Астана. 18 тамыз. Baq.kz – Англия мен Уэльсте былтыр жаңа туылған сәбилерге қойылған аттардың көшін Мұхаммед есімі бастаған. Алайда, жазылу үлгісі түрлі болғандықтан (Muhammad, Mohammed және Mohammad) ол сарапшылар түзген тізімге іліне алған жоқ. Десе де, 7445 сәбиге ұлық Пайғамбардың құрметіне оның есімі беріліпті. Екінші орында Оливер есімі тұр. Англия мен Уэльсте 6949 балаға былтыр осы ат қойылды деп хабарлайды Daily Mail.
Ал, қыз балалар арасында осымен үшінші жыл қатарынан Амелия есімі көш бастап келеді. Сондай-ақ, Оливия, Эмили, Эйва (Ava) және Айла (Isla) есімдерін де ағылшын азаматтары өз қыздарына көп қойған.
Сонымен қатар, британдық ерлі-зайыптылар жаңа туған сәбилеріне Гарри, Уильям, Джордж сынды король отбасы өкілдерінің есімдерін жиі берген екен.
Мамандардың айтуынша, ағылшын азаматтары балаға ат қояр кезде атақты фильм кейіпкерлерінің есімдерін де жиі пайдаланатын көрінеді.
http://baq.kz/kk/news/51679