Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев екі министр орынбасары мен бірнеше министрліктің жауапты хатшыларын тағайындады.
Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, президент шешімімен қорғаныс министрінің орынбасары болып Нұрлан Сауранбаев, ішкі істер министрінің орынбасары болып Владимир Божко тағайындалған.
Президент бұған қоса ұлттық экономика министрлігінің, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің, инвестициялар және даму министрлігінің, мәдениет және спорт министрлігінің, энергетика министрлігінің жауапты хатшылары да тағайындаған.
6 тамыз күні өткен үкіметтің кеңейтілген жиынында Назарбаев үкіметтің бұрынғы 17 министрлік, 9 агенттік, 54 комитет және 272 департаментінің орнына 12 министрлік, 30 шақты комитеттен тұратын жаңа құрылымы түзілгенін жариялаған.
http://www.azattyq.org/archive/news/20140814/330/330.html?id=26529891