АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс: Оқушылардың ой — өрісінің дамуына музыканың ықпалы

МИП – 29.1. жеделдетілген  орта  тобының  білімгері    «Оқушылардың  ой — өрісін  дамытудағы  музыканың  ықпалы»  тақырыбына  жазған  диплом  жұмысына

                                                   Түйін

Жалпы   білім  беретін  мектептердің  музыка  сабағында,  сыныптан  тыс  музыка  тәрбиесінде  оқушылардың  ой — өрісін  дамытуда  музыканың  ықпалдық   мәнін   аша  түскеніне  көз  жеткізу.

Зерттеудің  пәні:  Жалпы  білім  беретін орта  мектептердің    сыныптарындағы  және  сыныптан  тыс  музыкалық  тәрбие.

Зерттеудің  мақсаты: Мектептің   музыка  сабағы  және  сыныптан  тыс  музыкалық  тәрбие  арқылы  оқушылардың  ой — өрісін  дамытуға  музыканың    тәрбиелік  ықпалын  көтеру   мүмкіндіктерін  анықтау.

Диплом  жұмысының  құрылымы:  Диплом  жұмысы  кіріспеден,  үш  тараудан,  қорытындыдан,  пайдаланған  әдебиеттер  тізімінен  тұрады. 

 

 

                                                  Аннотация.

          На  дипломную  работу  студент  заочно – педагогического  факультета  МИП– 29.1.  ускроенный  средний,  Мамыровой  Асель  Кундыковной    выполненную  на  тему «Влияние  музыка  на  развитии  мышления  школьника  через  музыки » в работе рассматривается  оптимальные  методы  влияние  музыка  на  развитии  мышления  школьника  через  музыки   на  уроках  и  внеклоссной  музыкальной  воспитаний  учащихся.

 

Предмет  исследования:  предмет  музыки  и  внекассная  работа     в   общеобразовательной   средней  школы.

Цель  исследования – определить возможности влияние  музыка  на  развитии  мышления  школьника  через  музыки и поднять качество  урока     музыки  и  внеклассная  работа общеобразовательной   средней  школы.

 

 

                                              Annotation

On the thesis the student in absentia — pedagogical faculty MIP — 29.1. average, executed on a theme «Influence music on development of thinking of the schoolboy through music» in work is considered by Mamyrova Asel Kundykovnoj optimum methods influence music on development of thinking of the schoolboy through music at lessons and musical  pupils.

Object of research: a subject of music and  work in general educational high school.

Research objective — to define possibilities influence music on development of thinking of the schoolboy through music and to lift quality of a lesson of music and out-of-class work of general educational high school.

 

 

 

        Оқушылардың  ой —  өрісінің  дамуына  музыканың  ықпалы                            

 

                                   Жұмыс мазмұны

Кіріспе________________________________________________________ 3

 

  1. Музыка – ой — өрісін қалыптастыратын құрал

                                                            

1.1. Музыка  өнері  және  көне грекиядағы  адамның  үйлесімді  тәрбиесінің   теориясы мен практикасы.

 

 1.2.Ойлау  туралы  жалпы  ұғым.

 

 1.3. Ақыл – ой  тәрбиесі

 

  1. Музыка өнері және оның тәрбиелік тұғырлары.

 

2.1._____________?

 

2.2.    ___ 34

 

 

Қорытынды ___________________________________________________ 47

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ._______________________________ 50

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Зерттеудің көкейтестілігі:

          Қазақстан  Республикасындағы  білім  беруді  дамытудың  2015  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасында  жалпы  білім  берудің  мақсаты – қазіргі  қоғам  талабына  сай  алынған  терең  білім,  дағдылар  мен  құзырлықтардың  негізінде  еркін  бағдарлай  білетін,  қойылған  мақсатқа  танымдық  қызмет  жасау  арқылы  жете  алатын,  өз  бетінше  дұрыс,  тиімді  шешімдер  қабылдауға  қабілетті  жеке  тұлғаны  қалыптастыру  керек  екендігі  атап  көрсетілген. 

          Жаңа  ғасырда  жеке  тұлғаға  деген  талаптың  күшейе  түсуі,  білім  беру  саласындағы  жаңа  талаптар  айтарлықтай  өзгерістер  жасау  тенденциясының  үдеуіне  қажеттілік  туғызып  отыр.  Бұл  міндетті  жүзеге  асыру  мектептерде  оқушылардың  танымдық  белсенділігін  арттыруға  себептігін  тигізетін  оқу  үрдісін  ұйымдастырудың  тәсілдерін  әдістері  мен  нысандарын  іздестіру,  сайып  келгенде  ақыл – ой  әрекетін  қалыптастыруға  өзекті  сипат  береді. 

