«Қазақстан жастарын футбол бағытындағы
спорттық қабілетін дамыту жолдары»
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В010800— мамандығы – Дене шынықтыру және спорт
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ………………………………………………………………………………………………….6
1 Бөлім. ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАРЫН ФУТБОЛ БАҒЫТЫНДАҒЫ СПОРТТЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
- Қазақстан мен әлем футболының басты тарихи оқиғалары…………………9
- Қазақстан спорт саласындағы аяқ доп өнерінің даму ерекшеліктері…..15
2 бөлім. ҚАЗАҚСТАН ФУТБОЛЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
2.1. Қазақстан жастарын футбол бағытындағы спорттық қабілетін дамыту жолдары………………………………………………………………………………………………..20
2.2. Қазақстан мен шетелде аяқ доп өнерінің алатын орны……………………….26
ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………………………………59
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………………………………….61
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Біздің елде де қазіргі уақытта футбол өнері күн сайын даму үстінде. Қазақстан күрама командасы Азия құрлығы федерация құрамынан шығып, бүкіл әлем бойынша күштілер саналатын Европа елдерінің федерацияға мүше болып енді. Бұл өзгеріс Елімізде футбол өнерін дамыту, дене-күш, техникалық, тактикалық, психологиялық және функционалды дайындықтарын жетілдірудің жаңа әдістері мен құралдарын пайдалануға септігін тигізуде. Елімізде 90-шы жылдарға қарағанда қазіргі уақытта балалар мен жасөспірімдер арасында футбол өнерінің бұқаралық екі есеге өсіп отыр. Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіндегі жаттықтырушыларға талап күшейіп келеді. Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде бірінші кезекте шұғылданушылардың дене-күшінің және техниканың дамуына ерекше назар аударылады.
Спорттың басқа түрінен өткізілетін жаттығуларда, көбінесе қосымша спорт түрі ретінде футбол ойынын қолданылады. Бұл дегеніміз футбол дененің дамуына ерекше эсер етеді, таңдаған спорт спорт түрі бойынша жақсы дайындыққа септігін тигізеді. Футбол ойыны жалпы дене дайындығының жақсы бір күрал болып қызмет атқарады. Әртүрлі бағытты өзгеортіп жүгіру, түрлі секіру, құрылымы жағынан әртүрлі сипаттағы дененнің қозғалысы, допты алып жүру, қозғалыс жылдамдығы, ерік сапасының дамуы, тактикалық ой — осының барлығы жиылып көптеген бағалы сапаларды жетілдіреді.
Футбол — тұрғындардың кең көлемдегі денсаулығын нығайтып және дамытатын дене тәрбиесінің көпшілік қолданылатын құралдарының бірі. Футболмен қазірігі кезде 3 миллионға жуық адам айналысады. Бұл шындығында да халақтық ойын, онымен ересектер, жасөспірімдер және балалар да шұғылданады.
Футбол — атлетикалық ойын. Ол адамның дене қасиеттерін, жылдамдықтың, ептіліктің, төзімділіктің, күштің дамуына ықпал жасайды. Адамның ерік-жігерін шыңдайды.
Футбол ойынының мақсаты екі коллективтің арасындағы бәсекелесте екеуінің де мақсаты бір ғана — жеңіс. Жеңіске деген ұмтылыс футболшыларды коллективтік әрекетке, өзара көмекке, достық және жолдастық сезімді тәрбиелейді. Футбол ойыны кезінде әрбір ойыншы өзінің жеке іс — қабілетін көрсете білуге, мүмкіндік ала отырып, сонымен бірге жеке ұмтылысты жалпы командалық мақсатқа жетуді талап етеді.
Футболдан оқу жаттығу және жарыстар жыл бойы өтетін болғандықтан, климаттық және метрологиялық жағдайлардың жиі өзгеріп отыруы, дененің шынығуына ағзаның қарсы тұруын көтеріп және бейімделу мүмкіншілігін кеңейтуге септігін тигізеді.
Біздің бұл зерттеуіміздің маңыздылығы. Олимпиадалық ойындардың қатарындағы футбол ойыны бойынша Қазақстан футболшыларының дене-күш, техникалық және тактикалық дайындығын жетілдіру, жаттықтыру әдістемесіндегі әлі пайдаланылмаған қордағы жаңа мүмкіндіктерді іздестірумен тығыз байланысты. Сондай мүмкіндіктердің бірі болып футболшылар ағзасының оқу-жаттығу жүктемесіне жеке бейімделуі.
Футболдан оқу-жаттығу, жарыстар жыл бойы әртүрлі климаттық және метрологиялық жағдайлардың лезде өзгеріп отыруына қарамастан өткізіліп, соған ағзаның бейімдігін, мүмкіншілігін және қарсы тұру қабілеттілігн арттыруды қажет етеді.
Футбол ойыны бүкіл дүние жүзі халқының жан тәнімен құмарта шұғылданатын үлкен спорт түрі.
Оқу-жаттығу сабағында берілетін жүктеменің деңгейі шұғылданушылардың дене-күшінің ерекшеліктеріне жүктемені көтеру қабілеттілігіне қарай берілуі тиіс.
Сондықтан да оқу-жаттығу процесінде шұғылданушыларды жоғарыдағы ерекшеліктеріне қарай бірнеше топқа бөлуге болады. Жаттығу барысында жүктемені топтағы шұғылданушыларға бірдей деңгейде беру үлкен қате болып саналады. Әрбір берілген жүктемеге ағзасының жауап беру қабілеттілігін қатаң түрде бақылауымызда ұстау қажет. Бұл жерде жаттықтырушылар дэрігер және психологтармен тығыз байланыста жұмыс атқарулары қажет.
Зерттеу объектісі: Қазақстан мен әлем спорт жүйесінің мазмұны.
Зерттеу пәні: Қазақстан мен шетел арасындағы спорттық қарым-қатынасты жақсарту ерекшеліктері.
Зерттеу базасы: Шымкент қаласындағы №75 «Тәуелсіздіктің 10-жылдығы» атындағы мектеп гимназиясы.
Зерттеу мақсаты: Әлем мен Қазақстан футбол жаттықтырушыларының қабілетін дамытудың теориялық негіздеріне сүйене отырып, жаттығушылардың қабілетін дамыту әдістемелерін іріктеп алу және оларды пайдалану арқылы футбол өнерін дамыту.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Жаттықтырушы мен жаттығушылардың қабілетін дамыту әдістемелерін іріктеп алу нәтижесіне сүйене отырып, дамыту әдістемелерін жүйелі түрде пайдалану арқылы Қазақстан мен шетел футболының дамуына мүмкіндік беру.
Зерттеу міндеттері:
- Жаттықтырушы мен жаттығушы қабілетінің даму ерекшеліктері бойынша теориялық және әдістемелік еңбектерді талдау;
- Жаттықтырушы мен жаттығушы қабілеті мен ептілігі көрсеткіштерінің дамуын дамытуға арналған әдістемелерді жинақтау;
- Жастардың спорттық қабілетін анықтау нәтижелеріне сүйене отырып, балалардың футбол бағытындағы қабілетін дамытуға ықпал жасау үшін дамыту жұмыстарын жүргізу;
- Дамыту жолдарын анықтау барысында жинақталған материалдарды талдай отырып, дипломдық жұмыстың мәтінін жазу.
Зерттеу әдістері. Дипломдық зерттеу барысында келесі зерттеу әдістері қолданылды: Қазақстан жастарының футбол өнеріне деген қабілетін анықтау және дамыту проблемасы бойынша ғылыми-әдістемелік еңбектерді талдау, жастардың футболдық қабілетінің даму деңгейін бағалауға «алдау», «айып доп», «футбол ойынының ережелері» әдістері, дамыту жұмыстарын жүргізуге «Допты алып жүру»техникасы, «Пас беру», «Қақпаға дәлдікпен тебу», «Логикалық ойлауды дамыту» әдістері және «Стратегияны дамыту» жаттығулары кеңінен пайдаланды.
Зерттеу кезеңдері. Дипломдық жұмысты орындау екі кезеңде жүрді.
Бірінші кезеңде тақырып бойынша ғылыми әдістемелік әдебиеттерді талдау жүргізілді, дипломдық жұмыстың тақырыбы, зерттеудің ғылыми аппараты, зерттеудің жоспары анықталды. Сонымен қатар зерттеу барысында пайдаланылатын жеткіншек балалардың футбол бағытындағы спорт қабілетін диагностикалау әдіс-тәсілдері жинақталып, жүйеге келтірілді.
Екінші кезеңде жеткіншек балалардың даму деңгейі диагностикаланды, жинақталған материалдар талданып, балалардың бұл қасиетінің даму деңгейі бағаланды, жинақталған материалдар жүйеге келтіріліп талданды, балалардың есте сақтауын дамытуға арналған арнайы жаттығулар көмегімен түзету-дамыту жұмыстары және коррекциялық ойындар ұйымдастырылды..
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспе, екі бөлім, қорытынды, әдебиеттер тізімі және қосымшадан тұрады.
1 Бөлім. ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАРЫН ФУТБОЛ БАҒЫТЫНДАҒЫ СПОРТТЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
- Қазақстан мен әлем футболының басты тарихи оқиғалары
Футбол — спорттық ойын түрі, аты ағылшын тіліндегі foot — аяқ, ball — доп деген сөздерінен шыққан. Футбол — әлемге аса танымал ойындардың бірі.
Футбол тарихы XII ғасырдан басталады. Алғаш рет Англияда дамыды. Саяхатшы Гастон де Фуа өз заманында футболды бар ынтасымен бақылап, «Ағылшындар футболды ойын деп есептесе, онда төбелесті не дейді?» деп жазып кеткен екен. Футболға қарсылық көрсеткендер болды. Мысалы, шіркеудегі діндарлар, феодалдар футболға тыйым салынуын талап еткен екен. Өйткені, бүгінгі күнге дейін футбол өте қауіпті ойын саналып келеді.
1313 жылы белгілі феодал Эдуард II қала ішінде футбол ойнауға шектеу қойған. Тіпті, 1314 жылдың 13 ақпанында король Лондон қаласында футболға қарсы шаралар қолданған деседі.
1389 жылы Ричард II пашта сарайы маңында доп тепкендерді өлім жазасына кескен. Патшаға бірнеше мәрте рұқсат сұрап барған футбол жанкүйерлері әрдайым жағымсыз жауап алып отырған.
Футболға тыйым салған патшалар тізімі төмендегідей: Генрих IV 1399-1401, Генрих, V 1413 — 1433 ж, Генрих VI 1449-1451 ж, Эдуард IV 1471 ж, Генрих VII 1491 ж, ал Генрих VIII ойыншыларға шектеу қойып қана қоймай, алаң иелеріне тыйым салып, салық салған. Бұдай қатаң қағидаларға мойымаған халық футбол ойнаудан бас тартқан жоқ. Тек 1908 жылы футбол олимпиадалық ойындар тізімінен орын алды. Ал, 1863 жылы Лондонда футболдың жаңа шарттары белгіленді. Жобаға енгізілген ережелерді арнайы комиссия жіті қараған.
1872 жылдан бастап футболдан халықаралық кездесулер өткізілді. Доданы Англия мен Шотландия футболшылар ашты.
Ойынды бар ынтасымен тамашалаған жанкүйерлер үшін ойын сәтсіз аяқталды. Өйткені, алғашқы кездесуде есеп ашылған жоқ.
1884 жылы Ұлыбританияда алғашқы ресми кездесу өтті. Жарысқа Англия, Шотландия, Уэльс және Ирландия командалары қатысып, бақ сынасты. Ойын жеңімпазы -шотландықтар болды. 1920 жылы еуропалық футбол бәсекесінде Белгия мен Чехословакия кездесті. Онда чех футболшыларын ойсырата жеңген бельгиялықтар олимпиада чемпионы танылды. Ал, 1924 жылы Оңтүстік Америкада ашылған олимпиадада алтынды Уругуай құрамасы ұтты. Олар Югославия, американ, франсуз, голланд пен Швейцария ойыншыларын қапы қалдырды. Ағылшындардан футболды үйренген Уругуай футболшылары әлдеқайда ширақ еді. Италия мен Испания, Мажарстан, Аустрия, Чехословакия да футболдың қыр-сырларын тең меңгере білді. Бұны 1934-38 жылдары Италия құрамасының екі рет әлем чемпионаты атанғаны дәлелдейді.
Ежелгі Шығыс елдерінде (антикалық дәуірде Мысыр, Қытай, Греция, Рим тіпті Франция, Италия, Англияда) футболға ұқсас ойын болған. Ежелгі Мысырдағы футбол тектес ойын біздің эрамызға дейін 1900 жылы танылған. 19 ғасырдың аяғында футбол Еуропа мен Латын Америкада қарқынды дамыды.
1904 жылы Белгия, Дания, Нидерландия мен Швейцария елдері футбол қауымдастығынан халықаралық федерацияның (ФИФА) құрылуына мұрындық болды.
1923 жылы Ресей құрамасы Скандинавия турнирінде Швеция мен Норвегия командаларын қапы қалдырды. Одан кейін бірнеше мәрте Түркия ойыншыларын сан соқтырды.
1946-48 жылдары Оңтүстік Америка үш рет қатарынан аргентиналықтардан басым түсті. 1950-60 жылдары футболдан үздік мектептер саналғандар мыналар еді: Лев Яшин мен Игорь Нетто, Альфреде ди Стефано мен Франсиско Хенто, Раймон Копа мен Жюст Фонтэн, Полеи Диди, Гарринча және Жильмар, Драгослав Шекуларац пен Драган Джаич, Иозеф Масопуст пен Ян Поплухар, Бобби Мур мен Бобби Чарльстон, Герд Мюллер, Уве Зеелер мен Франц Беккенбауэр, Ференц Вене мен Флориан Альберт, Джачинто Факкеттии Джанни Ривера, Жаирзиньо және Карлос Альберте.
1956 жылы Кеңес Одағының футболшылары алғаш рет олимпиада чемпионы атанды. Төрт жылдан кейін олар Еуропа кубогының жеңімпазы танылды.
Әлем чемпионатында жеңіске жеткендер Бразилия құрамасы — Бес рет 1958, 1962, 1970, 1996 және 2002 жылдарындағы чемпионаттарды жеңді. Италия құрамасы — төрт рет 2006. Германия құрамасы — үш рет. Аргентина құрамасы — үш рет. Уругвай құрамасы — екі рет. Англия құрамасы — бір рет. 1977 жылы Тунисте алғаш рет жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтті. Жасы 19-ға дейінгі жас футболшылар 16 ұлттық құрамадан алынды. Жастар арасындағы чемпионат тізімінің тұсауын КСРО футболшылары кесті.
Қазақстанның Футбол Федерациясы [1] (ағылшынша: Football Federation of Kazakhstan, орысша: Футбольная Федерация Казахстана) — Қазақстанда футбол додалары мен біріншіліктерін ұйымдастыратын мемлекеттік орган. Ол Қазақстан Премьер-Лигасы және Қазақстан Кубогы сияқты додалар мен Қазақстан Ұлттық құрама командасы ойындарын ұйымдастырады. Алматыда орналасқан. Құрылғаны 1914 FIFA ұйымына қосылуы 1994 UEFA ұйымына қосылуы 2002 жыл. Төрағасы Әділбек Жақсыбеков болды.
Сонымен қатар, тағы ҚАЗАҚСТАН ФУТБОЛЫНЫҢ БАСТЫ ТАРИХИ ОҚИҒАЛАРЫ (1913-1937 жылдар).
Қала атаулары Қазақстан тәуелсіздік алған кезде өзгертілген қалпында көрсетілген.
Шевченко — Ақтау
Жамбыл — Тараз
Целиноград — Ақмола, кейін Астана (1913-14 жылдар).
Семей қаласында ССК, “Олимп”, “Ласточка”, “Орлята” және “Ярыш” атты алғашқы қазақстандық командалар пайда болды. Кейбір деректерде аяқ доп ойынын Орталық Азия мен Сібір бойынша ірі сауда орталықтарының бірі саналған Семей қаласына ағылшын саудагерлері алып келгені айтылады. Кезінде «Ярыш» футбол клубының сапында қазақ атын әлемге «Абай жолы» роман-эпопеясымен танытқан әдебиет алыбы Мұхтар Омарханұлы Әуезов (1897 — 1961), өнер көрсеткен. Оның өмірлік туындысы қырық сегіз елдің тіліне аударылып, жалпы жиынтығы 2 000 000 данамен таратылған әлемдік әдебиеттің алтын қорындағы құнды шығармалардың бірі. Жас Мұхтармен бірге жасыл алаңға шыққан отандық футболдың қарлығаштары Ахметсәлім Кәрімов (капитан), Қасымхан Мұхаммедов, Салах Хисматуллин, Зиятдин Рыспаев, Мұхаммед Сайдашев, Юнус Нигматуллин, Әміржан Сыздықов, Ғабдулхан Ғаббасов, Мұхамедулла Құрманов, Гусман Ямбушев, Сабыржан Ахмедшин секілді жеткіншектер біздің елде бұл спорт түрінің кең таралуына жол ашты. Семейлік футбол жылнамашысы Евгений Один тапқан деректерге сүйенер болсақ «Ярыш» халықаралық бәсекеге қатысқан алғашқы команда болып есептеледі. Әңгіме «Ярыштың» Семей қаласындағы Бірінші дүниежүзілік соғыс тұтқындарынан жасақталған командаға қарсы өткізген кездесулеріне қатысты. Әскери тұтқындар арасында біздің командаға қарсы 1912 жылғы Олимпиада ойындарының екі қатысушысы өнер көрсеткен. Қазақстандық футболдың қарлығаштары алғашқы ойындарын Қазан төңкерісіне дейін күз сайын өткізілетін атақты Семей жәрмеңкесі өтетін алаңқайда 1915-16 жылдары өткізіп келді.
Танымалдығы күн санап артқан аяқдоп ойыны Павлодарға да жетті. Ертіс жағасындағы қалада “Ястреб” және “Звездочка” командалары пайда болды. Семей мен павлодарлық командалар Ресей империясының көршілес орналасқан губернияларының командаларымен жиі кездесе отырып футболдың Орта Азия мен Сібірде кең танылуына 1921 жылы жол ашты.
Жамбыл қаласында Қазақстандағы алғашқы футбол алаңы пайдалануға берілді.
1928 жылы Петропавл қаласында Қазақ АКСР (Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы) губернияларының командалары арасында ресми жарыс өткізілді. Аталмыш турнирге қатысқан ойыншылардан Қазақстан тарихындағы тұңғыш құрама команда жасақталып, бұл ұжым РКФСР (Ресей Кеңестік Федеративті Социалистік Республикасы) облыстары мен автономиялары халықтарының I Бүкілодақтық жұмысшылар Спартакиадасы іріктеу бәсекесіне қатысты. Қазан қаласында өткен жарыста қазақстандық команда бес кездесу өткізіп, турнир қортындысы бойынша екінші орынға ие болды.
1936 жылы Қазақстандық команда алғаш рет Бүкілодақтық ресми бәсекеге қатысты. I КСРО Кубогінің 1/32 финалдық кездесуіне қатысудан бас тартқан Куйбышевтік клубтастарын алмастырған Ақтөбе қаласының «Динамо» командасы мәскеулік ЦДКА- мен кездесу өткізді. Матч қортындысы мәскеуліктердің пайдасында 4:0 болып аяқталды.
1937 жылы Қазақстандық команда алғаш рет кәсіпқой клубтар арасындағы КСРО чемпионатына қатысуға мүмкіндік алды. Кеңес Одағының ІІІ Чемпионатындағы «Шығыс қалалары» тобында өнер көрсеткен алматылық «Динамо» жеті қатысушының арасында үшінші орынға ие болды.
1940-1968 жылдардағы ҚАЗАҚСТАН ФУТБОЛЫНЫҢ БАСТЫ ТАРИХИ ОҚИҒАЛАРЫ Қала атаулары Қазақстан тәуелсіздік алған кезде өзгертілген қалпында көрсетілген.
Шевченко — Ақтау
Жамбыл — Тараз
Целиноград — Ақмола, кейін Астана
1940 жылы Қазақстандық клубтың бүкілодақтық деңгейде алғаш рет жеңіске жеткен жылы. Алматылық «Динамо» Таганрогта өткен КСРО-ның Денешынықтыру ұжымдары Кубогінің финалындағы екінші матчта жергілікті «Торпедоны» 3-1 есебімен ұтып, бағалы жүлдеге қол жеткізді. Халық арасында «Миллиондар кубогі» деген атқа ие бұл жарыстың бастапқы кезеңінде ұзын саны 2150(!) өнер көрсеткен.
1946 жылы Қазақстанның спорттық ұжымдар арасындағы І Чемпионаты тұсауын кесті. Турнирдің алғашқы жеңімпазы жамбылдық «Локомотив».
1948 жылы Спорттық ұжымдар арасындағы алғашқы Қазақстан Кубогі сарапқа салынды. Аталмыш жүлденің алғашқы жеңімпазы қарағандылық «Динамо»
1951 жылы алғашқы кезеңдерде Баку, Одесса және Сталинградттық ұжымдарды жеңген шымкенттік “Металлург” ВЦСПС Кубогінің финалына жолдама алды. Ақтық сында оңтүстікқазақстандық ұжым кемеровтік“Шахтерді” 3:1 есебімен тізе бүктірді.
1957 жылы Қазақстан футболының тарихындағы алғашқы ресми халықаралық матч. Алматыда жергілікті «Қайрат» финляндиялық «Вааса» командасымен жолдастық кездесу өткізіп, 4 — 0 есебімен жеңіске жетті.
1959 жылы Қазақ КСР Футбол Федерация құрылды.
1960 жылы Алматылық «Қайрат» қазақстандық командалар арасында алғаш рет жоғары дивизион клубтары арасындағы КСРО чемпионатына қатысуға жолдама алды.
1960 жылы Қазақстандық футболшылар КСРО Чемпионатының жоғарғы дивизионындағы алғашқы голдарын соқты. Мәскеулік «Локомотивтің» қақпасына соғылған тарихи голдың авторы қайраттық Сергей Квочкин.
1960-61 жылдары Өскемендік “Торпедо” Миллиондар Кубогінің жартылай финалына шықты.
1962 жылы Қарағандылық “Шахтер” қазақстандық клубтар арасында алғаш болып КСРО-ның «Б» класындағы командалар өнер көрсететін чемпионатының ІІ аймағында жеңімпаз атанды. Аталмыш турнирдің І және ІІ аймағындағы жеңімпаздар арасында өткен екі кездесуден тұратын финалдық ойынның қортындысы бойынша қарағандылықтар Гомель қаласының “Локомотив” командасын ұтып (1:0 и 0:0), КСРО чемпионатының “А” класындағы командалар бәсекесіндегі ІІ топта өнер көрсетуге мүмкіндік алды.
1963 жылы Алматылық “Қайрат”, КСРО –ның XXII Кубогінің жартылай финалына шығып, қазақстандық клубтардың аталмыш турнирдегі ең жоғарғы жетістігіне қол жеткізді. Финалдың жолдамасына таласқан алматылықтар мен донецкілік “Шахтер” арасындағы жартылай финалдық кездесудің тек қосымша уақытында ғана украиналық команда 2:1 есебімен жеңіске жете алды.
1964 жылы алғашқы кезеңдерде жоғары нәтиежелерге қол жеткізген өскемендік Торпедо” Миллиондар Кубогінің «Үлкен финалына» жолдама алды. “Динамо”-3 (Мәскеу) — 3:2 есебімен ұтып, Молодечиналық “Норочьпен” өткізген кездесуді 0:0 нәтижесімен аяқтап, Белая Калитвалық “Трудтан” 2 : 0 есебімен жеңіліп қалған шығысқазақстандықтар турнирде үшінші орынға ие болды. Бұл бәсекеге сол жылы тұтастай алғанда 40286(!) команда қатысқан. Жарыс қортындысы бойынша торпедолық қақпашы А. Лазарев пен шабуылшы Ю. Тимошенко өз ойын жүйелері бойынша үздік футболшылар болып танылса, ұйымдастырушылар “Торпедо” футбол клубын «Адал ойын» жүлдесімен де марапаттады.
1966 жылы Алматылық “Қайрат” жоғарғы лига командаларының арасындағы КСРО чемпионатының қортындысы бойынша «Жеңіске деген ынтасы» үшін жүлдесіне ие болды.
