[:kz]
Өзбекстан Конституциясының жаңа жобасында қазіргі уақытта егемен және референдум негізінде Өзбекстан құрамынан бөлініп шығу құқығы бар Қарақалпақстанның мәртебесін өзгерту ұсынылып отыр, деп хабарлайды «Газета.uz»на сілтеме жасаған Kaz.nur.kz
Басылымның мәліметінше, Өзбекстан Конституциясына түзетулер жобасын Конституциялық комиссия дайындады және парламенттің төменгі палатасы мақұлдады. Өзбекстанның Жоғарғы кеңесі 1992 жылы 8 желтоқсанда қабылдаған Конституцияға сәйкес, Қарақалпақстан – референдум негізінде Өзбекстаннан шығуға құқығы бар егемен республика.
Жаңа түзетулер Қарақалпақстанды бұл мүмкіндіктен айырады. Басылымның жазуынша, конституциялық комиссия сарапшылары ұсынылған түзетулер қарақалпақ және өзбек халықтарының бірлігін нығайтуға, сондай-ақ- «Бір ел – ортақ тағдыр» идеясын бекітуге бағытталған деп санайды. Айта кетейік, бұған дейін Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Өзбекстан Конституциясына түзетулерді референдум арқылы қабылдауды ұсынған болатын.
[:]