Былғы  оқу  жылындағы «Әлеуметтік – экономикалық  жаңғырту – Қазақстан  дамуының  басты  бағыты»  атты  Қазақставн  Республикасының  президенті – ұлт  басшысы  Н.Ә  Назарбаевтің  Қазақстан  халқына  жолдауында (30.01.2012ж)  білім  беру  жүйесі  туралы  былай  деген  еді:

Білім  беру  жүйесін  жаңғырту  барысында  біз  үшін  келесі  іс – шараларды  іске  асырудың  маңызы  зор. 

Біріншіден,  оқыту  үрдісіне  қазіргі  заманғы  әдістемелер  мен  технологияларды  енгізу. 

Екіншіден,  педагогтар  құрамының  сапасын  арттырудың  маңызы  зор.  Педагогикалық  білім  берудің  үлгі  қалыптарын,  мектептер  мен  жобалар  оқытушылардың  біліктілігін  арттыруға  талаптарды  күшейту  қажет.   Әр  өңірде  педагогтардың  біліктілігін  арттыратын  интеграцияланған  орталықтар  жұмыс  ісиеуі  тиіс. 

Үшіншіден,  біліктілікті  бекітудің  тәуелсіз  жүйесін  құру  қажет.

Төртіншіден,  аз  қамтамсыз  етілген  отбасылардан  шыққан  жастардың  өмір  сүруін  субсидиялау  арқылы  білім  алу  мүмкіндігін  қамтамасыз  ету.

Бесіншіден,  оқу  жастарға  тек  білім  беріп  қана  қоймай,  оларды  әлеуметтік  бейімделу  үрдісінде  пайдалана  білуге  де  үйренуі  тиіс.

Алтыншыдан,  оқу  үрдісінің  тәрбиелік  құрамдасын  қүшейту  қажет.  Олар – патриотизм,  мораль,  парасаттылық.  Тәннің  де,  жанның  да  дамуы,  заңды  мойынұсынушылық.[1]

          Міне,  осылайша  оқушының  ой — өрісінің,  білім  алумен  қатар  дамып  қалыптасуына   тәрбиенің  де  зор  орны  бар  екендігін,  ол  білім  алудың  негізгі  құрамдас  бөлігі  екендігін  мемлекет   тарапындағы  саясаттан  да    алшақтамайтындығының  бір  дәлелі.   Егер  тәрбие  тұғыры,  соның  ішінде  музыканың  тәрбиелеу  күші,  мектеп  оқушысы  үшін  қазіргі  заманның  ғана  құндылығы  емес,  сондай  ақ  музыка  өнерінің  ежелден  ақ  тәрбие  көзі,  өмір  сүрудің  рухани  құндылығы  екендігін  білеміз.  Ал  ұлтымыздың  музыка  өнеріндегі  орны  бір  бөлек.   

 

 Әр  ұлтың  музыкалық  өнері  ұлттық  өнер  шеңберінде  өзіндік  және  этикалық  өзгешелігінің   айқындығымен,  аумақтық  және жергілікті стильдік үлгілерінің молдылығымен ерекшеленеді. Қалың көпшіліктің көзқарасын,  ой — өрісін этностардың әлеуметтік — эстетикалық арман-мұраттары  мен  моральдарының  идеялық  мазмұнының  ұқсастығын  білдіре  отырып, жалпы  музыка   халықтардың эстетикалық мәдениеттерін қалыптастырушы маңызды құралы, сондай ақ халықтық педагогиканың принциптері – рухани құндылықтарды сақтау мен насихаттауда айрықша орын  алып, адамдарды  мінез  құлық  мәдениеті мен  адамгершілікке,  саналы – ойлы   өмір  салтына   тәрбиелейді.

       Сан  ғасыр  бойы ұрпақтар жасаған рухани құндылықтар мәдени мұраның  мол  қорының  негізін  құрайтын  дәстүрлі  ұлттық  шығармашылық  та  ерекше  орын  алады.

      Халық  шығармашылының ұлттың мәдениетінің  діңгегі, қоғамның рухани баюының таусылмас бастауы қызметін атқарады. Ұлттық шығармашылық ұлттың ұлттық рухани мәдениеттің деңгейі, аралық қатынастар құралы ретінде тәрбиенің негізі, оны жасаушы мен тыңдаушының  өзіндік  ойын,  ой — өрісін    ынталандыру  болып  табылады.

