Европалық сот Европа Одағы кеңесінің палестиналық ХАМАС тобын террористік ұйым тізіміне енгізу шешімін жоққа шығарды. Бұл туралы ақпарат Европалық соттың ресми сайтында 17 желтоқсанда жарияланды.
Сот «ХАМАС-ты тізімге қосқан сәтте БАҚ пен интернет ақпараттары негізге алынған, оның қызметі толық зерттелмеген» деген шешім шығарды. Сот қаулысында үкім процедуралық шешім негізінде шығарылғанын, ХАМАС-ты террористік ұйым ретінде сипаттауға еш баға бермейтінін ескерткен.
Бірақ Еуропа Одағы сот қаулысына байланысты нақты шешім шығармайынша ХАМАС-тың есепшоттары үш ай бойы құлыптаулы күйі қала бермек.
Европа Одағы палестиналық ХАМАС тобын 2001 жылы террористік ұйымдар тізіміне енгізген.
http://www.azattyq.org/archive/news/20141217/330/330.html