Германия басшысы Ангела Меркель ел парламентінде өткен жиында Париждегі болған жағдайға байланысты өз пікірін білдірді.Ангела Меркель Бунденстагтегі(Германияның Парламенті)жиналыста алдымен Францияда қаза болғандарды еске алып,бір минут үнсіздік жарилады.
Содан кейін Париждегі оқиғаны талқылады.
Сондай-ақ Германия мен Франция арасындағы «шексіз ынтымақтастық» бар екенін ерекше атап өтті. Меркель еркін ойлы баспасөзде демократиялық қоғам және төзімдік аса маңызды дейді.
«Еуропалықтар болашақтағы түрлі жағдайларға қармастан тығырықтан шығудың ең тиімді жолын таба білді. Біздің төзімділігіміз дұрыс шешім қабылдауымызға себеп болды деп айта аламын», – дейді Меркель.
Германия канлецері сондай-ақ мұсылмандарды қолдайтынын жеткізді.
«Ислам – өзге діңдер секілді Германияда өмір сүретін болады. Бізде ешкімнің діни сеніміне қол сұғуға, кемсітуге жол берілмейді», – дейді ол.
BAQ.KZ
Дуанабай Жолдасбек
http://aikyn.kz/articles/view/63737