   Халықтық шығармашылықтың тәрбиелік маңызын жүзеге асыруда музыкалық – халықтық   дәстүрлер   ерекше  роль  атқарады.  Ол  мәдени мұра — халықтың салт-дәстүрлері, этнопедагогика, дәстүрлі халық музыкасымен тығыз  байланысты. Ол  мәдени  мұра, тарихи — рухани  құндылық,  халықтың  салт — дәстүрлер, этнопедагогика,  фольклор,  дәстүрлі халық  музыкасы  және  тағы  басқа  түсініктермен  тығыз байланысты  болып  келеді.

Музыкалық  өнердің  рухани  мұрасын  зерттеуде  Әбу  Насыр әл- Фараби,  Махмут  Қашқари, Юсуф  Хос  Хожиб,  Әбу райхан әл — Беруни, Әбу Әли Ибн — Сина, Кейқауыс,  Әбдрахман Жәми, Дербеш Әли, Әубәкір Досаев, Шоқан Уәлиханов,  Ыбырай Алтынсарин,  Ахмет Байтұрсынов,  Әлкей Марғұлан және  тағы  басқа  классик  ғалымдардың  еңбектері  ұлан  теңіз.

Халық шығармашылығының сан алуан құбылыстары С.К.Анна-Мұратова, А.А.Қалыбекова, М.Х.Балтабаев, Х.Нұрматов, С.А.Ұзақбаева секілді ғалымдардың еңбектерінде кеңінен зерттелді. В.Алимасов, М.Бекмұратов, Н.К.Камалова, Л.И.Шұлұнова, З.Д.Яшвилидің еңбектерінде   музыкалық  өнерлер  мен      дәстүрлерді   мәдени ағарту ісіне,  жастардың  ой — өрісін  молайтуға  қолданудың теориялық проблемалары көтеріліп, оны халықтың түрлі  әлеуметтік топтарына:  мұғалімдер, білімгерлер, оқушылар т.б. әсері  қарастырылды. [1]

    Еліміз  бен  Орталық  Азия  республикаларындағы  тарихи  құндылықтарды  қайта  жаңғырту  мен  дамуының  жалпы  деңгейі  артып, қазіргі  ұлттық  тәуелсіздік  жағдайында  жыл  өткен  сайын  маңызды  бола  түсіп,  оның  дамуы  мен  жас  ұрпақты  ата фольклорымен,  барлық  өнер  түрлері,  сонымен  бірге    өнердің  барлық  салалары   арқылы жастардың  ой — өрісін   тәрбиелеудің  көкжиегі  байқалады.

   Демек,  мәдениет,  этнопедагогика,  музыкатану  теориясы  мен  тарихы,  бүгінде  музыкалық өнерлердің   тәрбиелік  мүмкіндіктерін  толық  зерттеу  мен  осы  проблеманы  шешудің  тиімді  шарттарын  іздестіруді  талап  етеді.

Сондықтан да осы мәселені негізге ала отырып  «Оқушылардың  ой —   өрісінің  дамуына  музыканың  ықпалы » деген тақырыппен ашпақ болдық.

Зерттеудің обьектісі : жалпы білім беретін,  өнер,  музыка    мектептерінің музыка сабақтары  және  мектеп  оқушыларын  тәрбиелеулегі музыка тәрбиесінің  үрдісі.

Зерттеу пәні : музыка сабағында  және  оқушыны  сыныптан  тыс  тәрбиелдер    арқылы   өте бағалы тәрбие жолдарын сараптап, оның   рухани  мәдениетін  қалыптастыруға  қазіргі ұлттық мектептердің   тәрбиесінде қолданылғанын дәріптеу;

          Зерттеудің мақсаты: сан  ғасырлар  бойы  ата – бабалар   мұрасына  үлкен  құрметпен  қарап,  айрықша  тағзым  етумен  өткен  Орталық  Азия   республикалары тәуелсіздік  алғаннан  соң  ұлттық  салт – дәстүрлерді  қайта  жаңғыртып,  оны  дамыту  бағытында  ауқымды  жүмыс  басталған  шағында  мектеп  оқушыларының   талғамын қанағаттандыра отырып, музыка мәдениетінің ірге тасын қалауға,  музыканы сүюге, әсіресе  халқының    музыкалық мұрасын,   сол  арқылы  музыкалық  мәдениетін  қалыптастырып,  жас  буын  оқушының  ой — өрісін  қалыптастыруға     деген   талғамын өсіруге,  ұлттың  музыкалық   мәдениетімен   тығыз байланыстыра болып,  музыканы ой — өрісін   дамытуға  қолдану.  Осы бағдарламаны терең талдай отырып, оның  музыка тәрбиесі – тәрбие  негіздерінің бірі екендігін уағыздап,  ұлттық   мектептерде  музыка  өнері  арқылы  баланың  ой  өрісінің  тәрбиелеуге қолдануға  болатындағын  сендіру.

