АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Алматылық студенттер жатақханада қаптап жүрген егеуқұйрықтарға шағымданды[:]

[:kz]

Алматыда жатақханада егеуқұйрықтармен бірге тұрып жатқан студенттер жанайқайын жеткізді. Жастардың айтуынша, студенттер үйінен шығатын иіске шыдап тұру мүмкін емес деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Алматылық студенттер жатақханада қаптап жүрген егеуқұйрықтарға шағымданды

Астана телеарнасының видеосынан кадр

Адам шошырлықтай жағдайдағы студенттер үйін «Jas Otan» жастар қанаты анықтаған.

Айтуларынша, олар мұндағы тұрғындар талай рет егеуқұйрықтардың қаптағаны туралы ескертіп, арыз жазған. Алайда, естір құлақ болмапты.

Жатахқана басшысы қолдан келгеннің бәрін жасап жатырмыз деп құтылатын көрінеді. Жасотандықтардың сөзінше, мұндай көрініске қазір студенттердің өзінің көзі үйреніп кеткен.

«Біз көп нәрсе сұрап жатқан жоқпыз. Жаңа жатақхана салыңдар, бес жұлдызды қонақ үй ретінде жасаңдар, деп. Біздің сұрап жатқанымыз, ең минимальды түрде студенттерге таза, қауіпсіз өздеріңіз көрдіңіздер есіктердің бірталайының құлпысы жоқ. Екі жаққа түсіп қалған. Сондықтан осы мәселені көтеріп, айту, түсіндіру, жеткізу», — дейді «Jas Otan» жастар қанатының төрағасы Мәди Ахметов.

Ал жатақхана менеджерінің сөзіне сүйенсек, бұл ғимарат 1958 жылы салынғандықтан тышқандарды қанша уласа да шыға береді.

«Тышқан бар екенін менде жасырмаймын. Оның барлығын улап жатырмыз, кетіріп жатырмыз. 1958 жылғы нысан болған соң шығып кетіп жатыр ғой», — дейді Жеңіскүл Әбдірасылова.

А.Кемелжан

[:]