1967 жылы Қарағандылық “Шахтер” “А” класындағы ІІ топтың ІІІ бірлестігіндегі командалар арасында жеңіске жетіп КСРО чемпионатының жоғарғы лигасында өнер көрсетуге мүмкіндік беретін жолдама сарапқа салынар шешуші турнирге қатысты. Бұл бәсекенің финалдық кезеңінде “Шахтер” кировабадтық “Динамомен” бірдей ұпай жинағанымен, қосымша белгіленген кездесуде қарсыластарынан 1:0 есебімен жеңіліп қалды.
1968 жылы КСРО Футбол федерациясы “Б” класындағы командалардың қазақстандық аймағын құрады. Жалпы саны 21 клуб қатысқан аймақтық жарыстың алғашқы жеңімпазы жезқазғандық “Еңбек”.
1968 жылы кәсіби клубтар арасындағы алғашқы Қазақстан Кубогінің бәсекесі өткізіліп, бас жүлдеге целиноградтық “Динамо” қол жеткізді.
1971-1989 жылдардағы ҚАЗАҚСТАН ФУТБОЛЫНЫҢ БАСТЫ ТАРИХИ ОҚИҒАЛАРЫ Қала атаулары Қазақстан тәуелсіздік алған кезде өзгертілген қалпында көрсетілген.
Шевченко — Ақтау
Жамбыл — Тараз
Целиноград — Ақмола, кейін Астана
1971 жылы Қазақстанның клубтық футбол тарихындағы ең ірі жеңісі тіркелген жыл. Алматылық “Қайрат” Кеңес Одағы клубтарының арасында алғаш болып Теміржолшылардың Халықаралық Спорттық Одағы Кубогін жеңіп алды. Ақтық сынға барар жолда алматылықтар Кошицелік «Локомотивті» (Чехия) үйде 4:1, сырт алаңда 1:0 есебімен тізе бүктірді. Содан кейін біздің команда Алматыда софиялық “Славиядан” (Болгария) 1:3 есебімен жеңіліп қалғанымен, сырт алаңда 3:0 есебімен жеңіске жетіп, финалда Бухаресттің “Рапидімен” кездесіп Румынияда өткен кездесуде 1:1 нәтижесіне қол жеткізді. Ал Алматының Орталық стадионында 32 мың жанкүйер тамашалаған тарихи кездесуде “Қайрат” 1:0 жеңіске жетіп, мәртебелі жүлдені ұтып алды.
1971 жылы Алматылық “Қайраттың” қорғаушысы Сейілда Байшақов “Смена” жастар апталығы жүргізген сауалнама қортындысы бойынша КСРО чемпионатының жоғарғы дивизионындағы «Үздік жаңа есім» болып танылды.
1973 жылы Қазақстан жастар құрамасы Бүкілодақтық “Переправа” турнирінің күміс жүлдегері атанды.
1975 жылы Теміртаулық “Болат” футбол клубы Қазақстандық командалар арасында екінші болып Миллиондар Кубогін ұтып алды. Финалдық кездесуде металлургтар Раменскінің “Сатурнды ” 1:0 есебімен ұтып кетті.
1976 жылы Алматылық “Қайрат” қазақстандық футбол тарихында алғаш рет КСРО бірінші лига клубтарының чемпионатында жеңіске жетті.
1976 жылы Алматылық шабуылшы Александр Хапсалис пен павлодарлық қорғаушы Александр Кадейкин жасөспірімдер арасындағы (U-19) Еуропа чемпионатында жеңіске жетті.
1977 жылы Алматылық “Қайраттың” қорғаушысы Сейілда Байшақов қазақстандық футболшылар арасында бірінші болып КСРО құрамасына шақырту алды. Футболшы Кеңес Одағы құрамасы сапындағы алғашқы матчын 1978 жылғы Әлем Чемпионатының іріктеу турнирі аясында Будапештте Венгрия құрамасына қарсы өткізді.
1980 жылы Павлодарлық “Трактор” самарқандтық “Динамо” мен тольяттилік “Торпедо” біріккен топтан үздік шығып, екінші лига клубтарының арасындағы КСРО чемпионатының VII аймағында жеңіске жету арқылы Қазақстан атынан Кеңес Одағы біріншілігінің бірінші лигасында өнер көрсетуге мүмкіндік алды.
1980 жылы Алматылық “Қайрат” екінші рет жоғарғы лига командаларының арасындағы КСРО чемпионатының қортындысы бойынша «Жеңіске деген ынтасы» үшін жүлдесіне ие болды.
1981жылы Алматылық “Қайрат” “Неделя” газетінің жүлдесі үшін өткен Қысқы халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды. Алматылықтар мен мәскеулік “Динамо” арасында өткен финалдық кездесудің негізгі уақыты нәтижесіз тең есеппен аяқталған болатын. Жеңімпаз матч соңындағы пенальтиде анықталды. “Қайрат” 5:4 есебімен жеңіске жетті.
1983 жылы Алматылық “Қайрат” екінші рет Бірінші Лига командаларының арасындағы КСРО Чемпионатының алтын жүлдесін ұтып алды.
1985 жылы Қазақстандық балалар мен жасөспірімдер футболының түлектері Бүкілодақтық аренадағы алғашқы ірі жеңістеріне қол жеткізді. Минскіде өскемендік “Спутник-2” командасы «Былғары доп» турнирінің ересек жас дәрежесіндегі футболшылар турнирінде бас жүлдеге ие болса, Қазан қаласында өткен орта жас дәрежесіндегі балалар жарысында жамбылдық “Жалын” жеңімпаз атанды.
1986 жылы «Футбольное обозрение» бағдарламасының жүргізген сауалнамасының қортындысы бойынша Алматылық “Қайраттың” жартылай қорғаушысы Вахид Масудовтың Алматыда өткен кездесуде днепропетровскілік «Днепрдің» қақпасына соққан голы Жоғарғы Лига командаларының арасындағы XLIX КСРО Чемпионатының үздік голы болып танылды.
1986 жылы жоғарғы Лига командаларының арасында өткен КСРО чемпионатында қортынды жетінші орынға ие болған алматылық “Қайрат” қазақстандық клубтардың аталған турнирдегі ең үлкен нәтижесіне қол жеткізді.
1988 жылы Алматылық “Қайраттың” жартылай қорғаушысы Евгений Яровенко КСРО олимпиадалық құрамасының сапында Сеулде өткен ХХIV жазғы Олимпиалық ойындардағы футбол турнирінің алтын жүлдесін жеңіп алу арқылы отандық футбол тарихындағы алғашқы Олимпиада чемпионы атанды.
1988 жылы Алматылық “Қайрат” КСРО Федерация Кубогінің жеімпазы атанды. Кишиневтің Республикалық Стадионында өткен финалдық кездесуде алматылықтар бакулік “Нефтчиді” 4:1 есебімен тізе бүктірді.
1988 жылы Қазақстандық қыздар командасы Бүкілодақтық ресми кездесуге қатысты. Мәскеу облысындағы Кашира қаласындағы “Собеседник” апталығының жүлдесі үшін өткен ІІ Бүкілодақтық турнирге “Претендент” қыздар командасы атсалысты.
1989 жылы Қазақ КСР Футбол ассоциациясы құрылды.
1989 жыл. Алматылық “Қайраттың” шабуылшысы Евстафий Пехлеваниди қазақстандық футболшылар бірінші болып шетелдік клубпен келісім-шарт бекітті. Оның алғашқы шетелдік клубы грекиялық “Левадиакос” болды.
1.2.Қазақстан спорт саласындағы аяқ доп өнерінің даму ерекшеліктері
Футбол ойынының құдіретін төменгі цифрлардан-ақ көруге болады. Мысалы, Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше 187 мемлекет болса, халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) 190-ға жуық мүше мемлекеттері бар екен.
Футбол ойынының отаны Англия екені спорт сүйер қауымға көптен мәлім. Бірақ бұл ойынды өздерінің төл баласы етуге талапкер халықтар өте көп. Тіпті, артадагі Грецияда футбол добының төрт түрі болыпты, олар – шүбірек қалдықтарынан тігіліп іші адамның шашымен толдырылған «пила» атты доп. Екіншісі – іші ауамен толтырылған – «фоллис», үшіншісі – құс қауырсындарымен толтырылған – «паганипка», төртіншісі іші құммен толтырылған – «гарпастон» добы. Ал жапондықтар өз футболын біздің дәуірімізге дейінгі 2650 жылдарда болған деп мақтанады.
Ал философ Сенекенің айтуынша ертедегі Римдіктер – ыстық күн астында допты шеберлікпен аяқпен қағып күн кешетін болған.
Олай болса Европа мен Британия аралдарына футбол ойынынының тұқымын сепкен де римдік легионерлер емес пе екен деген пікірлер бар. Ирландиялықтар осыдан мың жыл бұрын «гэль футболы» ойынды ерекше құрметтепті, себебі ойын өтетін алаңның ұзындығы 3 тен 16 шақырымға дейін жалғасып екі жақтағы әрбір ойыншылар саны 30-дан кем болмаған көрінеді. Бұл ойын ирландиялықтар үшін қазір де беделді спорт ойыны, тек қана олар – 154х91 м, алаңда команда құрамы 15 адам күш сынасады.
Ағылшындар футбол ойынының отаны екендігін нақты құжаттар дәлелдеп келеді. Мысалы, 1313 жылы король Эдуард ІІ өзінің арнайы жарлығымен футюол ойынының қала халқының тынышын алатынын ескерте келіп, оны қала сыртына шығаруға бұйырыпты. Екінші құжат бойынша футбол ойынының туған күні, жылы туралы ағылшын куәлігі – 26 қазан 1863 жылғы футбол ойыны ережесі, онда футболшылар дөңгелек доппен тек аяқтарымен ғана ойнауы міндетті деген арнайы заң бар екен.
Қазіргі кезеңде қазақстан футболы Орта Азияны мекендейтін мемлекеттер ішіндегі ең беделді команда қатарына қосылды. Бүгінде республика футбол ассоциациясы Халықаралық футбол ассоциациясына (ФИФА) және Азия футбол конфедерациясына (АФК) заңды мүше болып кіріп, өз алдына от жағып, қазан асатын халге жетті. 1995 жылдың нәтижесі бойынша еліміздің 33 үздік футболшысы – қақпашылар: О.Воскобойников, Ю.Ишутин, В.Кафанов. оң қапталдығы қорғаушылар: Қ.Сламбеков, С.Мищенко, Б.Еңсебаев, сол қапталдағы қорғаушылар: Б.Глушко, А.Тетушкин, орталық қорғаушылар – А.Горбунов, С.Елескин, С.Абдуалиев, Қ.Мұсатаев, Қ.Айманов, В.Спарышев, оң қапталдағы жартылай қорғаушылар: А. Мирошниченко, Ә. Нысанбаев, С. Әділбаев, орталық жартылай қорғаушылар: С. Жұмаханов, С. Вишняков, А. Курдюмов, оң қапталдағы шабуылшылар: Р. Муходов, А. Әділбаев, М. Низовцев, орталық шабуылшылар: Қ. Әбубәкіров, О.. Литвенко, Т. Тұмағанбетов. Ең үздік футболшылар: 1. Қанат Мұсатаев («Ордабасы-СКИФ», Шымкент). 2. Андрей Мирошниченко («Актюбинец», Ақтөбе). 3. Максим Низовцев («Химик», Қостанай) болды.
Қазақтар арасындағы футболдан Европа елдерінде тұратын қазақ жастары арасындағы біріншілік Германиядағы Мюнхен қаласында 1995 жылы Ұлы Абайдың 150 жылдық мерей тойына арнап өткізілді. Оған Париж, Мюнхен, Кельн, Вена және Берлин қалаларында тұратын қазақ жігіттері қатысты. Ол тұңғыш жарыстан оза шауып бәйге алған Париж қаласының футболшы жігіттері болды. Футбол қорытындысы бойынша ең үздік қақпақшы болып Ибрахим Четенкөз (Мюнхен), Айдынгулер Париж ең мерген шабуылшы болып аталды. Бұл футбол додасының жанашыры және ұйымдастырушысы Мюнхен қаласында тұратын шағын кәсіпорын иесі Әбубәкір мерген есімді ұлағатты кәсіпкер болды.
Дене мәдениеті тәрбиесі мен спортты ғасырлар шежіресі сипаты – адам баласы тарихының өзегі, — деуге болады.
Олар өз дұшпандарынан қорғану, тамақ тауып ішіп күн кешу тек қана өз денесінің күш-қуатына ғана сенді. Оның ішінде жүгіру, секіру, жұдырықтасу өнерге айналды. Мысалы, біздің эрамызға дейінгі үш мыңыншы жылдардың өзінде-ақ жүгіру арқылы жаяу жарысқа қатынасу дәстүрге айналғаны тарихи көздерден белгілі болып отыр. Ал ерлер арасындағы жұдырықтасу, найзаласу нағыз күш сынасудың құралына айналды.
Тарихтың атасы аталған Геродый «… египедтіктер спорттық мәні бар жарыс өткізуді нағыз мейрамға айналдырды, жеңімпаздар бәйге ретінде мал, киім, тері алып халық алдында марапатталынды», — деп жазды.
Жерорта теңізінің Крит аралында жасалған халықтардың мейрамындағы ең беделді жарыс, сүзеген өгізбен жекпе-жек болған деген де мәлімет бар.
Адам баласының тарихындағы Ертедегі Грек халқының мәдениеті — өз алдына бір рухани дүние. Бұл халықтың спорт өнері туралы Гомер алғашқы рет кейінгі ұрпаққа деп мәлімет берді. Бұны қазіргі заманғы спорт репортажы, деуге болады.
Ал спартандықтардың үздіксіз жаттығу жасау арқылы тепсе темір үзер күш-қайраты кімді болса да тебірентпей қоймайды. Кейбір спорт тарихын жалғастырушылардың пікірі бойынша қазіргі спорт жаттығуларының ірге тасын қалаушылар деуге толық дәлелдер бар.
Ертедегі Гректердің кейінгі ұрпаққа қалдырған мұрасы, ол олимпиадалық ойындар еді. Кейінгі деректерге қарағанда бірінші олимпиадалық ойындар біздің дәуірімізге дейінгі 776 жылы Грецияның Олимпия деп аталған кішкене қалашықта өтіп, оның бағдарламасына құдайға садақа беру, сол сияқты жастардың қысқа аралыққа жаяу жарысы кірген. Осы олимпиаданың жеңімпазы Кореб алғашқы олимпиада чемпионы болды.
Греция жұртында тек қана спорт ойындары ұйымдастырылып қойған жоқ, сол сияқты арнайы жарыс алаңдары, стадиондар, тіпті спортшыларға арналған моншалар да осы елде салынған. Сөйтіп, олимпиада жалауы 776 жылдан 394 жылға дейін желбіреді.
Кейіннен дене тәрбиесі мәдениеті мен спорт бүкіл дүние жүзі халықтарының да еншісіне тие бастады.
1299 жылдың күзінде Англияда «Соустемптондық баулинг клубы» пайда болды.
ХІХ ғасырдың орта шенінде яғни, 1801 жылы ағылшындар өз королевасы Викторияның кубогы үшін желкенді қайықпен суда жүзу жарысын өткізді. 1837 жылы Лондон қаласына жуық орналасқан Регби деген жерде алғашқы жеңіл атлетикалық жаттығулар жарысын өткізді. Кейіннен спорт ойындары аталған футбол, регби, желкенді қайықпен жүзіп жарысу спорты дүние есігін ашып, өмірге жолдама алды. Ал фехтование, велосипед және автомобиль спортының отаны деген атаққа Франция елі осы кезеңнен бастап ие бола бастады. ХХ ғасырдың ойыны деп аталған хоккей спорты алғашқы рет Канада елінде өмірге жолдама алды.
Алғашқы олимпиадалық ойындар отаны аталған Грецияда қарап жата алмады, олар 1870,1875 және 1889 жылдары олимпиада алауын қайта жақты. Жекелеген мемлекеттердің өз біріншіліктерін өткізу 1877 жылдардын басталды. Англия осы жылы суда жүзуден өз чемпионатын өткізіп үлгерді.
1886 жылы Гермения мемлекеті суға тұғырдан секіру чемпионатын өткізді.
Олимпиадалық қозғалыс өміріндегі елеулі кезең – бұл 1896 жылғы олимпиадалық ойындар еді. Бұл халықаралық додаға европалықтармен қатар дүние жүзінің барлық елдері қатынасу құқына ие болды. Ал алғашқы дүниежүзілік чемпионат 1889 жылы Амстердам қаласындағы мұз айдынында конькимен жүгірушілер арасында өтті. 1893 жылы Американың Чикаго қаласында вилосипедпен жарысудан дүниежүзілік алғашқы біріншілік ұйымдастырылды. Акробатика мен спорттық гимнастикадан да дүниежүзілік біріншілік осы жылы өтті.
Спорт сүйер қауым спорт жарыстарын тек өз елінің еншісіне тиген үлес деп шектелмей, Европа біріншілігін де сарапқа сала бастады. Сөйтіп, 1890 жылы жүргіштер мен тұғырдан суға секірушілер, 1893 жылы палуандар, 1898 жылы хоккейшілер, 1910 жылы боксшылар, гимнастика, футболшылар Европа тәжі үшін жарыс жолына шықты.
Қазіргі кезеңде спорт дүниежүзінің қауымдастығына айналған бедел иесі атанды. Оның дәлелі 173 мемлекет дүниежүзілік федерацияға кірген толық мүше. Олардың ішінде 173-і жеңіл атлетикадан, 161-волейболдан, 165 баскетболдан, 151 футболдан, 143 бокстан, 129 суға жүзу мен теннистен, 127 велосипед пен ауыр атлетикадан, 123 ату спортынан, 109 дзюдо күресінен, 115 күрестен, 108 көгалды хоккейден мәртебелі федерация мүшелері. Бұл спорт халықтар достығының аренасы екендігінің толық дәлелі болмақ.
Қысқы олимпиадаға қатынасу мәртебесіне Қазақстанның спортшылары 1994 жылы ие болды. Норвегияның Лиллехаммер қаласында 12 ақпан күні салтанатты түрде ашылған олимпиада еліміздің спортшы ұл-қыздары әлемнің 66 елінен жиналған спортшылармен иық теңестіре сап түзеп көрермен алдынан өтті. Лиллехаммерде тұғырдан секіруші бауырларымызҚайрат Биекенов қазақ елінің көк байрағын желмен желбірете алып шықты. Ал үздік шаңғышы Владимир Смирнов олимпиаданың соңғы күні өткізілген 50 шақырымға марафондық жарыста мәре сызығын бірінші болып қиды. Сөйтіп, Лиллехаммер көзінде қазақ елінің әнұраны шырқалып, бейне таспамен бүкіл әлемге таралды. Мақсат орындалды. Арман алдамады.
Ал 1996 жылдың ақпан айындағы Азия қысқы ойындарына қатынасып жалпы командалық екінші орынды жеңіп алып Азия құрылығында Қазақстан спорт сайысынан Қытай командасынан бір алтын медаль ғана ұтылды.
Қазақстан спортшылары үшін негізгі сынның бірі Хиросимада өткен ХІІ Азия ойындары болды. Құрлық олимпиадасы аталатын байрақты бәсекеге тұңғыш рет Азия алпауыттарымен үзеңгі қағыстыра додаға түсудің өзі – егемен алған еліміз үшін үлкен мәртебе. Бұл жарысқа 42 мемлекеттің спортшылары қатынасты. Еліміздің туын көтеріп шыға даңқты палуан Дәулет Тұрлыхановқа тапсырылды. Бұл жарыста Қахзақстан құрамасы 25 алтын, 26 күміс, 26 қола медальмен төртінші орынға табан тіреп қоржынды қомақты қылып қайтты.
31 спорт түрінен сынға түскен жерлестеріміз алып Азия құрылығында Қазақстан спорт сайысынан төртінші ел болып оралды, сол жарысқа осы еңбектің авторы да қатысып қайтқан еді.
2 Бөлім. ҚАЗАҚСТАН ФУТБОЛЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
2.1. Қазақстан жастарын футбол бағытындағы спорттық қабілетін дамыту жолдары.
Аяқпен доп соғу техникасының негіздері.Аяқ алқымының ішкі бөлігімен допты соғу.Бұл соғу допты алыс қашықтыққа жеткізу үшін қажет тәсіл. Сонымен бірге қысқа және орта қашықтыққа беруге, әсіресе қақпаға соғуда, сондай-ақ айып доп және бұрыштан доп соғуда пайдаланылады. Үлкен алаңда аяққа іліккен доп нысанаға дәл тиюімен ерекшеленеді.
Қозғалусыз жатқан доп бір қалыптыжылдамдықпен жүгіріп келіп доға жасау арқылы тебіледі. Жүгіріп келудің соңғы адымымен бір мезгілде соғатын аяқ тізеден бүгіліп, сыртқа сілтенгендей сыңай танытады.Мұнан соң ол жылдам түзуленіп допқа тиген сәтте тобықтың буынында қатая ширай түседі.
Дағдылану үшін жаттығулар:
- Екі ойыншы бірінен бірі 10 м қашықтықта тұрады. Оның біреуі допты әріптесіне домалатып жіберген сәтте екіншісі тоқтактпай соғып қайтарады. Әріптестер алма кезек ауысып отырады. Тапсырманың басқа түрі: әріптес допты домалатып әкеліп қапталдас тұрған екіншісіне береді Ал ол болса допты қақпаға соғады.
- Төмендете соғу. Қақпадан 6-7 м қашықтықта тұрған оқушы төмендете соғуға тырысып, допты тебеді.
- Арақашықтықты өзгерту арқылы соғу. Екі оқушы допты бір-біріне жібере жүгіріп, арақашықтықты өзгертебереді,бірақ доп тек төмендете соғылады.
- Бағана арқылы соғу. Екі ойыншы бір-бірінен 20-25 м қашықтықта тұрады. Олардың арасына бағана қойылады. Оқушылардың міндеті- допты әріптесіне бағана арқылы бағыттау.
- Қатты тебу. Қақпашы допты домалатып жібереді, ал ойыншы жүгірген бойы 10-12 м жерден допты екпіндете теуіп, қақпаға бағыттайды.
Аяқ алқымының сыртқы жағымен соғу.
Бұл допты орта және алыс қашықтықта жеткізуде, қақпа алдындағы шабуылда, сондай-ақ бұрыштан берілетін және айып добын соққанда қолданылады. Соғу түзу немесе бұрыштай жүгіру арқылы жүзеге асырылады. Бұл үшін салмақ түсетін аяқ тізеден ептеп бүгілген және соғатын аяқтың қимылына бөгет жасамау үшін допқа іргелес қойылады. Соғатын аяқ барынша артқа жіберіледі, дене салмағы екінші аяққя түседі, ал табан созылған аяқ ұшымен бірге ішкі жаққа бұрылады.Сөйтіп, кеуденің үстіңгі бөлігі бұралғандай әсер қалдырады.
Дағдылану үшін жасалатын жаттығулар:
1.Нысанаға соғу. Оқушы 8-10 м қашықтықтан қақпа торының, белгіленген бөлігіне дәл тию үшін допты соғады. Доп оқушының алдынан, бүйірден домалайды.
- Алысқа соғу. Жарысушылар допты алысқа жеткізу үшін қақпашы алаңындағы сызықты кезек-кезегімен оң және солаяқтарыменбес-бестен соғады. Қорытындысында допты ең күшті соғушы оқушы белгілі болады.
- Аяқ алқымының ішкі жағымен соғуды үйренген кездегідей тапсырмалар орындалады.
Аяқ ұшымен соғу. Бұл тәсіл ойыншы қарсыласымен доп үшін таласып, доп әрең дегенде аяғына тигенде қолданылады. Кей жағдайларда мұндай соғу ойын қызған шақта қарсыластар қақпасын нысанаға алғанда тиімді пайдаланылады; соғу әдетте аз-кем серпінмен жасалып, қақпашыны қапы қалдырады.