          Зерттеудің болжамы: мектеп оқушыларының музыкалық мәдениетін қалыптастыруға негізделген  оқушылардың дүние танымын дамытудың тиімді  жолдары  мен олардың  оқу  барысындағы  оә — өрісі  даму  қабілетін әрі  жетілдіруге  ықпалын  тигізер  еді,  егерде :

  • мектеп оқушыларының жалпы музыка  өнері  арқылы  өнегелі,  саналы – ойлы    өміріне  деген қөзқарастарын  қалыптастыруда  тиімді  тәрбие  жолдарын  тапса;
  • музыка сабақтары және музыкалық  іс – шаралар  кезінде  оқушыны   жүйелі түрде оқыта  отырып,  тәрбие  көздерін  тауып,  қазіргі күн талабындағы  талаптарға  жауап бере алса;
  • қоғамның әлеуметтік  өзгерістеріне  байланысты  дәстүрлі  өнері  өркендеп,  тәрбиелік – жаңартушылық  мүмкіндіктері   сақталып тұрса;
  • жалпы білім беретін өнер, музыка  қазақ  мектептерінің музыка  тәрбиесінде  және  сыныптан  тыс  тәрбиелерін,  баланың  ой — өрісін     дамыту,  танымдық және шығармашылық қажеттіліктеріне  дарыса артар еді.

    Зерттеудің міндеттері :

  • музыка зерттеушілер  мен  жинақтаушылардың  еңбектері  арқылы  жас  жеткіншектердің  ой  өрісін  дамытуға    ең құнды  да маңызды тәрбие жолдарын таңдап алу;
  • оқушылардың музыкалық мәдениетін дамыту жүйесін талдап, музыка  өнеріне  деген, ішінде тәрбиеші   музыкасының  негізгі  бір  саласы- сыныптан тыс     жолдары   уағыздап,  оның  құнды  тәрбиелік  мәнін  ашу  секілді  мұғалімге  қойылатын талаптарды өсіру;
  • музыка және  оның  ішінде  баланың  ой  өрісінің   музыкалық  тәрбие    жұмыстары  арқылы мектеп оқушыларына тәрбие    берудің ғылыми- теориялық негіздерін анықтау;
  • дүние жүзіндегі музыкалық тәрбие және  халықтық  ой- сана  датыу    тәжірибелерін  уағыздап,  оларды  сұрыптап, оған   нақты ғылыми- тәжірибелік анықтама беру;
  • зерттеу жұмыстарының қортынды нәтижесін шығарып, мектеп қабырғасындағы  тәрбие  тұғыры   үлгілеріндегі      ерекше  танымдық –  сапалық,  тәрбиелік  маңызын  аша  отырып,     ғылыми- әдістемелік ұсыныстар беру.
  • Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері : жалпы ғылым, философия, музыкатану, музыкалы- психологиялық концепциялар, музыкалық  фольклор, музыкалық тәрбие,  соның  ішінде  өнер  мен  мәдениеттің  адамның  ой — өрісін  қалыптастырудағы  тиімдә  әрекеттерді   уағыздап,  біртұтас  жүйелі  ұйымдастыру  қағидаларын   қарастыру;

        Зерттеу әдістері : зерттеу мәселесі бойынша философиялық, музыкалы- педагогикалық,  музыкалық  фольклорлық   әдебиеттерге, тәрбие бағдарламаларына адами  өмір  тәжірибелеріне   музыкалық тәрбие,   үгіт – нгасихаттарына  ұстанымдарына талдау жасау, мектептің   оқу- тәрбие бағыттарын  байқау, оларды  сараптау, эксперимент  жұмыстарының  нәтижелерін бағалау, оларға өзіндік көз қарас пен тұжырымдама жасау.     

       Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңызы :

  • музыка тәрбиесіне жасалған  әдістер,  жалпы  әлемдегі  ұлттық  мәдени    ұстаным,  музыкалық  фольклор,  ұлттық  тәрбие тұрғысын талдау арқылы ой  өрісін  қалыптастыру  жағдайында  ғылыми- педагогикалық ұстанымдар анықталады;
  • республика,  әлемдегі  ұлттық  тәрбие,  музыкалық  тәрбие   арқылы  жастарды  адамгершілікке  тәрбиелеу  ұстанымы негізге алынады;
  • Қазақстанда осы ұлттық, музыкалық  тәрбие  көздерін  уағыздай    отырып,  жаңаша ұлттық мектептерге  тәрбие  жұмыстары  жасалғаны анықталады.
  • жалпы әлемдегі,  мемлекеттердегі  жалпы  халықтық  тәрбие  негіздері,  оны  қолданудың  тәсіл- амалдар түрі беріледі;
  • Қазақтың музыкалық  салт — дәстүрлері    және  оның  заманауи  жағдайлардағы  ой  өрісін  кеңейтуге болатын  іс — әрекеттері   сөзге тиек болады.

      Зерттеудің практикалық маңызы:

  • бұл жұмыстың зерттеу нәтижелерін тұжырымдай отырып, жалпы білім беретін мектептердің музыкалық тәрбие жұмыстары нәтижелеріне сараптама беруге болады;
  • заман талабына сай музыкалық тәрбие бағдарламасын жас  жеткіншектердің  ой  өрісін  дамытуға   септігін тигізеді;
  • ұлттық құндылықтарды  сақтап,  уағыздауды  оқытудың  әдіс- тәсілдерін үнемі жетілдіре отырып, инновациялық педагогикалық технологияны  меңгеруге болады;
  • мектеп оқушыларын жаңа тұрғыда қазақ    музыкалық  мәдениетімен    жас  ұрпақты  ұлтжанды  жан  етіп  тәрбиелеуге және  жаңаша   оқытудың теориялық тұжырымдары мен әдістемелер түрлерін мұғалімдердің білімін жетілдіру курстарына енгізуге тиімді.

        Зерттеу базасы :  Тәжірибелік- эксперимент жұмыстары  Жамбыл  облысы,  Жамбыл  ауданы,  Аса  аудан  орталығындағы  Б.Момышұлы  атындығы     мектебінде практикалық тәжірибе кезінде жүргізілді.

     Зерттеу кезеңдері :

1 кезеңде /2011, қыркүйек- желтоқсан айлары/  зерттеу мәселесі бойынша

педагогикалық , музыкалық, тарихи- анықтамалық, әдістемелік әдебиеттер мен материалдарға шолу, талдау жасалды, мектептегі мемлекеттік педагогикалық тәжірибе кезеңінде эксперименттік бақылау жұмыстары жүргізілді.

2 кезең /2012  қаңтар- мамыр айлары/ зерттеу тақырыбына  байланысты материалдар  қайта өңделіп, жұмыстың негізгі бөлімі, кіріспе, қортынды дайындалды.

         Дипломдық жұмыстың құрылымы :

 Дипломдық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлім, үш тараудан,

эксперименттік жұмыс нәтижелерінен, қорытынды, пайдаланған әдебиеттерден тұрады.

          Кіріспе бөлімінде зерттеу жұмыстарының көкейтестілігі, обьектісі, пәні, мақсаты, болжамы, міндеттері, әдістері, ғылыми жаңалығы мен теориялық маңызы, практикалық маңызы, базасы, кезеңдері, құрылымы қамтылады.

         Негізгі  бөлімнің  бірінші  тарауында   музыка  өнері  және  өткен  ғасырлардағы  жалпы  музыканың  өрбу  бағыттары,     ойлау  туралы  жалпы  ұғым,  ойлау  тәсілдері,  форма,  түсіну,  ойлау  саласындағы  дара айырмашылықтар, ойлаудың  адам  дүниетанымындағы  маңызы  және   оқушылардың  ақыл,   ой  өрісін —  дамыту    тәрбиесі  туралы  теориялық  анықтамалар  берілді. 

Бөлімнің екінші тарауында    мектеп  оқушыларымен   ойын  сабақ –    тәсілдері  арқылы  оқушылардың  түлғалық  ерекшеліктерін  ашу,  мектептің  сыныптан  тыс  ұжымдық  тәрбие  арқылы  оқушының  ой — өрісін  қалыптастыру   жолдарын   өнер  және   қазақ  мектептерінде    қолдану жайлы анықталған.

