АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Түркістан АКСР-дегі білім, ғылым мәселелері (1918-1924 жж.)

Түркістан АКСР-дегі білім, ғылым мәселелері: (1918-1924 жж.)

 

Жоспар

 

Кіріспе……………………………………………………………………………………………………….

 

І Тарау.  Түркістан АКСР-гі білім мәселелері

1.1 Мектептік білім беру ісі………………………………………………………………………..

1.2 Орта арнаулы білім беру жүйесі…………………………………………………………..

 

ІІ Тарау. Түркістан АКСР-гі Жоғарғы білім беру және ғылымның дамуы

2.1 Жоғарғы оқу орындары және олардың қызметі…………………………………….

2.2 Ғылым және ғылыми қоғамдардың қызметі………………………………………….

 

Қорытынды…………………………………………………………………………………………….

Сілтемелер тізімі …………………………………………………………………………………….

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі…………………………………………………………..

Қосымшалар……………………………………………………………………………………………

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Диплом жұмысының өзектілігі:  Еліміз егемендік алып, ұмыт болған тарихымызбен қайта жүздесіп, шынайы тарихи беттер ашылып, ақиқатты баяндауға, өткенімізді қайта саралауға мүмкіндік туып отыр. Тірлікке жаңа ұрпақ жетіліп келіп жатқан тұста, бар ұрпақтың өзі тағдыр мен тарихтың талай таразысынан қайта өтіп жатқан қазіргідей кезеңде тарихы көп бұрмалаушылыққа ұшыраған, зерттелуі тым мардымсыз тақырыптардың бірі —  Түркістан АКСР тарихы.

         Қазіргі кезде тәуелсіз мемлекетке айналған Қазақ елі тарихын тереңнен танып білуге, көмескі  тұстарын қайта ашуға үлкен мүмкіндік туғызып отыр.

         1917 жылдың 7 сәуірінде уақытша үкіметтің Түркістан комитеті құрылды. 1918 жылы сәуір айында РКФСР құрамындағы Түркістан автономиялы кеңестік социалистік республикасы құрылды.

         Аласапыраны мол асау ағыстарға толы ХХ ғасырдың алғашқы шиергіндегі тілі мен діні бір бауырлас түркі халықтарының ортақ мемлекет Түркістан АКСР болды.

         Мұнда қазақ халқының елім деп еңіреген талай боздақтары, бүкіл саналы ғұмырын Түркістан тарихын түлетуге жұмсады. Олар Түркістан өлкесінде орын алған дүрбелең тұста халыққа пана елге ұйытқы бола білді. Өлкедегі әр түрлі экономикалық әлеуметтік (білім, ғылым) мәдениет саласындағы еңсе езер қым – қуыт қиындықтар мен ауыртпашылықтардан арылудың төте жолы оқу – білімде, халықты  сауаттандыруда екенін сезінді, Дүниенің кілті білім, ғылымда  жалпақ жаһанның өзге елдермен иек теңестірер күш – қуаты білім, ғылымда екенін ұқты.

         Көк байрақты тәуелсіз Қазақ елімізде  жылдан – жылға білімге деген сұраныстың артуы рухани дүниенің дамуы жедел қарқын алуда.

Осыған орай  1918-1924 жылдар аралығында өмір сүрген Түркістан АКСР – дегі білім, ғылымның дамуын зерттеп аша түсетін мүмкіндік туып отыр.

ХХ ғасырдың басында Түркістан өлкесінде білім, ғылым саласы барынша кеңейіп оқу – ағарту саласын дамыту жергілікті халықтар арасындағы әлеуметтік рухани бауырластықты сақтап ары қарай нығайтатын бірден – бір күшті құралға айналды.

Қазақстан тарихы нақты тарихи оқиғаларға құнды зерттеулерге, тарихи фактілерге толы болса, Түркістан АКСР білім, ғылым, оқу – ағарту істері бойынша, зерттеу тым жұтаң, ауыз толтырып айтарлықтай әдебиеттер аз.

Осыған орай Түркістан АКСР – дегі білім, ғылым мәселелерін зерттеу оның көкейкестілігі мен көлеңкелі тұстарын ашу бүгінгі күні өзекті болып табылады. Қазақстан тарихының құрамдас бөлігі болып саналатын Түркістан АКСР тарихы зерттеп зерделеуді  қажет етеді.

Қазақ АКСР-де жоғарғы оқу орындарын ашу 1926 жылдан кейін жүзеге аса  бастаса Түркістан АКСР – де 1918 жылы жоғарғы оқу орындары ашылған.

Аталған мәселелер біздің дипломдық жұмысымызға арқау болды және зерттеудің тарихи рухани саяси маңызы зор.

Дипломдық жұмысының тарихнамасы және зерттелу деңгейі: Түркістан АКСР білім, ғылым мәселелері кеңес авторлары еңбектерінде кеңестік көзқарас тұрғысынан баяндалды.

Сол кеңестік тұста жазылған «Түркістан коммунистік партиясы»  еңбегінде коммунистік идея тұрғысында жазылды. Егемендік алған соң Түркістан АКСР тарихы хақында О.Қоңыратбаевтың «Т.Рысқұловтың қоғамдық саяси және мемлекеттік қызметі» еңбегінде Т.Рысқұловтың Түркістан АКСР-ің сауатсыздықты жою,білім беру,ғылым саласында  жасалған жұмыстары. Х.Әбжановтың «Қазақстан: Тарих. Тіл. Ұлт» атты еңбегінде тұңғыш Қазақ ағарту институты және онда білім берген қазақ зиялылары хақында айтылады. Сондай-а 1973 жылы Өзбекстан республикасынан шыққан «Культурное строительство в Туркестанской АССР»сборник документов» атты архив құжаттарының топтамасында Түркістан АКСР-гі білім берудегі тарихи құжаттар берілді.

Кейінгі кезде  түрлі зерттеу мақалалары мен ғылыми монографиялар Түркістан АКСР-ің тарихын тереңнен тануға теңізге құйған тамшыдай болса да өз үлесін қосуда. Түркістан АКСР-дегі оқу білім саласын қазақтың біртуар азаматтары Т.Рысқұлов, М.Тынышбаев, Н.Төреқұлов, Х.Досмухамедов, С.Қожанов,С.Асфендияров сынды тұлғалар барынша дамыта түсті.Осы тұлғаларымыздын еңбегінде Түркістан АКСР білім мәселесіне қатысты деректер кездеседі

Ата дәстүр, ислам құндылықтарын, әлем әдебиеті мен мәдениетін бойына сіңірген елім деп еңіреген ел тұлғалары білім мен ғылымды дамытуда әлемнің озық үлгісі һәм жүйесімен дамытуды қалады.

Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері: Аласапыран оқиғаларға толы, қарама – қайшылықтар, болашаққа деген мол  тынысты құлшыныстар мен асау ағыстар жиынтығына айналған ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде түркі халықтарының ортақ мемлекеті Түркістан АКСР-ғы маңызды этносты құрайтын қазақ халқының сауаттылығын, білім, ғылым жолындағы жасалған жұмыстарды зерделеу. Сонымен қатар білім, ғылым жолындағы жасалған жұмыстарының халықтардың әлеуметтік, әлеуметтік – саяси өміріндегі алатын орны мен даму жолын (тетігін) ғылыми айналымға түспеген  құжаттар мен деректер негізінде көрсете отырып, оны жаңа тарихи  көзқарас тұрғысынан бағалау диплом жұмысының басты мақсаты болып табылады. Осыған орай дипломдық жұмыстың алдына мынадай міндеттер  қойылып отыр.

  • Мектептік білім беру жүйесінің дамуына ғылыми баға беру.
  • Орта арнаулы оқу орындарының қоғамға тигізген прогрессивті ықпалын көрсету.
  • Жоғарғы оқу орындарының ерекшеліктері мен кадр даярлау қызметін баяндау.
  • Ғылым мен ғылыми қоғамдардың қызметін саралау, талдау жасау.

Диплом жұмысының хронологиялық шегі: Түркістан АКСР-ің 1918 жылы құрылуы мен 1924 жылы таратылуына дейінгі аралықты қамтиды.

Диплом жұмысының деректік негізі:   Диплом жұмысын жазу барысында Оңтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік мұрағатының 1169 қор Өзбекстан республикасы мұрағатынан алынған «Оңтүстік Қазақстан облысы тарихы туралы» коллекциясынан алынған іс құжаттар,осы уақытқа дейінгі ғылыми айналымға тартылмай келген баспасөз материалдары, осы  тақырыпқа байланысты әдебиеттер, ғылыми зерттеулердің мәліметтері сұрыпталынып алынды.

         Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы:   Нақты деректер негізінде Түркістан АКСР білім, ғылым мәселелеріне қатысты материалдар негізінде заман талабына сай тарихи шындық пен объективті тұрғыдан жан жақты талданып көрсетілді. Диплом жұмысында мынандай жаңалықтар бар.

  • Деректердің ғылыми айналымға тартылуы негізінде Түркістан АКСР білім, ғылым мәселелері дәйекті түрде баяндалады.
  • Түркістан АКСР-гі қазақ халқының ұлттық оқу жүйесін қалыптастыруға жасалған әрекеті мектептік білім беру жүйесі, орта арнаулы оқу орныдары, Жоғарғы оқу орындары жүйесін жасау жолындағы әрекеттері айтылады.
  • Ғылыми орталықтардың құрылуы,дамуы, ғылым саласындағы алғашқы баспалдақтар мен ғылымның қоғамға берген жұмыстары мен жемістері хақында баяндалады.

Диплом жұмысының методологиялық негізі: Диплом жұмысының методологиясы,объективтілік,тарихилық  жүйелілік және сабақтастық сияқты ғылыми танымға негізделген. Сондай-ақ Түркістан АКСР білім, ғылым  мәселелерін мүмкіндігінше объективті тұрғыда түсіндіруге бағытталған әрі жаңа тарихи көзқарас тұрғысынан жазылған еңбектер басшылыққа алынды.

Диплом жұмысының практикалық маңызы: Түркістан АКСР-ғы білім, ғылым мәселелері Түркістан АКСР оқу – ағартушылық тарихына байланысты зерттелген еңбектердің қатарын толықтыра түседі. Диплом жұмысындағы материалдар жоғарғы оқу орындарында оқылатын курстар мен семинар сабақтарында пайдалануға болады.

Диплом жұмысының сыннан өтуі: Диплом  жұмысы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ ШИ Тарих факультетінің «Қазақстан тарихы» кафедрасының мәжілісінде талқыланып, студенттердің ғылыми конференциясында баяндалды.

Диплом жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден екі тараудан қорытындыдан,сілтемелер тізімінен, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалар тізімінен тұрады.

 

 

 

 

 

І ТАРАУ. ТҮРКІСТАН АКСР БІЛІМ МӘСЕЛЕЛЕРІ

 

1.1 Мектептік білім беру жүйесі.

 

Кеңестердің бүкіл Ресейлік үшінші съезінде қабылдаған (1918 жыл, қаңтар) «Еңбекші және қаналушы  халық құқықтарының декларациясында «Советтік Россия» республикасы ерікті ұлттардың ерікті одағы негізінде Советтік ұлт республикаларының федерациясы ретінде құралады» делінді. Кеңестік тұрпаттағы тұңғыш көп ұлтты мемлекет – РКФСР –дің құрылуы Кеңестік республикалардың дүниеге келуіне жағдай жасады.

1918 жылдың  30 сәуірінде кеңестер съезі РКФСР –дің құрамына кіретін Түркістан Кеңестік Автономиялық Республикасын құру туралы қаулы қабылдады [1].Түркістан АКСР-ің құрамына Өзбек,Түркімен,Қырғыз республиксы және Қазақстан республикасының Алматы,Жамбыл,Оңтүстік Қазақстан,Қызылорда облыстары енді. Бұхара мен Хиуаны қоспағанда құрамына бұрынғы бүкіл Түркістан өлкесінің аумағы кіретін, Түркістан АКСР туралы ережені бекітті [2].

Түркістан АКСР-ің халқының саны  7 668 мың адамды құрады олардың ішінде 35,77% өзбектер, 44,76% қазақтар мен қырғыздар, 6,73 % тәжіктер, 4,98 % түркімендер, 3,75 қарақалпақтар, 2,15 % т.б.  ұлттар құрады.

Түркістан АКСР құрылғаннан соң халыққа білім беру, сауаттандыру мәселесі көтеріліп РКФСР халық ағарту комиссары Лунчарскийдің № 55 бұйрығымен және Түркістан АКСР ХКК төрағасы Ф.Колесовтың келісімімен 1918 жылдың 23 наурызында №5 бұйрықпен Түркістан өлкесінде өлкелік халыққа білім беру кеңесін құру туралы шешімі шығады [3].

Патша үкіметі құлатылғанға дейін Түркістан өлкесінде мектеп ісі қоғамдық өмір отаршылдық саясаттың шекпенінен шыға алмады..

Түркістан АКСР құрылғаннан соң бұрынғы мектептерді қайта бейімдеу, мектептік білім беру жүйесін қалыптастыру жүзеге аса  бастайды. Ешбір қиындықтарға қарамастан мектептік білім беру бағдарламасы жасалынады.

Осыған орай Түркістан АКСР өлкелік білім беру кеңесі 1918 жылдың маусым айында Түркістан АКСР оқу – ағарту комиссариаты болып құрылады.

1918 жылдың 29 маусымында «Түркістан АКСР-гі барлық деңгейдегі мектептерде 1918-1919 оқу жылында тегін білім беруді қамтамасыз ету туралы» № 11 Түркістан АКСР халық оқу – ағарту комиссары Успенскийдің шешімі  шығады [4].

Осы уақытқа дейінгі мектептердегі оқу бағдарламсына өзгеріс енгізіліп осы өзгеріске сәйкес мектептік білім  беру оқыту жергілікті халықтардың өз ана тілінде жүргізілді.

Ұлттық мектептерде оқыту мен мектептер ашу бірқатар қиындықтар туғызды. Түркістан өлкесінде мектеп ашу білім беру ісі  көшпелі жергілікті халықты тарту мәселесі үлкен ұмтылыспен жүргізілді.

Жаппай білім беру негіздемесіне сәйкес мектептерде оқыту жылдық бағдарламаға сәйкес 3 категорияға бөлінді:

  1. Мектептерде білім беру 1 қыркүйектен маусым айының 1 жұлдызы аралығын қамтыды.
  2. 1 маусымнан шілде айының 1 жұлдызына дейінгі аралық ашық аспан астында саяхат жүргізе отырып, табиғатты танып білуге арналған сабақтар жүргізілді.
  3. Демалысқа шығу күндері: Жазғы демалыс 1 шілдеден қыркүйек айының 1 жұлдызына дейінгі аралықта болса.

Қысқа демалыс  23 желтоқсан мен 7 қаңтар аралығы, көктемгі демалыс сәуір айының 1-14 жұлдызы аралығын қамтитын болып бекітілді.

Мектепте 6 күн сабақ берсе 7-ші күні оқу – саяхаттарына кітап оқуға шақырылды.

І сатылы мектептерде алғашқы үш жыл оқу бағдарламасына сәйкес күнделікті сабақ 4 сағаттан аспауы тиіс болса, қалған екі жылда 5-6 сағатқа дейін оқыту жүйесі іске асырылды.

Мектептерде қандайда бір жаза қолдануға тиым салынды.

Мектептердегі сынып оқушылары жас ерекшеліктеріне орай бөлініп отырды.

Барлық мектептерде міндетті түрде бір мезгіл ыстық тамақ беру

Міндетті дәрігерлер бақылауында ұстау

Мектепке қабылдағанда оқушыларды дәрігерлік тексеруден өткізу сияқты міндеттемелер жүктелді.

Түркістан АКСР халық ағарту комиссариатының қарары бойынша және «Түркістан мектептерінің құрылымдық жағдайы» бағдарламасына сәйкес бұрынғы шіркеулік, орыс – еврей мектептері таратылып оның орнына 1 сатылы мектептер құрылса, бұрынғы училище, гимназиялар орнына 2 сатылы мектептер ашылды.

Мектептерде еңбектік тәрбие беруге назар аударылды.

1918 жылдың 25 қазан айынан бастап АКСР территориясындағы бұрынғы жеке меншік мектептерді барлық құрал жабдықтары мен мемлекет меншігіне алу туралы шешім шығады.

         Түркістан АКСР-гі қаржылық қиындықтарға қармастан мектептердің күнделікті қажеттері  кітап оқулықтар, қалам, қағаз, парталармен және мектеп оқу ғимараттарымен қамтамасыз ету басты назар аударылды.

         1920 жылы Түркістан АКСР – де 1-ші сатылы 2290 мектеп болса оның 1078-і  ұлттық мектеп 1212 –і аралас мектептер болды. Ұлттық мектептерде 198 800 оқушы оқыса аралас мектептерде 221 000 мың оқушы білім алды. 2- ші сатылы мектеп саны 98 болса, жергілікті халықтардың тілінде оқытатын ұлттық мектеп саны 8 болды[ 5].         Осындай көлемде жұмыстардың арқасында Республикада жаңа мектептер ашуға жол ашылды.

         Мектептерді қажетті құралдармен жабдықтау оқушыларға қажетті күнделікті пайдаланылатын заттарын тауып беру жұмыстары көптеген көзбояушылықтарға салынып мектепке бөлінген қажетті заттарды жолдан ұстап қалу, өздерінің бас пайдасына жарату да көрініс берді.Облыстық, уездік оқу – ағарту комиссариаттары қатаң бақылаулар орнатып мектептің керекті жабдықтарымен қамтамасыз етілуіне бақылау жасады.

         Қатаң бақылаудың арқасында мектептердің қажетті құрал – жабдықтары орынды жеткізілуін отырды.

         1921 жылы Түркістан АКСР – де мектептік  жүйені қатаң бақылауға алып білім сапасын арттыру жұмыстары жүргізілді.

         1921 жылы жергілікті халықтардың тілінде оқытатын Ұлттық мектептер мен аралас мектептер саны мынадай болды.

         1-ші сатылы мектептер: Жергілікті мектептер – 1078, мектеп  қызметкерлері 5 мың, оқушы саны 198 800. Аралас мектеп – 1212, мектеп қызметкерлері 4 мың, оқушылар саны  — 221200.

         2-ші сатылы мектептер: Жергілікті мектептер – 8, мектеп  қызметкерлері – 142, оқушы саны  1260. Аралас мектептер – 70, мектеп қызметкерлері -1009, оқушылар саны 9370.

         Мектеп – интернаттар:  Жергілікті интернаттар 67, жетекшілер саны – 200, оқушылар саны 11 376. Аралас мектеп – интернаттар 102 – жетекшілер саны 205, оқушылар саны 9576 [6].

         1921 жылы Жетісу облысы бойынша мектеп – интернаттардың саны өсті. Верный қаласында 10 мектеп – интернат, 1599 оқушы тәрбиеленушілер болса.

Аулие–ата қаласында мектеп–интернат саны 7, оқушы – тәрбиеленушілер саны 678. Пішпек қаласында 2 мектеп интернат, 370 оқушы тәрбиеленушілер болса.