Аяқ ұшымен соғу бір орыннан және жүгіріп келу тәсілдерімен орындалады. Мысалы, ойыншы доптың ұшу бағытына түзу сызық бойымен жүгіріп келеді, таяныш аяғын доптың артына-бір бүйірге қояды. Соғатын аяқ тізесі бүгілген, таяныш аяққа соқпай өтеді де, шұғыл түзуленеді. Аяқ ұшы аздап жоғары көтеріледі, ал өкше топырақ үстіне тиеді.Кеуде біршама артқа жіберіліп соққы доп ортасына жасалады. Аяқ алқымының орта тұсымен соғудан аяқ ұшымен соғудың бір айырмашылығы –ол соғатын аяқты төмен жартылай «созу» арқылы жүзеге асырылады.
Аяқ ұшымен соғуды игеру және жетілдіру үшін аяқ алқымының орта тұсымен соғуды үйренудегі тапсырмалар пайдаланылады.
Г. Ұшып келе жатқан допты соғу. Бұл соғулар допты әріптесіне тез беру, қарсыластар қақпасына шабуылдау және өз қақпасын қорғау кезінде қолданылады. Ойында аяқтың алқымымен және табанның ішкі жағымен соғу көбірек пайдаланылады. Соғудағы ерекше бір қиындық –ойыншы соғу сәтін, биіктік пен жылдамдықты, содай-ақ ұшу бағытын есепке алуы тиіс. Ойыншы соғу сәтінде аяқты доптың ортадан жоғары тұсына, ортасына және ортасынан төменге тигізуге тырысуы қажет, мұның өзі ойын жағдайымен айқындалады.
Бірінші жағдай. Бір бүйірден ұшып келе жатқан допты өзінен оңға немесе солға бағыттай соғу керек. Ойыншы іс-әрекеті:а) ұшып келе жатқан допқа бетті бұру; б) доп жақындаған сәтте таяныш аяққа салмақ түсіре оны кеуде жаққа бұру; в) доптың орта тұсынанаяқ алқымының орта тұсымен соғу үшін қолайлы жағдай жасау.
Екінші жағдай. Түсіп келе жатқан допты теуіп, оны өзінен жоғары-алға бағыттау.
Ойыншының іс-әрекеті: 1) аяқ алқымының ортадан жоғары тұсымен допқа жанасу; 2) соғатын аяқ толықтай тізеден түзелетіндей етіп, допты соғу қажет; 3) допты төмендете беру үшін допты соғу сәтінде тебетін аяқ ұшын жерге қарай созып, аяқ алқымының дәл орта тұсымен допқа жақындаған жөн.
Үшінші жағдай. Бас үстінен ұшқан допты соғу.
Ойыншының іс-әрекеті: 1) допты иық деңгейіне дейін түсіру; 2) осы сәтте икеудені артқа шалқайту, таяныш аяқтың тізесін бүгу(яғни оған жартылай жүрелеп отыру); 3) соғатын аяқты шұғыл жоғары көтеру; 4) доп жоғары емес, кері ұшуы үшін аяқты оның орта тұсына тигізу, бұл сәтте аяқтың ұшы әлі де жоғары қарап тұрады.
Дағдыны игеру үшін жаттығулар:
- Жонглерлік. Ойыншылар үш-төрт адамнан топтарға бөлінеді, әрбір топта бір доптан болады; мұғалімнің ысқырығынан кейін жарыс басталады: әр допты түсірмей, ауада көп ұстап тұруға тырысып бағады. Допты соғу аяқ алқымы бөлігі және табанның ішкі жағымен жүзеге асырылады.
- Екпінмен жүгіріп келіп соғу. Екі ойыншы 10-12 м қашықтықта бір-біріне қарама-қарсы тұрады. Біреуі жүгіріп келіп, допты жоғары соғады, доп жерден алғаш секіріп кеткеннен кейін оны теуіп, әріптесіне дәл бағыттауға тырысады. Әріптесі болса, ұшып келе жатқан допты ұстап алып, кері қайтарады.
- Допты өзіне тастау. Ойыншы допты өз алдына тастайды және жерден бірінші секіргенде оны аяқ алқымымен теуіп, басынан асырады. Тез бұрылып, доп жерден секірген сәтте оны тағы өзі арқылы береді. Мұнан кейін осы ойыншы ұшып келе жатқан допты өзінің үстіне қарай тебуді орындайды. Бұл жағдайда допты оған әріптесі береді. Бұл тапсырманы үш оқушының орындауына болады: доп соғатын ойыншы екі әріптесінің ортасында тұрып, берілген доптыиесіне өзі арқылы қайтарады (әріптесіне артынан бұрылып, өзі арқылы соғады).
Жартылай ұшқан допты соғу. Жаңа ғана алаң үстінен секіре көтерілген допты осы тәсілмен соғуға болады. Мұндай соғулар допты алыс қашықтыққа жеткізу және қақпаға шабуыл кезінде пайдаланылады. Жартылай ұшып келе жатқан допты табанның түрлі жағымен соғуға болады, алайда көбнесе аяқ алқымының орта және сыртқы жағы қолданылады. Орындалу әдісі мынадай. Доп жерге түскенде таяныш аяқ доптың алдына қойылады. Соғатын аяқтың ұшы созылып, кейде алға еңкейеді. Доп алғашқы жоғары көтерілгенде соғылады. Аяқтағы соққыны күшейту үшін допқа жақындағанда жылдамдықты арттыра түседі.
Дағдыны игеру жаттығулары.
- Секірген допты торға соғу.Ойыншылар допты лақтырып, ол жерден жоғары секірген сәтте табанның ішкі жағымен қақпа торына бағыттайды.
- Адымдардан соғу . Оқушылар сол бір тапсырманы орындай ы. Алайда доп бір адымнан кейін, екі адым, үш адымнан соң соғылады.
- Қақпашы қақпадан 10-12 м жерде тұрған ойыншыға допты қолмен лақтырады, бірақ доптың оған 2-2,5 м жетпеуін қадағалайды. Ойыншы жүгіріп келіп, жартылай ұшқан допты қақпаға қарай қатты соғады.
Қазіргі Қазақ футбол командалары
Қазақ футболы командалардың қаржыландырылуы, жалпы қаржы айналымы жөнінен Ресей мен Украинаны ғана алға шығарады. Қазірдің өзінде Алматының «Қайраты» Ақтөбенің «Ақтөбе», Астананың «Астана», командаларының жылдық бюджеті 7-10 миллион АҚШ доллары көлемінде. Ал Қостанай, Павлодар, Петропавл, Қарағанды Атырау обылыстары командаларының қазынасы 3 млн. АҚШ доллары шамасын құрайды. Стадиондарымызда жұртқа ұялмай көрсететін дәрежеге жетті. Мұның бәрі әрине, ел футболының тәуір жақтарын аңғартқанымен, бұл саладағы проблемаларды айтып тауыса алмайсың. Алдымен мемлекеттің осы миллиондар ойынына бүйрегі бұрылмай отырғандығына тоқталайық. Біз еуропалық футболдың көшіне ілестік деп айқайлап жүргенімізде балалар футболы, олар жаттығатын мектеп, алаң бәз-баяғысынша мүсәпір күйінде қалып қойыпты. Жақын аралықта оның материалдық-техникалық жағдайын жақсартайын, кемшілікті түзей қояын деп жанашырлық танытып жатқанын да көрмедік.Ол- еңалдымен атқамінерлердің»жаны ашымастың қасында басың ауырмасыннвң» көрінісі. Бүгінгі ұрпақ ертеңгі күні ел намысын қорғайтынын ұмытуға болмайды… Келешек үшін біздің қазірден қамығып отыруымыздың себебі бар. Өйткені қазақ футболының қазіргі жағдайы да оңып тұрған жоқ. Қазақстан футбол одағы ел бірікшілігін өз дәрежесінде өткізе алмайтындығын, осы саладағы ұйымдастыру жұмыстарын бетімен жібергендігін дәлелдегелі қашан? Әлемді арбаған теңбіл доп қызығы Қазақстанда үлкен ақша, көлеңкелі бизнеспен қатар аталатын болды. Ал оған бас ауыртып жатқан ешкім жоқ.
Алысқа ұзамай-ақ іргедегі елдерге қарасақ, мұндағы жағдайдың бізден тіпті өзгеше екенін көреміз. Әсіресе «өз ағам» дейтін өзбектерден үйренеріміз расыменен көп сияқты. Мысалы, бұл елде «Футбол ойынын дамыту жолдары туралы» арнаулы мемлекеттік қаулы бар. Бұл құжат футболды ұлттық маңызды іс-дәрежесіне көтеріп отыр. Сондықтан ол елде біздегідей әкімдермен компания басшыларының қас-қабағына қарамайды. Керісінше, олар футболшылардың көңілін аулап, бар қажетін тауып беруге, жәрдемдесуге, бастысы ел футболын дамытуға ынталы екен. Осының нәтижесінде өзбекстандық командаларда ерекше серпін бар. Ал футболшылары ақшаны емес, ар-абыройды көбірек ойлайды. Командаларды қаржыландыру да жүйелі жолға түскен. Өзбектер қазірдің өзінде Азия додасында бас жүлдені қанжығаға бөктеріп алды және ФИФА рейтингісіндегі 64-ші орынға бір-ақ көтерілді. Ал біз… қопыраған ақшаны құлқындарға қанша құйсақта ФИФА рейтингісіндегі 146-шы орыннан көтерілетін емеспіз. Рейтинг дегеніміз біздің бүгінгі деңгейіміз ғой. Бір мысал, тағы да Өзбекстан. Көршілердің ең бай деген «Пахтакор», «Навбахор» секілді командаларының бюджеті қазақстандық «Тараз» «Қайсар» командаларымен салыстырғанда көп төмен. Соған қарамастан олардың ойынында әдемі өрнек, жеңіске ұмтылыс бар. Ал бізде ол жоқ. Чемпиондар лигасында атой салған Словакияның «Артмедия» немесе биылғы УЕФА кубогы жолындағы жарыста Алматының «Қайратын» жерге қаратқан Венгрияның «Фехервар» командаларының бюджеті 3 млн.АҚШ доллары көлемінен аспайды. Осындай мысалдарды келтіре отырып, әңгіменің бәрі қап-қап ақшада емес, намыста екеніне көзің жете түседі. Футбол — тұрғындардың кең көлемдегі денсаулығын нығайтып және дамытатын дене тәрбиесінің көпшілік қолданылатын құралдарының бірі. Футболмен қазірігі кезде 3 миллионға жуық адам айналысады. Бұл шындығында да халақтық ойын, онымен ересектер, жасөспірімдер және балалар да шұғылданады.
Футбол — атлетикалық ойын. Ол адамның дене қасиеттерін, жылдамдықтың, ептіліктің, төзімділіктің, күштің дамуына ықпал жасайды. Адамның ерік-жігерін шыңдайды.
Футбол ойынының мақсаты екі коллективтің арасындағы бәсекелесте екеуінің де мақсаты бір ғана — жеңіс. Жеңіске деген ұмтылыс футболшыларды коллективтік әрекетке, өзара көмекке, достық және жолдастық сезімді тәрбиелейді. Футбол ойыны кезінде әрбір ойыншы өзінің жеке іс — қабілетін көрсете білуге, мүмкіндік ала отырып, сонымен бірге жеке ұмтылысты жалпы командалық мақсатқа жетуді талап етеді.
Футболдан оқу жаттығу және жарыстар жыл бойы өтетін болғандықтан, климаттық және метрологиялық жағдайлардың жиі өзгеріп отыруы, дененің шынығуына ағзаның қарсы тұруын көтеріп және бейімделу мүмкіншілігін кеңейтуге септігін тигізеді.
Спорттың басқа түрінен өткізілетін жаттығуларда, көбінесе қосымша спорт түрі ретінде футбол ойынын қолданылады. Бұл дегеніміз футбол дененің дамуына ерекше эсер етеді, таңдаған спорт спорт түрі бойынша жақсы дайындыққа септігін тигізеді. Футбол ойыны жалпы дене дайындығының жақсы бір күрал болып қызмет атқарады. Әртүрлі бағытты өзгеортіп жүгіру, түрлі секіру, құрылымы жағынан әртүрлі сипаттағы дененнің қозғалысы, допты алып жүру, қозғалыс жылдамдығы, ерік сапасының дамуы, тактикалық ой — осының барлығы жиылып көптеген бағалы сапаларды жетілдіреді.
Біздің бұл зерттеуіміздің маңыздылығы. Олимпиадалық ойындардың қатарындағы футбол ойыны бойынша Қазақстан футболшыларының дене-күш, техникалық және тактикалық дайындығын жетілдіру, жаттықтыру әдістемесіндегі әлі пайдаланылмаған қордағы жаңа мүмкіндіктерді іздестірумен тығыз байланысты. Сондай мүмкіндіктердің бірі болып футболшылар ағзасының оқу-жаттығу жүктемесіне жеке бейімделуі.
Футболдан оқу-жаттығу, жарыстар жыл бойы әртүрлі климаттық және метрологиялық жағдайлардың лезде өзгеріп отыруына қарамастан өткізіліп, соған ағзаның бейімдігін, мүмкіншілігін және қарсы тұру қабілеттілігн арттыруды қажет етеді.
Футбол ойыны бүкіл дүние жүзі халқының жан тәнімен құмарта шұғылданатын үлкен спорт түрі.
Біздің елде де қазіргі уақытта футбол өнері күн сайын даму үстінде. Қазақстан күрама командасы Азия құрлығы федерация құрамынан шығып, бүкіл әлем бойынша күштілер саналатын Европа елдерінің федерацияға мүше болып енді. Бұл өзгеріс Елімізде футбол өнерін дамыту, дене-күш, техникалық, тактикалық, психологиялық және функционалды дайындықтарын жетілдірудің жаңа әдістері мен құралдарын пайдалануға септігін тигізуде. Елімізде 90-шы жылдарға қарағанда қазіргі уақытта балалар мен жасөспірімдер арасында футбол өнерінің бұқаралық екі есеге өсіп отыр. Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіндегі жаттықтырушыларға талап күшейіп келеді. Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде бірінші кезекте шұғылданушылардың дене-күшінің және техниканың дамуына ерекше назар аударылады.
Оқу-жаттығу сабағында берілетін жүктеменің деңгейі шұғылданушылардың дене-күшінің ерекшеліктеріне жүктемені көтеру қабілеттілігіне қарай берілуі тиіс.
Сондықтан да оқу-жаттығу процесінде шұғылданушыларды жоғарыдағы ерекшеліктеріне қарай бірнеше топқа бөлуге болады. Жаттығу барысында жүктемені топтағы шұғылданушыларға бірдей деңгейде беру үлкен қате болып саналады. Әрбір берілген жүктемеге ағзасының жауап беру қабілеттілігін қатаң түрде бақылауымызда ұстау қажет. Бұл жерде жаттықтырушылар дэрігер және психологтармен тығыз байланыста жұмыс атқарулары қажет.
Өткен жылы «Ақтөбе» командасы республика біріншілігінде жеңімпаз атанды. Тым жақсы ойыны бар екен деп риза болып қалысқан едік. Сөйткен жеңімпазымыз Латвия командасынан ұтылып, тауы шағылып, кері оралды. Мұның себебі Ақтөбеліктердің бапкері Мұхановтың ойыншыларды ойдан-қырдан жинауы, жергілікті жастарды көзге ілмеуінен деп ұғуғу болады. Ал Киевтің «Арсенал» командасында екінші жаттықтырушы болып жүріп келген Мұханов бұл мәселеге назар аударды артық санады, өзімен бірге Қазақстанға елу шақты футболшыны ерте келді. Олар үздік көрінген майталман шеберлер болса бір сәрі, керісінше, бұлар өз елінен орын таба алмаған дарынсыз спортшылар еді. Өзімізді қор етіп, өзгелерді зор етудің нәтижесінде жергілікті таланттар тасада қалды. Спорт әуесқойлары 1967 жылы құрылған «Ақтөбе» командасының одақ футболындағы елеулі ұжымдардың бірі болғанын ұмытпаса керек. Одақ футболында 6-шы аймақтың жеңімпазы болып, бірінші топтың есігін талай қаққаны есімізде. Ресей құрамасында ойнаған Анатолий Конищевтің Хромтауда үш жыл бойы өнер көрсетіп, шеберлігін шыңдағаны да көз алдымызды тұр. Осындай өлкеден соңғы алты жылда тек бір футболшының ғана жарқырай көрінуі(Юрий Логвиненко) қынжыларлық. Бұл өзге елден келген жаттықтырушылардың «ауылдағыны аузы қисық санауынан» болса керек. Білікті мамандардың тапшылығына Футбол одағының жас жаттықтырушыларға көңіл бөлмеуі де себепші. Семинар-кеңестер жүйелі өткізілмейді. Шетелдерге тәжірибе алмасуға жіберілмейді. Мәскеу, Киев қалаларында орналасқан жаттықтырушылар мектебіне жолдама берілмейді.
Бүгінде төрешілердің әділетсіздігі, ойынның «сатылуы» ақшалы командаларға футбол басындағылардың бүйрегі бұратындығы беделді президенті бар ұжымдардың тер шығармай-ақ «жеңісті шаппай бер» дейтіні секілді келеңсіз көріністер ел футболындағы үлкен кеселге айналып отыр. Дегенмен «ұсталмаған ұры емес», осы айтылғанның өзін кейбіреу көтере алмай, сотқа шағымдануы мүмкін. Әтсе де, бұл –бүгінгі өмірдің шындығы. Төрешілердің әділетсіздігіне қарсылық ретінде мәселен «Қайрат» командасы ойынға шықпай қойды, айтар сөзі таусылған «Тобыл» командсаының бас жаттықтырушысы Дмитрий Огай төреші Тугмачевті жағынан бір тартып жіберді, бұлда ештеңе емес, биылғы ел кубогы жолындағы ойындарда қып-қызыл сөз бірге еріп жүр. Әрбір тур сайын дау-дамай өрістейтіндігіне де таңданбайтын болдық. Ал әржақтан шақырылған футболшылар молынан сыйақы берсе белсенді ойнап, керісінше болса, аяғын баспайтын болды.
Футбол-миллиондардың ойыны. Сондықтан, оның әділ, таза өткенін қалайсың.
2.2. Қазақстан мен шетелде аяқ доп өнерінің алатын орны
Қазақ футболының көсегесі көгеретін күн қашан?
Неге ұтылған сайын өз-өзімізді жұбатамыз?
Қазақстан тәуелсіз ел болғалы футболдан төл чемпионатын ұдайы өткізіп келеді. 1992 жылы тұңғыш рет ұйымдастырылған жарыстың бас жүлдесін сол кездегі қазақ футболының флагманы – Алматының «Қайрат» командасы жеңіп алып еді. «Қайрат» командасы Кеңес Одағы және оның ыдыраған алғашқы кезеңінде қазақ футболындағы шоқтығы биік ұжымның бірі және бірегейі болатын. Сол кездері кешегі КСРО-ның бүкіл мемлекеттеріне тән экономикалық және қаржылық қиыншылықтарға қарамастан, футболдан өткізілетін чемпионат әлі күнге дейін үзілген емес. Неге екені белгісіз, сол кездегі Қазақстанның футбол қауымдастығының басшылығы УЕФА туы астында өнер көрсетуге құлықсыздық танытып, Азия футбол конфедерациясында (АФК) өнер көрсетуді жөн көрді. Бәлкім, футбол басшылары біздің командалар Еуропада ойнауға әлі дайын емес деп ойлаған шығар. Сөйтіп, жерлестеріміз сары құрлықтың беделді деген командаларымен күш сынасуға бел буды. Бұл – 1992 жыл еді.
Азияда әупірімдеп қадамын басқан біздің ұлттық құраманың проблемалары шаш етектен еді. Қаржылық, кадрлық, ұйымдастырушылық және басқа да мәселелер біздің футболдың қарыштап қадам басуына бөгет жасады. Бұған футболдағы ішкі бақталастық пен бұрмалаушылықты қосыңыз. Дегенмен АФК-да ойнаған кезде аяқдоп шеберлеріміз жетістіктерге жеткенін де айта кеткен жөн. Павлодардың «Ертісі» Азия чемпиондар лигасында үздік төрттікке енді, ал В.Фомичев баптаған Қазақстанның жастар құрамасы 1999 жылы Африка құрлығында өткен жастар арасындағы әлем біріншілігіне қатысты.
Ел футболының осы күнге дейін оңалар түрі жоқ. Тіпті бұған Қазақстан Футбол одағының УЕФА-ға өтуі де әсер етпеді ме деп ойлаймын. Десек те, Еуропаға кіруіміз өзіндік бір ерлік болды, бірақ бұл – бөлек әңгіме.
Қазір айтайын деп отырғаным – қазақ футболының даму барысы. Жалпы, сол даму бар ма? Әлде сол «баяғы жартас – сол жартас па?». Болашақта ұлттық құрамадағы жігіттердің орнын кімдер басады? Селекция мәселесі жолға қойылған ба? Осы мәселелер бізді қатты алаңдатады. Себебі Қазақстан футбол құрамасы УЕФА-дағы өзінің ресми ойындарын бастағалы бері жеңіс атаулының ауылы алыстаған сайын алыстап бара жатқан сияқты көрінеді. Қазақстан Футбол одағы 2002 жылдың 25 мамырында ресми түрде УЕФА-ның мүшесі атанды, бірақ ол кезде Еуропаның командалары 2004 жылы Португалияда өткен кезекті құрлық чемпионатына жолдама алу үшін топтық ойындарға жеребе тасталып қойылған себепті Қазақстан ұлттық құрамасы ресми ойындарын тек 2004 жылдың күзінде Украинамен болған ойында бастады. Мұны айтып отырған себебім, алдында АФК-да ресми ойындарымызды төрт жылдан кейін, ал Еуропада екі жылдан кейін барып бастадық. Сонда еліміз тәуелсіздік алған17-18 жыл ішінде біз алты жыл бойы ресми ойындар ойнамаған болып шығамыз. Алты жыл аз мерзім емес, керек десеңіз, осы уақыт аралығында футболда бір буын өкілдері ауысатын мезгіл.
Иә, жасыратыны жоқ, ұлттық құрамадағы біздің жігіттер қолдан келгеннің бәрін істейді, аянып қалмайды. Бірақ қазіргі заманғы футболда бұл жеткіліксіз. Қазіргі футбол жылдам қимылдап, шешім қабылдауды, бапкердің тактикалық-комбинациялық нұсқауларын бұлжытпай орындауды, ойын кезінде толығымен концентрацияны ұстауды және әр футболшыдан жоғарғы тәртіпті талап етеді. Бұған тұрақтылықты қосыңыз. Біздің жігіттерде тұрақтылық жоқ. Кейде жап-жақсы өткізген бірінші таймдағы ойын, екінші кезеңде мүлде басқа ойынға айналады.
Сонда біздің ұлттық құраманың қанша жанталасса да, ұтылып қала беретін себебі не? Футболдағы жаттығудың негізгі екі факторы болып табылатын физикалық және функционалдық дайындықтың төмендігі ме? Осылай дейін десең, Азияны айтпағанда, Еуропада ойнаған соңғы жылдары біз әлемнің озық деген оқу-әдістемелік методикасын пайдаланып, дайындаламыз, шетелдерден мамандарды шақыртып, жігіттерді баптаймыз, футбол федерациясы да қаржыны аямай құйып жатыр. Егер біздің құраманың Еуропа командаларынан ұтылып қала беруінің себебі осы болса, онда жаттығу процесінде кемшілік бар деген сөз. Осы орайда Қазақстанның ішкі чемпионатындағы клубтарда өнер көрсететін футболшылардың шеберлік деңгейінің де әсері бар екендігін айтуымыз қажет. Бұл проблемаға жергілікті жерлердегі селекциялық жұмыстың дұрыс жолға қойылмағанын да қосу керек. Себебі біздің клубтар өз жастарын дайындағаннан гөрі, шетелден футболшыларды сатып алғанды жөн көреді. Ал мұндай саясатпен біз алысқа бармайтынымыз айтпаса да түсінікті.
Әлде біздің футболшыларда намыс жоқ па? Меніңше, басты фактор осы сияқты.
Жалпы, әр нәрсенің қозғаушы факторы – Намыс. Ұлттық намыс! Отанға деген, қазаққа деген сүйіспеншілік. Қазақ халқы қашанда өзінің ұл-қыздарын намысшыл етіп тәрбиелеген. Содан да болуы керек, осыншама жерге ие болып қалғанымыз.
Тәуелсіздік алған жылдары футболдағы «ұлт» мәселесі қазақ үшін өзінің оң шешімін тапты ма? Меніңше, жоқ.
