлодар қаласында бұрынғы Кеңес одағы қарулы күштерінің әуе десанттары күнін атап өтіп, көшеге шығып, сап түзеп, шеру өткізген.

Павлодар қаласында бұрынғы Кеңес одағы қарулы күштерінің әуе десанттары күнін атап өтіп, көшеге шығып, сап түзеп, шеру өткізгендерге айыппұл салынды. Полицейлер оларға карантин талабын бұзды және көшеде көлік қозғалысына кедергі келтірді деген айып таққан. Алайда, керекулік белсенді азаматтардың айтуынша, бұларға карантин талабын бұзды деп айыппұл салу жеткіліксіз. Өйткені бұл саяси жағынан өте қауіпті шара. Оның артында келмеске кеткен Кеңестік идеялогияны тықпалаушы, ресейшіл топтар тұр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Короновирустың құрбандарына айналған марқұмдардың жерлеу рәсіміне де топталып жиналуға тыйым салынған кезеңде әлгілердің орталық көшелелерде тайраңдап жүруі қалай? Шеруді кімдер ұйымдастырды, өткізілуіне кімдер рұқсат етті?! Эпидемияға қарсы іс-шараларды сақтау бойынша мониторинг тобы, ішкі саясат, құқық қорғау, ұлттық қауіпсіздік органдары қайда қарап отырды?», — дейді павлодарлық ақын, журналист әрі қоғам белсендісі Арман Қани. 

Оның айтуынша, кеңес әскерлерінің құрамында әскери борышын өтеген десант жауынгерлердің өздері Кеңес үкіметі кезеңінде де дәл осындай саяси әрекетке барған емес. Яғни бұл саналы түрде арнайы ұйымдастырылған шара.

«Орталық саябаққа жиналып, спиртті ішімдіктер ішіп бірін-бірі құттықтаумен шектелетін. Енді егемендік кезеңінде Кеңес десанттары кімдерге қыр көрсетпекші?!

Керекудегі шеруден кейін 1986 жылы Алматыда желтоқсаншы жастарды басып жаныштау мақсатында десанттары бар, басқалары бар Челябі, Новосібір, Свердловск, Уфа, Тбилиси, Фрунзе, Ташкент қалаларынан әкелінген әскерилер мен Қазақстанда әскери борышын өтеп жатқан сарбаздар еріксіз еске түседі… Оларға қолдау көрсеткен милиция қызметкерлері мен жұмысшылар жасақтары да ойға оралады…

Ұзын сөздің қысқасы, Павлодар қаласының орталық көшелерінде Кеңес одағы қарулы күштері әуе десанттары әскерлерінің шеруін ұйымдастырушылар мен қатысушылардың іс-әрекеттеріне саяси баға беріліп, оларға тиісті жаза қолданылуы керек! Мұндайлар бүгін ауыздықталмаса, күні ертең егемен елдігіміздің тас-талқанын шығарып, халқымызға қайтадан бодандық қамытын кигізуді көксейтін патшашыл-кеңесшіл топтар, басқаша айтсақ, сепаратистер, бесінші колоннаға топтасқандар ойларына келгенін істейтіні анық», —  деп жазған ол өзінің facebook парақшасында.

Арман Қанидың айтуынша, бұл өңірде келмеск кеткен Кеңес одағы мен патшалық заманды аңсайтын топтар бар.

Олар әрбір 5 жыл сайын жергілікті патшашыл-кеңесшіл топтар 1720 жылы патша әскерлерінің қазақ жерін жаулап алып қазіргі Павлодар қаласының орнында Коряков Яр бекінісін салғанын мереке ретінде тойлау жөнінде мәселе көтеріп отырады.

Олар әуелде, 1990 жылы қаланың орталық алаңында Омбыдан казактардың әскери формаларын алдырып, зеңбіректердің макетін жасап, патша әскерлерінің басқыншылық жорығына 270 жыл толуын театрланған көріністер арқылы дәріптемек болған.

Абырой болғанда, жергілікті мемлекетшіл, отаншыл азаматтардың наразылық көрсетуінің нәтижесінде патшашыл-кеңесшіл топтардың жоспарлары іске аспай келеді.

 

[:]