Пржевальск қаласында мектеп – интернат саны 2,оқушы – тәрбиеленушілер саны 157 құрады [7].

Сыр – дария облысы бойынша мектеп интернаттар саны Ташкент қаласы бойына 22 мектеп интернат болса, тәрбиеленушілер саны 2144 оқушыны құрады.

Арыс бекетінде 1 интернат, 65 оқушы болса, Перевск уезінде 2 интернат 343 оқушы, Арал уезінде 3 мектеп – интернат, 179 оқушы Жаңа – Қазалы қаласында 1 интернат 120 оқушы Хилкова  бекетінде 1 мектеп интернат 102 оқушы болды [10].

1920 жылы Жетісу облысында 222 мектептер жұмыс жасады, мектептердің оқу ғимараттарының жетіспеуіне байланысты Нарын уезінде кейбір сыныптарда сабақтар қосылып оқытылды.

Қапал уезіндегі мектептерге жіберілген оқу құралдары атап айтсақ, А.Байтұрсыновтың «Ана тілі» Х.Досмухамедовтың «Табиғаттану» И.Тоқтыбаевтың «Түркістан географиясы» сынды кітаптары жетпеген, Қапал уезіндегі  № 3, № 6 мектептерде әскери қақтығыстың салдарынан оқу ғимараттары  жарамсыз болып қолда бар кітаптар, мектептің түрлі әдістемелік оқу құралдары отқа оранып жанып кеткен.

Көшпелі халықтардың арасындағы білім беру ісі өте баяу жүргізілді. Көшпелі халықтардың арасында білім алуға құштарлы оқушыларды тарту жұмыстарды әскери қақтығыс салдарынан тоқтап қалған.

Жетісу облысындағы түрік мектептерінің саны 100-ге жуық болса ондағы білім алып жатқан оқушылардың жалпы саны 11 мың адамды құрайды.

Түрік мектептерінің  білім беру жағдайы мүлдем нашар, түрлі Жетісудағы әскери қақтығыс салдарынан білім алушылар, білім беруші мұғалімдер де сескеніп қалған.

Білім берудің тағы бір солқылдақ тұсы мұғалімдердің өздерінің білім 2-3 кластық қана. Мұнда яғни облыста әлі 112 мектеп ашу көзделсе сабақ беретін мұғалімдердің жетімсіздігі қолбайлау болып отырғандығы байқалады.

Түркістан АКСР оқу – ағарту комиссариаты жіберуге тиісті мұғалімдер келмеген осыған орай Түркістан АКСР оқу – ағарту комиссары В.П.Билик Жетісу облысында болып осы олқылықтарды шешу үшін жиналыс өткізген.

Жетісу облысы Жаркент уезінде 1920 жылы 48 мектеп болса 36 мектеп ауылдарда қалғаны қалада шоғырланған және 24 мұсылман мектептері жұмыс жасауда Жаркент уезінде мұғалімдердің жетіспеуіне байланысты Жаркент  қаласындағы ІІ сатылы № 1 мектеп жабылған. Бантугеевка, Голубевка, Жалаңаш, Смутов, Богословка ауылындағы І сатылы мектептер Қапал уезінен жіберілген мұғалімдердің  арқасында жабылудан  аман қалған Жаркент қаласындағы № 5 татар мектебінің жабылуы мектепке қажетті құралдарының жетіспеуі және білікті  мұғалімдердің Верный қаласына ауыстырылуы салдарынан болған.

Воздиженская, Бурхан, Нижегородская, Красноярская, Аралтөбе ауылдарында қыздарға арналған  мектептер өз жемісін бере бастады мұнда білім берумен қатар қолөнер, еңбекке баулу сияқты сабақтар жүргізіліп қыздар түрлі қолөнер бұйымдарын жасауға машықтанды.

Жетісу облысындағы бастауыш жеті жылдық мектептер мен онжылдық орта мектептерде әр түрлі пәндердің түрлі салаларын тереңдетіп оқыту жүргізілді. «Бұл оқыту 1918 жылдың 12 қыркүйегіндегі Түркістан АКСР оқу – ағарту комиссары Успенскийдің «Бастауыш  жеті жылдық және орта мектептерде пәндердің салаларын тереңдетіп оқыту туралы [8] және  1920 жылы Түркістан АКСР оқу – ағарту комиссары Биликтің «Бастауыш мектептер мен орта мектептерде жалпы оқытылатын пәндерді салалары бойынша тереңдетіп оқыту туралы [9] шешіміне сәйкес бастауыш жеті жылдық мектептерде математика пәні бойынша арифметика және алгебра, элементарлы геометрия, тригонометрия анлитикалық геометрия салаларын тереңнен оқытуға Химия пәні бойынша – химияның негізгі заңдарын химиялық анализ бен синтездеудің негізгі заңдарын Жаратылыстану пәні бойынша неорганикалық және органикалық  (өсімдіктер және жануарлар) әдебиет пәні бойынша бұрынғы және Жаңа әлемдік әдебиеттерді мәдениеттерді тануға Тарих пәні бойынша ежелгі дүние тарихы, Түркістан тарихы оқытылады.

Орта мектептерде.

Математика пәні бойынша математикалық анализ, аналитикалық геометрия, дифференциалды және интегралды көбейту.

Физика пәні бойынша – математикалық физика. Химия пәні  бойынша, органикалық және неорганикалық  химия, биологиялық химия Жаратылыстану пәні бойынша – геология,  метерология, ботаника және зоология.

Әдебиет және тіл пәні бойынша тілді   үйренудің ерекшеліктері, әдебиет тарихы, орыс әдебиеті Тарих пәні  бойынша – батыс еуропа тарихы (ежелгі, орта және жаңа заман) Орыс тарихы, Түркістан тарихы. Қоғамтану пәні бойынша – саяси экономика және оның тарихы, Түркістан экономикасы, әлеуметтану География пәні бойынша – экономикалық география Ресей  және Түркістан географиясы.

Жаңа тілдер пәні бойынша – жергілікті халықтардың ана тілі, орыс тілі, неміс тілі, француз тілі, ағылшын тілі салалары басты мәні беріліп оқытылды.

Сырдария облысы бойынша білім беру мектеп жүйесі барынша айқын жүргізілді. 1922 жылы Жаңа ташкент қаласында 64 мектеп болса бірінші  сатылы мектеп саны 57  екінші сатылы мектеп саны 7 болды І – ІІ сатылы мектептерде оқитын оқушылардың саны 15 мың адамды құрады, бірінші сатылы мектептерде 12344 оқушы екінші сатылы  мектептерде 2656 оқушыны құрады, осы мектептердің ішінде 4 мектеп таза қазақ тілінде оқытатын мектеп еді [10].

Жалпы мектептердегі мұғалімдер саны 970 адамды құрады.

Жаңа Ташкент қаласындағы мектептерде түрлі үйірмелер жұмыс жасап бос уақыттарын тиімді пайдалануға жағдайлар жасалынған оқушылар түрлі концерттер спектакльдер ұйымдастырп оқушылар өздерінің арасында жаман қылықтардан сақтану білімге өнерге ұмтылуды көздейтін түрлі мәдени тәрбиелік шаралар жасап, өзін — өзі тәрбиелеу жолында игі нәтижелерге жеткен.

Ескі Ташкент қаласында 1919 жылы 46 мектеп ашылса және  13 мектеп қыздарға арналып ашылды. Ескі қалада мектеп жасына жеткен 40 мыңға жуық адам бар осыған қарап отырып бұл мектептердің санын көбейту шаралары жүргізіліген, қыздарға арналған мектептерді қоса есептегенде 59 мектеп болса 600-ге жуық мұғалім сабақ берген .

Арыс қаласында таза қазақ тілінде білім беретін 3 мектеп болс, онда 600-ге жуық оқушылар білім алады  .

Қазалы қаласында 28 мектепте 1200 оқушы

Перовск қаласында 21 мектепте 1456 оқушы

Арал уезінде 8 мектеп 357 оқушы білім алды [11]. 1923 жылы Сырдария облыстарындағы мектеп жасындағы адамдардың өсуімен Сырдария облысына қарайтын қала, уездерде жаңа мектептер ашу көзделді.

Арыс қаласында 3 мектеп,

Қазалы қаласында 4 мектеп,

Перовск қаласында 8 мектеп,

Жаңа Ташкент қаласында 5 мектеп ашу көзделді.

Сырдария облысындағы мектеп жасындағы балалардың саны

Арыс қаласында 284 бала

Қазалы қаласында 1000 бала

Перовск қаласында 2846 бала

Арал қаласында 600 бала

Жалпы Сырдария облысы бойынша 32 мың бала мектеп жасына келген және мектеп оқушыларды қабылдауға мүмкіншіліктер құрастырылып Сырдария оқу – ағарту комиссариаты жанынан арнайы комиссиялар құрылды [12].

Түркістан уезінде 23 мектеп болса, оның ішінде 7 мектеп орыс тілінде оқытты, уезд бойынша 16 жастан 50 жасқа дейінгі білім алушылардың саны 1922 жылы 1500-ге жеткен [13]. Түркістан уездіне қарайтын Шілік, Шолаққорған, Ескі Иқан, Созақ ауылдарында бастауыш мектептер ашуға Ташкент қаласындағы педагогикалық училищелерді бітірген мұғалімдерді шақыру көзделген.

1923 жылы 22 маусымда Түркістан АКСР Халық комиссарлары Кеңесінің төрағасы Т.Рысқұлов кәсіптік ауыл шаруашылығы мектептерінің жағдайын талқылап ондағы білім берудің жүйесімен танысты. Түркістан АКСР-де 6 кәсіптік ауылшаруашылығы мектепбі болса, оның 3-і Жетісу облысында 1-і Сырдария облысында қалғаны Самарқант, Түркімен облыстарына қарады. Оларда 61 мұғалім сабақ беріп, 497 бала оқыды, оқушылардың негізгі бөлігі еуропалық халықтардың өкілі болды, яғни 350 еуропалық болса, 88-і қазақтар болатын. Талқылау барысында Т.Рысқұлов былай дейді: ауыл шаруашылық мектептер туралы мәселе біз үшін өте  маңызды, егер біз оқу – ағарту жұмыстарын жақсартқымыз келсе, онда техникалық  оның ішінде ауылшарушылық біліміне ерекше көңіл бөлуіміз қажет.

Мен Жетісу облысындағы  ауыл шарушылық мектептерінің жағдайын жақсы білемін, олардың қарамағындағы жеткілікті қөлемде мал, ірі жер бөліктері бау-бақша егістік және т.б. бар. Олардан алынған табыс аталған мектептерді қамтамасыз етуге жұмсалады, кейбір мектептерді осындай өзін — өзі қамтамасыз етуге бейімдеу қажет, сонда ғана мектептер мұқтаждықтан құтылып өздерін-өзі қаржылық жағдаймен нығайта алады [14].

1923-24 жылдары республикада түрліше ұлттық 1032 мектеп жұмыс істеді, оларды 85.912 оқушы оқыды, республикадағы мектеп оқушыларының 90% жұмысшылар мен шаруалардың балалары болды. Басты назар ауыл мектептерін дамытуға аударылды.

1923 жылы 23 қарашада Халық комиссарлары Кеңесінің шешімімен Халық ағарту ісіне көмектесу бюросы құрылып, оған тікелей Т.Рысқұлов басшылық етті.

Түркістан өлкесінде 1918 жылдан 1924 жылы аралығында жүргізілген мектептік білім беру жүйесі үлкен жемісін берді. Республика халқының 63,7% сауаттылығы осының айғағы еді [15]. Мектептердегі түрліше қиындықтарға қарамастан АКСР-көлемінде жыл сайынғы білім көрсеткіштері мынадай болды.

1918 жылы республикада 3873 оқушы білім алса

1920 жылы бұл көрсеткіш 98,656 оқушыны құрады

1921-22 жылы мектеп оқушыларының саны 123756

1923-24 жылы жалпы орта білім беретін мектептердегі оқушылар 165-122 адамды қамтыды [16].

Осы мәліметтерге сүйене отырып, Түркістан АКСР  мектептік білім беру ісінде орасан зор тарихи істердің жасалғандығы  айқын көзге ұрып тұр. Бұл жетістікке жетуде Түркістан АКСР  -гі мекендейтін түркі халықтарының білімге деген құштарлығын көрсетеді.

Көріп отырғанымыздай  Түркістан өлкесінде мектептік жүйені қалыптастыру ұлкен жұмыстардың арқасында жүзеге асырылды.Түркістан АКСР-де метептік жүйені қалыптастыру,халыққа білім беру Түркістан АКСР-іңҮкіметінің зор күш-жігер жұмсауына қарамайақ,республикада оқу-ағарту саласының жағдайы аса ауыр халде қала берді.Жетім балаларга ұйымдастырылған мектеп-интернаттарының жағдайы тым мұшкіл еді.Оқу құралдары,киім-кешек,жатын орндарының жетіспеуі мен бір мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз ету мәселесі де шешімін таппас күрделі ахуалға айналды.Кейбір аймақтарда мектеп ашу ісі құр ұрандатушылықтың жетегінде кеткендігі байқалады.Осындай қиын қыстау заманда №2мектеп-интернатындағы жетім қазақ балаларының игілігіне берілген киім-кешектерді өз тусқандарына бөліп берген Ершин сияқты интернат меңгерушілері сол кездегі қоғамның бет бейнесін көрсетеді.Осындай қиындықтарға қарамастан Т.Рысқұлов бастаған Халық комиссарлары кеңесі оқу ағарту ісін халық игілігі үшін ерекше  күш жігермен дамытты.

 

1.2 Орта арнаулы білім беру жүйесі

 

Түркістан АКСР  -гі мектептердің саны өсуіне байланысты мұнда білім беретін мұғалімдерге деген сұраныстың артуын ескерген Түркістан АКСР   оқу-ағарту комиссариаты 1918 жылдың 10 шілдесінде «Қысқартылған, жедел оқытатын тегін педагогикалық курстар» құру туралы шешімі шығады [17].

Түркістан АКСР   оқу-ағарту комиссариатының жанынан курстарды құру жөнінде комиссия құрылып ол комиссияға А.В.Попова, Н.А.Меркулович, С.Ш.Абдусаттаров, Г.Н.Черданцев сынды азаматтар мүше болып комиссия төрағасы оқу – ағарту комиссары Успенский болып бекітілді.

Комиссия курстардың жалпы ережесін бекітті

  1. Тегін білім беру.
  2. Курстар 15 шілдеден бастап 6 айлық білім беруді қамтамасыз ету.
  3. Курстағы сабақты 2 күн жіберіп алғандарды курстан шығару.

Курстардағы сабақ өту мына бағдарлама бойынша жүзеге асты.

Іс – тәжірибиелік сабақтар

  1. Экспериментальды педагогика
  2. Орыс тілі
  3. Химия және физика
  4. Жаратылыстану
  5. География
  6. Эксперименталды психология және логика
  7. Математика
  8. Шет тілдерін оқыту
  9. Графикалық өнер және ән айту
  10. Еңбекке баулу
  11. Мектепке дейінгі тәрбие беру
  12. Тәрбиесі нашар балалармен жұмыс жүргізу
  13. Ойлау/ Балалардың ойлау, адамгершілік, ерік тәрбиесі

Оқытылатын пәндер бойынша:

  1. Социология
  2. Социализм және саяси экономиканың қысқаша курсы
  3. Мәденет тарихы
  4. Бүкіл әлем тарихы
  5. Социолизм тарихы
  6. Саяси партиялар
  7. Орыс әдебиеті
  8. Түркістанның жаратылыстану тарихы
  9. Математиканы оқытудың жаңа әдістері
  10. Әдеп
  11. Гигиенаның қысқаша курсы

Қосымша пәндер:

  1. Еуропадағы революциялық қозғалыс тарихы
  2. Достоевскийдің, Л.Толстойдың дүниетанымы
  3. Кеңес үкіметінің идеялары
  4. Эволюциялық теория
  5. Жалпы химия
  6. Физиканың жалпы заңы
  7. Түркістан экономикасы[18]

Аталмыш білім беретін пәндер АКСР-де құрылған барлық педагогикалық курстарда  оқытылуға тиісті болды.

Түркістан АКСР  көлемінде ұйымдастырылған педагогикалық курстар 1920 жылы өзіндік мұғалімдер даярлап шығаруға  үлкен үлестер қосты.

1920 жылы Ташкенттегі қазақ педагогикалық курсын 93 адам, өзбек курсындада 144 адам, Әндіжандағы  еуропалық курстарда 42 адам, Қазалыдағы курстарда 100 адам, Верныйдағы  қазақ курстарында 45, орыс курстарында 39 адам, Шымкенттегі педагогикалық курстарда 122 адам бітіріп шықты. Ташкент қаласындағы қазақ педагогикалық курсында оқыған 223 адамның ішінде 24 оқушы ең үздік деп танылып Сырдария, Жетісу облыстарында мұғалімдік қызметке жіберілді.

Педагогикалық курстарды бітіргендердің барлығы бірдей педагогикалық талаптарға жауап бере алмады және ІІ сатылы мектептерде сабақ беретін мұғалімдер жетіспеушілігі сезіліп тұрды.

1920  19 ақпанында ІІ – сатылы мектептерге мұғалімдер даярлау үшін «курстарда 6 айдан – 12 айға шейін оқыту туралы, Түркістан АКСР   оқу-ағарту комиссарының міндетін атқарушы Биликтің шешімі шықты [19].

Осыған орай жазғы демалыста Жаздық педагогикалық курстар ашу көзделді, аталмыш курстар жергілікті түркі халықтарының сұраныстарын қанағаттандыру мақсатында Жаздық педагогикалық курстар жергілікті түркі халықтарының ана тілінде білім беретін болды.

1918 жылы 4 қазанда Түркістан АКСР-де тұңғыш педагогикалық училище ашылады. Училище жеті жылдық және орта мектептерде мұғалімдер даярлау мақсатында құрылып, 3 жыл білім бере отырып, 16 жасқа толған қыз, ер балаларды қабылдады.

1919 жылы қыз келіншектердің арасында мұғалімдерді даярлау мақсатында Түркістан АКСР   оқу-ағарту комиссары С.Ш.Абдісаттаровтың «Түрік қыздар педагогикалық училищесін құру туралы шешімі шығады [20].

Түркістан қыздар педагогикалық училищесіне 13 жастан асқан қыз – келіншектер қабылданды. Аталмыш орта арнаулы оқу орны Түркістан өлксесіндегі ең маңызды оқу орны болып танылды және Түркістан өлкесіндегі қыз келіншектер арасындағы сауаттылықты көтеруге стратегиялық  мұғалімдер даярлауда елеулі үлес қосуға бағытталды. Қыздар училищесін бітірген мұғалімдер мұсылман әйелдерінің арасында білім беруге жіберіліп отырды және Түркістан қыздар педагогикалық училищені бітірген қыздар 3 жыл бойы оқу – ағарту  комиссары жіберген жаққа мұғалім болып баруға тиісті болды.

1919 жылдың 24 сәуірде Самарқанд қаласында жергілікті мұсылман әйел  мұғалімдерді даярлау курстары ашылды [21]. Жергілікті мектептерде мұғалімдердің біліктілігін арттыру мақсатында дайындық курстары ашылып, түркі мектептерінде білімді оқушылар шығаруға бағытталды.