Оның әртүрлі себептері бар. Соның кейбір нақты айғақтарын айтып өткенді жөн санадым. Жоғарыда айтып өткенімдей, 1996 жылы Қазақстан құрамасы Азия біріншілігіне қатысуға мүмкіндік беретін жолдаманы Катар және Сирия құрамаларымен бір топта сарапқа салды. Өзінің алғашқы ресми ойынын Катар құрамасына қарсы өткізген біздің құраманың алаңға шыққан негізгі құрамында ұлты қазақ бірде-бір футболшының болмауы қалай? Бүкіл бір Қазақстан деген ел өзінің командасын айтулы бәсекеге үкілеп қосып отырғанда, доп теберлік бір қазақтың болмағаны ма? Болды ғой, бірақ қосалқы құрамда отырды. Олар кімдер десеңіздер, айтайын. Олар – Б.Еңсебаев, А.Қожабергенов пен Ғ.Қайназаровтар. Бұлар ойын барысында ауысып шықты. Бірақ басты мәселе қазақ баласының негізгі құрамда шықпауы болып тұр ғой. Сондағы ұлттық құрамада ойнаған басқа жігіттер бәрібір қарық қылып ойнамады, Сирияға да, Катарға да жеңіліп тындық соңында.
Одан кейінгі ұлттық құраманың айшықты бір белесі, ол 1998 жылы Францияда өткен әлем чемпионатына іріктеу ойындары болатын. Осы ойындарға ұлттық құраманың сапында Б. Есмағанбетов пен Н.Мазбаевтар қатысты. Бұған бас бапкер болған С.Бердалинді қосыңыз. Болды. Бұл іріктеу компаниясының да біз үшін қалай аяқталғаны сіздер үшін белгілі, құрметті оқырман. Сонымен, ұлттық құраманың анау айтарлықтай «жетістіктері» осымен аяқталған сияқты.
Бүгінгі Еуропадағы жағдайымыз барлығымызға да белгілі. Әр ұтылған ойын сайын өз-өзімізді жұбатамыз. Келесі жолы бұдан жақсы ойнаймыз, келесіде жеңеміз деп. Бірақ бұлай деп айтқанымызға биыл міне, бес жыл болады. Аз ба, көп пе? Осыдан біраз уақыт бұрын біздің құрама Украинамен кездесті. Ойын соңында қарсылас команданың бір ойыншысы «қазіргі Қазақстан командасының осыдан төрт жыл бұрынғы командадан еш артықшылығы жоқ» деп айтып қалды. Сонда қалай, біз Еуропада ойнаған төрт жылда бір адым болса да алдыға баспағанымыз ба? Доп тебуді бізден гөрі жақсы білетін украин футболшысының сөзінің жаны бар. Еуропа командаларын былай қойып, меніңше, біз әуелі сол баяғы бізге жақсы таныс Өзбекстан, Иран, Жапония құрамаларын жеңіп алғанымыз дұрыс сияқты. Бұл алдыңғы меже болуы керек. Содан кейін барып ортаң қол саналатын Еуропа командаларын ұту жөнінде мақсат қоюымыз дұрыс болар. Ал клубтық деңгейде ең бірінші кезекте қыстыгүні Мәскеуде жабық манежде өткізілетін ТМД елдерінің кубогын жеңу үшін күш салғанымыз жөн. Биыл «Ақтөбеге» біраз ғана қалып еді… Міне, осылайша бірте-бірте жоспар құрған жөн болар. Және мұндай талап құраманың әр деңгейдегі топтарына (балалар, жастар, қыздар) қатысты болуы шарт. Осы орайда, еліміздің Футбол федерациясы мен Туризм және спорт министрлігінің Бразилияда жас жеткіншектерді футболға оқытуға қатысты атқарып жатқан жұмыстары көңілге қонарлық. Еуропаның беделді клубтарында өткізілетін осы сияқты курстарға қазақ балалары көптеп қатысып жатса, неге қуанбасқа. Өйткені қазақ футболының болашағы сол жас балалардың қолында ғой.
Намыс – Халық – Футбол.
Мен осы формуланы ұсынамын. Қазақ үшін. Ең әуелі намысы биік ұрпақ тәрбиелеу қажет және ондай азаматтар көп болуы шарт, демек, тегіс қазақ халқы. Осыдан барып нәтиже туады, тек қана футболда емес, әр салада. Міне, біз үшін осы жол дұрыс болар. Әйтпесе осылай жүре береміз.
Қазақстан – Түркия – 0:6, Ресей – Қазақстан – 5:0, Қазақстан – Белоруссия – 1:5 болып. Мысал ретінде, Түркия құрамасын алайықшы. Футболшыларының көзінен от жанып тұрады, бәйгеге баптап қосқан тұлпар сияқты. Ойын басталарда ойыншылар да, жанкүйерлер де өз елінің әнұранын қосылып шырқайды. Мақтаныш сезімі кернейді. Әрине, түріктерді. Содан барып әлемде, Еуропада жүлделі орындарды неге алмасқа?!
Ал біз, бүгінгі қазақ баласы, осындай ерлікті істей аламыз ба?
Меніңше, істей аламыз.
Тек ол үшін ең әуелі футбол қазақтандырылуы керек, инфрақұрылым, кадрлар, футбол федерациясының іс жүргізуі қазақ тілінде болуы қажет. Бұл шовинистік бағыт емес, мұнымен шатастырмаңыздар. Қазақстанды мекендейтін барлық ұлт пен ұлыстың өкілдері еліміздің дамуы мен жеңістеріне өз үлестерін қоссын. Жұмыс істесін, еңбек етсін. Оған ешқандай қарсылық жоқ. Ешкім ешкімге қысым жасап та жатқан жоқ. Бірақ бір нәрсе хақ. Қазақ өзінің «мен» дегенін барлық салада, оның ішінде футболда көрсетпей, белгілі бір жетістіктерге жетуіміз қиындау. Отанды сүю идеалын қалыптастыратын кез келді.
Қазақ халқы өз тарихында небір қиын-қыстау заманды басынан өткерді. Тіпті құрып кетудің аз-ақ алдында тұрды. Бірақ тағдыр қашанда халқыма күш беріп, елін алға, болашақ жеңістерге жетелеген ұл-қыздарды тарихи сахнаға шығарып отырды. Бәлкім, әлем стадиондарында Алаштың көк туын желбіретер қазақтың Марадонасының да шығатын күні алыс емес шығар.
Соны жақындатуға жанымызды салайық.
Қазақ ураны ұлттық бренд бола ала ма?
Бәсекелестікке қабілетті 50 ел! Бұл топта доллары төрткүл дүниені түгел жайлап алған АҚШ бар. Мерседесі әлемге әйгілі Германия осы топта. Бұрқыраған иіс сулары мен иіс майлары дүниежүзінің көз құртына айналған Франция бұл топтың белді мүшесі. Тойота, Ниссандары дүниежүзінің жолдарында жөңкіліп жүрген Жапония елуліктер тобының көшбасын иемденген ел. Қарулы күштерінің бүгінгі күйін айтпағанның өзінде, Калашников автоматтары әлемнің әр түкпіріндегі лаңкестердің қолында жүрген Ресей осы топтың танымал ойыншысы. Таяу Шығыс мұнайы, Латын Америкасының кофесі, ағылшындардың «аяқдобы» (футбол) бүкіл әлем білетін брендтер. Елуліктер тобына кірмейтіндердің арасында да өз бренді бар. Мәселен, елуліктерден ауылы алыс тұрған Үндістанда өсетін шай дүниежүзіне түгел танымал. Қытайдың текстилі, субтропикалық аймақтағы елдердің цитрус өсімдіктері, швейцарлардың сағаты бұл күндері дүниежүзінің игілігіне айналған дүниелер. Қысқасы, әлемнің толып жатқан елінде өзінің атын шығарған ұлттық брендтер бар.
Қазақстан таяу болашақта әлемнің бәсекелестікке қабілетті 50 елінің сапында болуға тиіс. Бұл орайда ұлттың даңқын шығаратын бренд болуы бірінші қажеттілік. Ал қалың жұрт қана емес, олардың арасындағы білімді дегендердің өздері де: «Автокөліктің қандай кереметін шығарсақ та Мерседес пен Тойотадай бедел жинағанша ұзақ уақыт керек. Бұл саладан бренд жасауға ұмтылу бос қиял» дегенді айтады. Сондай-ақ олар мұнай-газ химиясының өнімдері де ұлттық бренд бола алмайтынына сенімді. Себебі мұнай-газ химиясының дамыған елдерде озып кеткені соншалық, біздің Қазақстанның олардан басым болуы мүмкін емес. Тек осы сала өнімдеріне өскелең экономиканың өскелең сұранысына байланысты тауарымыз өтімді болар. Ал «бұл өтімділік бренд деген сөз емес» дегенді де осы білімді топ ашық айтып жүр.
Бұл, әрине, ақиқат пікірлер. Солай бола тұрса да, Елбасымыз 2007 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында өндіріс пен ғылымды тығыз интеграциялау арқылы «ақылды экономика» құру идеясын ұсынды. Бұл басқаны былай қойғанда, мемлекет басшысының «бренд жасаңдар» деген бұйрығы іспетті. Шын мәнінде Қазақстанда мүмкіндік жеткілікті. Жер қойнауындағы табиғи байлық мол мөлшерде. Олардың арасында әлемнің көптеген мемлекеттерінде кездеспейтін химиялық элементтер де бар. Міне, осындай мол мүмкіндікті пайдалана отырып, ұлттық бренд жасау керек. Соңғы кездері бір топ білімді қауым атом өнеркәсібінен бренд жасауға болады дегенді айта бастады. Жағдайымыз осындай ұлы арманды жүзеге асыруға сай ма, міне, осы сұрақ бүгінгі арнайы бетте сөз алған елімізге танымал тұлғалардың бәріне арналды.
Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділбек Жақсыбеков УЕФА және ФИФА басшыларымен кездесті
УЕФА Алматы облысы Талғар ауданында бой көтеретін оқу-жаттығу базасының құрылысына көмектесіп, еліміздегі аяқ доптың дамуына қажет инфрақұрылымды жетілдіруге ат салысатын болды.
Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділбек Жақсыбековтың УЕФА және ФИФА басшыларымен өткен кедесуінде осындай келісімдерге қол жеткізілді. Еуропалық футбол федерациясы ел құрамалары оқу жаттығу жиындарын өткізетін спорттық базаның құрылысына 2 миллион 300 мыңнан астам евро, Астанада салынатын футбол үйі екі жарым миллион евро бөлетін болды. Бұдан басқа УЕФА ға мүше елдерге қолдау көрсету мақсатында жасалған «Хет трик» бағдарламасына сай Қазақстан бапкерлеріне арнайы семинарлар өткізіліп, олардың Еуропаның әйгілі клубтарында шеберліктерін шыңдауға жағдай жасалмақ. УЕФА мен Қазақстан футбол федерациясының басшылары қол қойған келісім еліміздегі клубтарды лицензиялау жұмыстарына атсалысуды да қамтыған. Әділбек Жақсыбеков, Қазақстан Футбол Федерациясының президенті. Оларға Қазақстан тартымды. Олар біріншіден ел басымыз басқарған еліміздің әлеуметтік табыстарымен байланысты. Кездесуде көп мәселелерді талқыладық Қазақстан футболының одан әрі дамуы жөнінде сөйлестік. Қазіргі уақытта олар бізге 8 миллион доллардан астам қаражат құю жөніндегі келісім-шартқа қол қойды. Сондықтан осы ұйымдармен қарым қатынасты дамытамыз деп ойлаймын.
Сәуірдің 25 күні Алматыда жасөспірімдер арасында Қазақстан президентінің кубо үшін халықаралық турнир өтеді. Теңбіл доп додасына Бразилия, Голландия, Түркия және Ресейдің жас спортшылары да қатысады. Жарысқа шақырылған құрметті қонақ УЕФА өкілі Жозеф Клемент осы сапары барысында Талғарда бой көтеретін оқу жаттығу базасы салынатын жерді көрмек.
Жозеф Клемент, УЕФА Ұлттық қауымдастық департаментінің аға менеджері. Қазақстанда әлемде бірінші номерлі спорт саналатын спорт түрі – футболдың дамуына ерекше көңіл бөлінген. Біз өз тарапымыздан қолдан келер көмекті аямаймыз. Қазақстан футбол федерациясы ұсынған жобалардың жоғарғы деңгейде жасалғанын айтқым келеді. Оларды міндетті түрде жүзеге асыруымыз тиіс. Екі жақты келісімдер соңынан Мишель Платини Қазақстан футбол федерациясы басшысының шақырумен «Евро-2008» додасынан кейін елімізге ат басын тірейтін болды. Оның бұл сапарында Қазақстан футболын дамытуға арналған жаңа жобалар талқыланады. Футбол федерациясы футболды дамытуға дұрыс көңіл бөлмей отыр /Егемен Қазақстан. 07.03.09. Мұрат Әбенов, Мәжіліс депутаты./ — Қаржылық дағдарыс жалғыз экономика ғана емес, өмірдің басқа салаларына да, олардың ішінде спортқа да өзінің салқынын тигізуде. Әсіресе, экономика алпауыттарының демеушілігімен өмір сүріп, дамып отырған спорт түрлері дағдарыстың зардабын айтарлықтай сезінуде. Соның ішінде халық барынша көңіл бөлетін, миллиондардың сүйікті спорты – футбол да қиын жағдайда қалып отыр. Бұл жерде демеушілік қаражаттың азайғаны ғана емес, кейбір клубтардың мүлде жабылу қаупі алдында тұрғаны адаңдатады. Тіпті аймақтар ғана емес, Астана, Алматы сияқты орталық қалалардың да клубтары сондай күйді басынан кешуде. Клубтардың жақсы ойыншылары келісім-шарт бойынша төленуге тиісті еңбекақыларын, сыйақыларын ала алмай, маусым аяқталғанда айтыс-тартысқа түсуге мәжбүр болып жатыр. Сондайдың кесірінен талантты ойыншылар өнерлерін басқа елдерде көрсету үшін кетіп те қалуда. Ал енді мына қызыққа қараңыз: Қазақстан футбол федерациясының ұйымдастыруымен өткізілетін ел чемпионаты, ҚР кубогы үшін күрес сияқты жарыстарға қатысу үшін футбол клубтарынан өте үлкен көлемде ақы талап етіледі екен. Айта кетерлігі сол, жарна жыл сайын өсе түсуде. Мәселен, 2008 жылы премьер-лиганың қатарына ену үшін клубтардан 150 мың (!) АҚШ долларын төлеу талап етілген. Осының өзі ақылға сыймайтын талап емес пе? Салыстыру үшін айтар болсақ, Ресей футбол федерациясында осындай төлемақы 70 мың, Украинада 50 мың АҚШ долларына тең көрінеді. Ойындары бізбен салыстырғанда әлдеқайда дамыған, спорттық шеберліктері анағұрлым артық, оның үстіне жанкүйер қауымы да барынша көп елдердің өзі бізден кем төлегенде футболы әлі де жоғары санатқа ілінбей, жаңа ғана дамып келе жатқан біздің елдің футбол шенеуніктері төлемақыны неғып осылай, ақылға қонбайтын көлемге аспандатып жібергенін түсіне алмадық. Командаларға салынатын айыппұлды да нақты жағдайды ескермей шарықтатып жіберген. Мәселен, Ресей клубтарына салынатын ең үлкен айыппұл 100 мың рубль (жуық шамамен 450 мың теңге) болса, біздің клубтарға 1 млн. 200 мың теңгені кесе салады! Футбол федерациясының клубтарға жасап отырған бұлардан басқа да қысастықтарын айтпай кетуге болмайды. Мәселен, командалар ойнап жатқанда стадионға түрлі компаниялардың жарнамалық қалқандары қойылатынын жақсы білеміз. Бұл үшін, яғни, көрермендер алдында өздерін жарнамалағаны үшін компаниялар клубтарға ақы төлейтінін де білеміз. Сөйтсек… жарнамадан түсетін ақшаның бәрін клуб немесе оның ойыншылары емес, федерация өзі алатын көрінеді. Ол-ол ма, клубтарға өздерінің стадиондарына түрлі компаниялардың жарнамалық қалқанын қоюды, ал егер оларды түрлі себептермен құлап, я сынып қалса, жаңадан жасауды міндеттейді екен, ал алда-жалда оны қоймаса, айыппұл салатын көрінеді. Міне, футбол федерациясындағылардың футболға “жанашырлығы”.
Ал басқа елдердегі жағдай мүлде басқаша, жарнамадан түсетін ақшаның бәрі клубтың өзінде қалып, команданың ойыншыларына сыйақы төленеді. Сайып келгенде, бұл футболдың жандана, оның инфрақұрылымдарының жетілдіріле түсуіне игі әсерін тигізеді. Мәселен, көршіміз Ресей Федерациясында сондай жағдай орныққан. Ал бізде осындай әділетсіздіктердің салдарынан федерация мен клубтар арасында үнемі түсінбеушіліктер болып тұрады.
Сондай-ақ федерация ұйымдастыруға тиісті төрешілер жұмысының сапасы да сын көтермейді. Меніңше, федерация басшылары өздерінің шығындарын азайтып, осындай негізгі міндеттерін жақсартса ғана отандық футболымыз дами түспек. Бұл мәселені айтып отырған себебім, бүгін футболдан кезекті Қазақстан чемпионаты жалау көтереді. Аталған жәйттер биыл болмағанмен, болашақта оң шешімін табуы тиіс деп білемін. Бұл істе, бірінші кезекте, әсіресе, салалық министрлік тарапынан жанашыр көзқарас қажет екені де анық.Жастарын жасырған «жеткіншектер» Жақында Қазақстан футболында бір келеңсіз жағдай жүзеге асып, биыл ғана премьер-лигаға қосылған «Мегаспорт» клубының «қалауын тауып, қар жақпақ» болған қулығы әшкере болды. Қазақстан футбол федерациясы Тәртіптік-бақылау комитетінің талдаулары мен шешімдеріне сүйенсек, аталған алматылық клубтың екі бірдей футболшысына жалған құжат жасалып, жастары біршама шегеріліп тіркелген. Бірден айта кетейік, Тәртіптік-бақылау комитетінің көксеп отырған мәселелері өте орынды һәм заңды. Өздеріңізге белгілі, кейінгі жылдары Қазақстан футбол федерациясы «премьер-лигадағы (бұған дейінгі суперлигадағы) әр команда сапында міндетті түрде 21-ден аспаған екі жас футболшы ойнауы керек» деген қатаң талап қоюда. Биылға дейін әлгі екі жас ойыншының біреуі міндетті түрде ұлты қазақ футболшы болуы керек болатын. Өкінішке қарай, биылдан бастап 21-ден аспаған екі жас футболшының біреуі міндетті түрде қазақ болуы талап етілмейді. Әйтеуір екі жас қазақстандық футболшы болса, болды. Осы міндеттеме «дайын асқа тік қасықтың» кебін киіп, команданы тәжірибелі футболшылармен жасақтауға иек артып алған кейбір клубтардың «сау бастарына» сақина болуда. Ізбасарлар дайындамайтын клубтарда өрімдей жас футболшы қайдан болсын. Жас жеткіншектері жоқ командалар ұжымдық ойын үлгісін ақсатпайтын талантқа зәру. Мұндай командалардың барлығы дерлік өзінде жоқты өзгеден алып, «жыртығын» жамап әлек. Бірақ… үш ұйықтасаң да, түсіңе кірмейтін қулыққа да барып жатқандары бар екен. Әлқисса, алматылық «Мегаспорт» биылғы маусымның алғашқы екі турында Өзбекстаннан алған екі футболшысын жастары 21-ден аспайтын ойыншылар ретінде алаңға шығара бастады. Матч алдында журналистерге үлестіретін хаттамаларда М.Муминов пен Т.Қалмұратовтың жас ойыншылар санатына жатқызылатындығы тайға таңба басқандай етіліп көрсетілді. Былтыр бірінші лигада ойнаған «Мегаспортың» ойындарын тамашалап, футболшыларына көздері қанық болып қалған журналистер бұған таңғалып, таңдай қағысты. Өйткені бұлар жастары бұдан әлдеқайда үлкен футболшылар болса керек еді. Орыс тілінде футбол тақырыбына қалам тартып жүрген жас журналист Айдын Қожахмет өз таңданысын «www.sport.gazeta.kz» WEB-сайтында терең оймен майын тамыза өрнектеп, қысқа да нұсқа мәтінде қағытып өтті. Жанамалай айтылған ишара Қазақстан футбол федерациясының «Мегаспорт» клубының соңына «май шам алып» түсуіне түрткі болды. Мұның соңы Тәртіптік-бақылау комитетінің Муминов пен Қалмұратовтың екі елден алған төлқұжаттарының көшірмелеріне көз жүгіртіп, бұл былықты егжей-тегжей талқылауымен аяқталды. Әрі осы талқылау барысында Мадияр Абсаматович Муминовтің Өзбекстан Республикасы Ішкі істер министрлігі берген төлқұжатының көшірмесі бойынша 1980 жылғы 18 қазанда дүниеге келгені, ал Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі берген төлқұжатының көшірмесінде «1989 жылғы 18 қазанда туған» деп жазылғандығы мәлім болды. Футболшының жасы бақандай 9 жыл жасартылып жазылған. Екінші футболшыға қатысты былық та осыған жетеғабыл. Тимур Алиаскарович Халмуратов Өзбекстан Республикасы Ішкі істер министрлігі берген төлқұжатының көшірмесі бойынша 1986 жылғы 29 сәуірде туған. Ал Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі берген төлқұжатының көшірмесінде ол «1989 жылғы 29 мамырда туған» деп жазылған, әрі аты-жөні Тимур Қалмұратов болып өзгертілген. Осындай деректерге көз жеткізген Қазақстан футбол федерациясының Тәртіптік-бақылау комитеті алғашқы екі турдағы «Мегаспорт» клубының ойындарының нәтижесін жоққа шығарып, алматылық командаға екі матчта да 0:3 есебімен техникалық жеңіліс жазу туралы шешім шығарды. Осыған орай, бірінші турда «Мегаспорттан» 1:2 есебімен ұтылған талдықорғандық «Жетісу» клубына 3:0 есебімен техникалық жеңіс жазылды. Сондай-ақ екінші турда «Мегаспортпен» 0:0 есебімен тең түскен елордалық «Астана» клубына да дәл осындай жеңіс берілді. Мұны аз десеңіз, «Мегаспортқа» осы екі ойындағы көзалдаушылықтары үшін 1 200 000 (бір миллион екі жүз мың) теңгеден айыппұл салынды. Енді бұл клуб 31 наурызға дейін жалпы сомасы 2 400 000 теңге айыппұл төлеуі керек. Әрі Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің өкілетті органдары М.Муминов пен Т.Қалмұратовтың Қазақстан Республикасының азаматтығын алғандары туралы ресми мәлімет бермейінше, екеуіне Қазақстан футбол федерациясы өткізетін барлық додаларда алаңға шығуға тыйым салынды. Енді Қазақстан футбол федерациясы премьер-лигадағы барлық командалардың сапындағы 21 жасқа дейінгі (1987 жылға дейін туған) футболшылардың барлық құжаттарын тексеруді жоспарлап отыр. Себебі ҚФФ Тәртіптік-бақылау комитетіне «Ақтөбе» клубының қақпашысы Жасұлан Декхановтың да құжатта көрсетілген туған жылы жалған екендігі жөнінде мәлімет түсті. Декхановтың да екі елден алған құжаттарының көшірмелерін алдырып салыстырғанда… оның да жасының дұрыс жазылмағандығы әшкере болды. Өзбекстан Республикасы Ішкі істер министрлігі берген төлқұжатының көшірмесі бойынша 1984 жылғы 13 сәуірде туған Жасур Нарзикулов Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі берген төлқұжатының көшірмесінде 1987 жылғы 13 сәуірде туған деп жазылған, әрі аты жөні Жасұлан Декханов болып өзгертілген. Жасур мен Жасұланның бір адам екендігіне көз жеткізілген бетте ҚФФ Тәртіптік-бақылау комитеті суперкубок нәтижесін жоққа шығарып, осы матчта жеңіске жеткен «Ақтөбеге» 0:3 есебімен жеңіліс жазды. Олар енді Ресейде арнайы жасатылған суперкубокты Қазақстан футбол федерациясына қайтарып берулері керек, әрі 1 200 000 теңге айыппұл төлеуге міндетті. Декхановтың жасының жасыруы енді 21 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасына да кесірін тигізуі мүмкін. Өйткені ол бұған дейінгі өткен 2009 жылғы жастар арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу ойындарының бәрінде Қазақстан U-21 құрамасының намысын қорғаған болатын Енді УЕФА біздің бұл ағаттығымызды кешіре қоймасы әбден мүмкін. ҚФФ басшылары жазадан қашып, бұл ағаттықты жасырып қалмақ емес, керісінше УЕФА тарапынан болатын жазаға іштей дайын. Ал Декханов жоғарыда атлған жерлестері сияқты әзірше ҚФФ өткізетін барлық додаларда жасыл алаңға алмайды. Жалпы, біздің спортта, әсіресе, футболда оп-оңай, тым тез Қазақстан азаматы болып шыға келетін келімсектер көбейіп барады. Не деген кеңшілік десеңізші. Ал ата қонысына оралған оралмандарымыз бәленбай жыл (!) аяқтарынан таусыла жүгіріп, бірнеше табалдырықты тоздырып барып, Қазақстан азаматтығын әзер алады. Осы тұста мына бір түсініксіз жағдайды мысал ретінде келтіре кетпекпіз. Былтыр ел чемпионы болған «Ақтөбе» клубының белді ойыншысы Алексей Косолапов өткен маусымда Қазақстан азаматы ретінде тіркелді. Сенбесеңіз, қараңыз, Ресейден келген тәжірибелі футболшы Қазақстан футбол федерациясының ескі сайтында күні бүгінге дейін солай жазылып тұр. Ал биыл қаңтар айында Санкт-Петербургте өткен ХVІ Достастық кубогында ол Ресей азаматы болып тіркелді. Сонда кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс?! Яғни бұл тұрғыда шикі тұстарымыз әлі көп. Бірақ сең қозғалды, «тазы болып шалып», жалғанды жалпағынан басушылар әшкере бола басталды. ҚФФ басшылары әділеттік жолындағы күреске білек түріне кірісті. Ендеше, іске сәт!
