Хьюстон қаласының әкімі Анис Паркер Қазақстан Тәуелсіздігінің 23 жылдығына орай 2014 жылдың 16 желтоқсанын Қазақстан Тәуелсіздігі күні деп жариялады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Жуырда Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Қайрат Омаров Техас штатының Хьюстон қаласына іс-сапармен барды. Іс-сапар барысында ол Хьюстон қаласының әкімі Анис Паркермен кездесіп, Қазақстан мен Хьюстонның арасындағы сауда-экономикалық және мәдени қарым-қатынастарды нығайтуға қатысты бірқатар мәселелерді талқылады», — делінген хабарламада. Қазақстандық дипломат кездесу барысында елімізде қабылданған инвестициялық жеңілдіктер туралы айтып, Хьюстонда орналасқан компанияларды «Нұрлы жол» бағдарламасы мен EXPO-2017 көрмесіне қатысуға шақырды.
Кездесу соңында Хьюстон қаласының әкімі Анис Паркер Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 23 жылдығына орай 2014 жылдың 16 желтоқсанын Хьюстондағы Қазақстан Тәуелсіздігі күні деп жариялады, — деп мәлімдейді баспасөз қызметінің мамандары.
Толығырақ: http://alashainasy.kz/alash/16-jeltoksan-hyustonda-kazakstan-tauelszdg-kun-dep-jariyalandyi-59407/
материалды қалай болсын қолдану тек қана Alashainasy.kz сілтемесімен бірге рұқсат етіледі