1920жылы 1 наурызында ашылған бұл курста мынандай пәндер оқытылды.

  1. Педагогика және физиологиялық даму ерекшеліктері.
  2. Жас ерекшелік психология
  3. Мектепте еңбек сабағын оқытудың әдістері
  4. Мәдениет тарихы
  5. Мектеп гигенасы
  6. Мектеп ережелері
  7. Азаматтарды сауаттандыру
  8. Түркістан экономикасы
  9. Түркістан географиясы
  10. Түркістан тарихы

Курста мерекелік күндерден басқа уақыттың  барлығында күніне 6 сағат білім берілді, яғни 6 айда 900 сағат білім бере отырып, жедел әрі білімді, білікті кадрлар даярланды. Осы курсты алғашқылардың бірі болып бітірген Ш.Белгібаев кейін Сырдария облысы оқу ағарту комиссариатының білікті маманы болып қызмет атқарды [22].

Курстың алдына қойған басты талабы ең мықты түркі мұғалімдерін даярлап шығару болды, өйткені Түркістан АКСР-ің басым көпшілігін құрайтын халықтар ретінде білімділік аса маңызды болғаны белгілі.

1918 жылы 13 қыркүйекте Түркістан АКСР   оқу-ағарту комиссары қарарымен бұрынғы әскери гимназия мекен жайында орыс педагогика училищесінің жанынан қазақ педагогика курсы ұйымдастырылды, бұл курста оқытушылар дайындау мақсатымен 1918 жылдың қыркүйегінен 1919 жылдың маусымына дейінгі мұғалімдер даярланды. Қазақ педагогика курсының оқу жоспарын бағдарламасын түзетуде және Жалпы ұйымдастыру жұмысына тікелей көмек көрсеткен Тұрар Рысқұловтың шақыруымен Ферғана облысындағы қызметін тастап Ташкентке келген Нәзір Төреқұлов болды. Оның басшылығымен педагогика курсының негізі қаланды.

Оқу ісіне  жетекшілік қылған және орыс тілінен сабақ берген Иса Тоқтыбаев еді. Алғашқы оқытушылары: С.Қожанов ана тілінен Тәңірходжа Ходжанов тарихтан, Хамриддин Болғанбаев география және биологиядан, Фазыл Култаев математикадан, Егемберді Тоғамбаев дене шынықтырудан, Райхан Лапина бейнелеуден, Джагфар Лапин тәрбиеші, Ш.Сарыбаев ана тілінен сабақ берді. Олардың көпшілігі көп жылдық оқытушылық тәжірибеге ие болған, жастарға білім мен өнегелі тәрбие беріп келе жатқан педагогтар еді. Бұл алғашқы қазақ педагогика ұясына Түркістанның барлық жерінен оқуға ынталы жастар келе бастады.

Сырдария облысының сегіз уездіне қарысты болыстарынан, әсіресе ең үлкен Ташкент уезінің 45 болысынан Қазығұрт, Шарапхана, Ақжар, Манкент т.б. көптеген жастар келді.

Бұл ең алдымен, халықтың білім алуға деген ұмтылысының нәтижесі еді. Алғашқы кезде оқу құралдары, керекті жабдықтар жетіспеуіне қарамастан қазақ педагогика курсында болашақ оқытушылардың ғылыми негізде білім алуына жағдай жасалды. Нәтижеде бес айлық курстың алғашқы түлектері шыға бастады. 1919 жылдың басында Омар Тоқтыбаев, Кәрім Ахмедов, Шыныбай Беркінбаевтарға куәлік қағаздары беріліп, оларды қазақ бастауыш мектептеріне сабақ беруге аттандырды. Педагогика курсын бітіргендерден Ташкент қаласының өзінде қазақтың екі мектебін қамқор махаласы мен Орталық базар жанында ашты.

Қазақ педагогика курсы негізінде 1919 жылдың 1 шілде айында Қазақ педагогикалық училищесінің шаңырағы көтерілді. Оның түп мақсаты елдің алдында міндетті бастауыш оқуды енгізу  қажеттігін іске асыру еді. 1919 жылы  қыркүйекте  училищелердің оқушылары сұрыпталынып үлкен талапқа сай келетін ана тілінен сабақ беретін Шамгелді Сарыбаев, көрнекті дәрігер ғалым Х.Досмұхамедов сияқты ұстаздармен толықтырылды. Түркістан өлкесінен тәжірибелі ұстаздар шақыртылды. Перовский қаласынан Ыбырай Қасымов, Омар Жангелдиев, Әбдірахман Мұнатбаев, Қызылордадан Тоббай Кулкекемов, Мадина Қасымова, Ферғанадан Айша Оразбаева, Шымкенттен  Фатима Үмбетовалар келді.

Жалпы оқытушылар саны 53 жетті. Оқу орнының меңгерушісі Иса Тоқтыбаев болды. Қазақ педагогикалық учиищесін ұйымдастырушылардың бірі 27 жастағы қазақтың біртуар азаматы Сұлтанбек Қожанов оқу істерін күшейту мақсатында әйелі Гүлдана мен 1919  15 тамызында Түркістан қаласына кетті. 1919 жылдың 25 қазан айында Түркістан АКСР Орталық Атқару комитетінің шешіміне сәйкес Қазақ  педагогикалық училищесіне сол кезде Түркістан АКСР    егіншілік комиссариаты тұратын А.Пушкин мен Хиуа көшесінің қиылысындағы үйді алып берді. Қаланың дәл ортасында орналасқан оқу орнының абыройы биіктей түсті. Заман талабына сай оқытушыларға деген қажеттіліктің бір  тамшы судай мейлінше өсіп тұрған кезінде бұл істің маңызы аса зор еді. Сондықтан сабақтың өз дәрежесінде жүруі үшін көптеген шаралар қолданылды.

Ана тілінен сабақ берген Шамгелді Сарыбаевтың сабақтары түрлі әдіс тәсілдермен қиуластырып өткізілуі училищеде оқитын жастардың болашақ мұғалім ретінде оқушыларға ана тілін оқытуда ұстаздары Ш.Сарыбаевтың әдістеріне сала отырып сусындатуға жол ашылды. Бір Ш.Сарыбаевтың ғана емес көптеген мұғалімдер жаңа мектептерде жаңа методологиялық оқыту тәсілдерін ұлттық ерекшеліктермен, қазақы дәстүрмен ұштастыра оқытты.

1920 жылдың бас кезінде училищенің оқу тәрбие жұмыстарының жақсаруына арифметикадан сабақ беруші және тәрбиеші жұмыстарын атқарған Ғани Мұратбаевтың кітапхана жұмыстарын ұйымдастырушы тәрбиеші А.Асфендиярованың қызметтері елеулі болды, училищеде түрлі үйірмелер жұмыс істеді, оларға оқушылар көптеп қатысып, өз белсенділіктерін танытты. Оқушылар арасындағы тәрбие жұмысына жалынды  жас Ғани Мұратбаев көп еңбек сіңірді, ол әрдайым жастар арасында табылып, жастардың арасындағы мұң-мұқтаждықтарды шешіп, саналы тәрбие беруге белсене кірісті.

Ақмола уезі, Шу болысының  1 ауылынан училищеге оқытушы болып келген 20 жастағы Дінмұхамед Әділұлының еңбегі ерекше болды. Ол Омскіде еркектердің жеті жылдық гимназиясын бітірген орыс, латын,неміс тілдерін толық меңгерген білімді тәжірибесі мол ұстаз үйірмелер ұйымдастыру жұмыстарын жандандырды.

1920 жылдың 5 мамырынан 5 тамызына дейін үш айлық педагогикалық курсты бітірген 58 кісіге оқытушылық куәлік тапсырылды. Бұл мамандыққа ие болғандардың ішінде Сейдікәрім Ибрагимов, Қожақмет Есқараев, Шыныбай Беркінбаев, Палымбек Зембаев т.б.бар еді. 1920 жылдың 1 қазан айында Қазақ педагогикалық училищесі Қазақ ағарту институтына айналады.

1920 жылдың 24 желтоқсан айында Түркістан өлкесіндегі шаруашылықты ескере отырып ауыл шаруашылығы, техникалық мамандарды даярлау үшін «Түркістан АКСР Халық комиссарлары кеңесінің төрағасының міндетін атқарушы С.Асфендияровтың кәсіптік-техниклық білім беретін оқу орындарын ашу және Түркістан кәсіптік техникалық білім беру комитетін құру туралы шешім шығарды [23].

Түркістан кәсіптік техникалық білім беру комитеті республикада кәсіптік – техникалық оқу орындар ашу, оларды тиісті жабдықтау, түрлі кәсіптік техникалық орта арнаулы училище, техникумдарға жауап беру жабылып қалған республика оқу мектептерін қайта жасақтау республика  қажетті техникалық мамандар даярлау ісіне жауап бере отырып, техникалық-кәсіптік оқулықтарға ұсыныс, сұраныс беруге тиісті болды.

Кәсіптік-техникалық білімді ұлғайту үшін комитет жергілікті мекемелермен мәмлеге келе отырып техникалық оқу орындарын ашу жұмыстарын бастады.

Ташкент қаласындағы кәсіптік мектепті ұлғайтып политехникалық курсқа айналдырды, бірақ респубиликада кәсіптік – техникалық білім беретін мамандардың жоқтығы көзге ұрып тұрды.

Басты назар ауылшаруашылық мамандарын даярлау ісіне жұмылды. 1921 жылы Әулиеата қаласында ашылған Ауылшаруашылық техникумы ашылды, бірақ 1922 жылы Кәсіптік техникалық білім беру комитетінің шешімімен жабылып 1922 ж.Ташкент қаласында Орман шаруашылығы техникумы болып қайта құрылды. Ауылшарушылық мамандарын жергілікті халықтардан мамандар даярлау үлкен жұмысты қажет етті. 1922/23 оқу жылында 145 жергілікті оқушы техникумға қабылданды.

1920-23 жылдары Түркістан АКСР –гі ауылшаруашылығы және кәсіптік техникалық училищелер мен техникумдар

Сырдария облысы бойынша:

  1. Никольск ауыл шарушылығы техникумы, студент саны 39
  2. Экономикалық өндірістік техникумы, оқушылар саны 124,

      оқытушы 18.

  1. Механика-техникалық техникумы, оқушылар саны 122.
  2. Инженерлік құрылыс техникумы, оқушылар саны 488.
  3. Орман шаруашылығы техникумы, оқушылар саны 211.
  4. Мамандандырылған ташкент механикалық-техникалық училищесі оқушылар саны 206.
  5. Теміржол агенттерін дайындау училищесі, оқушылар саны 160.
  6. Әулие ата ауылшаруашылық-механикалық училищесі, оқушылар саны 98.

Жетісу облысы бойынша ауылшаруашылық және кәсіптік техникалық училищелер мен техникумдар саны мен ондағы оқушылар саны 1920-1923 жылдар аралығында:

  1. Алматы ауыл шаруашылығы техникумы 166 оқушы,

оқытушы саны 20.

  1. Пишпек қаласындағы ауыл шаруашылық техникумы оқушылар саны 78, оқытушы 9.
  2. Кәсіптік техникалық училище оқушы саны 48, оқытушы 5.
  3. Ново-Алексеевск ауылындағы ауылшаруашылық машина құрлысы техникумы оқушы саны 69, оқытушы 4.

Көріп отырғанымыздай орта арнаулы оқу орындарының оқытушы жетіспеушілігі көзге ұрып тұр.

Түркістан АКСР-гі Жетісу,Сырдария облыстарында шоғырланған техникумдар мен училищелердің білім сапасы, Ферғана, Самарқанд, Түркімен облыстарындағы кәсіптік – техникалық училищелер мен техникумдарға қарағанда  анағұрлым алға озып шықты.

Жалпы Жетісу, Сырдария облыстарындағы техникалық кәсіптік арнаулы оқу орындарының дамуы мен талантты жастардың шығуына сол кездегі Түркістан АКСР Халық комиссарлары кеңесінің төрағасы Т.Рысқұлов көп еңбек сіңірді.

Үкіметтің қажырлы күшіне қарамай-ақ бұл оқу орындарындағы ұстаздар, мұғалімдер  қолда бар оқу құралдарымен оқыта отырып республика керекті кәсіптік мамандар даярлап шығарды. Бұл арнаулы оқу орындардың түлектері кейін жоғары техникалық оқу орындарына білімін жалғастыруға жіберіліп отырды. Олардың арасынан кейінірек көптеген өнеркәсіп басшгылары, техника саласына сүбелі үлесін қосқан азаматтар шығып жатты, жалпы техникалық кәсіп иелері, яғни мамандары үлкен сұраныс пен қажеттілік тудырғаны мәлім.

1920 басында мұғалімдерді даярлау техникумдары мен училищелері көптеп бой көтере бастады. Бұл мектептердің санының өсуімен педагог кадрларға деген сұраныстың артуы еді.

Түркістанда орта арнаулы мектеп мамандарын даярлау ісі 3 сатыға бөлінді:

  1. Техникумдар бұл оқу орындары 4 жылдық білім беру курсын бере отырып жетіжылдық бастауыш мектептерге педагог кадрлар даярлау, мектепке дейінгі тәрбиеші, сауатсыздықты жою жөнінде үгітші мұғалімдерді дайындаумен айналысты.

Педагогикалық училищелер техникумның мақсаттарымен айырмашылығы жоқ болса да мұнда 5 жыл оқу курсынан өту көзделген. 1920 жылы Түркістан АКСР-де 7 педагогикалық училище жұмыс жасады: Қазақ педагогикалық училищесі Шымкент қаласында. 1920 ашылған.

өзбек училещесі Қоқан қаласында 1920 ашылған

Қазақ ерлер педагогикалық училищесі Алматы қаласы.

Қазақ қыздар педагогикалық училищесі Алматы қаласы.

Екеуі де 1920 жылы ашылған.

Түркімен училещесі 1920 жылы ашылған.

Өзбек училищесі Ескі Ташкент қаласы 1920 жылы  15 қаңтарда ашылған.  Өзбек педагогикалық училищесі Самарқанд қаласы 1920 жылы ашылған. Аталған училищелер 1920 жылы қаңтар – ақпан айларында бұрынғы педагогикалық курстардың негізінде қайта жасақталып өмірге келген арнаулы оқу орындары еді.

1920 жылдың мәліметтері бойынша мұнда 100 жуық мұғалімдер дәріс берген және бұрынғы мұғалімдердің негізінде училище оқытушылыққа қабылданып ары қарай жұмыс жасаған тәжірибелі ұстаздар болатын.

Түркістан АКСР – 1920-1923 жылдардағы Сырдария және Жетісу облыстарындағы педагогикалық техникумдар мен училищелер және оқушылар мен оқытушылардың саны.

Жетісу облысы бойынша:

  1. Алматы қаласындағы Педагогикалық техникум. олардағы оқушылар саны 121, оқытушы саны
  2. Алматы қаласындағы Қазақ педагогикалық училищесі, оқушылар саны 120, оқытушы саны
  3. Алматы қаласындағы Қазақ ерлер педагогикалық училищесі,оқушылар саны 100, оқытушы саны 9
  4. Алматы қаласындағы Қазақ қыздар педагогикалық училищесі оқушылар саны 100, оқытушы саны 20

Сырдария облысы бойынша:

  1. Шымкент қаласындағы Қазақ педагогикалық училищесі оқушылар саны 100, оқытушы саны
  2. Ескі Ташкент қаласындағы Өзбек педагогикалық училищесі оқушылар саны 65. оқытушы саны

Аталған училищелер мектептік білім беру жүйесінің дамуына мұғалім кадрларды даярлай отырып жүзеге асырды.

         Басқа да мамандандырылған арнаулы орта білім беру мекемелері.

         Жетісу облысы бойынша:

  1. Алматы қаласындағы Көркемсурет техникумы
  2. Алматы қаласындағы Музыка училищесі
  3. Қапал уездіндегі Тігін тігу техникумы

Сырдария облысы бойынша:

  1. Ташкент қаласындағы Көркемсурет техникумы, оқушылар саны 108  оқытушылар саны 16
  2. Почта – телеграф мамандарын даярлау техникумы оқушылар саны 30 оқушы, оқытушылар саны 8

Түркістан АКСР –гі орта арнаулы оқу орындар үлкен жұмыстардың арқасында негізі қаланды дайындау курстарының базасының негізінде құрылған училище, техникумдар қоғамдық кадр сұранысына жауап беруге мүмкіндігінше тырысты, Қазақ педагогикалық училищесінің жұмысының жандануына Нәзір Төреқұлов, Х.Досмухамедов, С.Қожанов, Ғани Мұратбаев, Иса Тоқтыбаев сынды азаматтар үлкен үлес қосса, Жетісу, Сырдария облыстарындағы Жалпы Түркістан АКСР-гі кәсіптік-техникалық арнаулы оқу орындарының жұмыс істеуін және маман тапшылығын болдырмауға әрекет жасаған Түркістан АКСР Халық комиссарлар Кеңесінің төрағасы Тұрар Рысқұлов еді. 1924 жылы Түркістан АКСР-де  7 педагогикалық және 11 ауылшаруашылық училищелері болды. 7 педагогикалық 11 ауылшаруашылық училищелердің 1523 студенттің құрамы мынандай болды: 494 өзбек, 334 қазақ, 252  еуропалық халықтардың өкілдері, 106 түркімен 62 тәжік т.б. болды. Ауылшаруашылық кәсіптік техникалық және педагогикалық училище, техникумдары жергілікті халықтардың өкілдерін көптеп оқытты, республикадағы 32 техникалық училище техникумдар бар мүмкіншілікті 1923/24 оқу жылдары жергілікті ұлт өкілдерінің жастарынан мамандар даярлау мақсатымен түрлі мектептерден оқушыларды көптеп қабылдап инженер-техник темір жол мамандарын даярлауға көңіл бөлді. Орта арнаулы оқу орындарының ашылуы кәсіптік маман даярлауда туындаған қиындықтардың шешімі болған еді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ ТАРАУ. ТҮРКІСТАН АКСР ЖОҒАРҒЫ БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ДАМУЫ.

 

  • 1.Жоғарғы оқу орындары және олардың қызметі.

 

         Түркістан өлкесінде патша үкіметі құлатылғанан соң Түркістан АКСР-де жоғарғы оқу орындарын  құруға, халық шаруашылығының білім және мәдениет мамандарын даярлауға үлкен көңіл бөлінді. 1918 жылы Түркістан АКСР құрылғанға дейін Түркістан өлкесінде Жоғарғы оқу орындары болмады.

         Түркістан АКСР Халық комиссарлары Кеңесінің шешімімен 1918 жылы 16 наурызда Түркістан халықтық

 университетін құру туралы бұйрығы шығады [24].

         Іле шала 1918 жылдың бірінші шілдесінде тағы  бір жоғарғы оқу орны Мұсылман мұғалімдер институты ашылады [25].

         1918 жылы Ташкент қаласында Халық комиссарлары кеңесінің №4 бұйрығы негізіне Түркістан шығыстану институты ашылды [26].

