АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Айдос Сарым: Азаматтарға өз құқығын айтуға мүмкіндік берілуі керек [:]

[:kz]

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында «Саяси жаңғыру» жұмыс тобының мүшесі Айдос Сарым саясатқа қатысты 22 заңнын 5 заңын қайта қарауды, қажетінше өзгеріс енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Саясаттанушы «Митингілер туралы», «Саяси партиялар туралы, «БАҚ туралы, «Сайлау туралы, «Парламент туралы», Жергілікті басқару туралы» заңдарды қайта қарау, толықтырып, сын-ескертпелерді ескеріп толықтыру қажеттігін айтты.

Айталық, митингілер туралы заңға қатысты азаматтарға өз құқығын айтуға мүмкіндік беру, оған кедергі келтірмеу, халықаралық стандартқа сай қылу ұсынысылса, Партия туралы заңға партия құруға кедергі келтіретін заңнамалық тосқауылдарды азайту қажеттігі айтылды

Сайлау туралы заңға қатысты саяси топ сайлаудың аралас жүйесіне көшу пікірін білдірді. Парламент туралы заңға заң шығарушы органға өту табалдырығын төмендету, парламенттік оппозияға мүмкіндік беру, парламенттің ашықтығы пен жауапкерлігін арттыру мәселелері көтерілді. Сондай-ақ Айдос Сарым халықаралық ізгілендіру талаптары негізінде өлім жазасы ұғымынан толық бас тартып, ғұмырлық бас бостандығынан айыру бабын енгізуді ұсынды. «Қамшы» сілтейді

qamshy.kz

[:]