Жоғалған жәдігер кезінде құрамында жас Мұхтар Әуезов ойнаған “Ярыш” футбол командасының эмблемасы қайда?
Спорт ойындарының ішіндегі кеңінен тарағаны және көпшіліктің ерекше ықыласқа бөленген түрі футбол десек артық айтқандық болмас. Оның бір дәлелі әлемдік футбол федерациясы ФИФА-ға кіретін елдердің саны Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше мемлекеттердің санынан артық екен.
Қазақстанда да футбол айрықша орны бар спорт түрі санатында. Ол әсіресе егемен ел атанғаннан бері еліміздің құрама командасы мен таңдаулы футбол клубтары шетелдерге жиі шығып, УЕФА-ға мүше болып, қанатын кеңге жая бастады. Осындайда халық ұнатқан ойынның біздегі тарихи бастауы қалай болып еді деген сауал спорт сүйер қауымның көкейінде тұратыны бар.
Бір қызығы Қазақстанда ұйымдастырылған тұңғыш футбол командасының сапында атақты жазушымыз Мұхтар Әуезов те ойнапты. Қаламгердің жас кезінде қазақ футболының негізін қалаушылардың бірі болғанын замандастары Қасымхан Мұхамедов, Әбдінасыр Миршанов, Салих Хисматуллин, ағасы Ахмет Әуезов, ғалым Қайым Мұхаметқанов, тағы басқа адамдардың мақалаларынан кезінде оқығанымыз бар.
…1913 жылдың күз айында Семейде мұсылман жастарынан тұңғыш “Ярыш” футбол командасы құрылып, оның құрамына қазақ, татар, өзбек балалары кіреді. Мұхтар ағаның бірден алғашқы ұйымдасқан футбол командасына алынуы ол кісінің бұған дейін де доп ойнап, шеберлігін ұштап, футбол өнеріне деген шын ықылас танытқандығының куәсі болса керек. Бұл туралы Салих Хисматуллин: “Мұхтар “Ярышқа” 1913 жылы келді, екеуміз жасөспірімдер командасына кірдік. Ол 16 жаста, мен 15-те болатынмын. Мен шабуылшы, Мұхтар жартылай қорғаушы міндетін атқарды. Ол ерекше ынтамен өте жақсы ойнайтын. 1914 жылдың күзінде біздің команда гимназистердің орыс жастарынан құралған ең күшті командасымен кездесіп, жеңіске жетті. Сонда қарсыластар қақпасына бірінші допты түсірген Мұхтар болатын”, деп жазыпты (“Семей таңы”, 29.04. 1977 ж.).
Бүгінде тарихта ізі қалған “Ярыш” футбол командасының ойыншылары (ішінде Мұхтар да бар) түскен фотосуреттің бір-екі түпнұсқасы ғана сақталған. Ол кезінде газеттер мен кітаптарда басылды. Алайда осы фотосуреттер мен түпнұсқа арасындағы бір айырмашылықты мен 1997 жылы байқаған едім. Абайдың мемлекеттік қорық-мұражайы үйінде тұрған фотосуреттің (түпнұсқа) төбесінде ортасында арабша жазуы бар ақ дөңгелекше келген таңба болса, төменгі жағында араб тілінде жазылған сөздер бар екен. Ал Ахмет Әуезовтің кітабында және газеттерде жарияланған суреттерде ол жазулар жоқ, жоғарыдағы таңба да байқалмайды. Сонымен мұның сыры неде деген оймен түпнұсқаны шығыстанушы ғалым Әділбек Әміреновке көрсеткен едім. “Көңіл – сандық, тіл – кілт” дегендей, суреттегі араб жазуы тіл маманы Әділбекке ешқандай қиындық тудырмады. Фотоның жоғары жағындағы ақ дөңгелекше ортасындағы жазу “Ярыш” деген сөз екен. Біздің шамалауымызша бұл команданың эмблемасы. Ойыншылардың артқы жақ төріне ілінген ту іспеттес. Қазіргі футбол командаларының да тәжірибесінде мұндай үлгі бар. Ал төмендегі жазу “Ярыш” футбол командасы. “Семипалат” деген сөздер екен. Сонымен ойлаймыз, бұл жазулардың қандай жазығы бар деп. Осы заман тұрғысынан қарағанда оның қоғамға келтіретін “зияндылық” жағы көрінбейді. Дегенмен, мұның сыры сол кездегі кеңестік өкіметтің саясатына байланысты, “қырағы” цензураның жұмысы деп топшылауға болады. Тіпті, бұл мысал сонау патша өкіметі тұсындағы “Ярыш” іспетті спорт қоғамы негізінде біріккен мұсылман жастарының жаңалықтарды жатырқамай, ой-саналарының өсіп, рухани құндылықтарды игеру барысындағы тың талпыныстарын жақтырмаған өктем саясатпен үндесіп жатқан сияқты.
Сол жолы, яғни 1997 жылдың жазында “Ярыш” футбол командасының белгі-эмблемасына байланысты жағдайлардың сырына қанық болатындай кездесулер болған еді. Сондай бір қадам қаладағы “Абай” журналының редакциясынан басталған болатын. Өзім бұрыннан жақсы танитын редакция қызметкерлері – танымал ақын Мерғали Ибраев пен ғалым Асан Омаровпен әңгімелесіп отырып, жоғарыдағы айтқан фотосуреттегі ақтаңдақтарға байланысты сөз қозғаған едім. Бір кезде Мерғали аға күліп:
Сен тура адреске келіп отырсың, біраз болып қалды бізге, редакцияға Алматыдан хат келді. Оны жазған кезінде “Ярыш” футбол командасында Мұхтар ағамен бірге ойнаған Юнус Нигматуллиннің туған қарындасы Нәйла деген кісінің қызы Рәмиса Нигмати. Ол адамның қолында “Ярыш” командасының эмблемасы сақтаулы көрінеді. Егер Семейдің бір көшесіне ағасының атын беретін болса, қолындағы тарихи жәдігер – эмблеманы мұражайға тапсырмақшы екен. Біз осы мәселемен қала басшылығына, мәдениет басқармасына шығып едік, әлде қауырт мәселелері көп пе, онша қызығушылық танытпады. Бұл сұрақтың шешуі солардың қолында ғой. Егер саған қажеті болса хат иесінің Алматыдағы телефонын, адресін берейін, – деп үстелінің тартпасын ақтара бастады.
Кейін жұмыс бабымен Алматыда болған кезімде Рәмиса Нигматимен де кездесіп, тілдесудің сәті түсті. Ол сол кездегі Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінде қызмет істейтін болып шықты. Әңгіме барысында байқағаным, бұл кісі тарихи мұраларды өте қастерлейді екен. Соның ең бір құндысы – М.Әуезов ойнаған футбол командасының эмблемасы. Ол арнайы жасалған әсем қобдишаның ішінде сақталыпты. Мөлшері 28х13 см. Бас жағы түймедақ гүлі сияқты дөңгеленіп келіп, арт жағынан үш лентамен тармақталыпты. Осының бәрі алқызыл түсті жібек лентамен жасалса, ортасындағы бөлігі жасыл түсті қымбат матамен жиектеліп, “Ярыш” деген сөз арабша кестеленіпті. Жасы менімен мөлшерлес Рәмисаға:
– Осы құнды дүниені – Мұхтар Әуезов өмірімен байланысты жәдігерді Алматы не Семей мұражайларының біріне неге бермейсіз? – деп сұрақ қойдым. Оған Рәмиса:
– Иә, өзім де соны ойлап, М.Әуезовтің 100 жылдығына орай туған қалам Семейге сыйға тартайын, бірақ “Ярыш” футбол командасының капитаны болған шешемнің ағасы Юнустың артына қалдырып кеткен белгісі болған соң, ағамның аты өшпесін деген оймен семейлік басшыларға жазған хатымда Ю.Нигматуллин атында қаланың “Татарский край” аталатын бөлігінен бір көше берсеңіздер деп талап қойған едім. Бірақ олар тарапынан түсіністік болмады. Жауап та алмадым. Сондықтан өзімде сақтай беруді жөн санадым, – деді.
Сонымен осы жабулы қазан күйінде қалған көкейдегі сауалдың тағдыры не болды деген оймен биыл Алматыда болғанымда Рәмисаны іздеген едім. Оның үйінде қызы Марианна қалып, өзі Германияға қоныс аударыпты. “Ярыш” командасы эмблемасының жағдайын сұрап едім, қызы Семейдегі әжем білмесе, менің хабарым жоқ деген жауап айтты.
Семейге келісімен Шайжүнісов көшесіндегі 53-үйде орналасқан пәтердің есігін қақтым. Мұнда Юнус Нигматуллиннің қарындасы Нәйла әже баласы Альберттің қолында тұрып жатыр екен. 1915 жылы дүниеге келген апай әлі де болса тың, көзі жөнді көрмегенімен, көкірегі сайрап тұр. Қандай жағдайға байланысты келгенімді түсіндіргенімде бәлсінбей, жатсынбай біраз әңгіме айтты. Өзі көрмесе де әке-шешесі, туған-туыстарынан естіген Мұхтар мен Юнустың достығын, балалық шақтарын еске алды. Нигматуллиндердің еңселі екі қабатты үйі Мұхтар сияқты жастардың бас қосып, шай ішіп, әңгіме-дүкен құратын орны болғанын айтты. Юнустан қалған 1918 жылғы фотоальбомда сол заманның әртүрлі суреттерімен бірге “Ярыш” футбол командасының, оның ішінде Мұхтар бар фото да сақталыпты. Суреттің артқы бетінде орыс тілінде барлық 24 спортшының аты-жөні жазылыпты. “Мұны кім жазғанын білесіз бе?” – деген сауалыма Нәйла әже: “Сол команда да ойнаған Фамзов Рифкат жазған”, –деп жауап берді. Ол кісі 1968 жылы 77 жасында Семейде қайтыс болыпты. Ақ офицері болған ағасы Юнусты 1919 ж. Қытайға өтіп бара жатқанында шекарашылар атып тастапты. Ал қызы Рәмисаның қолында болған “Ярыш” командасының эмблемасы қайда екенін сұрағанымда, шаруамды дұрыс түсінген Нәйла әжей қызы Рәмисаның апта сайын Германиядан телефон соғып тұратынын, сәлемімді жеткізетінін айтты. Арада біраз уақыт өткеннен кейін барғанымда әжей қызымен сөйлескенін, бірақ ол “Ярыш” эмблемасына байланысты ештеңе айтпаймын, бұл мәселеге нүкте қойылған деген сияқты сөз айтыпты.
Сонымен Мұхтар Әуезов өмірімен тікелей байланысты тарихи жәдігердің тағдыры белгісіз болып қалды. Алматыда қалды ма, әлде Германия асып кетті ме? Ол жағы әзірге беймәлім. Ал маған бұл мәселе “Мәдени мұра” бағдарламасы тарапынан назарға алынып, күн тәртібіне қойылатын болса шешілер ме еді деген үміт отын ұялатады.
Шығыс Қазақстанда футбол жаппай сипатқа ие болу керек
Шығыс Қазақстан облыстық футбол Федерациясының президенті, облыс әкімі аппаратының басшысы Қайрат Жүсіпов аймақта футболды ары қарай дамыту мәселесіне арналған кеңес өткізді.
Кеңес жұмысына облыстағы футбол клубтарының жетекшілері, балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің жаттықтырушылары қатысты.
Кеңесті ашқан Қайрат Жүсіпов: «Облысымдағы футболдың дамуына кешенді түрде көңіл бөлуіміз қажет. Кәсіби футболға қажетті назар аудара отырып, біз әйелдер, балалар футболын, сондай-ақ футзалдарды мақсатты дамытуды ұмытпауымыз керек. Біз командалық спорттың бір түрі – футболдың Шығыс Қазақстанда жаппай сипатқа ие болуы үшін бар күш-жігерімізді жұмсаймыз».
Облыстық футбол Федерациясының президенті кеңеске қатысушыларды тамыз айының соңында өткен Қазақстан футбол Федерациясының кезектен тыс конференциясы туралы құлағдар етті. Конференцияда ұйымның президенті болып Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков сайланды. Қайрат Жүісповтың айтуынша, бұл оқиға отандық футбол жылнамасындағы маңызды кезең болады және оның дамуына жаңа серпін береді. Республикалық футбол Федерациясының атқарушы комитетінің құрамына біздің облыстан Владимир Головатюк кірді.
Облыстық футбол Федерациясының Президенті Қайрат Жүсіпов футболдың дамуын облыс басшысы тікелей өзінің бақылауына алып отырғанын атап өтті. Облысқа әкім болып тағайындалғанн кейін Жәнібек Кәрібжанов барып көрген ең алғашқы әлеуметтік нысандардың бірі -«Восток» стадионы болғаны кездейсоқтық емес. Сол себепті де спорттың командалық түрлері – футбол мен хоккейді дамыту мәселесі облыстық әкімдікітің алдағы отырысының күн тәртібіне енгізіліп отыр, қаралған мәсееленің қорытындысы бойынша қаулы қабылданатын болады.
Кеңес аясында облыста футболды дамытудың қазіргі жағдайы мен болашағы жайлы келелі пікір алмасулар өтті. Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстандағы балалар-жасөспірімдер мектептерінің жаныныда 19 футбол бөлімдері жұмыс істейді. Оған 2 мыңға жуық адам қатысады, 195 жаттықтырушы дәріс береді. 371 ұжымда футболға айрықша мән беріліп, 13 мыңнан астам адам спорттың осы түрімен айналысуда. Дене шынықтыру ұжымдары арасында жыл сайын облыс чемпионаты өткізіледі, оған 12 команда қатысады.
Шығыс Қазақстанның командалары Қазақстан Республикасының Чемпионатына қатысады. «Восток»- сусперлигада, «Семей», «Восток-2» бірінші лигада және «Восток-ВКГУ» әйелдер командасы республика чемпионаттарында өз өнерлерін көрсетуде. 21-ші турдан кейін өскемендік «Восток» 27 ұпаймен чемпионаттың суперлига кестесінде 9 орынды иеленді.
Новая Бұқтырма кентінде балалар жаттықтырушысы В.Емецті еске алуға арналған турнир өткізу дәстүрге айналған. Оған Қазақстан мен Ресей қалаларынан балалар футбол командалары қатысады. Кеңесте облыстың аудандары мен қалаларынан келген футбол жанашырларының көтерген проблемалар бір-біріне ұқсас. Оның ішінде – спорт инфрақұрылымының қанағаттанғысыз жағдайы, командалардың оқыту-жаттығулары үшін базаның жоқтығы, футбол клубтарының қаржылық қиындықтары, балалар футболын дамыту мәселелері, жасөспірімдер клубтар мен БЖСМ-де футболдан жаттықтырушы штатының жоқтығы және облысішілік чемпионат ұйымдастыру мәселелері көтерілді. Кеңесті қорытындылаған Қайрат Жүсіпов тиісті құрылымдарға облыстық әкімдіктің алдағы отырысына Шығыс Қазақстанда футболды дамытудың жағдайы туралы дәйекті анықтама дайындап, спорттың осы түрі бойынша қалыптасқан проблемаларды шешуге септігін тигізетін нақты ұсыныстар жасауға тапсырма берді. «Достық» менің ғана емес, бүкіл футболдың ордені — ФИФА президенті АЛМАТЫ. Сәуірдің 29-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ — «Достық» менің ғана емес, бүкіл футболдың ордені. Халықаралық футбол қауымдастығы федерациясының (ФИФА) президенті Йозеф Блаттер бүгін Алматыда өткізген баспасөз мәслихатында осылай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұған дейін Алматыдағы резиденциясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Йозеф Блаттерді футболды дамытуға қосқан үлесі үшін шетелдік азаматтарға берілетін ең жоғары награда — «Достық» орденімен марапаттаған болатын.
«Мемлекет басшысымен Елбасы арадағы әңгімеміз өте қызу жағдайда өтті. Нұрсұлтан Әбішұлы футболды қолдауға және спорттың бұл түрін дамытуға қызығушылығын байқатты. Футбол тек спорт қана емес, елдің дамуына әлеуметтік және гуманитарлық жағынан көмектесетінін де жақсы біледі. Біз сондай-ақ нәсілшілдік, допинг, жемқорлық сияқты мәселелер туралы да пікір алмастық. Қазіргі таңда Қазақстанда футбол таза ойын саналады», — дейді ФИФА президенті Й. Блаттер. Оның пайымдауынша, Қазақстанда футбол ойдағыдай дамып келе жатыр. Бұл бағытта көп жұмыстар тындырылды.
Түркия футболының патшасы Хақан Шүкір Қазақстанды өз елімдей көремін.
Қазақстан сіздің назарыңызда қандай ел?
Қазақстан мен үшін дамып келе жатқан, пайдалы қазбаларға бай, халқы өте қонақжай ел. Өзіміздің ел секілді маған етене жақын келген бір ел десем болады. Қазақстанға барған ба едіңіз?
Қазақстанға алғаш рет 2005 жылдың маусым айында Қазақстан мен Түркия арасындағы ұлттық футбол құрамаларының кездесуі болған кезде бардым. Алайда жарақатыма байланысты ойынға қатыса алмаған едім.
Қазақстан сізді табысты бір спортшы ретінде біледі. Жалпы адам баласына табысқа жету үшін не қажет деп ойлайсыз? Ең алдымен спортшының қабілеті болуы тиіс, сонымен қатар еңбекқорлық та қажет. Табыс бірлікпен, бәсекемен келеді. Яғни адамдардың бірін — бірі қолдауы, бәсекелі жағдайда еңбек етіп, соған төтеп беруі шарт. Мен үшін бір қасиетті ұғым бар, ол — адалдық. Адалдық адам баласын табыстарға жетелейтін күштің бірі. Адам баласы тек адал еңбек еткен кезде ғана табысқа қол жеткізе алады.
Сізге қазақстандық футбол командаларының тарапынан қандай да бір ұсыныс болды ма? Ол жердегі футболшылармен байланысыңыз бар ма?
Осыдан үш жыл бұрын бір астаналық футбол командасының құрылғанына қырық жыл толған еді. Сол командандадан Қазақстанда жұмыс жасап жүрген Феттах Таминдже арқылы бір ұсыныс келген болатын. Бірақ сол кезде Түркиядағы келісімшартымның мерзімі бітпегендіктен және өзімнің орындалуға тиісті бір қатар мақсаттарым болғандықтан ұсынысты қабылдай алмадым. Бұдан соң қазақ елінен қандай да бір ұсыныс болмады. Қазақстанда өте жақсы ойыншылыр бар екенін білемін, қазақстандық ұлттық құраманың тамаша ойнаған кездерін де көргенмін. Алайда қазақстандық лиганың жағдайын жеткілікті білмеймін. Шынын айту керек, сол аймақтағы елдердің ұлттық лига ойындарын тамашалап, сараптау бізге қиынға соғады. Дегенмен сол жерлерге барып, адамдармен жұмыс жасаған өте жақсы болар еді. Мүмкін бұдан соң бір жаттықтырушы немесе спорт қайраткері ретінде барып қалармыз. Қазақстандық футболды қадағалап отыру өте қиынға соғады дейсіз. Дегенмен ендігі жерде сізге футбол сарапшысы ретінде қадағалау анағұрлым оңай болатын шығар. Солай емес пе? Оңай болуы мүмкін, алайда менің сарапшылық қызметім ұзаққа созылмауы әбден мүмкін. Жаттықтырушылық қызметке көшіп, спортқа белсенді түрде араласқым келеді. Мақсаттарым бар, соларды жүзеге асыруды ойлап жүрмін.
Бүгінгі таңда Қазақстан ұлттық құрамаға мықты жаттықтырушы іздеуде. Егер сізге сол жақтан шақуру келіп жатса не істер едіңіз? Қазір мен бір жаттықтырушы емеспін. Бұл салада дипломым бар, бірақ біліміміді жетілдіруім қажет. Бір жерге барған кезде жұмысқа сақадай-сай әзір болғанын абзал. Ең алдымен аталған салада бұрын қызмет етуің шарт. Ең құрығанда осы іспен шұғылданған адамның жанында болып, бір нәрселер көрген дұрыс. Нәтижесінде командаға жаңа нәрселер әкелуің қажет. Меніңше, қазақстандық футболға сенім ұялататындай жақсы жобалар дайындауға болады.
2002 жылы Қазақстан УЕФА-ға мүше болды. Соңғы алты жылда ұлттық футболымыздың дамуы үшін мардымды әрекекеттер жасалмады. Сізше қазақстандық футболдың дамуының сара жолы қандай болуы тиіс? Бүгіндері технологияның дамуы нәтижесінде бір түймені басу арқылы әлемнің түкпір-түкпіріндегі футбол матчтарын тамашалауға мүмкіндік бар. Қазақстандық футболдың, сонымен қатар ойыншылардың да өзіндік ерекшеліктері бар. Кейде олардың өте асығыс әрекеттерге мойынсұнғанын байқаймыз. Асығыстық кей кездері сізді табыстарға жеткізбес. Физикалық дайындығы өте мықты ойыншылырыңыз бар. Оларды Қазақстан сабырмен бәйгеге қоса білсе, табысты болар еді. Қазақстан халқы да ойыншылардан жақсы нәтижелер күтуде. Олардың да сабыр сақтауы тиіс. Яғни жалпы ел үшін сабырлық қажет. Әрине, мұның барлығы соңынан еріп келе жатқан жасөспірімдерге де қатысты. Ол жерде кәсіби мамандардың қызмет етіп, осы салада дұрыс білім беріп жатқанына еш күмән келтірмеймін. Футбол үшін жергілікті климаттық жағдай да маңызды. Қазақстандағы ауа-райы суықтығының ұзаққа созылуы кері әсерін тигізбей қоймайды. Әрине, бұлар ескерілуі тиіс жайттар, алайда сабырлық маңыздырақ. Халықаралық платформаға жаңа қадам басқан қазақстандық футболдың бір артықшылығы – табысқа жетуге деген зор ынтасы-ықыласы. Себебі ондай ынта-ықылас табысқа жеткізбей қоймайды. Хакан мырза, түрік футболшылары әлемнің түкпір-тікпірінде ойнап жүрсе де, сізше олар неліктен Қазақстанда ойнамайды? Шақыру келмеді ме, әлде ол аймақтарға барғылары келмей ме?