         Бұл Түркістан республикасында Жоғарғы оқу орындарын ашуға  үлкен бетбұрыс болды.  Түркістан республикасында Халық комиссарлары кеңесінің 1920 жылы 2 қазан айындағы Ташкент қаласындағы Халық ағарту институттарын ашу туралы № 3 бұйрығы бойынша 4 институт ашылды

         Олар: республика көлеміндегі барлық ұлт өкілдері үшін орыс тілінде  сабақ жүргізетін Қ.А.Тимирязев  атындағы Халық ағарту  институты; тек қазақ тілінде сабақ жүргізілетін Қазақ халық ағарту институты; тек өзбек тілінде сабақ жүргізілетін өзбек халық ағарту институты; тек татар тілінде сабақ жүргізілетін Түрік – татар халық ағарту институты.

         Сондай-ақ сол жылы Түркімен облысы Мерв қаласында ашылған Түркмен халық ерлер ағарту институты және Ташкент қалсында ашылған жергілікті еврей әйелдері мен өзбек әйелдері халық ағарту институттары жоғарғы оқу орындарының санын көбейтті [27].

         Жоғарғы оқу орнын құру туралы бастамалар Түркістан өлкесінде патша үкіметі тұсында көтерілгенімен, Патша үкіметінің билігі ашуды керек  деп таппады және мұндай бастамаларды жылы жауып қоюға тырысты.

         1918 жылы жергілікті ұлт зиялылары мен білімді азаматтарының күш салуымен Ташкент қаласында «Жоғарғы оқу орынын құру жұмысшы қоғамы құрылды [28].

         Бұл қоғамның мүшелері университет құру жұмыстарын белсенді түрде жүргізіп үлкен күш салды.

         Бірінші кезекте ерекше комиссия құрылып мұғалімдерді іріктеуге, оқу бағдарламасын жасауға, жұмыс бағдарламасы, университеттің ішкі ережелерін құруға атсалысып аздаған уақыт ішінде жасап шықты.

         1918 жылы 9 наурыз айында Түркістан АКСР Халық комиссарлары Кеңесі Халық ағарту комиссариатына Халық университетін құруды ұйымдастыру туралы нұсқау беріп 2 млн рубль қаржы бөлді.

         Халық университетін құруға Кеңес үкіметінің төтенше комиссары Коммунистік партия Орталық комитетінің Орта Азия және Шығыс Сібірдегі өкілі П.А.Кобзев және де атақты орыс  оқымыстылары А.В.Попов, В.И.Романовский, Г.Н.Черданцев, Л.В.Ошанин, А.С.Уклонский, И.А.Райкова, А.А.Семенов, Р.Р.Шредр, С.А.Коган сынды азамттар ерекше үлес қосты [29].

         1918 жылдың 5 сәуірінде университетті құру тобы мен жұмысшы тобының жалпы отырысында университеттің тұңғыш ректоры етіп А.В.Поповты сайлады.

         1918 жылы сәуір айының ортасына таман Халық университетін құру жұмыстары аяқталып, 1918 жылдың 21 сәуірінде Бостандық үйінде Университеттің Салтанатты ашылу рәсімі өтті [30].

         Салтанатты кештің алғы сөзін П.Г.Полторацкий ашып «Университет ғылымның әулие храмы деп атап, бұл жұмысшылардың білімге бастау алар қайнар бұлағы», — деді [31].

         Университетте сабақ  23 сәуірден басталды. Бұл уақытқа дейін оқуға түсушілердің жазылған саны 1200 [32].

         Университет құрылған соң Түркістан республикасының басқа да қалаларында университеттің бөлімшелерін құру көзделді.

         Халық университетінің ашылуы Түркістан АКСР-гі мәдени –ағартушылықтың үлкен қадамы болды. Түркістан Халық университетінің құрылуын бұқара халық қуана қарсы алды.

         28 сәуірде Қоқан кеңесінің мүшелері университет басшылығына жазған  телеграммасында «Жаңа өмірдің жаңа мәдени ағарту баспалдағы болады және жұмысшы табының үлкен рухани орталығына айналады деп сенеміз делінген [33].

         Маман даярлау ісін жеделдету үшін жергілікті халықтарға арналған университетте мұсылман секциясын ашуды көзделген еді.

         Бұл секция жергілікті халықтардың өз ана тілінде білім беруді алдына мақсат етті. Жергілікті ұлттар зиялы қауымының бастамасының 1918 жылдың 18 сәуірінде түрлі бастамашыл қоғамдардың басын қосып Халық университеінің жанынан жергілікті халықтар тілінде оқытатын секция құру бастамасын көтеріп комиссия құрылды. 15 демократиялық қоғам ұйымдарының өкілдері кіріп арнайы жұмысшы тобы жинақталды. Бұл  бағдарламаны жүзеге асыруға мұсылман секциясына мүше болған Ғани Абдірашидов, Рустамбек Юсупбековтер жүргізді.

         Жұмысшы тобы жергілікті халықтардың арасында үгіт насихат жүргізіп, жиындарда университет мақсаттарын айтып оқуға, білім алуға шақырды.

         Мұсылман секцияларын құру туралы бастама 1918  жылы қолдау тауып  ескі Ташкент қаласында салтанатты түрде ашылды. Салтанатқа Түркістан АКСР Халық комиссарлары кеңесінің төрағасы Ф.Колесов, РКФСР ұлт істері жөніндегі комиссариатының өкілі Ю.Ибрагимов, Ташкент қалалық кеңесінің төрағасы И.Тоболин, Түркістан Халық университетінің ректоры А.Попов және жергілікті халық өкілдерінің атынан оқушы Мариям Бақтияров сөз сөйледі [34].

         1918 жылдың 14 мамыр айында Ескі Ташкент қаласында секцияда оқу басталды. Жастар арасында үлкен сұранысқа ие болған университет хабаршысы «Халық университеті» газеті болды ол 1918 жылдың 20 сәуірден бастап шыға бастады.

         1918 жылдың мамыр айында мұсылман секциясының газеті «Халқ дорил фунуни» шыға бастады [35].

         1918 жылдың аяғына қарай Халық  университеті Мемлекеттік атауымен алмастырылып жаңа ректоры  болып Г.Н.Черданцев сайланды.

         Университет құрамында экономикалық, тарих-филология, техникалық, жаратылыстану-математика және ауылшаруашылығы факультеттері кірді. Университет қиын қыстау кезеңді де басынан өткізді. Ашылған кезде 1200 оқушы болса аталған қиындықтардан соң 1919 жылдың 15 қаңтарында 640 оқушы ғана қалды. Университеттің оқытушылары мен оқушылары 1919жылы қаңтар айында болған Кеңестік жүйеге қарсы көтерліске қатысуына байланысты 1919 жылдың 30 қаңтарында Түркістан АКСР оқу-ағарту комиссариаты Халық университетін уақытша жабу туралы шешім шығарады [36].

         Аздаған уақыттан соң университет қайта ашылған советтік  көзқарасқа қырын қарайтын оқытушылар мен оқушылар университеттен шығарылды,  орнына жаңа оқытушылар мен оқушылар қабылдау, оқу — тәрбие жұмыстарын жақсартуға күш салынды. Түркістан өлкесіндегі қалаларда университетке студенттер қабылдау үшін үгіт-насихат, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Осы шаралардан кейін түрлі қалалар мен өлкелерден оқуға қабылдау туралы телеграммалар келе бастады. 1919 жылдың тамыз айында университетте студент саны 482 адамға көбейді [37].

         Осы уақытта түрлі кабинеттер жасақталып лабораториялар құрылды. Бірақта Түркістан Халық университеті толық жоғарғы оқу орны дәрежесіне көтеріле алмады жәй ғана әмбебап үлкен мектеп болып қалды.

         Осы мақсатта Түркістан халық университетін базалы ғылыми жоғарғы оқу орнына айналандыру үшін Түркістан АКСР Халық комиссарлары Кеңесі, университет басшылығы түрлі ғылыми ұйымдар ерекше комиссия құрып оның жұмысшы тобына Г.А.Кобзев, А.Семенова, Н.Г. Белова енгізіледі.

         Бұл жұмысшы тобы басқа ғылыми базалық университет жағдайымен танысып, сондағы базалық құрылымдармен алмасуға жұмыс бастады.

         1918 жылы комиссия орталық базалық жоғарғы оқу орындарымен танысып пікір алмасты, атап айтсақ Мәскеу және Петроград қалаларында болды. Атақты орыс ғалымдары Түркістан халық университетінің жандануына үлкен үлес қосты «Түркістан университетінің уақытша ережесін» жасап шықты.

         Коммунистік Партия Орталық Комитеті РКФСР халық комиссарлары кеңесі В.И Лениннің басшылығымен Түркістан университетін жандандыру Орта Азиядағы мәдени – ағарту жұмыстарының алғы шарты екендігін айтты [38].

         В.И.Ленин университеттің басты мақсаты Түркістан өлкесіндегі халық шаруашылығын қайта құруға, мәдени-ағартушылық жұмыстарын жандандыруға сүбелі үлес қосатын маман даярлайтын базалық оқу ордасына айналуы керектігін айтты [39].

         1919 жылдың аяғына таман Ташкент қалсына керекті құралдар, оқулықтар және профессор оқытушылардан тұратын  39 адам жіберілген еді. 1920 жылы 10 сәуірінде бірінші эшелон көмек қоры екінші  құрал жабдықтар, оқулықтар қоры тамыз айында үшінші эшелон толы қор қыркүйек айында жетті.

         1920 жылдың  7 қыркүйек айындаВ.И.Лениннің Ташкент қаласында «Түркістан Мемлекеттік университетін құру туралы декретке қол қояды [40]. Лениннің декретінен  соң барлық қажетті құралдар тиелген екі эшелон қазан айының басында профессор Н.А.Димоның басшылығымен келіп жетті.

         В.И.Ление Түрік комиссияға университетке қажеттінің барлығын тауып беруге нұсқау берді. Түрік комиссия университетке ең таңдаулы ғимараттарды оқу корпустарын алып берді.

         Түркістан мемлекеттік университеті 1920 жылдың күз мезгілінен бастап жұмысқа кірісті. 1921 жылдың 15 қаңтар айында Түркістан АКСР Халық комиссаралары кеңесі Түркістан мемлекеттік университетінің жарғысын бекіту туралы декретке қол қойды [41].

         Түркістан мемлекеттік университетінде физика-математика, ауылшаруашылығы,техникалық,медицина, әлеуметтік-экономикалық, әскери және жұмысшы факультеттері қайта жинақталып құрылды.  1921 жылдың 19 қаңтарда Түркістан АКСР Халық комиссарлары Кеңесі «Университет жарғысын» бекітіп онда университет жоғарғы оқу орны және ғылыми жаңалықтарды игеруге жоғарғы дәрежелі білікті кадрлар  даярлауға және ғылыми жаңалықтарды өмірге енгізетін мекеме екендігі айтылған [42].

         Жұмысшы факультетінде түрік немесе орыс тілінде сабақтар жүргізіліп,  факультет студенттеріне мынандай сабақтар өтілді. Математика, тарих, физика, жаратылыстану пәндерінің түрлі салалары.

         Университетке медицина факультетін ашу 1919 жылдың 27 қазан айында өлкелік медицина мектебін біріктіру арқылы жүзеге асты. Түркістан мемлекеттік университетінің шақыруы бойынша білікті медицина оқытушылары Мәскеу қаласынан  келді. 1919 жылғы 29 қазанда факультет деканы болып көрнекті дәрігер профессор Н.П.Ситковский тағайындалды.

         Университетте әскери факультет ашу Мәскеу қаласында әскери маман Э.С.Батенин. бас штабтың профессоры А.Е.Снесарев қатысқан мәжілісте талқыланып 1920 жылы 25 желтоқсан айынан бастап студенттер қабылдады.

         Университеттің техникалық және ауылшаруашылығы факультеттерінде Түркістан өлкесіне өте қажетті мамандар даярлау тапсырылған еді. Ауылшаруашылығы факультетінде 3 жыл, техникалық факультетте 3,5 жыл болып, 1920 жылы 24 шілдедегі Түркістан АКСР Халық комиссарлары кеңесінің декретіне сәйкес жүзеге асты.

         1920 жылы Түркістан мемлекеттік университетінде оқыған студенттер мен мұғалімдер саны:

  1. Ауылшаруашылығы факультеті 322 студент, 26 оқытушы.
  2. Техникалық факультет 318 студент, 14 оқытушы.
  3. Тарих – филология факультеті 214 студент, 12 оқытушы.
  4. Әлеуметтік – экономикалық факультеті 205 студент, 14 оқытушы.
  5. Медицина факультеті 166 студент, 16 оқытушы.
  6. Жұмысшы факультеті 153 студент, 35 оқытушы
  7. Физика – математикалық факультет 92 студент, 11 оқытушы.

1921 жылы студенттердің саны мен профессор оқытушылар құрамы өсті 1921 жылдың көктемінде 2843 студент болса, профессор-оқытушылар 482 адамды  құрады.

Студенттермен оқытушыларды факультет бойынша бөлетін болсақ:

Медицина факультеті 148 оқытушы 600 студент.

Жұмысшы факультеті 41 оқытушы  500 студент

Техникалық факультеті  70 оқытушы 402 студент

Ауылшаруашылығы факультеті 53 оқытушы 820 студент

Әлеуметтік экономикалық факультеті 20 оқытушы 282 студент

Физика – математика факультеті 61 оқытушы 277 студент

Тарих – филология факультеті  29 оқытушы  276 студент

Әскери факультет 60 оқытушы 188 студент

         Жалпы университетке барлық дәрежедегі қызметкерлер саны 1000 адамды құрады [43].

1923 жылы Орта Азияның мемлекеттік университеті болып өзгертілді.1918-1924 жылы аралығында университет құруда оның базалық Жоғарғы оқу орнына айналуына РКФСР Халық комиссарлары, Түркістан АКСР Халық комиссарлары кеңесі Түркістан өлкесінің зиялы қауым өкілдері тағлымы терең түркі халықтары орасан зор еңбек сіңірді.

         Университет Түркістан өлкесіндегі халық шаруашылығын жақсарту, ел экономикасын нығайту, білік педагог кадрлар даярлауға өзінің оқу материалдық бар күшін салып Орта Азия түркі халықтарының тұңғыш жоғарғы оқу орыны Түркістан АКСР-гі білім мен ғылымның алтын ошағына айналды, сонау Мәскеу, Петроград қалаларынан келген оқытушы профессорлар Н.А.Димо, белгілі медицина ғалымдары Г.Н.Броверман, Л.В.Ошанин, Ф.Менецкий-Войно бойындағы бар білімін Түркістан топырағына білім тұқымын септі,  киелі Түркістан топырағы себілген тұқымнан елеулі жемістер берді.

         Түркістан мемлекеттік университеті 1923 жылы Орта Азия мемлекеттік университеті болып құрылды. Орта Азияны мекендеген түркі халықтарының ортақ білім ошағына айналды.

         Шығыстың шоқ жұлдызды жоғарғы оқу орны 3000 мыңға жуық адамы білім нәрімен сусындатқан, өмір талабына, қоғам қажеттілігін ескере отырып,  озық технологиялық әдістерін шәкірттерге құлшына үйретіп жатты.

         1923 жылы Орта Азия университетінде қазақ халқының 214 студенті білім алғаны қуантады. Түркістан өлкесіндегі жоғарғы оқу орындардың бірі мұсылман мұғалімдер институты 1918 жылдың  1 шілдесінен бастап ашылған институтта білікті педагог оқытушылар Исмаил Хакки, Фитрат Абдулрауф, Кемал Шамси, Ибрагим Исмагилов, Бурган Хабиб, Мукаввар Қары, абдулла Рақымбаев, Әбдірахман Ысмайлов. Хайдар Шаухи, Анна Порайкова, Александр Сергеев жұмыс жасады.

         Институттың алдына училищелерге мұғалімдер даярлау болса, кейіннен жеті жылдық мектептерге мұғалім даярлажы.

         Институтта2 жылдық жедел мұғалімдер даярлау және 4 жылды жоғары білікті оқытушылар даярлау курстары жұмыс жасады.

         Жедел даярлау 2 жылдық мұғалімдер курсы – 27 оқушы 4 жылдық жоғары білікті мұғалімдер курсы 46 оқушы институтта оқытылатын пәндер мен пәндерді оқыту сағаттары.

Арифметика                           214 сағат

Геометрия                              66 сағат

Жергілікті халықтар тілі        189 сағат

География                               84 сағат

Гигиена                                  34 сағат

Неміс тілі                               8 сағат

Гимнастика                            41 сағат

Жаратылыстану                      136 сағат

Тарих                                     17 сағат

Бейнелеу өнері және сурет     36 сағат

Сауатты жазу                         37 сағат

Еңбекке баулу                        36 сағат

Әдеп                                       21 сағат

Дидактика                              45 сағат

Орыс тілі                                72 сағат

Ән айту                                   25 сағат  [44].

Институтта оқитын студенттердің 90% жағдайы жоқ отбасылардың балаларынан құралған және институттың  оқу ғимараты ескірген оқуға ешқандай жағдай жасалмаған, осыған орай Түркістан АКСР оқу – ағарту комиссариатының Ескі Ташкент қаласындағы бұрынғы мұғалімдер семинариясының ғимаратын беру туралы шешім қабылдайды [45].

1918 жылда ашылған тағы бір жоғарғы оқу орындарының бірі Түркістан Шығыс  институты.

 1918 жылдың 8 қараша айында Түркістан АКСР Халық оқу ағарту комиссариатының «Түркістан Шығыс институтының» жобасын бекіту туралы шешімі шығады [46].

Шығыстану институты жоғарғы оқу орны ретінде мына мақсаттарды айқындады.

  • Түркістан республикасына білікті кадрлар даярлау.
  • Түркістан республикасының Шығыс елдерімен жұмыстарын жеңілдету.

Институтқа орта мектепті бітірге кез – келген оқушы қабылданады, орта мектеп бітірмеген талапкерлерге  тыңдаушылар ретінде  қабылдауға мүмкіндік туғызылған және білім дәрежесі жетіп жатқан жағдайда  қабылдауға мүмкіншілік қарастырылған.

Институтта оқу мерзімі  4 жыл.

Институтта пәндерді оқып  қана қоймай жазғы демалыс уақытында  тілдерді тереңдеп оқуға да болады.

Институттағы оқытушылар кеңесінің бағдарламасына сәйкес демалыс уақтысында бір немесе бірнеше шығыс тілдерінің курсы ашылады, тілдер курсына жазылу студенттердің өз еркінде.

1918  жылдың 25 қараша айынан бастап  Түркістан Шығыс институтында алғашқы лекция оқулар басталды. Аталмыш институт Петроград университетінің шығыс тілдері факультетінің оқу бағдарламасы негізінде оқыту жүйесін қалыптастырды. Институтта шығыс тілдері теориялық оқытылып жазғы демалыста практика жүзінде қайта оқытылатын болған.

Институт  ашылғанда 234 студент қабылданды. Олардың 148-і яғни 63% толық курсқа жазылса, 86-ы яғни 37% аяқталмаған курсқа қабылданды [47].

