«Жанұясында жанжал тудырып, жарының қабағына кірбің, денесіне із түсіргендерді 5000-50 000 риал аралығындағы айыппұл тәубесіне түсіреді» деп отыр заң шығарушылар.
Жұбайын жәбірлеп немесе тілдеп, күш қолданғандарға арнап Сауд Арабиясының Жоғарғы Сот кеңесі қатаң заң жобасын қолданысқа енгізді.
Жаңа заң бойынша, тәртіпке көнгісі келмегендерді бір ай мерзімінде темір торға тоғытып алуға да болады. Елдің әлеуметтік мәселелері жөніндегі министрі Әл-Харбидің мәлімдеуінше, жаңа заң жобасы жанұядағы барлық еркек кіндіктілерге, атап айтқанда, күйеуі, әкесі, бауыры, баласына да қатысты болып шықты. Жәбір көрген әйелі немесе қызы, қарындасы мен немересі де шағым түсіріп, сотқа арыздана алатын көрінеді.
http://www.aikyn.kz/articles/view/47851