Шақырылмаған да шығар. Бірақ, шыны керек, ең алдымен елдің футболмен аты шығуы керек. Ойыншылардың витринада болғысы келеді. Себебі Еуропаның витринасы өте ерекше әрі материалдық пайда тұрғыдан алғанда да өте маңызды. Футболдың өмірі қысқа, сол себепті ойыншылар аз уақытты мейлінше тиімді пайдаланғысы келеді. Басты мақсаттары, әрине, алға шығу, табысты болу және сонымен бірге мол материалдық мүмкіншіліктерге кеңелу болу. Қазақстаннан келген шақыруды қабылдау үшін, алдымен қазақстандық лигаға халықаралық футболшылар қауымы назар аударуы тиіс. Бүгінгі таңда қазақстандық футболдың кемшіліктері жоқ, бірақ айтқанымдай аз сабыр сақтап, түпкілікті инфрақұрылымдық құрылымдардың негізінің қалануы қажет. Енді мәселенің екінші жағына, яғни Қазақстандық футболшылардың Түркияға неге шақырылмай тұрғанына келейік. Өйткені олардың арасында кәсіби біліктілігі жоғары болғандары бар. Меніңше, түрік клуб басшылары өте арзан ойыншыны алғысы келмейді. Атап айтқанда, қыруар ақша төлеместен бір футболшыны алып кәдеге жарату олардың мүдделеріне сәйкес келмей тұрған сияқты. Ресейде Гусс Хиддинктің ролі өте маңызды екен. Біз Қазақстанға Моуриньоны әкелсек жұмысымыз оңға баспайды ма?
Бірден үлкен табыстарға қол жете қоймас. Алайда, маңызды бір тұлғаның команда басына келуі халықтың футболға деген қызығушылығын арттырар, ойыншылырды жігерлендіріп, ынталандырар. Келген адам өзінің кәсіби деңгейін шын мәнінде көрсете білсе, оның сөзі әкімшіліктегілерге де, ойын алаңындағыларға да өтетіні сөзсіз. Бұл үлкен артықшылық болуы мүмкін. Бірақ жаңа жаттықтырушы қаншалықты атақты болса да, жалғыз өзі, қолында сыйқырлы таяқшасы бардай, көп нәрсені бірден өзгерте алмас. Көп нәрсенің өзгеруі оның құратын жұмыс тобымен байланысты болады. Жасыратыны жоқ, кейбір жаттықтырушылардың көздеген мақсаттары құр ақша алып, уақыт оздырып, тезірек елдеріне қайту болып табылады. Шақырушы ел үшін бұл, әрине, пайдалы жайт емес. Мүмкін, осы күнге дейін шет елдік жаттықтырушылардың шақырылмауының негізгі себебі де осы шығар. Білмеймін, мүмкін қате пікір де шығар, бірақ бұл менің өз ойым.
Ұзақ уақыт болмаймын десеңіз де қазір бір сарапшысыз. Түркияда жаныңызға жақын келетін футболшылар бар ма? Түркияның ұлттық құрамасындағы М.Аурелиоға ықыласым ерекше. Себебі ол екі жақта бірдей ойнай алатын бірегей ойыншымыз. Бүгінгі футболда бұл өте маңызды. Арда, Семих пен Сабри де шебер ойын көрсетіп жүргендер. Қақпашылар арасында Рүштүнің алатын орны менің назарымда ерекше. Бейбіт бір отбасылық өміріңіз бар екенін білеміз. Отбасы сіз үшін қаншалықты маңызды? Отбасы мен үшін аса маңызды. Ең алдымен ата-анам, кейін өзім тіккен отауым туралы айтып отырмын. Әкем мен шешемді өзіме үлгі санаймын. Ыстамбұл секілді жерде өмір сүру оңай емес. Мұндай қалада тұрып, табысты болу да оңай емес. Егер иық тіреп күш алатын жеріңіз — отбасы болса, табысқа бір табан жақын боласыз. Мен солай ойлаймын және солай ойлағанымның арқасында табысты болдым. Сонымен қатар отбасылық бірлік-береке елдің де өсіп өркендеуінде маңызды орынға ие. Бір терминатор губернатор болған кезде, бір патша да неге болмасын? Саясатқа көзқарасыңыз қандай?
Бір сұхбатта мен өзімнің саясатқа араласқым келмейтінімді айтқан едім. Түркияда мынадай бір орта бар, кейде мақсаттарыңызды жүзеге асыруға бел бусаңыз, сол мақсаттар кейбір жазулармен немесе бағдарламалармен бұрмаланатын кездер де болады. Мұны дұрыс нәрсе деп ойламаймын. Егер шынымен де қызмет етіп, игі бастамаларды жүзеге асырамын десеңіз, оның қай жерде болуы маңызды емес. Қызмет әртүрлі ортада жасалады. Бірақ бұған саясат деп қарамауымыз керек. Бүгін бір сөз басқа бір мағынаға ие болғандай. Оны қызмет деп атасақ та болады. Бұл спортта, жергілікті басқару жұмыстарында немесе мемлекеттік қызметте де бола береді. Егер менің пайдам тиіп қызмет етуім керек болып жаца, мен оған әрқашан дайынмын.
Сұхбатыңыз үшін үлкен рахмет айтамыз. Сізге жаңа табыстар тілейміз.
Өз пікірлеріне жиі қарсы шешім шығаратын Қазақстан футбол федерациясы сол әдетінен әлі жаңылмай келеді. Алматының ауа райына ұқсайтын футбол басшылары жақында бұрынғы айтқандарын жоққа шығаратын жоспарларын жария етті. Сонымен… 2008 жылғы футбол маусымы жүріп жатқан кезде федерация басшылығы “ең нашар нәтижеге қол жеткізген 4 команда премьер лигадан шығады” деген жаңалықтарын жария етті. 2009 жылы жоғарғы топта үздік 14 команда ғана ойнайтын болған. Бұдан хабардар болған клуб басшылары қалайда “қауіпті аймақтан” шығудың жолдарын қарастыра бастады. Ал футбол маусымы аяқталған соң тез айныған ҚФФ (Қазақстан футбол федерациясы): “Еуропадағы мамандардың кеңесіне сүйене келіп премьер лигада 16 команда ойнағаны дұрыс деп таптық” деді. Алайда, бұл да соңғы шешім болмай шықты. Қаңтардың 29-ы күні федерацияның атқарушы комитеті 2009 жылы доп тебетін үздік клубтардың қатары 14 болатынын жеткізді. Себебі, елордалық “Астана” мен оңтүстік астаналық “Қайрат” клубтары дағдарыстың әсерінен қаржы мәселесін шеше алмапты.
Арада тағы бір күн өткенде қазақ футболының тізгінін ұстағандар қайта бас қосты. Олар “Жаңа маусым басталғалы жатыр, ұлттық құраманың бапкері қайда?” деген жанкүйерлер сауалына жауап беру үшін жиналыпты. Сөйтіп, Қазақстан құрамасының бас бапкері болып неміс маманы Бернд Шторк сайланды. Бұл жаңалықты ҚФФ-ның бас хатшысы Саян Хамитжанов жеткізді. Жаңалық дейміз-ау, мұны қазақ жанкүйерлеріне жаңалық болды деу қиын. Бұрын еліміздің жастар құрамасын басқарып, ұлттық құраманың Англия қарсы өткізген ойында бас бапкердің міндетін атқарған неміс маманы көпшілікке жақсы таныс. Сол кезде-ақ көпшілік оның бас бапкер болғанын қалаған. Алайда, ҚФФ: “Бернд Шторк жастар құрамасына қажет, ұлттық құрамаға басқа бапкер табамыз” деген. Енді керісінше, неміс маманын еліміздің басты командасына бапкер етіп сайлап, жастарға маманды ақпанда әкелетіндіктерін айтты.
— Мен үшін бұл үлкен құрмет және лайықты құрама жасақтауға мүмкіндік алғаным үшін қуаныштымын. Әрине, оның оңай болмайтыны анық. Бірақ, біз бірге қиындықты жеңе алатынымызға сенемін. Әрі бұған дейінгі жеткен нәтижеден де жоғары жетістікке жеткім келеді, — дейді Бернд Шторк.
Жастарға доп тепкізгенді жақсы көретін Бернд Шторк ұлттық құрамаға тағы да бірқатар жастарды шақыртыпты. Қазірдің өзінде ол ісіне кірісіп кетті. Ақпан айының басында ол Түркияда оқу жаттығу жиынын өткізуді жоспарлап отыр. Бұған дейінгі бапкер Арно Пайперс жолдастық кездесу өткізетін құрама таппай, өзімізбен-өзіміз ойнап масқара болған едік. Енді ондай қайталанбайды деген үміттеміз. Бернд Шторктың шәкірттері 11-ақпанда Түркияның Белек қаласында Эстонияға қарсы жолдастық кездесу өткізбек. Жанкүйерлерді ескі де жаңа маманның алғашқы қадамдары қуантып отыр. Енді ұлттық құрамада доп тебетін ойыншылардың ойында неміс пен намыс қатар жүрсе екен деп тілейміз.
Қос жұлдыз Қазақстанға келгендеріне риза
Қазақстан чемпионаттарында шетелдік футболшылар жиі-жиі бой көрсетіп жүр. Тәуелсіздік алған алғашқы жылдары «сапасы төмен» ойыншылардың қатары қалың болса, соңғы кездері жергілікті клубтар өз қатарына «ойдан қашқан, қырдан қашқан» келімсектерді қабылдамайтын дәрежеге жетті. Әр жылдары ел біріншілігінде Владимир Бесчастных, Олег Веретенников бастаған бір топ Ресей жұлдыздары ойнады. Биылғы маусымда көршілес елдің тағы бірнеше танымал теңбіл доп шеберлері қазақстандықтардың алдында өз өнерлерін паш етеді. Астананың «Локомотив» клубының тұсауы таяуда ғана кесілді. Соған қарамастан, олар алдарына биік мақсат қойып отыр. Клуб басшылығының айтуынша, биылғы маусымда «Локомотив» ешкімге есе жібермеуге тиіс. Сол жоспарды ойдағыдай жүзеге асыру үшін астаналықтар қазір команда шебін шебер ойыншылармен күшейтуде. Таяуда олар Андрей Тихонов пен Егор Титов сынды Ресейдің екі бірдей атақты футболшыларымен келісімшартқа отырды. Бұл жаңалықты жергілікті жанкүйерлер жылы қабылдады. Шынын айту керек, тоқсаныншы жылдардың бел ортасы немесе екі мыңыншы жылдың алғашқы жартысы болса, аталған футболшылар Қазақстанға ат ізін салмас еді. Расында да, ол кездері Тихонов пен Титовтың дәуірі жүріп тұрды. Екеуі де Ресейдің ұлттық құрамасы және Мәскеудің «Спартагының» жарық жұлдыздары саналды. Бірте-бірте дарынды жастар оларды жылы орындарынан ығыстырып, егде тартқан шеберлер өзге командаларға ауысуға мәжбүр болды. Соңғы жылдары 38 жастағы Тихонов – «Крылья Советовте», 33 жасар Титов – «Химкиде» өнер көрсетті. Спорттық өлшеммен алсақ, Андрей де, Егор да – ардагер ойыншылар. Бәлкім, сол себептен болар, олардың екінің бірі ат басын бұра бермейтін Қазақстанға келуге тәуекел етуі. Әлде «Локомотив» орыс жігіттеріне өте қолайлы келісімшарт ұсынды ма екен? Ол жағы бізге беймәлім. Десек те, олардың «сыры кетсе де, сыны кетпеген» шеберлер екенін мойындамасқа лаж жоқ. Өйткені жастары біразға келсе де, Ресейдің Премьер-лигасында өнер көрсетуде. Бұрынғыдай олар жасыл алаңда жасындай жарқырамаса да, жаман ойнап жүрген жоқ. Екеуі де – өз командаларының негізгі құрамының ойыншылары. Мысалға алсақ, бағын сынау үшін Ресейге аттанған ондаған отандасымыздың бірде-біреуі өзін мойындата алған жоқ. Ал олардың арасында Қазақстан футболының кешегі және бүгінгі жұлдыздары да бар еді. Нағыз кемелденген шағында шекара асқан жерлестеріміз көп ұзамай шетелден еңселері түсіп оралды. Міне, осы деректің өзі көп жайтты аңғартса керек. Яғни ардагер Андрей мен егде тартқан Егордан біздің жігіттерге әлі де көп нәрсе үйренуге тура келеді.
«Тихонов пен Титов Қазақстанға келеді» деген жаңалық жылт еткенде-ақ баспасөз беттерінде түрлі материалдар жарыса жазылды. Соның біріне назарымыз еріксіз ауды. Орыс басылымдарының бірі: «Жасы егде тартып, басынан бағы тайғанына қарамастан, Италия – Мальдиниді, Испания – Раульді пір тұтады. Оларды өз командаларының тірі символы санайды. Ал бізде бәрі – керісінше. Егер жанкүйерлерден Ресей футболының соңғы 15 жылдағы ең белді бес тұлғасын анықтауды өтінсеңіз, олар Тихонов пен Титовты және өз клубтарын чемпиондық тұғырға жетелеген бапкерлер – Романцев, Газзаев, Семиннің есімдерін атар еді. Ал солардың қадірін біз біліп жүрміз бе?! Талай жылдар бойы ел футболын өрге сүйреген Тихонов пен Титовты дәп бір зейнеткерлікке жіберуге асыққандай, Қазақстанға аттандырғанымыз қисынға келе ме?», – деп ашына жазды.
Ал футболшылардың өздері Қазақстанға келгендеріне дән риза. Енді солардың БАҚ өкілдеріне берген сұхбаттарына назар аударайық.
– Сөз орайы келгенде, осындай ұсыныс жасап, жеке өзі келіссөз жүргізген «Локомотивтің» басшысы Данияр Хасеновке зор алғысымды білдіремін. Осындай іске президенттің араласуы, әрине, әр ойыншы үшін қуантарлық жайт. Сондай-ақ ол команда сапына 20-23 жас аралығындағы Қазақстанның ең үздік жас футболшыларын жинап жатыр екен. Осы құраммен біз елішілік жарыстардың барлығында топ жарып, халықаралық аренаға шығуға тиіспіз.
Андрей Тихонов: – «Локомотивтің» тарапынан ұсынылған еңбекақы мөлшері де, келісімшарт мерзімі де мені қанағаттандырды. Оның үстіне Қазақстанға жалғыз бара жатқан жоқпын ғой. Ол жақта өзімнің досым Егор Титов және ескі танысым Сергей Юран бар. Бәріміз Астанада бірге боламыз. Клуб акционерлері де маған ұнады. Сөздері де, өздері де дұрыс жігіттер екен. Олар бізге ерекше сенім артатындарын білдірді. Міне, іргесі таяуда қаланған «Локомотивтің» мақсат-мүддесі – осындай. Қазір команда құрамы шетелдік шеберлермен қатар, өзіміздің талантты төл түлектерімізбен де толыға түсуде. Алға қойған жоспарды ойдағыдай орындау үшін бас бапкер Вахид Масудовқа атақты Сергей Юран көмектеседі. Жартылай қорғаушы
1992-2007 жылдары «Спартак» (Мәскеу), 2008-2009 жылдары «Химки» (Химки) клубтарында өнер көрсетті.
Ресейдің алты дүркін чемпионы (1996, 1997, 1998, 1999. 2000, 2001), Ресей чемпионатының екі дүркін күміс (2005, 2006) және екі дүркін қола жүлдегері (1995, 2002), Ресей кубогының иегері (1998)
Ресей чемпионатының 33 үздік ойыншысы қатарына тоғыз мәрте енді. 1998 және 2000 жылдары Ресейдің ең үздік футболшысы деп танылды.
Ресей құрамасы сапында 36 матч өткізіп, 6 гол соқты.
Жартылай қорғаушы 1992-2000 жылдары «Спартак» (Мәскеу), 2001-2004 жылдары «Крылья Советов» (Самара), 2005-2007 жылдары «Химки» (Химки), 2007-2008 жылдары «Крылья Советов» (Самара) клубтарында өнер көрсетті.
1996-2000 жылдар аралығында Ресей құрамасы сапында 29 матч өткізіп, 1 доп соқты.
Ресейдің сегіз дүркін чемпионы (1992, 1993, 1994, 1996, 1997, 1998, 1999, 2000), Ресей чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері (1995, 2004), Ресей кубогының екі мәрте иегері (1994, 1998)
Ресей чемпионатының 33 үздік ойыншысы қатарына алты мәрте енді. «Футбол» және «Спорт-Экспресс» басылымдарының анықтауы бойынша, 1996 жылы Ресейдің ең үздік футболшысы деп танылды.
Қазақ баласы Бразилияда футбол үйренеді
Астананың 8-сынып оқушысы, әуесқой футболшы Фархат Жәнібеков «Оле бразил футбол клубы» деп аталатын Бразилияның футбол академиясында тәлім алатын болды. Бұл жаңалықты журналистерге кеше Астанада өткен баспасөз мәслихатында Олимпиадалық резервтің №8 жасөспірім балалардың мамандандырылған спорт мектебінің директоры Жомарт Сабыржанов жеткізді.
Дүйім жұртты еліткен футбол өнерін үйренуге Қазақстаннан жалғыз Фархат бара жатқан жоқ. Онымен бірге тағы 25 жас талап Бразилияға осы наурыз айының 5-інде аттанғалы отыр. Бірден айтайық, бұл жай коммерциялық негіздегі немесе жекелеген футбол жанашырларының бастамасы емес. Бұл – Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2007 жылдың күзінде Бразилия Федеративтік Республикасына мемлекеттік сапарындағы екіжақты келіссөздерде жасалған уағдаластықтың нақты нәтижесі.
– Осы уағдаластықты іске асыру мақсатында 2008 жылдың желтоқсанының 2-сі мен 8-і аралығында Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті Қазақстанның футбол федерациясымен бірлесіп, еліміздің әр өңірінен іріктеп алынған, 1994 жылы туылған 40 баланың арасында оқу-жаттығу жиынын, тестілеу сынағын және кең ауқымды медициналық тексеру өткізді. Осы сынақтардың нәтижесінде 26 бала іріктеліп алынды, – деді Жомарт Сабыржанов. Жоғарыда аталған спорт мектебінің тәлімгері, №36 орта мектептің 8-сынып оқушысы Ф.Жәнібековтің бағы жанып, сол 26 баланың қатарына ілігіпті. Қазақстанға еңбегі сіңген бапкер Амангелді Ұтқановтың қарамағында 6 жылдан астам футболмен айналысып келе жатқан Фархат осы уақыт аралығында жоғары нәтижелерге қол жеткізіп үлгерген. Мәселен, 2007 жылы ол футболдан Қазақстан біріншілігінің қола жүлдегері болған. Өзінің айтуынша, бұл жолғы іріктеу айрықша талаппен жүргізіліп, балалар психологиялық тест нәтижелерінен бастап, денсаулық өлшемдеріне дейінгі қатаң сыннан өткен. Енді амандық болса, Пеленің отанында ала доп тебудің қыр-сырына машықтанбақ.
Біздің балалар оқуға баратын академия Бразилияның Сан-Паоло штатындағы Рибиеро-Претто деген қалада орналасқан, құрылғанына 4 жыл болған академия екен. Соған қарап, оның кәсіби деңгейіне күмән келтірген журналистердің күдігін балаларды оқыту мәселесіне байланысты сол қалаға барған делегацияның құрамында болған Жамбыл облыстық Туризм, денешынықтыру және спорт басқармасының бөлім бастығы Болат Жуасбаев сейілтті. Оның айтуынша, қазақстандық делегация академияның оқу-жаттығу базасында болып, ондағы жағдаймен жан-жақты танысыпты.
– Өздеріңіз білесіздер, Бразилия футбол саласы өте жоғары деңгейге қойылған ел. Онда футболға 5 жастан бастап үйретеді. Біз балалар оқитын мектепте болдық. Оның материалдық базасы өте жақсы. Екі бірдей стандарттық футбол алаңы, жабық манежі, жағажай футболының алаңы, бассейні, тамақтану орны, балалардың жатын орны – бәрі көңіл толарлық. Мектеп жас болса да, өзіндік дәстүрі қалыптасып үлгерген. Бізге дейін онда оңтүстік кореялық балалар оқыпты. Академияның өзі қаланың саяжай сипаттағы, күзетілетін, кіру-шығуы арнайы рұқсатпен жүзеге асатын аумағында орналасқан, – дейді Б.Жуасбаев. Журналистерге осы жағынан хабар берген Б.Жуасбаев Фархатқа және онымен бірге баратын барлық балаларға енді темірдей төзім керектігін айтты. Өйткені қаракөз бауырларымыз Бразилияға бір немесе 2-3 айға емес, үшжылдық оқуға кетіп барады. Әлбетте, арасында үзілісі де бар. 9 ай оқығасын, 3 ай демалысты елде өткізеді. 9 айдың өзі оңай емес. Елден жырақ, ұзақ мерзімге алшақтағасын, өндірдей жастың бойында туған үйге деген сағыныш күшейетіні заңдылық. Сондықтан төзім керек. Осы жерде «балалар жалпы орта білім мәселесін қайтеді?» деген орынды сауал туындайтыны анық. Туризм және спорт министрлігінің бас сарапшысы Манат Ысқақованың айтуынша, балалар елге келгенде де бос жатпай, мұндағы оқу бағдарламасы бойынша қалыс қалған білімді жеделдетіп толықтырумен айналысатын болады. Бұл мәселе қалай жүзеге асатынын қазір Туризм және спорт министрлігі мен Білім және ғылым министрлігі ойластырып жатқан көрінеді. Ал Бразилияға балалармен бірге екі бапкер және бір аудармашы бармақ. Өйткені оқу португал тілінде жүргізіледі және бапкерлер де жергілікті болмақ.
– Әзірге португал тілін үйренуді бастағам жоқ, – дейді Фархат журналистердің сұрағына. Қазір ол күнделікті жаттығуларымен айналысып жатқан көрінеді.Сонымен амандық болса, теңбіл доп тебу өнерін үйрету үшін мемлекетіміз Пеленің отанына өндірдей жастарды аттандырып отыр. Кім біледі, олардың арасында Қазақстан футболын күні ертең-ақ әлемдік аламанның алғы шебіне жұлқып шығаратын жарық жұлдыздар кетіп бара жатқан шығар.Қазақ футболын қалай өркендетеміз!? Футбол — әлемдік аренада үлкен мәнге ие болып тұрған спорттың бірі. Және бизнес көзіне айналып отыр. Әлемнің азулы деген футболистері футболдық клубтар ұсынған миллиондаған доллар мен евроға жалданып даңқтары мен дәулеттерін асыруда! Ал бізде ше… Қазақстандағы футбол командаларының қай-қайсысын алып қарасаңыз да, қазақ футболистерінен гөрі басқа ұлт өкілдерін көптеп кездестіруге болады. Бұлардың көпшілігі алыс-жақын шет елдерден ақшаға жалданып келген ойыншылар екенін біреу біліп, біреу білмес! Менің ойымша, болашақта футбол командаларының құрамын толықтай өзіміздің қарадомалақ қазақ балаларынан жасақтамай ҚАЗАҚ футболының алға басуы екіталай! Бұл мәселеге тек спорттық тұрғыдан қарамай, мемлекет тарапынан ұлттық жанашырлықпен мән берілуі тиіс! Ол үшін жоспарлы бағдарламалар жасалып, осының негізінде мемлекеттен қаржы бөлінуі тиіс! Осы қаржылардың көмегімен тек ересектерге арналған клубтар ғана емес, жасөспірімдер клубтарын да құруымыз қажет! Ауылдық жерлерде футбол секцияларын ашуды ұйымдастырып, спортты насихаттау жұмыстарын жан-жақты күшейтіп, жергілікті команда аралық жарыстарды жиірек өткізіп, жастардың шеберлігін шыңдап, тәжірибе алмастырып отыру ҚАЗАҚ футболын өркендетудегі алғышарттардың бірі екені анық!
