АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Арыстағы жарылыс: Желіде қанға боялған ер адамның видеосы тарады[:]

[:kz]

 

 

Әлеуметтік желілерде жолдың шетінде отырған үсті-басы қан ер адамның видеосы тарады. Қызығы, оның қасынан жаяу және көлікпен өтіп бара жатқан адамдар оған мән бермей кете берген. Болжам бойынша, оқиға жарылыс орын алған Арыс қаласында болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

 
Фото: видеодан кадрФото: видеодан кадр

Видеодан азаматтың шөп үстінде отырғанын аңғаруға болады. Алайда, жол бойындағы жүріп келе жатқан көліктер мен адамдар оған мүлде мән бермей өтуде.

Ер адамның үсті басын қызыл түсті бояу басқан. Болжам бойынша, ол қан болуы мүмкін.

Instagram желісіндегі бейнежазбаларда Оңтүстік Қазақстан, Арыс гео-тегі белгіленген.

Желі қолданушылары азаматқа көмектеспей, өтіп кете берген адамдарды асқан қатыгездігі үшін сынап тастады.

Көпшілік ер адамға қарамай, оның қасынан тез өтіп кетуге тырысқан. Бейнероликтен оның авторы оқиғаны алыстан түсіріп тұрғанын аңғаруға болады.

«Адамның қасына барып, қал-жағдайын білудің орнына неге біреу оны видеоға түсіріп жатыр?» , — деп жазды желідегілер.

Еске сала кетейік, бүгін, 24 маусым күні таңғы сағат 09:20-да Арыста орналасқан әскери бөлімшедегі қоймадажарылыс болды.

Жарылыс қала тұрғындарын дүрліктіріп, зәресі ұшқан тұрғындар жаппай қаладан кете бастады. Тұрғындар қаладан жаяу және велосипедпен қашып жатыр.

Қорғаныс министрлігі зардап шеккендер жоқ екенін мәлімдеді.

Кейін белгілі болғандай Шымкент қаласының ауруханасына 16-ға жуық зардап шеккен адам дәрігерлік көмекке жүгінген.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс, Ішкі істер министрліктеріне және Түркістан облысы әкіміне

Мақалада: Туркестанская облас

.

Қорғаныс министрі оқиға орнына аттанды. Жарылыс салдарынан пойыздар уақытынан кешігіп жатыр.

Қала маңында түске жуық тағы бір күшті жарылыс болды. Оны куәгер видеоға түсіріп алған.

[:]