Алыс қала ауылдардан келген студенттерге Ташкент қаласында жатақхана беру көзделіп, 1919 жылы 12 қаңтар айында Ташкент қаласындағы ескі ғимаратты алып береді.

Институттің өзінің оқу ғимараты бұрынғы Ариф Ходжа үйі еді. Бұрын мұнда «Проводник» Ташкент сауда өнеркәсіп фирмасы болған еді.

Оқытылатын пәндер.

Түркі тілдері бойынша:

  1. Өзбек тілі 1-4 курсқа дейін
  2. Қазақ тілі 1-4 курсқа дейін
  3. Түркімен тілі 2-4 курсқа дейін.
  4. Татар, әзірбайжан, түрік тілі (жалпы шолу) 3-4 курсқа дейін.

Иран тілдері бойынша:

  1. Парсы тілі, а) парсы тілі мен парсы әдебиетінің тарихы 1-4 курсқа дейін.
  2. Қазіргі парсы тілі  2-3 курстарда.

Басқа  да тілдер бойынша

  1. Тәжік тілі 2 курста оқыту
  2. Пуштун тілі (студенттің өз еркімен) 3-4 курстарда.
  3. Араб тілі 2-4 курстарда
  4. Урду тілі (студенттердің өз еркімен) 3-4 курстарда
  5. Ағылшын тілі 1-4 курсқа дейін.
  6. Неміс тілі (студенттердің өз еркімен) 1-4 курсқа  дейін
  7. Француз тілі (студенттердің өз еркімен) 1-4 курсқа дейін

Азия географиясы пәні бойынша:

  1. Түркістан географиясы 1 курста
  2. Орыс географиясы 1 курста
  3. Қытай географиясы 1 курста
  4. Хиуа және Бұқара географиясы 1 курста аталмыш пәндер 1 курс студенттеріне толық курс ретінде оқытылды.

Шығыс тарихы пәні бойынша:

  1. Орта Азия тарихы 1-4 курсқа дейін
  2. Ислам тарихы 1-4 курсқа дейін
  3. Шығыс археологиясы 34 курстарда.

Энография пәні бойынша:

  1. Орта Азия халқы 1 курста
  2. Ауғанстан халқының этнографиясы 2 курста
  3. Парсы халықтары 3 курста
  4. Тәжік халықтары 1 курста

Қосымша пәндер.

  1. Мұсылман жазуының каллиграфиясы.
  2. Нумизматика
  3. Мұсылман құқықтануы
  4. Құқықтану энциклопедиясы
  5. Халықаралық құқықтану

 

Түркістан Шығыс институтында жұмыс жасаған профессор оқытушылар құрамы мықты мамандардан тұрды, маманданған білікті ұстаздардың білімі Петроград, Саратов Мәскеу сынды қалалардың  маңдай алды университеттерде оқып білімді оқытушылардан тәдім алған  тарландар еді.

  1. Малицкий Н.Г. География (Шығыс) пәнінің оқытушысы 1895 ж. Петроградтағы Тарих – филология институтын бітірген.
  2. Андреев М.С. Үндістан және Ауған географиясының оқытушысы 1913 ж. Воронеж қаласындағы Шығыстану курсын бітірген.
  3. Машковцев А.Ф. Ағылшын тілі пәнінің оқытушысы. 1907 жылы Петроград қаласындағы Шығыстану курсын бітірген.
  4. Коршун А.В. Француз тілінің лекторы. 1899 жылы Петроград қаласындағы Француз тілі жоғарғы курсын бітірген.
  5. Фингер Э.Э. Неміс тілінің лекторы. 1986 жылы Юрьевск университетінің түлегі.
  6. Джем Д. Ағылшын тілінің лекторы 1903 жылы Эдинбург қаласындағы Эдинбург университетін бітірген.
  7. Фаизи Х.Г. Шығыс каллеграфиясы пәнінің лекторы.
  8. Семенов А.А. Түркістан тарихының профессоры. 1895 жылы Петроград қаласындағы Тарих – филология институтын бітірген.
  9. Успенский Л.В. Ежелгі Шығыс тарихының профессоры 1911 жылы Мәсеу университетін бітірген.
  10. Диваев А.А. Қазақ этнографиясы пәнінің оқытушысы.
  11. Руднеев В.С. Араб тілінің профессоры 1894 жылы Петроград қаласындағы университеттің шығыстану факультетін бітірген.
  12. Николаев А.К. Исламтану профессоры 1894 жылы Петроград қаласының университетіндегі шығыстану факультетін бітірген.
  13. Семенов Н.Г. Мұсылман құқықтану пәнінің профессоры 1894 жылы Петроград қаласындағы университеттің шығыстану факультетін бітірген.
  14. Буденов Г.С. Үнді – Еуропа тілдерінің ерекшеліктері мен салыстырмалы грамматика пәнінің оқытушысы. 1894 жылы Петроград қаласындағы университеттің шығыстану факультетін бітірген.
  15. Вундаль Н.Ф. Санскрит тілі пәнінің оқытушысы. 1900 жылы Лащеровский шығыс тілдері институтының түлегі.
  16. Фадеев М. География пәнінің негіздерін оқытушы. 1906 жылы Мәскеу университетін бітірген.
  17. Иванов С.К. Шығыс тарихы мен Түркістан тарихы пәнінің оқытушысы 1914 жылы Мәскеу университетін бітірген.
  18. Булгаков А.С. Түркі халықтарының тарихы, Түркістан экономикалық географиясы пәнінің оқытушысы 1906 жылы Мәскеу университетінің тарих – филология факультетін бітірген.
  19. Тройцкий А.А. Шығыс Түркістан географиясы, Парсы географиясы, Қытай географиясы пәнінің оқытушысы. 1913 жылы Шығыстану курсын бітірген.
  20. Карботкин Д.И. Шығыс тарихы пәнінің оқытушысы. 1911 жылы Мәскеу университетінің заң факультетін бітірген.
  21. Фундетцел Н.Э. Ежелгі дүние тарихы және Парсы тарихы пәндерінің оқытушысы. 1905 Мәскеу университетін бітірген. 1924 жылы Түркістан Шығыс институты Орта Азия университетінің Шығыст факультеті ретінде біріктіріледі. Бұл факультетті 1924 жылы профессор А.Э.Шмидт басқарады.

Бұрынғы Шығыс институтының профессор оқытушылары толығымен шығыстану факультетінің құрамына енді, факультетке  Петроград қаласынан оқытушылар шақырылып, профессор оқытушылыққа шақырылып факультеттің ғылыми дәрежесі көтерілді. Факультетте құрметті мүше болып академиктер В.В.Бартольд, В.Л.Вяткин жұмыс жасады.[48]

1920 жылы 1 қазан айында Ташкент қаласында К.А.Тимирязев атындағы халық ағарту институты ашылды. Аталмыш жоғарғы оқу орны орыс тілінде білім бере отырып, Түркістан халықының барлық  ұлтына арналды. Өлкелік маңызы бар бұл жоғарғы оқу орны І және ІІ сатылы мектептерге педагог кадрларды даярлаумен шұғылданды және К.А.Тимирязев атындағы халық ағарту институтының базасында мектепке дейінгі бала тәрбиесі, яғни балабақша тәрбиесін даярлау  1920 жылы 28 қараша айынан бастап қолға алынып балабақша тәрбиешілерін де даярлап шығаруға оқу бағдарламасын түзеді. К.А.Тимирязев атындағы халық ағарту институты тікелей Түркістан АКСР Халық ағарту комиссариатына қарап институтқа қажетті оқу құралдары, материалдық жабдықтар сияқты қажеттіліктің комиссариатпен бірге шешіп отырды.

Түркістан АКСР халық ағарту комиссариатының шешімі бойынша К.А.Тимирязев атындағы Халық ағарту институты Түркістан мемлекеттік университетінің дәрежесімен теңестірілді, мұғалім оқытушыларға да Түркістан мемлекеттік университетінің айлық жалақы көрсеткіші негізінде еңбекақы төленді.

Дәрежесі Түркістан мемлекеттік университетімен теңестірілген К.А.Тимирязев атындағы халық ағарту институты педагог кадрлар даярлаужұмысын бастап Түркістан өлкесінің жер – жерлерінен институтқа студенттер қабылдана бастады.

1920 жылдың 1 қазан айында 412 студент қабылдап мектеп сұраныстарына қажетті мамандар даярлау жұмысын бастады. Институтта 4 жылдық оқу мерзімімен оқытты.

Түркістан өлкесінде құрылған  6 оқу-ағарту институттары соның ішінде 1 әйелдер институты жұмыс істеді. Оларда 1500 аса адам білім алды [49]. Осы аталған халық оқу – ағарту институттарының ішінде ерекше атап өтетін 1920 жылдың 1 қазан айында шаңырақ көтерген.Қазақ ағарту институты.

1918 жылы құрылған Түркістан АКСР –ің орталығы Ташкент қаласына Т.Рысқұлов, С.Қожанов, Қ.Қожықов, Н.Төреқұлов, Е.Табынбаев, И.Тоқтыбаев т.б. секілді қазақ зиялылары шоғырланды. Сауаттылық деңгейі төмен елде қоғам құрудың қиын екенін ескерген Т.Рысқұлов, Н.Төреқұлов, С.Қожановтар Ташкентте ағарту ісіне ерекше мән беріп Қазақ институтын ашуға ерекше мән беріп, оның келешегі нұрлы екендігіне кәміл сенді. Әрине бұл институтты ашудан алдын, ең алдымен қысқа мерзімді қазақ педагогикалық курсын кейіннен педагогикалық училищесін ұйымдастыру қажет деп тапты.

1920 жылдың 21тамыз айында Қазақ ағарту институтын ұйымдастыру үшін комиссия құрылды. Оның мүшелігіне тәжірибелі педагогтар Е.Табынбаев, Б.Есенов, Х.Досмухамедов, Қ.Қожықов, В.Н.Көшербаевтар енді [50].

Арнайы құрылған комиссия оқу орталығының барлық жетістіктері мен кемшіліктерін, қажеттіліктерін айқын көрсетіп берді.

1920 жылы 1 қазан айында Қазақ педагогикалық училищесі Қазақ Халық ағарту институты болып өзгертілді [51].

Түркістан өлкесіндегі қазақ халқының арасында мұғалім мамандарды даярлау үшін Ташкент қаласында ашылған. Қазақ халық ағарту институтының құрамына 1) негізгі педагогикалық 5 жылдық курстар; 2) 1 жылдық курстар;  3) мектепке дейінгі тәрбие курсы; 4) Мектептен тыс білім алу курсы; 7) 1 сатылы тәжірибелі еңбек мектебі; 8) балалар бақшасы алынып бекітілді .

Халық ағарту комиссариатының қолдауымен құрылған Қазақ халық ағарту институтының алдына қойған талаптары мен міндеттері Қхалық ағарту институты қазақ халқының мәдени ағартушылық өмірінің қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында құрылы.

Сондай-ақ біріншіден мектепке дейінгі, мектеп кезеңіндегі және мектептен тыс білім беру қызметкерлерін дайындау, екіншіден олардың жұмысын институт шеңберінде біріктіріп, олардың кең қанат жаюына, күнделікті білімдерін күшейтуге жағдай жасау.

Ағарту саласында қызметкерлерді дайындау үшін институт мына төмендегі курстарды  ашуға мүмкіндік алды: 1) Мектепке дейінгі білім алудың бір жылдық курсы; 2) Мұғалімдік семинарияны бітірген мұғалімдердің білімін жетілдіру курсы; 3) мектептен тыс білім алу курсы; 4) бірінші сатылы мектеп мұғалімдерін дайындау үшін бес жылдық курстар [52].

Қазақ халық ағарту институтының ережесіне сай институтта педагогикалық, медициналық, ауылшаруашылық, физика – математикалық мамандық бөлімшелері болуы тиіс еді. Алайда институтта қазақтар арасында ғылыми, кәсіби мамандардың жетіспеуіне байланысты тек педагогикалық бөлімше ғана ашылды.Қалған бөлімшелер ашылғанға дейін Қазақ институтында ана тілінде сабақ жүргізілетін 4 жылдық курс негізінде педагогикалық бөлімше оқушылар қабылдады.

Ғылымның әр түрлі саласында мамандарды дайындау барысына Институт бағдарламасы төмендегіше түзелді:

  1. Ғылыми жоспар арнайы педагогикалық тәжірибе негізінде түзілуі керек. Мәселен қазақ мектерінің түрлеріне қарай, қазақ тілінде қарастырылған оқулықтардың жоспарына қарай.
  2. Еуропалық ғалымдар негізінде қазақ тілін жетілдіру.
  3. Ғылыми пікір сайыстар үшін терминологиялық жоспарын дамыту.
  4. Қазақтың халықтық және көркем әдебиеттуындыларын жинау.
  5. Қазақ халқының тарихын меңгеру, құрастыру.
  6. Қазақ халқының ескіден қалған ескерткіштерін өнерлерін жинау, жүйелеу.
  7. Қазақ халықтың кешегі және бүгінгі өміріндегі әдеп – ғұрп, салт – дәстүр көріністерін үйрену.

1920 жылы 1 қазан айында Институт директоры болып Емберген Табынбаев тағайындалды.Оқу ғылыми істерге, педагогикалық курстарға, мектептік істерді қадағалауға В.Көшербаев, Қ.Қожықов, Дьяковқа бекітілді, Институт оқушыларын медициналық тексеруден өткізу Х.Досмухамедовқа тапсырылды [53].

Қ. Қожықов, Е.Табынбаев Түркістан АКСР-ің ең басты жоғарғы оқу орны Түркістан мемлекеттік университетінен келген еді. 1920 жылы С.Мангельдин 28 қыркүйекте институттың іс жүргізуші қызметіне қабылданды  [54].

Бұрынғы училище мұғалімдері И.Тоқтыбаев, Ш.Сарыбаев, К.Ахмедов, О.Тохтыбаев, Р.Лапина, Ф.Құлтаев институт оқытушылар құрамына қабылданды.

Педагогикалық курс 1921 жылы шілдеде бірінші болып  15 мұғалім даярлап шығарды. Маман даярлау ісіне сабақ берген Табынбаев – педагогикадан Тоқмашев – орыс тілінен, Абланов – жаратылыстанудан, Байғурин — тарихтан, курс меңгерушісі Иманжанов қазақ тілінен географиядан сабақ берді [55].

Институт бағдарламсына сай енгізілген араб тілі пәнінен Хайруддин Байғондиев, математикадан Мұхаметжан Тынышбаев, Жоғары сыныптар үшін Есболовтың жаратылыстанудан Кәрім Жәленовтың келуі білім беру мәселесінің шешілуін тездетті.

1921 жылдың қаңтар айында институт директоры болып Бабай Есенов тағайындалды іле шала шалғай аудандарға қызмет ауыстыруымен институт директоры болып К.Жәленов тағайындалды [56].

Оқытушылардың саны көбейіп, тәжірибесі бар, оқыту деңгейі жоғары негізгі мектепте 3 оқытушы, бір жылдық курста 9 оқытушы ал институтына 25 оқытушы дәріс оқыды. 1921 жылы институтта оқытушылар саны 64 жетті.

1923-1924 жылдары Қазақ халық ағарту институтында ұзын саны 259 оқушы оқыды оларды әр сыныпқа бөлсек: 1) Тәжірибелік үлгілі мектебінің 1 сыныбында 21 оқушы, 2-ші сыныбында  21 оқушы, 3-сыныбында 49 оқушы 2) Дайындық курстарының жоғарғы сыныбына  37, орта білімді «А» сыныбында – 39 «В» сыныбында 40 оқушы, ал негізгі төрт курс бойынша, 1 курста 19, 2 курста 23, 3 курста -6. 4 курста 4 оқушы оқыды. 259 оқушының 200-і қазақтар, 51 қырғыздар  3-і өзбектер, 1-татар  4 түркімен.

1923 жылы институттың оқытушылар құрамы күшейтілді. Файзулла Ғалымжановтың математика оқытушысы болып келуі және институттың оқу бөлімін басқарды, Мадина Қасымованың ана тілінен, Мұхаметжан Тынышбаевтың тарих пәнінен Мағжан Жұмабаевтың педагогика және ана тілінен, Халел Досмұхамедованың анатомия мен гигиенадан сабақ беруінің маңызы зор болды.

Сол жылдары оқушыларға Жүсіпбек Аймауытовтың қазақ әдебиетінен сабақ беруі, оқушылардың драма үйірмесіне жетекшілік етуі институттағы көрнекті оқытушылар санын көбейтті, жалпы институт ұжымының сапасын арттырды.

Сондай-ақ оқушылар институттағы қоғамдық жұмыстармен қатар, институт оқытушыларымен бірігіп оқулықтар шығару, газет – журналдар шығару ісіне араласты. Әсіресе институтқа жас оқытушы Ғани Мұратбаевтың келуі оқушылардың белсенділігін арттыра түсті. Оқу орнының жергілікті жерлермен өзара байланысы жақсы нәтижеге жеткізді. 1923 қыркүйекте институтқа Түркістан еңбекшілерінің 241 баласы қабылданды, оның ішінде 22,5% тұл жетімдер. Жалпы Сырдария облыстан 193, Жетісу облысынан 19, Ферғанадан 14, Самарқаннан 4, Хорезм республикасынан 5, Қырғыз республикасынан 5 оқушы: олардың ішінде 195 қазақ, 41 қырғыз, 5-і өзбек балалары еді. 1924 жылы 17 қаңтар айында институт өзінің алғашқы түлектерін білім ұясынан ұшырды директор С.Айзунов, оқытушылар Х.Досмұхамедов, М.Тынышбаев, Ф.Ғалымжанов, А.Байтасовтар студенттердің төрт жылдық курсты мерзімнен бұрын бітіргендігі туралы қарар қабылдады.

Бітіруші түлектер 1920-1924 жылдар аралығында 4 жыл білім алып 25 пәннен емтихандар тапсырып Халық оқытушысы деген куәлікке ие болды. 1924 жылы мамыр айының 12  жұлдызында директор С.Айзунов қол қойған қарар бойынша өз кезегімен тағы да 6 оқушы бітіріп шықты 1923-1924 оқу жылында оқу орнының жанынан ер жігіттер үшін «Шаш қысқарту» курсы қыздар үшін «Киім тігу»  курсы ашылып онда  кейін белгілі тұлғалар болған Т.Айзунов, Қ.Жандарбеков, Ә.Қоңыратбаев оқуға тілек білдірген .

Институтқа түсуге  ниет еткен талапкерлердің саны жылдан жылға көбейе берді. 1924-25 оқу жылында оқуға түсушілердің саны арта түсті.1924 жылы 1 қазанда құжат тапсырушылардың саны 314-ке жетті. Соның медициналық байқау комиссиясына 240 талапкер өтті, ал сынақ емтиханнан тек қана 77-сі ғана өтті, сынақ комиссиясына Мұхамеджан Тынышбаев төрағалық етті [57].

Оқуға қабылданған оқушылар оқу орнының облыстарға бөлінген орындары бойыншатүсті. Мәселен, Сырдариядан 35, Жетісудан 22, Ферғанадан 14 Қазақ АКСР-гі жергілікті ұйымдардың жіберуімен 6 оқушы оқуға қабылданды, 47 қазақ 30 қырғыз барлығы дерлік кедей шаруалардың балалары [58].

