АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Жапаров жаман ырым жасады [:]

[:kz]

Қырғызстанның мемлекет басшысы Садыр Жапаров президент ретінде шетелге сапарын Ресейден бастады  деп хабарлайды «Рейтинг» газетіне сілтеме жасаған www.oinet.kz/

Жалпы Жапаров президент бола салысымен өзін Ресейге бүйрегі бұратын саясаткер ретінде танытты. Ол Ресей Қырғызстанның негізгі әріптесі екендігін айтудан жалықпай келеді. Тіпті Жапаров ақпарат құралдарында Ресей мен Қырғызстанның сан ғасырлық қарым-қатынасы туралы мақаласын  да жариялаған.  — Интеграциялық жобалары және күш-қуаты арқылы Ресей айналасында дамушы аймақтарды қалыптастырып жатыр, – деп жазыпты Қырғыз президенті өзінің мақаласында. 

  Жапаров  кездесу барысында Ресей президентіне қылыш сыйлаған. Мұны Жапаровтың өзі Ресей ақпарат құралдарына берген сұхбатында айтқан. 

— Мен Владимир Путинге әдемі қылыш сыйладым. Қылышты біздің Қырғызстанның керемет шеберлері жасап шығарған, – депті Жапаров. 

Алайда шығыста қалыптасқан дәстүр бойынша досқа ешқашан пышақ, қылыш сияқты суық қару сыйлауға болмайды. Бұл бақытсыздық әкеледі немесе мұндай әрекет екіортадағы қарым-қатынасты пышақкесті үзеді деген түсінік бар. Сонда шығыстың ұланы, көшпенділердің ұрпағы Садыр Жапаровтың мұны білмегені ме?  Онсыз да өзара қырықпышақ болып жатқан қырғыздың президенті жаман ырым жасады. 

 

 

[:]