     Қорытындысында дипломдағы  музыка  өнері  жайлы,  оның  жас  ұрпақты  тәрбиелеуге  өзіндік  ықпалы ,   оқушылардың  ой – санасының  дамып,  қалыптасуына  қоршаған  ортаның,  мектеп  тәрбиесінің  дұрыс  жоспарлануы,  оқыту  мен  тәрбие  барысында         музыка  өнері  арқылы  ақыл – ой  мен  эмоция,  түйсіну,  сезіну  қасиеттерін  қалыптастырып,   музыкамен тәрбиелеу тәжірибелерін жинақтай келе,  әр түрлі тәрбие ұстанымдардын  қазіргі  өнер  және  жалпы  білім  беретін қазақ  мектептертің  оқыту – тәрбие  беру   талаптарына,  ұлттық  мәдениет,  дәстүрлер  арқылы  қарастырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    1.МУЗЫКА  ӨНЕРІ  ЖӘНЕ  ОНЫҢ  ТӘРБИЕЛІК  ТҰҒЫРЛАРЫ

          1.1. Музыка  және  қазақ  халқы,  өзге  де  халықтардың  адам   

                  тәрбиесі  үйлесімділігінің   теориясы  мен  практикасы.

 

Қазақтың  данышпан  ақыны  Абай  өзінің бір шығармасында ән  немесе өлең,  өмірде  бос  жүрмей  өнер  үйреніп,  ойлы  да  саналы  адами  өмір  сүру  керектігін,  «ойласаңшы!  деп   ой  тастау   жайында   былай деп жырға қосқан екен:

Туғанда дүние есігін ашады өлең,

Өлеңмен жер қойнына кірер денең.

Өмірдегі қызығың бәрі өлеңмен,

Ойласаңшы бос қақпай елең-селең!

          Музыка  адамның   сезімдеріне  жол  ашады,  қоршаған  адамдарды  түсінуге,  адамның  жер  бетінде  не  үшін  өмір  сүретіндігін,  өмірінің  мәнін бағамдауға  итермелейді,  ол —  табиғаттың  сұлулығына,  адамның  жан  дүниесіне  көңіл  аудара  білуге  көмектеседі,  кеудеңдегі  ауыртпалықтан  арылтады,  қандай  да  болмасын  жан  жарасын  жазады. Адамның  қиялына  қанат  бітіп,  бақыт  сезіміне  бөлейді,  адамның  жан  дүниесін  сауықтырады,  рухани  әлемін  байытады, 

 Музыка  адам баласының  көңіл  күйін  қалыпқа  келтіретін,  өзінің ішкі жан дүниесін тазартуға сенімді серігі еткендігі бәрімізге мәлім. Сондықтан да халықтың ертеден ән, өлең, күй өнерін ежелден құрметтеп, жадына  жақын ұстаған. Көңілінде жүрген көңіл таразысын ән-күйіне жүктеп, баласына деген аналардың жылы лебізді  әндерінен  бесік  жырлары, ғашығына арнаған ән — күйлерінен бақыт лебізді сұлу туындылар туған. Отанына арнаған ән-өлеңдерден шабытты шаттық, жігерлі, тек алға шақыратын  шадыманды  шығармалар  келді.

Ертеректе ән салып, күй тартпаған қазақ баласы болмаған. Қазақ даласы қаншалықты кең болса, қазақ баласының да әншілік диапазоны мол болған  деседі  бабаларымыз.  Ертедегі  Европа  халықтары  секілді   музыкалық сауатқа  оқымаса  да  Біржан Сал, Жаяу Мұса, Мұхит сынды өнері асқан ата-бабаларымыздың асқақтата салған ән туындылыры мен күйлерінің  өзі осы ойымызды  айқындай  түседі. Сондай – ақ  ұлы  ғұламалар музыка өнерін ұғына келе оның адам баласына тигізер әсерін ерекше бағалап, оған өзіндік  баға берген. Ұлы Абай «Ән, өлең — өмірімнің мәңгі серігі» десе, орыс  халқының  ұлы  компазиторы  М.И.Глинка «Музыка-менің жан дүнием» деген, ал немістің атақты компазиторы Р.Шуман «Музыка-сезімнің стенографиясы», Л.В.Бетховен «Жүректен-жүрекке» деген екен. [2]