Оқушыларды қабылдау жергіілкті қабылдау комиссиясының ережелеріне сай жүргізілді  314 талапкердің 77-ғана өтуі институт оқу базасының күшейгенін көрсетеді. Оқуға түсуші талапкерлер үшін арифметикадан барлық сандар бойынша 4 амалмен таныс болу, ана тілімен сауаттылығы тексерілді.

Оқу орнын бітіріп  шыққан халық ағарту саласының қызметкерлерін жұмыспен қамтамасыз ету Т.Рысқұлов басқарған Халық комиссарлары кеңесінің негізгі бағыт жүктемесі еді. Қазақ институтын бітірген  13 маманды Түркістан Халық ағарту комиссариатының берген жолдамасымен төмендегі қызметтерге тағайындады.

  1. Алиев О — Әулие ата білім беру бөліміне инспектор.
  2. Бұхарбаев Ә. Ташкент халықтық білім беру институтына.
  3. Баймаханов С. Комсомол комитетіне

Тағы басқа кадр тапшылығын  көрген мекемелерге жіберді.

1920 жылы 20 тамызда халықтық білім беру комиссариатының жалпы бағдарламасына сай бір апталық жүктемесіне білім берудің жергілікті ерекшеліктеріне байланысты төмендегі өзгерістерді енгізді.

а) француз және неміс тілдерінің орнына барлық курс бойынша араб парсы тілдерін енгізді ал төртінші, бесінші курста қазақ тілдерімен бірге басқа да түрік тілдері оқытылады.

б) Бес жылдық курс бойынша сабақтар апталық жүктемеде төмендегіше бөлінді:

Қазақ тілі бес жыл бойында 20 сағат, Орыс тілі 20 сағат, парсы тілі – 13 сағат

Араб тілі 13 сағат, психология 4 сағат, Математика 17 сағат, химия 6 сағат, ән салу 10 сағат, Тарих 10 сағат, физика – 12 сағат, дене тәрбиесі – 10 сағат, қол еңбегі -15 сағат [59].

         Жауапкершілігі күшті бір жылдық педагогикалық курс оқу мерзімі бір жыл ішінде апталық жүктемесі 39 сағатқа негізделіп мынандай пәндерді оқып шығады: ана тілі —  6 сағат (аптасына)

Орыс тілі 6 сағат, математика  6 сағат, педагогика -6 сағат, жаратылыстану – 6 сағат, тарих – 3 сағат, география 3 сағат, дене тәрбиесі – 3 сағат.

         Оқу орны институт деп аталғанымен оның түлектері арнайы орта білім алып шықты, оқу бітірушілерге 1 сатылы мектептерде ұстаз болу құқығын беретін куәлік берілді. Әйтсе де Түркістан АКСР –гі Жоғарғы оқу орындары  қоғамға үлкен бетбұрыс әкелді. Дүниенің кілті оқу білімде екенін дәлелдеді. Түркі халықтарының жаппай білім алуға мәдени ағартушылыққа бойы ұруы һәм дүниені біліммен ұштастыра білуінде жатыр еді. 

 

  • 2.Ғылым және ғылыми қоғамдардың қызметі.

 

ХХ ғасырдың бас кезінде ірі саяси орталыққа айналған қалалардың бірі – Ташкентте ұлтын ойлаған зиялы арыстардың қалыптасуы мен сол жерде шоғырлануы ерекше сезілді.

         Көзі ашық санаулы зиялы қауым қараңғылық бұғауына шырмалған сауатсыз халқының  көзін ашып білім, ғылым жолын салуға күш салды.

         Ағарту ісін жүйелеу барысында Түркістан халық ағарту комиссариаты жанынан Түрік Халық ағарту ғылыми секциясы ашылды [60].

         Қазақ жастары үшін оқулықтар, әдеби шығармалар, қазақ халқының көне тарихын, этнографиясын жинақтап шығаруға  өз үлестерін қосқан қазақ оқымыстыларының ғылыми жұмыстары осы секциямен байланысты болды.

         1920 жылдардың басында 15 ке тарта адам жұмыс жасайтын Түрік ағарту ғылыми секциясы Қазақ, Өзбек, Татар, Түркімен бөлімдеріне бөлініп, секцияның алдағы іс шараларының жаңа бағыты айқындала бастады. Алайда қаржылай қиындықтарға тап болған секция таратылып, оның орнына жаңа бағдарлама мен Мемлекеттік ғылыми кеңес құрылды [61].

         Түркістан халық ағарту комиссариаты жанынан құрылған ғылыми кеңестің жаңа ережесіне сай педагогика, өнер, мұражай, мұрағат, кітапхаан ісі бағытын, сондай-ақ халықтық білім беру, әсіресе жергілікті ұлт халықтық білім беру, әсіресе жергілікті ұлт өкілдеріне білім беруді жақсарту көзделді.

         Ғылыми кеңес жұмысы «сегіз негізгі комиссия» бойынша өрбіді. Олар: ғылыми педагогикалық ғылыми саяси, техникалық ғылыми, ғылыми көркемдік, мұражай, мұрағат, кітапхана ісі және қазақ, өзбек, түркімен халықтарының ұлттық комиссарлары.

         Ғылыми кеңес өзінің пленумы арқылы РКФСР Академиялық Орталығының Түркістан АКСР-гі ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізетін жетекші органы, секциялар арқылы Түркістан халық ағарту комиссариатының ережелерін, бағдарламаларын талқылайтын және ғылыми сараптама жүргізе алатын, ұлттық комиссиялары арқылы жергілікті ұлт өкілдерінің өмір сүру жағдайларын қадағалайтын орган бола алды. Сонымен қатар бұл ережеде тұңғыш рет мемлекеттік баспахана мен байланыса отырып ғылыми шығармалар мен оқулықтарды басып шығару ісі де қаралды.

         Айына бір рет болып тұратын ғылыми кеңестің пленумында өлкелік ғылыми зерттеу ұйымдарының экспедициялардың ғылыми бағыты мен есептері тыңдалынды. Пленумға өлкедегі ескерткіштерді қорғау, өнерді табиғатты қорғау және орталық мұрағаттың, Шығыстану институты, Түркістан университетінің барлық факультетінен, сондай-ақ басқа да өлкелік шеңберде ғылыми зерттеу жұмысын жүргізетін жетекші мекемелерден бір – бір адам  қасытас алды.

         Ғылыми  кеңестің бір бөлімі болған ұлттық комиссиялар өз ұлтының әдебиетін, ғылыми атауларын тексеру және ана тілінде оқулықтар шығару, өз ұлтының бар өнерін, салт – дәстүрін ұлттық мерекелерін жаңғыртуға міндетті болды .

         Мемлекеттік ғылыми Кеңестің бір тармағы білімді орыстардың ордасы қазақ ғылыми комиссиясы Түрік ағарту секциясы жанынан 1918 жылдың басында құрылғанымен, шын мәнінде 1921 жылдың басында өз алдына отау тігіп оңды жұмыстар атқара бастады.

         1922 жылы Ташкентте жарық көрген «Шолпан» жорналында жарияланған комиссия жетекшісі Х. Досмухамедовтің «Қазақ – қырғыз білім комиссиясы жайынан қысқаша»  атты мақаласында бұл комиссия жөнінде «Комиссия мақсаты қазақ-қырғыз мектептері үшін оқу кітаптарын даярлау, қазақ әдебиетін жинау, білім әдебиетін кеңейту сол секілді мәдениет жұмысы ұлғайту болды деп комиссия қызметіне тоқталды. Қазақ ұлты үшін қызмет еткен қазақ ғылыми комиссиясын көрнекті ғалым, доктор Халел Досмухамедов 1921-1923 жылдары жетекшілік етті [62].

         Алғашқы жылдары әр түрлі себептермен комиссия өз міндетін толық атқара алмады. Бұл жөнінде Х.Досмухамедов өз мақаласында «Түзілсімен комиссия мектептер үшін оқу кітаптарын жазмыз деп уәде берген, ғалымдардың тұрмысын түзетуге, тіршілік бейнетін жеңілдетуге  түрлі шарттар қойып қаулылар шығарған. Бұл қаулылар орындалмаған, жазамыз дегендердің жалғыз жарымы болмаса көбінің уәдесі деәйексіз кеткен, жазылған кітап жарытып болмаған» дейді [63]. Бұл әрине оқулық шығарудағы тұрақсыздық емес материалдық жағдайдың жетіспеушілігінен туындаса керек.

         Мемлекеттік ғылыми кеңестің құрылуына байланысты Қазақ ғылыми комиссиясы құрамы қайта жасақталып ғылыми кеңестің ережелеріне сай комиссия бағдарламалары да өзгерді. Комиссия қазақ тілінде қол жазба күйінде қалып қойған оқу құралдарын, халық арасынан жиналған этнографиялық материалдарды басып шығару ісін өз міндеткерлігіне алды   Оқу білім, көркем әдебиет, тарих этнография, саясат, үндеу, библиография салалары бойынша бес бөлімге тарауланған комиссия жұмысы ұлғая түсті. Комиссия кеңесі, жұмысшылары анықталды. Қазақ Халық ағарту институтының  (К.Маркс көшесі, 41 үй) бір бөлмесіне жайғасқан қазақ ғылыми комиссиясының жұмысына институт оқытушылары көмектесіп оларға жалақы дайындалды.

         1923 жылы қазақ ғылыми комиссиясымен бірлесе жұмыс жасаған институт оқу бөлімінің меңгерушісі Файзулла Ғалымжанов, 1924 жылы Қазақ халық ағарту  институтының уақытша директоры қызметіндегі Әділов жұмыстан босатылып қазақ ғылыми комиссия жұмысына тағайындалды.

         Осы тұста оқу – ағарту, ғылыми жұмыстары жандана түсті. Мектеп мәселелері жақсартылды, оқулықтар мен көмекші құралдар әзірлеу ұйымдастырылып, қамқорлық етілді. Анық материалдарға жүгінсек, 1923 жылы М.Жұмабаевтың өлеңдер жинағын, М.Әуезовтың «Бәйбіше тоқал» атты 4 перделі драмасын баспаға бергізді. Жетекші мектептер үшін ана тілі бағдарламасын «Қыз Жібек», «Кенесары-Наурызбай», «Ер Тарғын»  поэмалары оқулығын Х.Досмұхамедовтың «Геометрия» С.Қожановтың «Арифметика» 1 бөлімін қазақ ғылыми оқу комиссиясының басып шығаруы көп еңбектердің арқасында жүзеге асты.

         Халел Досмухамедов жетекшілік еткен құрамында Мағжан Жұмабаев, Кәрім Жәленов, Иса Тоқтыбаев, Мұхамеджан Тынышбаев, Мұхтар Әуезов бар комиссия мектептерге оқулық дайындауда біршама игі істер жасады [64].

         «Шолпан» журналында жарияланған Халел Досмухамедовтың мақаласында комиссиясының алғашқы жемісті жұмыстары айтылды, комиссия құрылғаннан бастап төмендегі кітаптарды баспадан шығарғанын айтты.

         — А.Байтұрсынов: — Тіл құралы – 1-ші, Тіл құралы 2-ші бөлім басылып шықты.

         М.Дулатов: Есеп құралы 1-ші, 2-ші бөлім, кеспе әліппесі: 1-ші бөлім басылып шықты.

         И.Тоқтыбаев: Жағрафия сөзі, Түркістан карталарымен 1-ші сатылы мектеп оқулығы.

         Ф.Балығарин:  — Күн күркіреу мен найзағай не нәрсе? Ғылыми танымдық очерк.

         Х. Досмұхамедов: Табиғаттану, Жануартану: 1-ші, 2-ші бөлім.

         Ф.Ғалымжанов:  1922 жылдың қазақша календары.

         Ә.Диваевтың: 1) Қарақыпшақ Қобыланды: 2) Нәрік Оғлы Шора:  3) Бекет батыр: 4) Қамбар батыр.5) Шора батыр:  6) Мырза едіге батыр: 7) Алпамыс батыр. Батырлардың жеті кітабы да басылып шықты.

         А.Құнанбаевтың таңдамалы өлеңдер жинағы да шапшаңдықпен басылды. [65].

         Оқулық даярлау барысында біршама жетістіктерге жетуге Х. Досмухамедовтың мемлекеттік баспахананың Шығыс бөлімшесін басқарып тұрған кезде үлкен қарқын алды.

         Комиссия үшін орасан еңбегі себеп болса керек  1922 жылдың аяғы мен 1923 жылдың басында комиссия мына кітаптарды баспаға басуға берді.

  • С.Қожанов: Арифметиканың 1-ші бөлімі.
  • К.Жәленов: Арифметиканың 2-ші бөлімі.
  • А.Таныбаев: Педагогика
  • Ф.Ғалымжанов: Арифметика әдістері.
  • Х.Досмухамедов: Жануарлар жайынан, Адам анатомиясы мен физиологиясы.
  • С.Оспановтың: Қазақ тіліндегі сөздерді түзу.
  • М.Жұмабаев: Қазақ тілі мен әдебиетінің теориясы.

Шығарып жатқан оқулықтар азда болса, қазақ оқу ордаларына таратылып жатты.

         1924 жылы Қазақ ғылыми комиссиясының мемлекеттік баспасы Шығыс бөлімінен институт студенттеріне арналған оқулықтар мен әдеби шығармалар басылып шықты. Осы оқу жылында жоғарыда айтылған оқу құралдарымен қатар мына оқулықтар да оқушылар игілігіне берілді: «Этимология»  2-ші бөлімі (2 дана)» «Зоология» 1,2 –ші бөлімі (10 дана), «Бастапқы география» (5 дана), «Су туралы әңгіме» (2 дана), «Дене туралы әңгіме» (2 дана), «VIII –ші съезд қарарлары (5 дана), «Физикалық география (2 дана), «Жануарлар туралы» (2 дана), «Жер туралы (2 дана), «Әсемдік туралы әңгіме» (2 дана), «Геология» (2 дана), «Тарту хрестоматиясы» (3 дана), «Түркістан картасы» (5 дана), «Еуропа картасы» (5 дана), «Нұржан» пъесасы (10 дана), «Сана» жорналы (50 дана), «Оқушы гигиенасы» (300 дана) бас аяғы 200 рубльді құрайтын 43 оқу әдістемелік әдеби оқулықтары Қазақ Халық ағарту институтына берілді [66].

         Қазақ халқының салт – дәстүрін, әдебиетін, көне рухани мұраларын жетік зерттеген көрнекті ғалым, этнограф Әбубәкір Диваевтың жинаған материалдары комиссияда тіркеліп, түстелді. Көшіріліп алынған материалдардың көбі қаралып, баспаға даярланды. Сонымен қатар, Жетісу өмірінен жиналған материалдар да комиссияның ғылыми қорын байыта түсті. Жиналған материалдардың  өңделген бөліктері Халық ағарту комиссариаты жанынан жарық көрген «Наука и просвещение» деген жорналдың бірінші нөмірінде басылып, көпшілікке ұсынылды [67].

         Республикада сауатсыздықты жою, мәдениетті өркендету, жалпы оқу-ағарту жұмысын өркендету үшін, осы салаларға тікелец басшылық жасап көмектесетін ұйымдар мен мекемелердің үйлесімді құрылымын жасау — өмір талабына айналды. Түркістан Республикасы Халық Комиссарлары Кеңесінің Үлкен Кеңесінде осындай ұйым құрудың қажеттігіне тоқтайды.

         1922 жылдың желтоқсанында Т.Рысқұловтың арнайы бөлдірткен қаржысымен ескі мәдениет жұрнақтарын жинап, бастыртпақ болып, білімге шөліркеген қазақ шәкірттеріне ұлттық негізі бар оқулық нұсқаларын жасауға әзірлеуге қам жасап, профессор Х.Досмұхамедовтың жетекшілігімен Түркістан автономиялы республикасында «Талап» атты мәдениетті көркейтушілер қауымы жұмысына кірісті [68].

         Доктор Халел Досмұхамедов, профессор Александр Эдуардович Шмидт, этнограф Әбубәкір Диваев, ақын Мағжан Жұмабаев, білімпаздары әріп Жаленов пен Николай Архангельский құрастырған «Талап» қауымының Жарғысы қабылданған соң, 1922 жылы  4-ші желтоқсанда қауымның бірінші жиналысы болды. Жиылыс қауымы басқармасын, басқарманың төрағасын, басқарма мүшелерін сайлайды. Қауымның төрағасы болып басқарма мүшелерін сайлайды. Қауымның төрағасы болып – Халел Досмұхамедов басқарма мүшелері болып – А.Э.Шмидт, И.Тоқтыбаев, М.Есболов, М.Тынышбаев, М.Әуезов, Қ.Тынысжанов бірауыздан сайланды да, білім кеңесінің құзырымен аталған орындарға бекітілді. «Талап» қауымының тұрағы да: Ташкент қаласы, Карл Маркс көшесінің бойындағы нөмірі 41-ші үйде орналасқан Қазақ – Қырғыз институтының 35-ші бөлмесі болатыны осы жиналыста көпшілікке мәшһүр етіледі [69]. Қазақ ғылыми комиссиясымен бір кезеңде дерлік дүниеге келген «Талап» қоғамы да қазақ зиялыларының қоғамдық-ғылыми жұмыстарынан туындады.

         Институт оқытушылары түзген «Талап» қауымының Жарғысының толығырақ тоқталсақ: Жарғы 1923 жылы «Түркістан баспасөз тарату мекемесі» баспасында жарық көрген.

         а)  Қазақ – қырғыз халқының әдеби тілін ғылыми атауларын емілесі һәм басқа мәселелерді тексеру.

         ә) Ұлт өнерін тәртіптеу.

         б) Қазақ – қырғыз халқының тарихын һәм салтын тексеріп, қарастыру.

         в) Қазақ-қырғыз мектептеріндегі оқыту мәселесін реттеп жөнге салу.

Жоғарыда көрсетілген мәслелерді жүзеге асыру үшін:

а)  тақы, дәріс, баяндамалар жасауға

ә) білімге керекті мағлұматтар жию үшін, оқушылардың білімін арттыру үшін керуендер, қыдырыстар түзеуге

б) көрмелер ашуға

в) уақытша һәм белгілі мезгілмен шығып тұратын баспасөздер бастыруға

г) кітаптар, қолжазбалар, өнердің үлгілерін, ескіліктің тамтықтарын жинауына

ғ) білім, өнер жөнінде сіңген еңбектерді жарысқа, сынға салып, бәйге тігіп жүлде беруге

д) қазақ-қырғыз халқын ағарту жолында керекті мамандар шеберлер даярлау үшін курстар ашуға

е) қазақта жауапты аудармашылар, харіп түзушілер, уақытша һәм белгілі мезгілмен шығып тұратын баспасөздерге жазушылар басқа да қызметкерлер ұйымдарын ашуға

ж) қауымның көздеген мақсаттарын жүзеге шығару үшін өкімет мекемелерінен, әлеумет ұйымдарынан көмек қарастыруға қауым ерікті [70].

