Қытай билігі жастардың интернетке деген тәуелділігіне медициналық ауру деген баға беріп, оны өскелең ұрпақтың болашағына қаупі зор деп мәлімдеді. Бүгінде мұндай жастарды кеселінен айықтыру үшін билік өкілдері арнайы жаттығу лагерьлерін ашып жатыр.
Аталған орталықтарда жас қытайлықтарды әскери тәртіппен емдейді. Яғни, әскердегі жаттығуларды емделушілердің күнделікті режиміне енгізген. «Мұндай әдісті жайдан-жай қолданып отырғанымыз жоқ» дейді идея авторлары. Өйткені, күні бойы монитор алдында отыратын адамның денсаулығында міндетті түрде ақау болады.
Лагердегі жаттығуларды бұрынғы әскери қызметкерлер жүргізуде. Басты мақсат — жастардың арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру. Ал, егер бір оқушы тәлімгердің талабын орындасамаса бүкіл топ жазаланады.
Дене жаттығуларынан бөлек жастар мұнда Қытай этикасынан да сабақ алады. Сонымен қатар, ән айтып, би билеуді де үйренулеріне жағдай жасалған. Ал, интернет тәуелділігінен емдеудегі басты рольді психолог мамандар алып отыр.
Бүгінде Қытайда дәл осында 250 лагерь жұмыс істеуде. Мұнда емделіп жатқан жеткіншектердің көпшілігін ата-аналары мәжбүрлеп жіберген — Baq.kz
Дуанабай Жолдасбек
http://aikyn.kz/articles/view/52866