Қызылорда облысы Шиелі ауданында күріштік алқапқа тыңайытқыш сеуіп жүрген АН-2 УП-А 0126 ұшағы апатқа ұшырады деп хабарлайды «ҚазАқпарат».
Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің бас маманы Айгүл Нұрманова хабарлаған.
Оқиға бүгін, 15 шілде күні 08 сағатта орын алды. «Күріш алқабына тыңайтқыш (сульфат амония) себу кезінде АН-2 УП-А 0126 маркалы ұшақ (Астана Флоен-Спур қарасты) апатқа ұшыраған. Абырой болғанда, экипаж командирі А. Хан мен ұшқыш В.Стронети зардап шеккен жоқ»,-дейді бас маман.
Қызылорда облысы Шиелі ауданы төтенше жағдайлар басқармасының жедел тобынан 2 қызметкер, 1 техника, облыстық төтенше жағдайлар департаменті Шиелі аудандық өрт сөндіру бөлімінен 6 адам, 1 техника оқиға аттанып кетті.