Қауым Жарғысының мұнан кейінгі 25-ші бабында оның құрылымы, құрылысы, қаражаты, мүшелері жиылыстары жөнінде сөз болады, Жарғы бойынша қауымның бөлек губерния, уездерде бөлімшелері ашылуға тиісті болды. Қауымға түсетін қаржының төрт көзі бар:

1) мүшелік жарна, 2) жәрдемдер, 3) өкімет пен ұйымдар тарапынан көмек, 4) қауым ұйымдастырған баспасөз сату, дәріс оқу қойлымдардан түскен қаржы.

Ташкенттен шығып тұрған «Ақ жол» газеті сол жылы 253 – нөмірінде «Бізде алға басудамыз» атты мақаласында «Тана» деп қол қойған тілші былай деп жазады «Талап қауымының ұстаған жолы қазақ жұртының мәдениетін ілгері бастыру. Мұның үшін оқу жолына белсеніп кірісу, әдебиетін жинау, газет жорналға айқын көзбен қарап шығысын жиілетіп, бағытын елге желікті қылу, қазақтың ескі өнерлерін тексеру т.б. «Ақ жол» газеті сол жылы 262 –нөмірінде «Талап» қауымының жол-жобасы, көздеген мақсаты турасында таныстыру мақаласын жариялайды. Ташкенттегі «Талап» қауымы өзінің алғашқы бет алыстарын қомақты тарихи орны бар тақырыптарды ашудан бастайды. Айталық 1923 жылдың 29 наурызында «Ақ жол» газеті Ташкентте «Талап» төңірегінде деп аталатын редакциялық мақаласында төмендегі жаңалықты хабарлайды. «Талап қауымына соңғы өткен екі жұмада екі лекция болып өтті. Бұның бірі Мырзағасының баяндамасы «Алтынсарин өмірі һәм істеген істерінің жайынан» екінші лекция Мағжандікі — Абай өлеңдері туралы». Баяндамашылардың екеуі де алған мәселелерін жете тексеріп толық мағлұмат жинағандықтан, жиылған жұртқа ескі қазан заманының екі ардақты адамы – Алтынсарин мен Абай жайынан бірталай жаңа сөздерді айтып берді. Мұнан кейін газет редакциясы баяндамалардың мазмұнына аз – кем кідіріп, дәрісшілердің сүбелі ойларын келтірді.

         Мәселен, Мырзағазы тыңдаушылар Ыбырайды толық білмейтінін ескеріп, өмірі мен шығармаларын толық құлақтанды етеді. Ал Мағжан баяндамасы, газет қызметкерлерінің пікірінше: бұл күнге шейін Абай жайанан сөйленіп жүрген сөздердің ең толығы болды. Мағжан Абайдың өлеңдегі жетістігінің сырына ақындық қуаты күшейіп кеткен уақытта қандайлын басқышқа жеткендігіне дана ақынның пікіріне тоқталып, жиналғанды тәнті еткен көрінеді [71].

         Тарихи қазба мұралар мен жазу мұраларын қолжазбаларды жинау барысында түрліше талқы, дәріс, баяндамалар жасап ғылымилығы арта түскен «Талап» қоғамы кейінірек ұлтшылдық деген айыппен жабылып қалды [72].

         Ұлты үшін қызмет еткен көзі ашық азаматтар Түркістан республикасындағы жалғыз қазақ халқының жоғарғы білім ордасы Қазақ Халық Ағарту институтының материалдық білім базасын күшейту мақсатында, қазақ оқушыларының зайырлы өмірін тануға көмектесетін оқу –құралдарды республикадағы Мемлекеттік Ғылыми Кеңес жанынан құрылған Қазақ Ғылыми Комиссиясының қолдауымен біраз рухани құндылықтарды шығарды. Бұл әрекет Х.Досмұхамедовтың мемлекеттік баспаханасың Шығыс бөлімін басқарып тұрған кезде үлкен қарқын алды. Әрине  алғашқы кезінде шығарылған дүиниелер саны аз болса да, сол кезеңнің үлкен жетістігі еді.

Өзбек ғылыми комиссиясы

         1918 жылы Түрік секциясының құрамында жұмыс жасаған өзбек ұлтының ғалымдары 1920 жылдыңт басында Мемлекеттік ғылыми кеңесінің Өзбек ғылыми комиссиясы болып жұмыс жасай бастады.

Өзбек ғылыми комиссиясы ел қолында жүрген құнды қолжазбаларды  ғылыми айналымға енгізу мақсатында Бұқара қаласына арнаулы комиссия жіберіп Аляма – Замахтар сөздігін, Мирзамның «Тухфан – Шахи», Мухамед Чкубтың «Гульшанул Мулк»  өзбек хаық әндерінің қолжазбаларын зерттеуге алдыртты.

Өзбек ғылыми комиссиясы «Балалар әлемі» ғылыми танымдық журналын шығарды. Кейіннен «Шығыс гүлі» деп аталған ғылыми журнал қаржылай қиындықтарға байланысты 3-і номерінен кейін үзіліп қалды. Этнографиялық материалдар жинауға Ферғана облысына комиссияның ғылыми қызметкері Гулям Зафариді 1921 жылы 14 наурызда арнайы жіберді.

Өзбек  ғылыми комиссиясы бар күш жігерін оқу құралдарын шығаруға жұмсады. өзбек тіліндегі оқу танымдық құралдарының жоқтығы комиссия жұмысының жұмысын жедел оқулықтар шығаруға жұмсауға тура келді.

Жедел жұмыстардың арқасында өзбек  ғылыми комиссиясы мынадай оқу құралдарын шығарды. «Геометрия» (бастауыш мектеп үшін) «Езу-Юлари» (орфография сұрақтары) «Узбекчи Укуш» (3 том) «Педагогика» (татар тілінен аударма) «Узбек элиппесі» «Түркістан Географиясы (Орыс тілінен аударма) «Алгебра оқулығы» «Физика және Химия (татар тілінен аударма) және де өзбек  ақындарының қолжазбасы негізінде баспадан мына кітаптар жарық көрді.

  • Чулпан ақынның жыр жинағы.
  • «Ұйғаныш» «Ильбек’ а» «Козчи» балаларға арналған тақпақтар жинағы.
  • «Осломиат отаги» пъесасы
  • «Ескі мектеп өмірі» романы [73].

Ғылыми комиссия Өзбек халық ағарту институты мен және ғылыми педагогикалық комиссия қызметкерлерімен бірге отырып Өзбек мектептерінің бүгінгі жағдайында оқулықтар шығару жайында көптеген жиындар өткізіп, пікір алмасып отырды.

         1921 жылы Өзбек ғылыми комиссиясы өзбек мәдени, ағартушылық саласының қызметкерлерінің съезін шақырып онда ағарту мәселесіндегі орфография, терминология, әдеби оқулықтар жайының төңірегінде ауқымды мәселелер көтерілді. Бұл съезге ғылыми кеңес төрағасы И.Ходжаев, профессор А.Э.Шмидт, профессор Е.Д.Поливанова, Халық ағарту комиссарының орынбасары Т.Аликов қатысты.

         Съезде талқыланған мәселелер бойынша съезге қтысушылар мынандай қарар қабылдады.

  • Оқу және жазуды оңтайландыру мақсатында өзбек тілінің орфографиясын реформалау.
  • Өзбек тілін латын алфавитіне көшіруді қарастырғанға дейін араб алфавитінде қалу.
  • Өзбек тіліне енген шет ел тілдерін өзбек тілінің орфографиясымен жазу.

Өзбек мәдени ағарту саласы қызметкерлерінің съезді Өзбек ғылыми комиссиясының алға жылжуына көп септігін тигізді.

         Ғылыми комиссия ғылыми танымдық оқулықтар шығаруды ары қарай кірісіп этнографиялық деректерді ғылыми айналымға енгізуге кірісті. 1922 жылы өзбек ғылыми комиссиясына төраға болып машрых Юнус мүшелері болып Шакирджан Рахими, Ғази  Юнусов тағайындалды.

         Ғазы Юнусовтың басшылығымен 1923-1924 жылы  көшпелі өзбек ұлтының тұрмысын зерттеу үшін екі рет ғылыми экспедициялар ұйымдастырып, өзбек ұлтының көшпелі мәдениетін ғылыми зерттеуге жол ашылды. Ғылыми қызметкерлердің жетіспеуі Өзбек ғылыми комиссиясы үшін өте қиын болды. Мәдениет, руханият саласының  кейбір жұмыстары мүлдем тоқтап қалған. 1918 жылдың басында Түрік секциясының негізінде құрылған Өзбек ғылыми комиссиясы қоғамда ғылыми танымның алға жылжуына қоғамда ғылыми танымның алға жылжуына көп үлес қосты. Комиссияның  жұмысының арқасында түрлі оқулықтар шығарылып, білім ғылыммен ұштасты.

Түркімен ғылыми комиссиясы.

         1918 жылы Түрік секциясының бөлімі болып жұмыс жасаған Түркімен ғылыми комиссиясы 1922 жылдың мамыр айынан бастап Мемлекеттік ғылыми кеңестің ғылыми ұлттық бөлімі ретінде жұмысын бастаған болатын, мәдени ағартушылық жұмыстарының Түркімен өлкесінде мардымсыз болуы ғылыми комиссия жұмысын қиындатты. Комиссия төрағалығына И.Бориев мүшелігіне, Гелдиев, Қарақұлов сайланды. Профессор Е.Д.Поливанованың нұсқауымен Мемлекеттік ғылыми Кеңес комиссия жұмысының жандануына көп көңіл бөлді.

         Осының арқасында түркімен тілінде мынадай оқу құралдары шыға бастады.

         Н.Н.Иомудскийдің «Иомудтардың дүниетанымы мен табиғаты (түркімен халқының тұрмысы жайлы)

         — Педагогикадан жетекші құрал.

         — Анатомия 4 том, арифметика, география, геометрия (орыс тілінен аударма) [74].

Түркімен халқының этнографиясын ғылыми айналымға енгізу үшін экспедициялар ұйымдастырылып комиссия мүшесі Қарақұлов түркімен халық ауыз әдебиетін қағазға түсірді.

         Түрлі экспедициялар мен зерттеу жұмыстары

         Түркімен фольклорының дамыуна септігін тигізді

         Мемлекеттік  ғылыми кеңес Түркімен ғылыми комиссиясының өте баяу әлсіз жұмысын ескере отырып 1923-24 жалдары Түркістан  мемлекеттік университетінің оқытушыларымен бірлесіп жұмыс істеуіне жағдай жасайды. 1922 -24 жылдары Түркістан ғылыми комиссиясы ғылыми қызметкерлер жетімсіздігіне қарамастан 1921 жылы қойылған мақсатты орындап Түркімен ұлтының ғылым жолын игеруге септігін тигізіп ғылымның дамуына, ұлттық ғылымның серпін алуына айтарлықтай жұмыс жасады.

         Ғылыми комиссияныңауыр жүгін арқалаған Түркімен ұлтының зиялы азаматтары Гельдиев, Караханов, Бориев сынды тұлғалар ұлт келешегінің жолын ғылыммен ұштастыра білді.

Тәжік ғылыми комиссиясы.

         Түркістан өлкесінің ең көне халықтары Тәжік ұлттары арасындағы мәдени –ағарту жұмыстары тым жұтаң ұлттық комиссия деген атауы болмаса комиссияда тәжік ұлты жоқ комиссия жұмысын 1920-24 жылдары еуропалық ұлт өкілдері жүргізген мемлекеттік ғылыми кеңес, ғылыми – педагогикалық комиссияның қызметкерлері бірлесіп жұмыс жасау барысында тәжік халқының ғылыми танымын көтеру мақсатында тәжік мәдениетіне жақын иран оқымыстыларын шақыруға мемлекеттік ғылыми кеңес 1922 жылы 18 шілдеде арнайы шешім қабылдады [75].

         Ғылыми – педагогикалық комиссиямен бірлесе отырып бірнеше оқу құралдары жасалды.

  • Арифметика
  • География және хрестоматия
  • Тәжік халқының тұрмысы

Этнографиялық – ғылыми комиссиямен бірлее отырып тәжік этнографиясын зерделеу қолға алынды.

         Тәжік ғылымының кенжелеп қалуы ғылымға деген ұмтылыстың жоқтығы Тәжік халқының ғылымға кешеуілдеп қалуына себепші болды.

 

 

Ғылыми – этнографиялық комиссия.

         Түркі халықтарының тұрмыс жағдайын, мәдениетін руханиятын ғылыми танымға енгізуді мақсат тұтқан комиссия жұмысына профессор Шмидт профессорлар Кун, Андреев, этнограф Ә.Диваев профессор Фалев қатысып, жыл сайын жұмыс зерттеу қортындысын Ғылым Академиясына баяндап тұрды. Акалемик В.Бартольдтің келуі Ғылым Академиясының комиссияға барлық жағдай жасауы жұмыстарды алға жылжытты. 1921 жылы Сырдария мен Самарқанд облысына экспедициялар жіберілді.

         Сырдария экспедициясына этнограф Ә.Диваев жетекшілік етіп үш апта бойы Қазалы уездінде Қазақ халқының тұрмысын зерттеп тарихи – географиялық атаулар жинағын жинақтап ежелгі қазақ ұлтының ерекшліктерін ғылыми танымға негіздеді.

         Самарқанд экпедициясына профессор М. Андреев жетекшліік етіп, Қаты – Қорған, Жызақ өлкесін  зерттеді [76]. Алайда қаржы тапшылығынан экпедиция жұмыстары тоқтап қалды.

         1922 жылы Ташкент, Шымкент, Түркістан уездеріне түрлі экпедициялар ұйымдастырылды [77].

         1923 жылы Әулие ата, Ақмешіт, Мырзашөл уездерінде зерттеу жұмыстары жүргізіліп, қазақ, өзбек халықтарының тұрмысы, көшпелі мәдениеттері араб мәдениетінің ықпалдары, ежелгі дәстүр қалдықтары түркі халықтарының мәдени ұқсастықтарының ерекшеліктері зерттелді [78].

         Түркі халықтарының тұрмысын, салтын, әдеп-ғұрпын, көшпелі мәдениетін ғылыми зерттеу арқылы комиссия өте бай зерттеу жұмыстарының жиынтығын жасады. Түркі халықтарының өмір сүру ерекшеліктерін, түркі халықтарының этнографиясын әлем халықтарының этнографиясына енуіне зор үлес қосты.

Ғылыми – педагогикалық комиссия.

         Оқу құралдарын жасау – комиссияның маңызды мақсаттарының бірі болды. Оқу құралдарының жоқтығы ұлттық мектептерде ғана емес еуропалық мектептерде де сезілді. 1921 жылы жұмыс жасай бастаған ұлттық комиссиялармен бірлесе отырып оқу құралдарының ғылыми маңызын, білім берудегі ерекшеліктерін комиссия ерекше бақылап отырды. Түркістан өлкесіндегі мектептерге арнап шығарылатын оқу құралдарының сапасын, ғылымилығын бақылау, орфография, терминология құрудағы жоспарларды комиссия барлық ғылыми комиссиялармен бірлесе отырып шешті.

         Комиссия әдістемелік құралдар жасап шығара отыры, білім сапасын артуын да бақылап отырды. Түркістан тарихын оқытудың әдістемелік құралын шығарып мұғалімдерге жаңа әдістемелермен оқыту тәсілдерін жасады. Жалпы мектептерде оқушыларды оқу – тәрбие жұмыстарының жүргізудің эксперименталды психологиялық зерттеу жолымен шешіп мектептердегі білім сапасының артуы үлкен қосты комиссия педагогиканың жаңа жаңалықтарын мектептік жұмыс ендіріп отырды.

Музыка этнографиялық ғылыми комиссия.

         Түркі халықтарының музыка мәдениетін зерттеуге негізделген комиссия жұмысы 1921 жылдан қарқынды жұмыс істеді.

         Комиссия жұмысының зерттеу бағыттарының негіздері:

  • Халық әуендерінің сөзін, фольклорды зерттеу.
  • Түркі халықтарының музыкасының ритмін еуропа музыкасының ритмімен салыстыра зерттеу.
  • Жыр дастандардың айтылуын зерттеу
  • Түркі халықтарының ақын, жырау, әншілерінің өмірбаянын құру.
  • Ұлттық аспаптарды зерттеу
  • Ұлттардың, халық әуендердің тарихын ғылыми зерттеу
  • Ұлт аспаптарын жинау
  • Шығыс әуендеріне қатысты деректер жинақтау
  • Шығыс биін зерттеу

1921-24 жылдары комиссия 29 қазақ әндерін 5 өзбек әндерін  2 башқұрт, 5 дәстүрлі әндерді 25 ұлттық аспаптарды зерттеді.

         Комиссия Шығыс музыка мәдениетін ғылыми зерттеп, Шығыс өнерінің әлем өнеріндегі ең бір қайталанбас ерекшеліктерімен ойып орын алатындығын дәлелдеді.

Театралды этнографиялық ғылыми комиссия.

         Комиссияның негізгі міндетіне Түркістан өлкесіне сахна өнерін дамыту, Ұлттық өнердің дамуына жол ашу және пъесаларға шығармалар жинақтау еді. 1922 жылы Халел Жәлелов Әулиеата уездінде әуесқой үйірмелер, сахна өнерінің қыр-сырын меңгеретін үйірмелер ашып қазақ ғылыми комиссиясымен бірлесе отырып Бекет батыр эпосына пъеса жазды. Комиссия  1921-24 жылдары Г.Зафаридің «Хич Ким Бильмосун» комедиясын «Чин Темир Батур» және «Аба Муслим» «Хон қызи» «Брокынди кипчак» сияқты пъесаларды басып шығарды.

Мемлекеттік Ғылыми Кеңестің құрылуы Түркістан өлкесінде ғылымның дамуына жол ашты.Ұлттық ғылыми комиссиялармен қатар тұрлі бағыттағы комиссиялар Түркістан өлкесінде ғылымның алғашқы темірқазығын шегендеп,ұрпақ болашағына ғылымның сара жолын салып берді.Алайда ғылымның қалыптасу жолында түрлі кемшіліктерге бой алдыру байқалды.Оқу әдістемелік құралдарды жасау барысында көшіріп басумен қатар өзге ғылыми қоғамдардың еңбегін пайдалану да көрініс берді.Сондада Түркістан республикасында Білім беру,ағартушылық жұмыстарының жандануына,мектеп оқулықтарының жарық көруіне,Мемлекттік Ғылыми Кеңес теңізге құйған тамшыдай болсада өз үлесін қосып,Түркістан өлкесінде ғылымның қалыптасып жұмыс істеуне ,жаңа ғылыми орталықтардың ашлуына жол ашты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

         Міне, аласапыраны мол оқиғаларға толы, қарама – қайшылықтар мен қайталанбас айшықты құбылыстардан тұратын, кең арнасы қасіреттер мен болашаққа деген мол тынысты құлшыныстарға толы, асау ағыстар жиынтығы ХХ ғасырда өз мәресіне жетті.

         Өзіндік ерекшеліктері көзге ұрып тұрған ХХ ғасыр тарихы зерттеушілердің әлі талай ұрпағын толғандыра берері күмәнсіз. Бір қуанатынымыз бұл дәуірдің қилы құжаттары мұрағаттарымызда қаттаулы.

