[:kz]
Соңғы кездері арзан атақ үшін арын сатып, неше түрлі әрекетке баратындар көбейіп барады. Ондайлардың шектен шыққаны соншалықты, ұлттық құндылықтарға да ауыз сала бастады.
Бірі тыр жалаңаш тәніне қазақтың шапаны мен сәукелесін киіп фотоға түссе, тағы бірі көк туымыз бейнеленген іш киімін жарнамалап шыққаны бар. Белгілі журналист Сәуле Әбілдаханқызы өз парақшасында ұлттық құндылықтарымызды масқаралап, қорлап тұрған тағы бір тексіздің фотосын жариялады. Ол фотодан біртүрлі үлгідегі киім киіп, дөңгелек үстелдің үстінде тұрған белгісіз жігітті көруге болады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Сәуле ханымның жазуынша, бұл барып тұрған көргенсіздік.
«Мына көргенсіз, тексіз хайуан қызтекенің аты-жөні кім, білетіндер бар ма? Ватсап-топтарға сұрау салыңыздаршы, біреу-міреу танитын шығар, аты-жөнін білетін шығар… », – деп жазған журналист.
Сәуле Әбілдаханқызының бұл жазбасы әлеуметтік желі бетінде қызу талқыланып жатыр. Көбі мұны арсыздық, хайпқұмарлық деп бағалаған.
Sandu Uzaqbai есімді қолданушы белгісіз жігіттің бұл тірлігін қасақана қазаққа тіл тигізушілік деп бағалаған «Ессіздер әдейі ұлттық құндылықты аяққа таптап, мазақ етеді. Қазақтарды тобыр көріп, улап-шулап хайп жасап береді деген есалаң мақсаты бар бұлардың. Заң аясында жазалау керек»
Shapagat Serdali есімді пікір иесі «Осыны жарнама етіп, суретке түсірген адамды да жазалау керек. Идея авторын да…» деп жазса, Жазира Баглан деген атаумен тіркелген facebook қолданушысы «Өзіне назар аударта алмай жүрген біреу шығар тағы. Дастархан емес, төбемізге шықты деген осы» деп баға берген.
Тағы бір қолданушы «Осындай хайуандар неге көбейіп кетті, Алла сақтай гөр!» деп жазса, Алтынай Адилова есімді замандасымыз «Модель ғой. Бұл жерде қазақ емес, любой дені дұрыс адам үстелдің үстіне аяқпен шықпайды ғой» деп ой қоса кеткен.
[:]