[:kz]
Тіл кеспек жоқ» Instagram парақшасы жүргізген сауалнамаларына студенттерден жауап алды. Сауалнамаға 170 студент жауап берді. Олардың 97-сі жатын орын таппағанын айтқан, деп мәлімдейді «Адырна».
Көшеде қалған студенттер метрода, компьютер клубында түнегенін айтуда.
Ал кейбір оқырман көшеде орындықта, вокзалда, жертөледе қонған студенттерді көргенін жазды.
Жатын орын тапқан студенттердің өзі жалға алған пәтер қымбат екенін немесе берілген жатақхананың жағдайы нашар екенін айтады.
«Квартира көбіне ер балаларға бермейді, барлығы дерлік қыз балаларға және отбасыларға береміз дейді. Екі бөлмелі квартиралар 200 000 тг болады және қасына 50 — 200 мың арасына депозит сұрайды. Ондай соманы қалаға жаңа келген студенттердің қалтасы әлбетте көтермейді» дейді редакциямызға пікір білдірген Тұран университетінің студенті Мерхат Назимов.
Онымен қоса ол қожайындардың көпшілігі алдын ала ақша сұрап, жарты ақшасын жібер дейтіндерін айтты. Пәтерді жеткен соң көрсетемін, қазір қаланың шетіндемін деп алдап соғатындардың барын да түрте кетті.
[:]