Футболшылардың жалақысы туралы сөз қозғалыпты. біздің жоғарғы лигада ойнайтын ойыншыларымыздың жалақысы өте жақсы. Әмияндарының қалыңдығына еш өкпелері жоқ сияқты. Мәселен, футболшылардың арасында ең үлкен жалақы алатыны ақтөбелік Самат Смақов. Ұзынқұлақтан естуімше, ойындарда көрсеткен жетістігіне берілетін гонорарды қоспағанда айына 5-10 мың алатын сияқты. Әрине, көк ақша. Иә, бүгінде спорт халықаралық деңгейде елдің намысын асқақтатын бірден-бір жотл екені рас. Әсіресе, футбол. Қалай айтсақ та, елімізде бұл сала кенже қалып жатыр. Ұлттық құрамадағы ойыншыларға қарап жанын ашиды. Өз қаракөздеріміздің футбол добын тебуге құлшынысы жоқ па, әлде әлдебір дөкейлердің алдынан өте алмай, мүмкіндігі аздау болып тұр ма? Меніңше, біздің командалардың, әсіресе, ұлттық құраманың жақсы ойын көрсете алмауының себебі де осы. бізге легионерлердің қажеті жоқ! Кезінде «Жеңіс» пе, әлде «Жалын» ба, атын ұмытып тұрмын, дүркіреген футбол мектебі болған. Бүгінгі «футбол жұлдыздары» Смақов пен Жұмасқалиев сол жерден шыңдалып шыққан жігіттер. Бұл — факт. Сондықтан бізге жақсы спортшылар даярлайтын арнаулы орындар керек. Және олардың түлектері түнгі қалада гоп-стоп жасаумен емес, кәсіби спортпен айналысуы керек.
Біз қадай спорт түрін болсын ,дамыту үшін алдымен ұлттық рухты бойымызға сіңіруіміз керек . Сондағана елі үшін жаналып жан береріндердің саны мен сапасы жағынан арта түседі . Бүгінгі қара қалтасының қамын ойлаған атақ құмарлармен шектеліп қалсақ ,онда біздің футбол әлемде саны бар сапасы жоқ екенін танытады . Бізде іске кірісіп кеткеннен гөрі, қолдан келмейтін шаруа деп пессимистік көзқарас ұстану басым. Өз ұлтымыздың қарадомалақтарын спорт аренасында алда көреміз десек, өз спортымызды өзіміз өркендетуге, дамытуға кіріскеніміз абзал. Шет елде футболистерді дайындауда тек олардың шеберлігін шыңдау бағытында ғана емес, сонымен қатар футболистің тұрмыстық-материалдық жағдайын және жоғары жалақымен қамтамасыз ету жағы да назардан тыс қалмайды. Осы жағдайлардың барлығын қатаң ескере отырып шет ел клубтары басқа елден келген футболистерге өз еліндегіден де жоғары жалақы тағайындайды. Содан келіп футболистер өз еліне барып мардымсыз жалақыға жалтақтап жүргенше, басқа елдерде жүріп келісім-шартпен жоғары табыспен қалтасын қампайтып жүре беруге мүдделі болады. Міне, шетел клубтарының көздеген мақсаты мен мүддесі қайда апарып соғарын өзің де ұғынып отырған боларсың! Футболдың қазіргі жағдайына қарап, әлі де шын жанашырлықтың жоқ екенін аңғаруға болады.
Әр спорттың өз спецификасы бар. Осыны ұмытпаған жөн. Мысалы, жеңіл атлетика, ауыр атлетика т.с.с. спорттың кейбір түрлері бойынша өзің айтпақшы шет елге жалтақтаудың қажеті жоқ. Өйткені көп спортшының арасынан ертеме кешпе әйтеуір бір спортшының топ жарып шығатыны анық.
Ал футболдың жөні бір басқа. Бұл ойында 11 футболшы алаңға шығады және қосалқы құрамдағыларың тағы бар. Ол дегеніміз, құрамадағылардың барлығы жоғары деңгейде ойнауы қажет. Ал бұл дегеніміз дәл біздің жағыдайда мүмкін емес. Шет елге кеткен спортшы елін сатып кетеді деген қате пікір. Есіңде болса кезінде В.Смирнов өмір бойы Швецияда өмір сүріп жүріп Қазақстанға олимпиаданың алтынын алып берген жоқпа, орыс болса да. Ал 90-шы жылдары Францияға кетіп қалған Винокуров пен марқұм Кивилев ше? Ресей сияқты мемлекеттер қанша азғырсада өз Отанын сатпай, Қазақстанның атынан шығып жүріп талай жүлдені алды. Жақында теледидардан Англиядағы жас балдырғандарға арналған футбол мектебін көрсетті. 5-6 жастағы балалардың допты қалай меңгергенін көрсеңіз… Біздің де жастарға соларды көрсетсе ғой.
Біздер біреуден көмек күтуден немесе қолдаушылыққа тәуелділіктен қашан құтылар екенбіз! Әлі күнге шет елге жалтақтаймыз! Біздің елден де шетелдің ешқандай көмегінсіз мықты спортшылар шығып жатырған жоқ па! Басқа елге жіберген спортшылар ешқашан еліне қайтып келмейді. Себебі, спортшы дайындайтын ел ең әуелі өз мүддесін, жеке ұпайын көздейтіні белгілі. Сондықтан бойдағы енжарлығымыздан, сенімсіздігімізден арылып өз жағдаймызды өзіміз қалыптастыратын, өзіміз түзейтін кез келді деп ойлаймын!
Казак футболын өркендету үшін жастар ұлттық құрамасына көп көңіл бөлу қажет. Құр ақшаны ғана бөліп, ауылдарда алаңдар салып, жастарға допты бере салғаннан біздің футбол дамымайды. Ең бастысы шет елдерден білікті мамандар қажет. Тіптен осы жасөспірімдерді шет елдерге әсіресе бразиля, англия, голландия сияқты елдерге контрактпен жіберіп, сол жақтардағы футбол мектептеріне беру керек. Өйткені біз бұл мемелекеттерден көп қалып қойдық. Оларда футбол қатты дамыған. Біздегі жаттықтырушылар қанша күшін, тәжірибесін салып дайындағанымен, анау айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізбейтініміз анық. Оған егемендік алғаннан кейінгі осы уақыт ішінде «жетістіктеріміз» дәлел бола алады. Содан кейін ғылыми зерттеу институттары керек. Мысалы, Қытайда қандай спорттың түрі болмасын ғылыми тұрғыдан зерттеледі. Ол дегеніміз не? Ол дегеніміз, спортқа келетін жасөспірімнің генетикасы, физикасы, қабілеттері қай спортқа сай келеді, яғни сол спорттың түріне қабылданады. Тіптен әке шешесінің физикалық қабілеттері тексеріледі. Өйткені бала өскен кезде қайткен күндеде не әкесіне, не шешесіне тартады ғой. Спортшылардың тағамдарына да аса мән берілуі қажет. Жастарға мүмкіндік беру керек деп құр ұрандай бергеннен түк шықпайды. Содан кейінгі мәселе, халықтың футболға деген қызығушылығы. Егер стандиондарда дәл қазіргідей 3000 әрі кетсе 5000 көрермен отырса, қызықты әрі тартысты футбол болады дегенге мен сенбеймін. Дегенменде қазақтанда Зидан, Шевченколар шығады деп үміттенейік. Йозеф Блаттер Қазақстанға соңғы рет 2004 жылдың қыркүйегінде келген болатын. Сол сапарында ФИФА президенті Алматының маңында жаңадан салынып жатқан Футбол академиясында болып, оның алғашқы тасын қалап кеткен-ді. Арада бес жылға жуық уақыт өтіпті. Бұл жолы әлем футболының басшысы Қазақстанда ұйымдастырылып жатқан жасөспірімдер арасындағы «Президент кубогы» халықаралық турнирінің құрметті қонағы ретінде шақырылып, шетел азаматтары үшін ең жоғарғы награда саналатын «Достық» орденімен марапатталды. Бұдан кейін көтеріңкі көңіл күйде төртінші билік өкілдерімен кездесіп, журналистердің бірқатар сұрақтарына жауап берді. Баспасөз конференциясына ФИФА басшысынан бөлек Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділбек Жақсыбеков те қатысты.
– Йозеф Блаттердің Алматыға ат басын бұруы бұл – ФИФА мен Қазақстанның қарым-қатынасы жақсы екендігін білдіреді. Кейінгі кездері ел футболында көптеген оң қадамдар жасалуда, – деп Әділбек Рыскелдіұлы бастаған еді, оны Йозеф мырза да қостай жөнелді.
– Қазақстанға тағы бір келгеніме өте қуаныштымын. Соңғы жылдары менің досым, яғни ҚФФ президенті Әділбек Жақсыбеков футболдағы жемқорлықпен күресті жақсы қолға алды. Соның арқасында қазір Қазақстанда футбол таза өтуде десек те болады. Сондай-ақ сіздерде жастар футболы да, қыздар футболы да дұрыс жолға қойылған. Бұл тұрғыда көптеген мемлекеттерге үлгі бола аласыздар, – деп Жақсыбековтың атына қошеметін аяған жоқ.
Сонымен қатар ФИФА президенті Қазақстан премьер-лигасына тоқталуға тырысқанымен, бір әріптесіміздің «Биыл еліміздің чемпионатында 14 команда өнер көрсетуде. Бірақ келесі жылы оның қатары 12-ге дейін қысқаруы мүмкін. Сіздің ойыңызша Қазақстан біріншілігінде қанша футбол клубы өнер көрсетуі тиіс?» деген сұрағына берген жауабы біз үшін аздап түсініксіздеу болды.
– Премьер-лигада қанша клубтың өнер көрсеткені емес, футболшылардың сапалы болғаны маңызды. Біріншіліктегі клубтардың көп болуы жақсы ойыншыларға байланысты. Сондықтан дәл қазір Қазақстан премьер-лигасында осынша команда ойнауы тиіс деп кесіп айта алмаймын. Мәселен, менің елім – Швейцарияда 7 миллион адам өмір сүреді. Ал ел біріншілігінің жоғарғы тобында 10-ақ клуб өнер көрсетіп жүр. Дегенмен, ендігі жылы олар чемпионаттарындағы командалардың санын 12-ге дейін ұлғайтпақшы. Өйткені он команда олар үшін өте аз, –деп жауап берді.
Сонда Йозеф мырза жер өлшемі бойынша дүниежүзінде 9-орынға ие Қазақстанды Алматы облысының бір ғана ауданындай болатын Швейцариямен салыстырғаны ма?
– Келесі жылы премьер-лигада 12 команда ойнайды деп әлі шешкен жоқпыз, – деп осы кезде Әділбек Рыскелдіұлы да сөзге қосылды. – Мұны қарастырып жатырмыз. Бірақ Швейцария жері өте кішкентай болса да, чемпионатында 12 команданың өнер көрсетуі орынды. Өйткені олардың футбол тарихы өте бай. Дарынды ойыншылары да жетерлік. Бізде ойнап жүрген футболшыларды үш орайды. Біздің мақсатымыз – әр аймақтан міндетті түрде бір-бір команда шығару емес, ел ішіндегі клубтар арасындағы бәсекелестікті күшейту.
Орынды пікір. Оның ел футболына қаншалықты пайда әкелерін алдағы уақыт көрсетер. Ал бүгінгі баспасөз конференциясында орын алған тағы бір қызықты жайт – ФИФА президенті Қазақстан журналистері үшін әлем чемпионаттарында қанша акредитация бөлінетінінен хабарсыз болып шықты. Әріптесіміздің «Алдағы әлем чемпионаттарында Қазақстан журналистері үшін төрт емес, одан көбірек акредитация бөлгізсеңіз екен», – деген өтінішіне:
– Сіздерге төрт-ақ акредитация бөлінген бе? – деп сұрап алды да, артынша:
– Жақсы, бұл жағын міндетті түрде ойластырамын. Меніңше, сіздерге сегіз акредитация бөліну керек, – деп кесіп айтты.
Журналистердің ФИФА президентіне қояр сұрақтары толастаған жоқ. Бір білгеніміз – Йозеф Блаттер ұлттық құрамамыздағы бірде-бір футболшының атын білмейтін болып шықты. Дегенмен мұнымен біз Блаттерді Қазақстан футболынан мүлдем хабарсыз дегіміз келмейді. Мәселен, осыдан бес жыл бұрын алғашқы тасын өзі қалаған Алматының маңындағы Футбол академиясының қалай салынып жатқанын өз бақылауында ұстауда екен.
– Есімде сол кез. 2004 жылы келгенде сол академияның алғашқы тасын өзім қалаған едім, қазір құрылыс аяқталуға тақап қалыпты. Бірақ оның пайдалануға қашан берілетінін ҚФФ шешеді. Әлбетте, академияның құрылысына біз де көмектесеміз. УЕФА да қолқабыс болады.
– Сіздің Қазақстаннан көтеріңкі көңіл-күймен кетіп бара жатқаныңыз көрініп тұр. Дегенмен еліміздің футболында көңіліңіз толмаған тұстары бар ма? ҚФФ-ның қай істеріне ескерту жасадыңыз? – деген сұрақтар да болды. Оған Блаттер мырза:
– Жоғарыда айтып өттім ғой. Соңғы жылдары Қазақстан футболында алға жылжушылық анық байқалады. Бұл үшін ҚФФ-ға алғысым мол, – деп қысқа қайырды.
Конференция соңында Блаттердің ұлттық құрамамыз туралы айтқан пікірі де көңілге қонымды болды. Мәселен, «2016 жылы Қазақстан ұлттық құрамасы Еуропа чемпионатына жолдама алуды жоспарлауда. Сіздің ойыңызша, бұл мүмкін бе?», – деген сұрағымызға:
– Әбден мүмкін. Себебі 2016 жылы Еуропа чемпионатының негізгі сынына 24 құрама қатысады. Солардың қатарында сіздердің де болып қалуларыңыз ғажап емес, – деп жауап берді.
Сонымен байқағанымыз, ФИФА президенті үшін Қазақстан футболы тек жақсы жағынан ғана танылып келеді. «Ләйім солай болсын!» дегіміз келеді. Алайда ел футболы тек Блаттерге ғана емес, бізге, яғни жанкүйерлерге де тек жақсы жағынан көрінсе ғой, шіркін!
Кеше Қазақстан спорт тарихына жаңа жазба түсіруге тура келді. Қазақстан Еуропа футбол қауымдастығына өткелі тұңғыш жеңісіне қол жеткізді. Жеңгенде де кімді жеңді, Еуропа чемпионатынан дәмелі, соңғы өткен Әлем чемпионатының қатысушысы Сербияны жамбасын жер жастандырды. Қазақстанда балалар арасындағы футбол қарқынды дамып келеді.
Ресми деректер бойынша теңбіл доп тебуге бір жарым миллионнан астам жеткіншек құмар. Жас футболшылардың басын біріктіріп, ірі жарыстар ұйымдастырып жүрген “Былғары доп” турнирінде биыл бес мың команда шеберлік байқасты. Еуропа футбол қауымдастықтары одағының “жасөспірімдер футболын дамытудағы жылдың ең маңызды оқиғасы” марапатына ие болған додаға мектеп командаларымен қатар аула ұжымдары да қатысқан болатын. Оның бірі Данияр Арғаншиев, жас футболшы
Сабақтан қолымыз босағанда балалармен жиналып доп тебеміз. Аптасына екі рет осы залда жаттығамыз. Футбол жастар арасында көп насихатталса, бұл спорт түрінің еліміздегі болашағы зор баларына сенімім мол.
Қазақстан футбол федерациясының Балалар мен жастар футболы департаменті доп тебуді арман еткендердің қатары күрт көбейгенін айтады. Оларға арналып салынған жасыл алаңдардың да саны өскен. Екі жылдың ішінде жиырмада аса жасанды көкал қолданысқа берілсе, он алаңның құрылысы аяқталуға жақын.
Валерий Малыгин, ҚФФ Балалар мен жастар футболы департаментінің директоры Жарыс кезінде ине шаншыр жер таппайсың. Футболға қызыққан жастар өте көп. Әрине ең алдымен доп тебетін алаңдарды көбейтуіміз керек. Жан жақты жағдай жасалса, қазақ футболшыларының жеңіске жетіп, жанкүйерлеріміздің ән ұран шырқап тұрған күні алыс емес.
Келер жылы елімізде алғаш рет Қазақстан республикасы Президентінің кубогы үшін халықаралық турнир өтеді. Оған Ресей, Украина клубтарымен қатар, Германия мен Швеция елдерінің жас футболшылары шақырылған. Турнирді ұйымдастырушылардың басты мақсаты жасыл алаңда шебер ойнайтын теңбіл доп шеберлерін тәрбиелеу, бапкерлердің өз ара тәжірбие алмасуына жағдай жасау. Туризм және спорт министрлігінде министр Т.Досмұхамбетовтің Бразилия Федеративтік Республикасының Елшісі ФМейермен кездесуі болып өтті. Кездесуде тараптар Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2007 жылы Бразилияға жасаған сапарының қорытындысы бойынша берген тапсырмасын орындау үшін әзірленген, қазақстандық футболшыларды бразилиялық футбол клубтарында оқыту жобасын іске асыру және өзара іс-қимыл жасау жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы пікірлермен алмасты.
Елші Федерико Мейер, осы жобаға қатысу үшін бірнеше маманданған бразилиялық мектептердің қызметінің бағыттары туралы толығырақ баянадады. Сонымен қатар, Бразилия тарапы Астана қаласы күніне орай аты аңызға айналған футболшы Пеленің мұражайын ашуға және елорданың күнін мерекелеуге қатысу үшін бразилиялық танымал футбол командаларының бірінің өкілдерін шақыруға барлық күшін салуға дайын екендігін білдірді.
Министр Темірхан Досмұхамбетов, Елшіге Қазақстан мен Бразилия арасындағы спорт және туризм саласындағы қатынастарды нығайтуға белсене қатысқаны үшін алғыс білдірді, өз атынан және барлық спорт сүйер қауым атынан Қазақстанға әлемдік футболдың жұлдызы Пеленің сапары мүмкіндігін қарау туралы ниет білдірді.
— Пеленің біздің елімізге келуі спортты және халықтың салауатты өмір салтын таныту үшін ашық мемлекет ретінде Қазақстанның имиджін жақсартуға ықпал жасайды, — деді министр. Тараптар жұмыс тобын қалыптастыру жөніндегі жұмысты одан әрі жалғастыруға келісті, бұл жұмыс тобы бразилиялық әріптестерімен бірлесе демалыс уақытында жас футболшыларды Бразилияға жіберу туралы жобаны іске асыруы, сонымен қатар спортшыларды жыл бойы оқыту, үздіктерді іріктеу үшін өткізілетін жарыстарға қатыстыру мүмкіндігін қарауы тиіс. Қазақстан футбол шаруашылығын заман талабына сай қайта құру. Футболдағы сыбайлас жемқорлық пен әділетсіздік жолын кесу. Отандық аяқдоп ойынының қалыпты дамуын қамтамасыз ету. Командалардың жеңіске деген ұмтылыстарын жандандыру. Аталған мақсаттар Қазақстан Футбол Федерациясының негізгі басым мақсаттары болып табылады.
ҚФФ-ның өткен жылғы жұмысының қорытындылары мен отандық футболдың болашағы жайлы ҚФФ Бас хатшысы Саян Хамитжанов ой бөліседі.
— Саян Жақсыгелдіұлы, аяқталған отандық чемпионат айтулы оқиғаларға толы болды. Сіздің ойыңызша жыл қорытындысы мен біріншіліктің тартымды болуының астарында не жатыр?
— Жалпы алып қарағанда чемпионатты турнирлік тұрғыда жақсы өтті деп айтуға негіз бар. Біріншіліктегі тартыс соңғы турға дейін жалғасып, содан кейінгі бас жүлде үшін өтетін қосымша кездесуге ұласты. Чемпионның матч соңындағы пенальтиде анықталуы да мұның дәлелі. Соңғы турдың соңғы минутына турнир кестесіндегі командалардың орналасу жағдай мүмкін болған жоқ. Мамандар да, чемпионатқа қатысушылар да аяқталған маусымның әділ өтуі мен FAIR PLAY талаптарына толық сай болғанын атап өтті.
— Нақты атап өтер болсақ?
— Бұл жерде төрешілердің белгілі бір командаға іш тартуы мен нәтижесін алдын-ала келісіп алған ойындар ұйымдастырудың жолын кесу туралы сөз болып отыр. Біз алдымен төрт арбитрге сенімсіздік білдіріп, содан кейін оларды жұмыстан аластаттық. Содан кейін чемпионат барысында тағы үш бас төреші үш қапталдағы төреші маусым аяғына дейін қызметтен шеттетілді. Ойын барысында өрескел қателік жіберген екі рефери ФИФА арбитрі дәрежесінен айырылды. Және мұндай шара қолдану бастамаларының ҚФФ төрешілер мен инспекторлар тарапынан қолданылып отырғанына баса назар аударғым келеді. Санкциялар ойын барысын мұқият сараптағаннан кейін командалар тарапынан шағым түспестен бұрын-ақ қолданылуда. Бұл көрсеткіштер федерацияның өз жұмысына сын көзбен қарауы мен әділеттілігінің мысалы. Ал спорттық талассыз өткен ойындарды болдырмау мәселесіне келер болсақ бізде екінші жыл тәуелсіз сарапшылар комиссиясы жұмыс істейді. Негізін Қазақстан футболының ардагерлері құрайтын бұл комиссияда сондай-ақ инспекторлар мен төрешілер қосынының өкілдері де бар. Комиссия мүшелерінің міндеті матч инспекторлары немесе комиссарларының күмәнін туғызған ойынды талқылау болып табылады.
— Спорттық талассыз өтетін матчтарды болдырмау шаралары біздің футболда бірінші рет қолданылып отыр. Сондай-ақ бұл жылы ойыншылардың жасын кішірейтіп көрсету үшін оларға жасанды төлқұжат жасау оқиғалары да аз болған жоқ…
— Футболшылардың төлқұжатына қатысты дауға келер болсақ бұл мәселенің негізі ойыншылардың жасөспірімдер арасындағы турнирге қатысуы кезінде бапкерлер мен жетекшілердің қажетті нәтижеге жету үшін қолдан жасаған құйтырқы әрекеттерінде жатыр. Жасы асып кеткен ойыншыларды анықтау қиындығы бұрыннан бар. Бірақ бұл келеңсіздікпен күресу туралы бастаманы тек ҚФФ-ның қазіргі басшылығы қолға алып отыр. Біз алдымен бұл дауға қатысы бар ойыншыларды ойыннан шеттетіп, содан кейін өз қателіктерін мойындағаннан кейін қайта кешірім бергенде қоғам өкілдері тарапынан, клубтар мен жанкүйерлер тарапынан үлкен қолдауға ие болдық. Біздің бұл қолданған шарамыз келер маусымдарда өз нәтижелерін береріне үміттімін. Егер мұндай заңсыздықтар қайта орын алар болса ережені бұзғандарды қатаң жаза күтеді. Бұл бірінші кезекте ойыншыларға қатысты. Себебі мұндай келеңсіздіктер негізінен солардың тарапынан орын алып жатады.
— Қазақстан футболын осындай келеңсіздіктерден арылту бастамасы ФИФА мен УЕФА тарапынан лайықты бағасын алды ма?
— Біздің бастамамыз жайлы ҚФФ президенті Әділбек Жақсыбековтің Йозеф Блаттер мен Мишель Платинимен өткізген кездесулерінде кең сөз болды. Әлем футболының жетекшілері мен отандық бапкерлер қосынынан кең қолдауға ие болуы бұл бастаманың өміршең екенінің дәлелі. Біздің елдегі футбол шынайылық жолын таңдады. Алғашқы нәтижелер де жоқ емес. Демек ойынның тартымдылығының арта түсуі инвесторларды тарту ісіндегі біздің мақсатымыз жүзеге асуға жақын деген сөз.
— Біраз уақыт бұрын біршама ақпарат құралдарында сіздің жеке басыңыздың көзқарасына сүйеніп жекелеген клуб және аймақ жетекшілерін отандық футболдан аластатуға мүдделі болғаныңыз жайлы жазылған еді. Ал кейбіреулер Әділбек Жақсыбековтің қалқасында федерацияның билігін оңды-солды падаланушылар жайлы айтады.