       Жас  ұрпақ  тәрбиесі  ерте  заманның  өзінде ел зиялыларын ойландырған. Олар  тәрбие  мәселесіне  арнап көптеген құнды материалдарды  кейінгші  ұрпаққа  өсиет  етіп  қалдырды.  Мәселен, көне грек  математигі, философы  Пифагор  «Музыкасыз адам эстетикалық ләззәт ала  алмайды,  музыкасыз  өмір т олық  мағналы  болмайды» деген.  Сондай ақ адам баласының  даму процесін жан- жақты зерттеп жан мен тән мәселесіне  өз дәрежесінде  шешуге ұмтылған Сокарт, Платон Аристотельдер «Жаман қылықтарды адам баласы көбінесе білместіктен жасайды», себебі адам дүниеге  келген  мезетте  өте  момақан  болып т уылады»  деген  ойды  айтып, адам  міндетті  түрде  білім  алып,  жетілу қажеттігін  пайымдайды.  Әбу  Насыр Әл Фарабидің «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, өйткені тәрбиесіз берілген білім адамзаттыңқас  дауы, ол  келешекте  оның  өміріне апат әкеледі»  деп  ескертуі  әбден  орынды. [3]

Тарихта  тұңыш рет көне Гректер  гармониялық және жан жақты тәрбие принципіе құрылған  тәрбие теориясын жасаған. Бұл принциптер Платон мен Аристотельсаяси этикалық трактатында дамыды. Афина білім беру жүйесіндегі  мектептердің  мақсаты жастардың жаны мен тән күштерінің гармониялық дамуына бағытталды. Адамды жан- жақты және гармониялық  даму көнегек өнерлерінің негізгі тақырыбы. «Әзіл ысқақ атасы»  Аристофан, мемлекеттің таңдамалы азаматтарын ерекшелендіре отырып, халық басында музыкалық білімді /мусические/  «музыка, хормен және  палестрах  тәрбиеленген  адам  ғана  болуы  тиіс  деген.  Ал  музыкалық білімді дегеніміз не? «мусике»/муза өнері/  деген сөз нені түсіндіреді?  Ол — әдебиет, ғылым, өнер салаларын музаға жатқызған. Гректер мусикалық білімге ерекше көңіл бөлгені батырлардың ерліктерін паш етіп, ұлы адамдардың ақыл-кеңестерімен этикалық қасиеттерін дарытқамен ғана емес, сондай ақ  музыкалық ырғақ мен гармония: қимылының икемділігі, ой,түйсігінің түзулігі, әрекеттеріндегі белсенді эмоциясы.

Платон музыкалық аспаптарды ойнау орталарын да үлкен талғампаздық пен қараған: қалада лира мен кифара, ал ауылды жерлерде сыбызғы. Оларды қолданудың дұрыс бағытына ерекше көңіл бөлуі -музыкадағы әуен, ырғақ ригоризмінің себептері, олардың  жоғары рухани және  кері  әсер  ету  қасеттерін  анықтаған. Гректер әрқашан сөз бен музыканың  өзара  қатынасына  көңіл  аударған.  Платон  екі  музды  қарама қарсы  қояды: «осылардың біреуі музыкамен  тәрбиеленген    адамдарды жақсартады,   ал  енді  біреуі  бұзады.

        Ал  Аристотель де музыканы тәрбие құралы деп  таниды, ал Аристотельдің   өзіндік  ой  түйіні  бойынша  ол адамның психикасы, этикасы,  моральдық  қасиеттеріне де  әсері бар екендігін айтқан. Платон секілді , Аристотель  де  музыкалық аспаптар мен ладтарға да қатал таңдаулар  жасаған.  Ол  ладтарды этикалық (адамның моральдық қасиеттеріне әсері),  практикалық  (әрекеттерге ерік беруші), және энтузиастық ( шаттандыратын)  деп  бөлген. Осылайша қай ғасырда болмасын  музыкалық  тәрбие  теориясы  мен практикасы  адамның өмір сүру  барысында  дамып,  жетілді.[4]

Сәби дүниеге келгеннен бастап, музыка өнерінің қоршауында болып дами бастайды.Музыка арқылы баланың эмоциялық ерекше сезімі, ішкі рухани көркемдік әлемі қалыптасады. Музыкалық тәрбие мақсаты, жүйелі түрде адамның музыкалық мәдениетін, дағдыларын, музыканың  терең  мәнін,  мазмұнын  түсініп  қабылдай  алатын тәжірибені жаңа қоғам ұрпағына жеткізетін, адамзат дамуындағы ерекше тәрбиеге жатады. Музыкалық білім беру – оқушыларға арнайы музыкалық жүйелі білім, дағдыларды, музыкалық іс-әрекеттерді қалыптастыратын күрделі үрдіс. Музыкалық тәрбие жалпы білім беретін мектептерде ән айту, музыкалық шығарма тыңдату, хор айту,  музыкалық сауат ашу, балалар музыкалық аспаптарында  ойнау т.б. іс — әрекеттер арқылы жүзеге асырылады.

