АЛТЫНОРДА
Новости

Парижде біржынысты некеге қарсы акция өтіп жатыр

Астана. 3 ақпан. Baq.kz – Кеше Франция астанасында 80 мыңнан астам тұрғын көшеге шығып, біржынысты некеге қарсы акция өткізді. 

Наразылыққа шыққандар ешқандай заңсыздыққа бармаған. Барлығы да бейбіт түрде өтті. Ал, қаладағы тәртіпті 1,5 мың тәртіп сақшысы күзетті.
Біржынысты азаматтардың некелесуі және олардың бала асырап алуына рұқсат беру туралы заң жобасы француздардың шамына тиіп отыр. Тіпті, елде әйел мен еркектің бір-бірінен айырмашылығының жоқтығын үйрететін мектеп пәні де пайда болды.
Тұрғындардың айтуынша, оқушылар арасында гомосексуализмді насихаттау — барып тұрған бассыздық.
«Мектепте балаға математика, әдебиет, тарих сынды сабақтар өткізілу керек, гомосексуализм емес» дейді ашынған ата-аналардың бірі.

http://baq.kz/kk/news/42973