         Білім беру тарихы төл тарихымыздың бір саласы және тарих ғылымымен тығыз байланысты. Кеңес үкіметі орнағаннан соң алғашқы жылдары Түркістан өлкесінің халқының сауаттылығы туралы мәселе тарихымызда әлі толық анықтала қоймаған күрделі нәрсе. Мұның басты себебі, осыған байланысты ресми мәліметтердің өзара қайшылықты болуы дер едік.

         Соңғы кезде Қазақстанның тәуелсіздік алуына байланысты ұлтымыздың рухани құндылықтарын ұнамды түрде көрсетушілік орын алғаны әрине құптауға тұрарлы. Солай десек те ұлттық сезім жетегіне ілесіп тарихи шындықты бұрмалауға хақымыз жоқ.

         Зерттелуі жұтаң, әйткенде өте көп бұрмалаушылыққа ұшыраған тарихы бар, Түркістан АКСР –де халыққа жалпылама білім беруді қалыптастыру және дамыту барысында біршама оңды жұмыстар атқарылды. Түркі халықтарының арман тілегінің жемісі болған Түркістан республикасын қазақтың өресі биік  білімді азаматтары негізін қалады. Басшылық тізгінін қолға алған Т.Рысқұлов, С.Қожанов, Қ.Қожақов т.б арыстар еңбегі ағарту саласына бағытталды, руханият, ғылым саласына өзгеше көңіл бөлді. Білім, ғылым, мәдениет, өнер барлық рухты тәрбиелейтін, жетілдіретін шараларды жан – жақты қарастырды.

         Түркістан АКСР-і РКФСР құрамында болғандықтан халық ағарту комиссариатынынан бөлінген қаржылар негізінде бірнеше әлеуметтік тәрбие мекемелері мектеп, білім ордалары салынды. Зиялылардың басшылық етуімен 1918-24 жылдары  2290 мектеп  15-ке тарта оқы орындары, 18-ге тарта орта арнаулы оқу орындары, 8 ғылыми комиссия жұмыс істеді. Бұл жалпылама жұмыстардың бағыттары ғана.

         Қазақ АКСР-ің құрамына кіргенге дейінгі Түркістан республикасындағы қазақ ұлтының, білім алуын ұйымдастыру рухани орталық Ташкент қаласы маңына жиналған кемеңгерлердің ерен еңбегі арқылы жүзеге асты.

         1918 жылы Түркістан халқының білімін, сауаттылығын арты мақсатында мектептік білім беру жүйесін қалыптастыруға Түркістан АКСР Халық комиссарлары кеңесінің төрағасы Ф.Колесов, В.Успенский, В.П.Билик, С.Әбдісаттаров, 1920 жылдан бастап жоғарғы оқу орындарының, орта арнаулы оқу орындарының, мектеп жүйесінің, ғылымның дамуына анбай тер төккен исі түркі халқының мақтанышы, сол кездегі білімді азаматтары М.Әуезов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, Е.Табынбаев, М.Тынышбаев, К.Досмұхамедов, С.Асфендияров, Қ.Қожықов, С.Қожанов т.б. арыстар Түркістан жастарының білімін жетілдіруге, арттыра түсуге өз үлестерін қосып бақты. Осындай білімпаз қаймақтардан білім алған  Түркістан топырағының жастары, бойына жинаған білім қорымен түрлі салада жұмыс істеп, халыққа қызмет көрсете бастады. Бұл түркі халқының аға буын зиялылар еңбегінің жемісі еді.

         1918 жылы құрамында Қазақстанның Оңтүстік облыстары бар Түркістан АКСР-нің құрылуы кешегі отар өлкенің мәдени- саяси өміріндегі ұлы бетбұрыс еді. Енді түбегейлі өзгерген ахуалды пайдалана отырып ғасырға жуық тыс мемлекетінсіз зар заманды бастан өткерген түркі халқы білім – ғылымда кеткен есесін қайтаруға құлшына кірісті.

         Сауатсыздық мектеп ісіндегі олқылықтар, білікті маманның тапшылығы түптеп келгенде ұлттық мемлекеті, оның экономикасы мен руханиятын орнықтыруға қолбайлау екенін қоғамдық сана қапысыз ұқты. Орталық және жергілікті билік орындарына мектеп ашуды өтінген, тіпті талап еткен ұжымдық шешімдер, делегаттар үздіксіз келіп жатты.

         Халықтың өзі білім адуға ұмтылуы 1918 жылы жаппай мектептер ашу ісі қолға алынды. Дей тұрғанмен экономикалық қиыншылықтар кәсіби білім беру жүйесін құруға кедергілер келтірді.

         Алайда қиыншылықтарға, кедергілерге қарамастан мектептік білім беру жүйесі қалыптасып 1923-24 жылдары 1073 ұлттық мектептер, 1212 аралас мектептер болды.

         1918 жылы 3873 оқушы білім алса, 1920 жылы 98656, 1921-1922 жылы 123756 оқушыны құрады, 1924 жылы республика халқының сауттылығы 63,71% құрады.

         Орта арнаулы мамандар даярлау ісінде түрлі кәсіптік техникумдар, училищелер бой көтеріп мамандар даярлады.

         Жоғарғы мектепті ашуға талпыныс 1918 жылдан басталып 1920 жылы Лениннің тікелей араласуымен бой көтерген. Орта Азия университеті, Шығыстану институты түрлі халық ағарту  институттары мен мұсылман ағарту институттарында жоғары білікті мамандар даярланса  8 бағытта жұмыс жасаған Мемлекеттік ғылыми кеңес Түркістан өлкесінде ғылыми – интеллектуалды әлеует қалыптастырып Түркістанды білім мен ғылым ордасының алтын бесігіне айналдырды.

         Түркістан республикасындағы білім, ғылым мәселесі туралы әдебиеттер ғылыми еңбектер аз. Көпшілік әдебиет кеңес үкіметі тұсында жазылғандықтан шынайылығынан айрылған. Негізгі дерек Оңтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік мұрағатының Өзбекстан республикасы орталық мемлекеттік мұрағатынан алынған іс – құжаттардан алынды.

         Қорыта айтқанда Түркістан Республикасында білім, ғылым мәселелерінің жүйелі іске асуы Түркістан жұртының рухани өмірінде аса маңызды роль атқарды.Оқу білімді ұлықтаған Әл – Фарабидің, М.Қашқаридің заңды ұрпақтары сенімді нық қадаммен қиыншылыққа қарамастан  ғылыми интеллектуалды әлеует қалыптастырды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сілтемелер тізімі

 

  1. Аманжолов К. «Түркі халықтарының тарихы» 3 том А, 1999-239 б.
  2. Аманжолов К. «Түркі халықтарының тарихы»  3 том А, 1999-240 б.
  3. Культурное строительство в Туркестанской АССР» Ташкент 1973 І-том 54 б.
  4. Бұл да сонда 55 б.
  5. Бұл да сонда 8 б.

6.Оңтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік мұрағаты Оңтүстік Қазақстан облысы тарихы туралы коллекциясы, 1169қор,2тізбе,2бет.Бұдан былай ОҚОММ. Деп   аталады.

7.ОҚОММ 1169-қор,7 тізбе,2 іс,1бет.

  1. ОҚОММ 1169-қор,4тізбе,9іс,13бет.
  2. ОҚОММ 1169-қор,2тізбе,1іс,2бет.
  3. ОҚОММ 1169-қор,10тізбе,1іс,1бет.
  4. ОҚОММ 1169-қор,10тізбе,2іс,1бет.
  5. ОҚОММ 1169-қор,4тізбе,9іс,3-6беттер.
  6. ОҚОММ 1169-қор,4тізім,9іс18бет.
  7. Қоңыратбаев О. Т.Рысқұлов қоғамдық

саяси және мемлекеттік қызметі Алматы,-1994,380бет

15 Культурное строительство в Туркестанской АССР» Ташкент, 1973 І-том 218бет.

  1. Бұл да сонда.193бет.
  2. Бұл да сонда 209бет.

18 Бұл да сонда 210-211беттер

  1. Бұл да сонда ,227бет.
  2. Бұл да сонда,223бет.

21 . Бұл да сонда,218бет.

22 ОҚОММ 1169-қор,2тізбе,1іс,4бет.

23.Культурное строительство в Туркестанской АССР» Ташкент, 1973 І-том,282бет.

  1. Бұл да сонда 287бет.
  2. Бұл да сонда,212бет.

26.А.Э.Шмидт.Туркестанский Восточный институт за первые четыре года своего существования.Наука и Просвещение.Ташкент 1922год,стр 112

  1. Культурное строительство в Туркестанской АССР» Ташкент, 1973 І-том,236 бет.

28.Г.Рашидов.Первый университет в Средней Азий.Общественные науки Узбекистана.№4,1963 год,стр52

29.Г.Рашидов.Первый университет в Средней Азий.Общественные науки Узбекистана.№4, 1963 год,стр52

30.Г.Рашидов.Первый университет в Средней Азий.Общественные науки Узбекистана.№4, 1963 год,стр52

31.Г.Рашидов.Первый университет в Средней Азий.Общественные науки Узбекистана.№4, 1963 год,стр52

32.Г.Рашидов.Первый университет в Средней Азий.Общественные науки Узбекистана.№4, 1963 год,стр53

  1. 33. .Г.Рашидов.Первый университет в Средней Азий.Общественные науки Узбекистана.№4, 1963 год,стр53

34.Г.Н.Черданцев «К истории  первых лет Туркестанского университета» «Наука и Просвещение» Ташкент 1922  № 2 октябрь-декабрь 92б.

  1. Г.Н.Черданцев «К истории первых лет Туркестанского университета» «наука и Просвещение» Ташкент 1922 № 2 октябрь-декабрь 93 б.
  2. .Г.Рашидов.Первый университет в Средней Азий.Общественные науки Узбекистана.№4, 1963 год,стр53
  3. .Г.Рашидов.Первый университет в Средней Азий.Общественные науки Узбекистана.№4, 1963 год,стр54
  4. .Г.Рашидов.Первый университет в Средней Азий.Общественные науки Узбекистана.№4, 1963 год,стр54
  5. .Г.Рашидов.Первый университет в Средней Азий.Общественные науки Узбекистана.№4, 1963 год,стр54
  6. .Г.Рашидов.Первый университет в Средней Азий.Общественные науки Узбекистана.№4, 1963 год,стр54

41 ОҚОММ 1169-қор,8тізбе,4іс,3бет

  1. ОҚОММ 1169-қор, 8тізбе,4іс,4бет
  2. Г.Н.Черданцев «К истории первых лет Туркестанского университета» «наука и Просвещение» Ташкент 1922 № 2 октябрь-декабрь 94 б.
  3. . Культурное строительство в Туркестанской АССР» Ташкент 1973 І-том,211-212 беттер.
  4. Бұл да сонда 212бет.
  5. А.Э.Шмидт «Туркестенский Восточный Институт за первые четыре года существования» Наука и Просвещение, Ташкент 1922 № 2 октябрь-декабрь,стр112.
  6. А.Э.Шмидт «Туркестенский Восточный Институт за первые четыре года существования» Наука и Просвещение, Ташкент 1922 № 2 октябрь-декабрь,стр 112.
  7. ОҚОММ 1169қор,10тізбе,1іс,15бет
  8. Қоңыратбаев О. «Т.Рысқұлов мемлекетік және қоғамдық саяси қызметі» А, 1994 379 бет.

50 Тілеуқұлов С. «Зиялылардың шығыстағы ордасы». Шымкент келбеті 2001жыл № 30.

  1. Тілеуқұлов С. «Зиялылардың шығыстағы ордасы». Шымкент келбеті 2001жыл № 30.
  2. Әбжанов Х. «Қазақстан: Тарих, Тіл, Ұлт» Астана, 2007 183 б.
  3. С.Тілеуқұлов «Зиялылардың шығыстағы ордасы». Шымкент келбеті 2001жыл № 30.

54 С.Тілеуқұлов «Зиялылардың шығыстағы ордасы». Шымкент келбеті 2001жыл № 30.

  1. С.Тілеуқұлов «Зиялылардың шығыстағы ордасы». Шымкент келбеті 2001жыл № 30.
  2. . ОҚОММ 1169-қор,4тізбе,3іс,12бет
  3. С.Тілеуқұлов «Зиялылардың шығыстағы ордасы». Шымкент келбеті 2001жыл № 30.
  4. С.Тілеуқұлов «Зиялылардың шығыстағы ордасы». Шымкент келбеті 2001жыл № 30.
  5. ОҚОММ 1169-қор,3тізбе,2іс,9бет
  6. Е.А.Чернявский «История возникновение, структура и деятельность Г.У.С.а» «Наука и Просвещение» Ташкент 1922 № 2 стр165
  7. Е.А.Чернявский «История возникновение, структура и деятельность Г.У.С.а» «Наука и Просвещение» Ташкент 1922 № 2 стр 167

62 Нүрпейісов Қ. «Х.Досмұхамедұлы және оның өмірі мен шығармашылығы» А, 1996  -43 б.

  1. Х.Досмұхамедов «Қазақ – Қырғыз ғылым комиссиясы жайында қысқаша баяндама» Шолпан журналы. Ташкент, 1922
  2. ОҚОММ 1169-қор,8тізбе,4іс,14бет
  3. Х.Досмұхамедов «Қазақ – Қырғыз ғылым комиссиясы жайында қысқаша баяндама» Шолпан журналы. Ташкент, 1922
  4. Е.А.Чернявский «История возникновение, структура и деятельность Г.У.С.а» «Наука и Просвещение» Ташкент, 1922 № 2 стр 177-178
  5. Х.Досмұхамедов «Қазақ – Қырғыз ғылым комиссиясы жайында қысқаша баяндама» Шолпан журналы. Ташкент 1922
  6. Қоңыратбаев О. «Т.Рысқұлов мемлекетік және қоғамдық саяси қызметі» А, 1994 388 бет.
  7. Қамзабекұлы Д. «Руханият» Алматы, 1997, 39 б.
  8. Қамзабекұлы Д. «Руханият» Алматы, 1997, 43 б.
  9. Қамзабекұлы Д. «Руханият» Алматы, 1997, 49 б.
  10. Қоңыратбаев О. «Т.Рысқұлов мемлекетік және қоғамдық саяси қызметі» А, 1994 388 бет.
  11. Е.А.Чернявский «История возникновение, структура и деятельность Г.У.С.а» «Наука и Просвещение» Ташкент, 1922 № 2 стр 171-172
  12. Е.А.Чернявский «История возникновение, структура и деятельность Г.У.С.а» «Наука и Просвещение» Ташкент, 1922 № 2 стр 173
  13. Е.А.Чернявский «История возникновение, структура и деятельность Г.У.С.а» «Наука и Просвещение» Ташкент, 1922 № 2 стр 181
  14. Е.А.Чернявский «История возникновение, структура и деятельность Г.У.С.а» «Наука и Просвещение» Ташкент, 1922 № 2 стр 186-187
  15. . Культурное строительство в Туркестанской АССР» Ташкент, 1973 І-том,419 бет.
  16. Е.А.Чернявский «История возникновение, структура и деятельность Г.У.С.а» «Наука и Просвещение» Ташкент, 1922 № 2 стр 190

                 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

 

  1. Әбжанов Х.М. Қазақстан: Тарих. Тіл. Ұлт. Астана – 2007.
  2. Қоңыратбаев О.Ә. Тұрар Рысқұловтың қоғамдық – саяси және мемлекеттік қызметі. Алматы
  3. Тілеуқұлов С. «Зиялылардың шығыстағы ордасы» шымкент келбеті. 2001. №30.
  4. Досмұхамедов Х. «Қазақ – Қырғыз ғылым комиссиясы жайында қысқаша баяндама» Шолпан журналы. № 2 1922.
  5. Әбжанов Х.М., Гуревич Л.Я.. Интеллигенция Казахстана: История, Теория, современность. Алматы,
  6. Культурное строительство в Туркестанской АССР» (1917-1924) Сборник документов том І. Ташкент, 1973.
  7. Нүрпейсов К. Алаш һәм Алашорда. Алматы, 1995.
  8. Пірманов Ә., Қапаева А. Қазақ интеллигенциясы. Алматы,
  9. Гуревич Л.Я. Тоталитаризм против интеллигенций. Алматы,
  10. Тілеуқұлов Г.С. Жазықсыз жазаланған тұлғалар. Ташкент, 2000.
  11. Турсунов Ж. Национальная политика коммунистической партий в Туркестане. Ташкент, 1971.
  12. Қазақ Совет энциклопедиясы. 11 том. Алматы,
  13. Глинин Г. «Деятельность Отдела Профессионально – технического образования при Турнаркомпросе». «Наука и Просвещение»Ташкент 1922 № 2. октябрь-декабрь.
  14. Черняевский Е. «Деятельность Государственного ученого совета» «Наука и Просвещение» Ташкент, 1922 № 2. октябрь-декабрь.
  15. Қойгелдиев М., Омарбеков Т. Тарих тағлымы не дейді? Алматы,
  16. Тілеуқұлов Г.С., Қосанбаева С.Қ. Алғашқы бастама жемістері.Ташкент,
  17. Нүрпейісов К. Халел Досмұхамедұлы және оның өмірі мен шығармашылығы. Алматы,
  18. Байтасов Ғ. «Ташкенттегі Қазақ-Қырғыз институты туралы» Шолпан журналы 1923 №2.
  19. Бюллетень и постановление ХІ Все Туркестанского съезда совет от 2 по 6 декабря 1922 г. 1922 Бюллетень № 4.
  20. Аманжолов К. «Түркі халықтарының тарихы» Алматы,
  21. Қамзабекұлы Д. «Руханият» Алматы,
  22. Малдыбекова М.А. Түркістан Республикасының межеленуі  және  Қазақ  АКСР – нің территориясының тұтастығы мәселесі Автореферат. Түркістан, 2002
  23. Қожекиев Т. Көк  сенгірлер. Алматы, 
  24. Жүгенбаева Г.С. М.Тынышбаевтың өмірі мен  қызметі (1879 – 1938)  Автореферат. Алматы, 1999.
  25. Зарубин И.И. Список народности  Туркестанского  края. Ленинград, 1925.
  26. Қазыбек Н., Маймақов Ғ. Құпия кеңестер. Алматы, 1999.
  27. Шілдебай С. Түркішілдік және Қазақстандағы Ұлт — азаттық қозғалыс. Алматы 
  28. Әлмашұлы Ж., Сұлтанбек Қожанов. Алматы, 2000
  29. Баймырза Хайт Түркістан Ресей мен    Қытай аралығында // Ақиқат №6 1999.
  30. Қожакиев Т. Жыл құстары. Алматы, 1991.
  31. Бексайын Қ. Арыстардың ақ жолы //Ақиқат №7 2000
  32. Қойгелдиев М. Қазақ ұлт – азаттық  қозғалыс 4 том. Астана 2007
  33. Шоқай М. Таңдамалы 2 том. Алматы, 1999
  34. Кәнкен А. Саяси қуғын – сүргін: Советтердің жазалауы қалай  жүзеге асырылды? Түркістан, 1997
  35. Қойшыбаев Б. Жіктеу //Жұлдыз №2 2008