— Кез-келген сынның дәлелі болуға тиіс. Кері жағдайда оған тіпті назар аударуға да тұрмайды. Бұл айтылғандарға қарсы дәлел ретінде бүгінде отандық чемпионат ойындарын көру үшін стадиондарға көрермендердің жиналатынын айтқым келеді. Алты жүлде үшін өткен қосымша матчқа жиналған 16 000 жанкүйер орынсыз сынға берілген нақты жауап деп есептеймін.
— Өткен маусымда ұлттық құраманың пайдасы үшін чемпионатта үзіліс көп болды. Ал сол ұлттық құраманың көрсеткішіне қандай баға бересіз?
— Ұлттық құрамада буын алмасу кезеңі орын алды. Көңіл қуантар мәселе біздің жаппай қорғаныстан шабуылға бейімделген ойынға көшуіміз. Мұндай ойын жанкүйерлерге ұнайды. Жастар құрамасының поляктарды 3-0 есебімен ойсырата ұтуы, ағылшындарға қарсы матчтың бірінші таймы біздің ойыншылардың да үлкен кездесулерге дайындығының көрсеткіші. Әрине кемшіліктер де жоқ емес. Мысалы Англия құрамасына қарсы кездесудің екінші таймында ойыншыларымыз шаршап қалды. Нәтижесі міндетті емес голдар. Соған қарамастан біз жас ойыншыларға үміт артуды жалғастырамыз. Жастар қашанда биікке ұмтылады. Консерватизм жайлы енді ұмыту керек. Және жаттығуға да құлшына кіріседі. Біз алдағы уақытта әр ұпай үшін таласатын боламыз. Қазақстан құрамасының жаңа жылдағы алғашқы жаттығу жиыны ақпан айында өтеді.
— ҚФФ –ның қазіргі басшылығы толық бір маусымды өткізді. Жоғарыда аталған бастамалардан бөлек тағы қандай жетістіктерге тоқтала аласыз?
— Қазақстан футболын дамытуды жаңа белеске көтеру туралы айтқан дұрыс болар. Басты атап өткім келетіні «Қазақстан футболын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы». Жобаны ұсынған ҚФФ президенті Әділбек Жақсыбеков. Бастама Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Футбол Федерациясының Құрметті төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауына ие болды. Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру елдегі аяқдоп өнерінің қарқынды дамуына жол ашып, жаңа буынды жақсы ойынға баулуға сеп болады. Қазірдің өзінде футбол клубтарында жақсы алаң, жоғары деңгейлі жаттығу қосыны болуы міндет болып есептеледі. Келесі жылы чемпионат басында барлық клубтарда балалар мектебі жұмысын бастауға тиіс. Клубтар бес жас дәрежесіндегі балалар командасын тәрбиелеуге міндетті. Команданың штатында балалармен жұмыс істейтін мамандардың болуы шарт. Ал атқарылған шаруаларға келер болсақ үстіміздегі жылы өткен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Президентінің Кубогінің өткізілуін айтуға болады. Аталған бәсеке 17 жасқа дейінгі ойыншылар арасында өтіп, Қазақстан жасөспірімдер құрамасының оқу-жаттығу жиыны есебінде жүрді. Және аталған команда Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі қарсаңында төрт аталмыш деңгейдегі жаттығу жұмысына қатысты. Президент Кубогінен бөлек бұлардың қатарына Тольяттидегі, Қырғызстандағы және Португалиядағы ұзақ мерзімді жаттығу бағдарламасын қосуға болады. Нәтижесінде біздің жасөспірімдер Еуропа чемпионатының негізгі іріктеу сынына жолдама ұтып алды. Жақсы дайындық жұмысын ұйымдастыру мәселесі ересек жасөспірімдер құрамасына да қатысты болды. Осындай мақсатпен біз ұлттық құрамаға лайық таланттарды тәрбиелеп шығармақпыз.
Елбасы Бразилия президентімен кездесуде қазақстандық жастар мектебінің тәрбиеленушілеріне аталған елдің футбол мектептерінде тәлім беру жөнінде келіскен болатын. Міне осы келісім бойынша біздің елден барған жас ойыншылар жаттығуларға қатысып, теориялық білім алатын болады. Мамандар бұл жобаның нәтижесін 7-8 жылдан кейін көруге болады дейді. Жастарды тәрбиелеу үздіксіз жалғасатын жұмыс болғандықтан да біз тоқталып қалмаймыз.
— Елдегі футболдың деңгейіне тоқтала кетсеңіз. Қандай кемшіліктер біздің биік мақсаттарды шешуімізге бөгет болуда. Және бізге алдағы уақытта қандай жетістікке үміттенуге болады?
— Өткен жылдар тәжірибесі қазақстандық футболдың бес баллдық өлшем бойынша қанағаттанарлық бағаға лайық екенін көрсетеді. Ұлттық құрамамыз бен отандық клубтардың серб, поляк, бельгиялық, чехиялық, грузиялық командалардан басым түсуі біздің Еуропадағы аяқ алысымыздың көрсеткіші. Андорра құрамасын ірі есеппен ұту Қазақстан құрамасының деңгейі кішкентай командалар деңгейінен әлдеқашан өтіп кеткенін ұқтырды. Бірақ қазірше біз тек жекелеген жетістіктерге қуанудамыз. Маңыздысы жеңіс салтын қалыптастыру. Ол үшін білікті бапкерлер мен жақсы ойыншылар қажет. Ал бізде мұндайлардың аз болуы ұлттық құраманың аяғын тұсауда. Біздің бағдарлама жүзеге асса бұл мәселе де шешімін табары анық. Балалар мектебін ашу, қосымша алаңдар жасақтау және Премьер-Лига командаларының арасындағы кездесуде матчқа екі жас футболшының қатысуы секілді бастамалар осы мақсат жолындағы алғашқы қадамдар ғана.
— Қазақстан құрамасы 2010 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу турнирінде өнер көрсетуін жалғастыруда. Осы тұрғыда Арно Пайперстің қызметінен босатылуы мен Бернд Шторктың командаға келуін қалай бағалайсыз?
— Арно Пайперстің қызметінен босатылуы оның еңбегін жоққа шығаруға тиіс емес. ЕВРО 2008 турнирінің іріктеу сынындағы он ұпай біздің Еуропа алаңдарындағы беделімізді арттырды. Федерация оның еңбегін әрқашан жоғары бағалайды. Бірақ соңғы кезеңде Пайперстің командасы дамуын тоқтатты. Егер команда дамуын тоқтатар болса бұл кері қадам деген сөз. Ал Шторк – шабуылдаушы футболдың жақтаушысы. Ол жастарға сенім артқанды жөн санайды. Бізге оның ойыншы таңдау кезіндегі кеңдігі ұнайды. Шторк жаттықтыратын команданың ойыны тартымды көрінеді. Ал ұлттық құраманың жаңа бапкеріне келер болсақ кандидаттар тізімі қысқарды. Жаңа жаттықтырушыны біз қаңтар айында таныстырмақпыз. Ал алдағы іріктеу ойындардағы міндет-мақсаттарға келер болсақ бір ғана нәрсені айтуға болады. Бізге мүмкіндігінше жоғары орынға қол жеткізу қажет.
— Отандық футболдың дамуы аймақтағы жетекшілердің бұл ойынға қызығушылық деңгейіне байланысты екені белгілі. Бізге бюджеттік формуладан бас тартып, клубтарды өзін-өзі қамтамасыз ететін жүйеге көшудің уақыты келген жоқ па?
— Өзін-өзі қамтамасыз ету өнімнің сапалы болуына байланысты. Қазақстандық футбол осы бағытта дамып келеді. Бірақ қазірше біздің ойыншылардың дайындық деңгейі төмен. Ал бапкерлер барлық кезде де өздерінің ұтымды шешімдерімен ерекшеленген емес. Даму бірқалыпты, баяу қарқынмен жүруде. Жоғары деңгейге көтерілудің алғышарттары бар. Қажетті шаралар да қолданылуда. Өзін-өзі қамтамасыз ету көрермендердің де сұранысына ие болу деген сөз. Көрермендер тарапынан түсер пайда аз емес. Батыстық клубтардың негізгі табыс көзі клубтардың телевизиялық көрсетілім құқықтарын сату мен трансферлік ауысымдар. Атрибутиканы сату да аз пайда алып келмейді. Өкінішке орай қазақстандық футбол қазақстандық телеарналарға аса қызықты емес. Себебі біздің футболды көрсетіп, жарнама берушілерді тарту қиынның қиыны. Сондықтан да қазір отандық жетекші телеарналардың бірі ҚФФ мен бірігіп ұлттық біріншілік ойындарынан трансляциялар ұйымдастыруда. Бұл олар үшін де үлкен шығын алып келуде. Бірақ біздің әріптестеріміз болашақта үлкен табыс болар деген мақсатпен өзінің әріптестік міндетін атқарып, отандық футболды дәріптеу ісін жалғастыруда. Сондықтан да біз ұлттық біріншіліктен бөлек, ұлттық құрама мен клубтардың еурокубок бәсекелеріндегі ойындарын отандық арналардан көре алғанымызды атап өтуге тиіспіз. Бұрынғы Кеңес елдерінің басым бөлігінде футбол әлі де телеарналар үшін қызық емес. Бірақ уақыт өте келе жағдай оңалар деген үмітіміз бар. Ал трансферлік ауысымдар мәселесіне келер болсақ бізде ұсынар өнім де көп емес. Отандық бапкерлер әлі де жақсы ойыншылардың дайындап шығару ісін меңгере қойған жоқ. Олардың өзіне шеберліктерін жетілдіру қажет. ҚФФ осы мақсатта бірқатар жұмыстар атқаруда. Бапкерлерге арналған курстар ұйымдастырылып, семинарлар өткізілуде. Бұл жайлы мемлекеттік бағдарламада жеке параграф бар. Ал өзін-өзі қамтамасыз ету мәселесіне қайта соғар болсақ қазіргі таңда мұндай дәрежеге көтерілген тек әлем футболының алпауыт клубтары ғана. Ал қалғандары жарнамадан, трансферлік ауысымдардан және жергілікті бюджеттен бөлінетін қаражатқа тәуелді. Шындығын айту керек біздегі жағдай толығымен дерлік бюджетке тәуелді. Бірақ уақыт өте келе барлығы өз қалпына келеріне күмән жоқ.
– Бүгінде клубтардың басым бөлігі жергілікті бюджеттен қаржыландырылады. Осыны ескере отырып Қазақстан біріншілігін Әкімдердің чемпионаты деп атауға болады. Сіздің ойыңызға бұл жылғы «Ең басты футболшы әкім» атағына кім лайық?
– Мен алдымен футболға қол ұшын беретін барлық әкімдерге алғыс айтамын. Шындығында да отандық аяқдоп өнерін дамыту үшін олардың қосып жатқан үлесі мол. Әңгіме тек кәсіби футболға қатысты емес. Жалпы футбол құрылымын дамытуда орасан зор еңбек атқарылуда. Қарағанды, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Солтүстік Қазақстан және басқа да облыстарда футбол саласында көп мәселелер шешілуде. Ал «Ең басты футболшы әкім» атағына келер болсақ (басқалары өкпелемес деген ойдамын) мен Қостанай облысының әкімі Сергей Витальевич Кулагинді атар едім. Бұл тек менің ғана пікірім. Ол футболға көп еңбек сіңірді. Ол — нағыз футболдың жанашыры. Жасырары жоқ Кулагин біздің жұмысымызды да аз сынға алмайды. Бірақ бұдан оның беделі еш кеміп қалмайды. Бізде осындай жетекшілер көп болса Қазақстан құрамасын 2016 жылғы Еуропа чемпионатының негізгі сынында көріп қалуымыз да мүмкін. Бұл мақсатты жүзеге асыруға бізге футболды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы көмек болады.
Сөз соңында сіздердің басылымдарыңызға да Қазақстан футболын дамытуға қосып жатқан үлесі үшін алғыс айтқым келеді. Редакция қызметкерлеріне шығармашылық табыс тілеймін. Сәтті пайдалана отырып отандастарымызды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын! Бастарыңызға бақыт, шаңырақтарыңызға береке тілеймін!
Кеңес Үкiметi ыдырағаннан кейiн олардың арасындағы байланысты ұстап қалудың неше түрлi жолдары қарастырыла бастағаны белгiлi. Футболдан Достастық елдерiнiң арасында бiр турнир болуы керек екенiн ескерген ТМД футбол федерациясы 1992 жылдың шiлдесiнде жыл сайын Достастық елдер чемпиондарының кубогы өткiзiлiп тұрады деп шештi. Ал, негiзi Достастық кубогының «туылған күнi» деп 1993 жылдың 25 қаңтарын айтуға болады. Себебi, дәл сол күнi әзiрбайжандық «Нефтчи» мен латвиялық «Сконто» матчы арқылы бүгiнге дейiн жеткен турнирдiң тұсауы кесiлген болатын. Мiне, сол кезден бастап Достастық кубогы ылғи қыста ұйымдастырылып келедi. Өйткенi, жылдың басқа мезгiлiнде осы елдер арасында турнир ұйымдастыру мүмкiн еместiгi белгiлi. Сондай-ақ, алғашында турнир басқа елдерде де өтiледi делiнгенiмен, осы уақытқа дейiн Ресейдiң шекарасынан ары аса алмай жүр. Осыған дейiн 16 рет өткен турнирдiң он бесiн Мәскеу қабылдаған болса, тек соңғысы ғана Санкт-Петербор қаласында өттi. Алғашында ТМД чемпиондарының кубогы футболдан халықаралық байланысты ұстап тұрған турнир саналса, кейiн келе «дарынды футболшылар көрмесi» деген бейресми атауға ие бола бастады. Себебi, он бес мемлекеттiң ең үздiк ойыншылары өзара күш сынасып, жақсы өнер көрсеткендерi өз клубынан беделдi командаларға шақырту ала бастады. Мәселен, 1993 жылы «Пахтакордың» сапында жасындай жарқылдаған Валерий Кечинов мәскеудiң «Спартагына» ауысып кеткен болса, 2003 жылы тираспольдiк «Шерифтiң» намысын қорғаған Чиди Одиаға «ЦСКА-ның» көзi түстi. Дегенмен, осы мәртебелi турнир туралы сөз қозғағанда Андрей Шевченко, Каха Каладзе, Дмитрий Аленичев сынды футболшылардың есiмдерiн атамай кетуге болмайды. Бұл үшеуi де Чемпиондар лигасын жеңiп алған футболшылар. Яғни, алғашқы екеуi итальяндық «Милан», соңғысы португалдық «Порту» сапында Еуропа чемпионы атанған. Сондай-ақ, Сергей Ребров, Дмитрий Сычев, Шота Арвеладзе секiлдi сайыпқыран футболшылар да спорттық баспалдағын Достастық кубогынан бастаған екен 2003 жылдан бастап Достастық кубогына ақырындап қызығушылық азая бердi. Оның бiрден бiр себебi ретiнде мамандар сол жылғы Украина чемпионы донецкiлiк «Шахтердiң» турнирге қосалқы құрамын жiберуiмен байланыстырады. Одан кейiн алаңға қосалқы құраммен шығу Ресей мен Украина клубтары арасында сәнге айналып, турнирдiң мәртебесiн тiптен төмендетiп жiбердi. Осыны ойлаған Ресей футбол одағының президентi Виталий Мутко 2007 жылдан бастап он алтыншы команда ретiнде шығыс Еуропа елiнiң чемпионын шақырта бастады. Оның алғашқысы ретiнде биыл да додаға қатысуға келген сербиялық «ОФК-ны» айтуға болады. Қазақстан үлесі Қазақстаннан ширек финалға жеткен клуб тек екеу-ақ екен (ең жоғарғы жетістік). Оның бiрi жоғарыда аталған «Елiмайдың» (1996 жыл) еншiсiнде болса, екiншi ерлiк алматылық «Қайраттың» (2005 жыл) үлесiне тиесiлi.
Қорытынды
«Қазақстандағы және әлемдегі футболдың дамуы тақырыбындағы дипломдық жұмысты орындау нәтижесіне келесі қорытынды жасадық.
Қазақстанда футболдың болашақ шеберлері қатарын толықтыру ғана емес, сонымен бірге жастар арасындағы осы бір тамаша ойын түрін дамытуда сенімді насихатшы ретінде де қаралады. Мектепте футболды дамытуға баса назар аударылуы елде жас ізбасарларды даярлау жөніндегі маңызды міндетті шешумен байланысты болып отыр.
Жасалған зерттеу жұмыстары футбол ойынының шығу тарихы, оның әр кезеңдегі даму сатылары, сол сатылардығы өткізілген оқу-жаттығулардың өткізу әдістемелері қарастырылды. Футбол ойынының әрбір даму сатыларында футболшы ағзаларының оқу-жаттығу жүйесіне бейімделуі әртүрлі жағдайларды болғаны байқалады.
Футбол — атлетикалық ойын түріне жататындықтан ол адам ағзасының дене сапаларының жылдамдығын, ептілігін, төзімділігін, күш және иілгіштік қасиеттерінің жетілуіне септігін тигізіп келеді. Ойын барысында футболшы үлкен жүктеме алатын, оның септігі функционалдық мүмкіншілігінің өсуіне, ерік-жігер сапаларын тәрбиелеуге ықпал жасайды.
Футбол ойынының негізгі екі коллектив арасындағы күрес болғандықтан, олардың ойыншыларының жалпы мақсаты — жеңіс, жеңіске деген ұмтылыс коллективтік іс-әрекетіне өзара көмекке, жолдастық және достық сезімін тәрбиелейтіні белгілі болды.
Футбол ойынының алғашқы даму сатысында XIX- ғасырдың басында, спорттық әдіс лене тәрбиесінің дамуына ықпал жасайтыны таныла бастады.
Соғыстан кейінгі жылдардан бастап футбол клубтарында жаттықтырушылар жұмыс атқара бастады. Сол жылдары футбол клубтарының арнайы оқу-жаттығу жоспарлары құрылды. Ойын техникасы мен тактикасына басты назар аударылды.
1950 жылдардың басында футболды оқыту — жаттығу процессіндегі жаттығу процестері циклдік сипатта болды.
Жаттығу процесін жоспарымызда апталық, бір айлық және жылдық циклдерде жұмыстардың өткізілу жиілігіне байланысты, кезеңдегі жүктемені түсіру, жаттығудың кезеңдері мен этаптарында олардың көлемі және қарқынының өзара байланысын ескеріп отырды.
Оқу-жаттығу процесінде дене-күш дайындығын жетілдіру сабағында, өзара әсер ететін жүктемені әрбір футболшыға жекеше жоспар құру арқылы іске асыру қажеттігі туындады. Бұл жерде әр футболшының жеке ерекшеліктеріне, олардың дене-күшінің деңгейіне қарай жоспар жасалынды.
Жеке жаттығудың негізгі формасы болып, жаттықтырушы және дәрігердің бақылауымен футболшының өзінше дайындығы саналады. Жекелей жаттығудың құрамына: дене-күш, техникалық, тактикалық, психологиялық дайындықтарын тәрбиелейтін арнайы іріктелген жаттығулар енеді.
Жүргізілген зерттеу нәтижесінде өткізілген оқу-жаттығудың қай саласын алсақ та, ол дене-күш, техникалық, тактикалық, функционалдық және психологиялық дайындықты дамыту сабағы болып топтап өткізу әдісімен, жекелей дәріс берудің тиімділігі өте маңызды. Әрине тактикалық әдісті үйрету және жетілдіру сабағында және футболшыға жеткілікті түрде сабақ өткізу мүмкін емес.
Зерттеудің тәжірибелік маңызы футболды оқыту — жаттығу процессіндегі оқу-жаттығу процесінің ары қарай дамуы теориялық және ғылыми-әдістемелік негіздегі бағытта болуды көздейді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- «Қазақстан Республикасында бұқаралық спортты дамыту жөніндегі шұғыл шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 4-мамырдағы №2261 Жарлығын жүзеге асыру туралы «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 24-қарашадағы № 1593 қаулысын жүзеге асыру және Қазақстанда халықты дене тәрбиесі және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту мақсатында Қазақстан Республикасының қаулысы.
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 24- маусымындағы №774 «Қазақстан Республикасы тұрғындарының дене шынықтыру дайындығының Президенттік сынамалары туралы» қаулысы.
- Назарбаев Н.Ә. Қазақстан 2030: Қ.Р. Президентінің Қазақстан халқына үндеуі. Алматы 1997.
- Дене тәрбиесі және спорт арқылы Қ.Р.ның халқын сауықтыру бағдарламасы. Алматы 1999.
- Балалар мен жас өспірімдердің салауатты өмір салтын қамтамасыз етудегі дене тәрбиесі Республикалық ғылыми әдістемелік тұтас жинақ бағдарламасы 2001-2005 жылдарға. Алматы 2001
- Ашмарин.Б.А. Дене тәрбиесінің ілімі мен әдістемесі.-М.,1973
- Ашмарин Б.А. Дене тәрбиесіндегі педагогикалық ізденістің ілімі мен әдістемесі.-М., ФиС,1978
- Осокина Т.И. Бала –бақшадағы дене тәрбиесі-М., 1973.
- Кәсіптік-техникалық училищилердегі дене тәрбиесі. М., 1976.
- Хухлева Д.В. Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі М., 1976.
- Фомин. И.А. Филин. В.П. Дене тәрбиесінің жас ерекшелік негіздері. – М., ФиС,, 1972.
- Олимова А.А., Малинская Л.И., «Диогностика и корекция внимания» М.2001ж.
- Сманов., А.Оңғарбай. Отабасы мен мектептің ынтымақтастығы. Оқу құралы. Шымкент. 2005. – 60 б.
- Әбенбаев С.Ш. Тәрбие теориясы және әдістемесі.- А., Дарын, 2004.
- Әбдіразақов Е. Адамгершілік, имандылық тәрбиесі. Шымкент. 1994.
- Орта және үлкен жастағылардың дене тәрбиесі. Осипова. И.Т: басқаруымен. –М., ФиС,1968.
- Жалпы дене тәрбиесі ілімін қалыныптастыру мәселелері. СССР-дің ҒА, 1980,-31-41.
- Бап-Баба С. Жантану негіздері. Алматы, 1998.
- 43. Бабасов Е.М. Конфликтология. Минск, 2000.
- 44. Бэрон Р., Ричардсон Д. Агрессия. С-Пб,. 1998.
- 45. Бютнер К. Жизнь с агрессивными детьми. М., 1991. Ю.Бернштейн К.А. Очерки по физиологии движений и физиологии активности. М., 1966.
- 46. Дьяченко О.М. Об основных направлениях развития воображения у детей. Ж. «Вопросы психологии», 1988, № 16.
- 47. Добсон Дж. Непослушный ребенок. Под ред. Н.Коршуновой. М., 1992.
- 48. Донченко Е.А., Титаренко Т.М. Личностъ: конфликт, гармония. Киев, 1989.
- 49. Дружинин В.В. и др. Введение в теорию конфликта. М., 1989.
- Қазақстан Республикасының Білім беру туралы заңы. Қазақстан мұғалімі, 1992. 18-қаңтар.
51.Қазақстан Республикасының этникалық – мәдени білім беру тұжырымдамасы. “Егемен Қазақстан”, 1996. 7-тамыз.
- Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінің тұжырымдамасы. Қазақстан мұғалімі. 1993. 9-сәуір.
53.Қазақстан Республикасының азаматтарының мінез-құлықын қалыптастыру тұжырымдамасы. “Егемен Қазақстан”, 1995.
- Қазақстан Республикасының гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы. “Егемен Қазақстан”, 1994. 20-тамыз.
55.Белгібаева Р. «Баланың ақыл – ойын жетілдігудегі ойынның рөлі. Бастауыш мектеп» 2004ж №5
- Қасымова Г.М. «мектеп жасына дейінгі балаларды оқытудыдамыта ойындарды қолданудың психологиялық және педагогикалық негіздері» Алматы 1998ж
- Олимова А.А., Малинская Л.И., «Диогностика и корекция внимания» М.2001ж.
- Сманов., А.Оңғарбай. Отабасы мен мектептің ынтымақтастығы. Оқу құралы. Шымкент. 2005. – 60 б.
- Әбенбаев С.Ш. Тәрбие теориясы және әдістемесі.- А., Дарын, 2004.
- Әбдіразақов Е. Адамгершілік, имандылық тәрбиесі. Шымкент. 1994.