АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Баян Алагөзова: Бірінші күйеуіме күн сайын бақыт тілеп дұға етем[:]

[:kz]

 

 

Баян Алагөзова ұзақ үзілістен соң сұхбат берді. Продюсер отбасы, алдағы жоспарлары мен шығармашылығы жайлы айтты. Болған оқиғаға қарамастан продюсер бірінші күйеуіне күн сайын дұға етіп отыратынын жасырмады. 

Бұл туралы «Без фильтров» бағдарламасында айтылды.

Баян Алагөзова отбасында зорлық көрген әйелдер жайлы кино түсіріп жатыр. Бұндағы мақсаты — қазақ әйелінің проблемасын әлемдік деңгейге көтеру. Өз басынан өткен оқиғадан соң Баян Мақсатқызы әйел мәселесін қолға алды.

«Мен өзімді зорлықтың құрбанымын деп санамаймын. Мен жай ғана бұны сабақ деп қабылдаймын. Мен әйел мәселесін қолға алу үшін, еліміздегі әйелдерге көмектесу үшін өзім осындай оқиғаға тап болған шығармын деп ойлаймын. Өткен оқиға үшін өкінбеймін. Бірінші күйеуіме бақыт тілеймін. Ол үшін күн сайын дұға етемін. Ол жас. Дені сау. Ақымақ адам емес. Ол керемет әке болды. Ол керемет күйеу, анасына керемет бала болды. Оны жаман деп айта алмаймын. Сондықтан түрмеден шыққанда бәрі жақсы болады деп сенемін. Оның да бақытты болғанын қалаймын», — деді Алагөзова. 

Баян Мақсатқызы бірінші күйеуінің өте қызғаншақ адам болғанын, ал қазіргі жолдасы Тұрсынның өте сабырлы екенін айтты. 

 

«Мен өзімді іздегенге үйрені қалған адаммын. Бастапқы жылдары Тұрсынның хабарласпайтынына таңғалатынмын. Үйренісе алмай жүрдім. Ол өзіне сенімді адам. Мені қызғана бермейді. Адам өзіне сенімсіз болғанда қызғанады. Кешігіп жатсам ғана, хабарласып «қаншаға дейін кешігесің?» деп сұрайды. Мен өз басым да қызғаншақ адам емеспін. Оның не екенін де білмеймін. Мен өзіме сенімді болғаным соншалық — ешкімді өзіммен салыстыра алмаймын. Ешкімді қызғанған емеспін», — деді ол. 

Баян Мақсатқызының айтуынша, анасы қызын тәрбие бермейді. Бала өскен сайын көргенін бойына сіңіреді. 

«Мен қыздарыма осындай тәрбие бердім. Осылай деп үйреттім деп айта алмаймын. Біз балаларды тәрбиелемейміз. Біз өзіміз арқылы үлгі көрсетеміз. Олар жастайынан көргенін сіңіреді. Мәселен, мен әкелерін топас деп айыптасам, қызым да күйеуім солай атайды. Жақсы десем, жақсы деп атайды. Мен ешқашан балалардың өміріне араласаймын. Балаларымның өз өмірі, өз құқығы бар. Жеке өміріне қатысты менен кеңес сұраса, араласпаймын. Көмек бере аламын, бірақ былай істе дей алмаймын. Себебі мен ол емеспін. Менің өмірім емес. Әркім өз өмірі үшін өзі жауап береді. Айсәулеге бірден айтқанмын. Қандай да бір жағдай болса, мені араластырма дегенмін», — деді продюсер. 

Баян Мақсатқызы ауыр соққыдан кейін екі жылдай өзіне келе алмай жүргенін айтты. Ол кезде қасында болғаны үшін жолдасына алғысын айтады. 

«Мен екі жыл өзіммен ғана айналыстым. Қыздарымның қайда жүргенін, не істеп жатқанын білмедім. Олар туралы ойлауға шамам келмеді. Екі жылдан кейін ғана екі жыл бұрын не істедіңдер деп сұрадым. Олардың жанында ата-анам болды. Екі жыл бойғы азабымды жолдасым көрді. Жылағанымды да, қиналғанымды да сол көрді. Жанымды болды. Мені қолдады», — деді Алагөзова.

[:]