Қазіргі  кезеңде  музыка  өнеріне  деген  сұраныс  өте жоғары  әсіресе жас буынның осы өнер түрін ерекше  қабылдайтынын жүргізілген  зерттеу нәтижелері  дәлелдеп  отыр.  Бірақ  олардың  қандай   музыка  тыңдайтынына назар  аударуымыз  қажет.  Әрине әр тыңдаушының өзінің қалайтын музыкасы  бар, негізінен  жалпыға  түсінікті музыканы немесе поп –музыканы тыңдайды. Ал классикалық, халық музыкасын тыңдау, оның ерекшеліктерін терең игере білу жаңа заман оқушысының назарыныан тыс қалып бара жатыр.  Жалпы  білім  беретін  музыка   сабағының  және  музыкалық  тәрбие  беру  үрдісінің    негізгі міндеті –  оқушыға кешегі, бүгінгі және ертеңгі  туған  түрлі  жанрлардағы  музыканы  дұрыс қабылдап,  үйреніп,  өзін — өзі,  немесе  ұстаздың  тәрбие  көздерін  таңдап,  бағыт  беру  болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2.Ойлау  туралы  жалпы  ұғым.

  1. /Қ.Жарықбаев. Психология. Алматы,»Білім», 1993

          Сыртқы  дүниені  толық  тануға  түйсік,  қабылдау,  елестер  жеткіліксіз  болады.  Біз  біле  алмайтын  заттар  мен  құбылыстарды  тек  ойлау  арқылы  ғана  біле  аламыз.  Түйсік,  қабылдау  процестерінде  сыртқы  дүниенің  заттары  мен  құбылыстары  жайлы  қарапайым  қорытындылар  жасалады.  Олар  қатынастар  мен  байланыстарын  толығымен  ашып  бере  алмайды.  Ал  адамның  ой — өрісі  әсіресе  түрлі  мәселелерді  бір – біріне  жанастыра  отырып  шешуде  өте  жақсы  көрінеді.

Ойлау  дегеніміз —  сыртқы  дүние  заттары  мен  құбылыстарының  байланыс – қатынастарының  миымызда  жалпылай  және  жанама  түрде  сөз  арқылы  бейнеленуі.

Ойлау  қабылдау,  елестермен  тығыз  байланысты.  Түйсік  пен  қабылдау  танымның  бірінші  баспалдағы  болғандықтан,  олардан  тыс  ешбір  ойлау  деген  болмайды.  Ойлау —   сезім  мүшелері  арқылы  алынған  мәліметтерді  өңдейді.  Елестерде  таным  мүмкіндігі  ойлаудан  әлдеқайда  төмен.  Ойлаудың  қамтитын  шеңбері  өте  кең.

Адамның  ойы  әрқашан  сөз  арқылы  білдіріледі.  Адамдар  бір – біріне  дауыстап  сөйлеп  пікірін  білдіреді.  Ал  ой  толық  сөз  кезінде  ғана  айқындалып,  дәлелдене  түседі.  Ой – сыртқы  дүниені  бейнелеудің  ең  жоғарғы  формасы,  ал  сөз – ойды  басқа  ададмдарға  жеткізетін  құрал.

Ойдың  сөз  арқылы  бейнеленуі  арқылы  адамдар  өздерінен  бұрын  өмір  сүрген  ата – бабаларымыздың   жинаған  тәжірибе  мен  білмді  сақтап  қала  алды  және  ойды  өмір  сүру  барысында  одан  әрі  жақсатрту  мақсаттарына  пайдаланды. 

          Бала  тілі  шықпай  тұрып  ақ  ойлай  алады.  Сәби  айналасындағы  дүниені  бірінші  сигнал   жүйесінің  қызметі  арқылы  танып  біледі.  Баланың  тілі  шығып,  сөз  арқылы  үлкендермен  қарым – қатынасқа  түскендн  ғана  оның  ойлау  шеңбері  кеңейе   түседі.

          Сөз  бен  ойлаудың  бірлестігі  алғашқы  адамдардың  психикасында  үлкен  орын  алған.  Сөзбен  ойлаудың  арқасында  ғана  бірінің  білмегенін  екіншісі  біліп,  ақыл – ойын  молайта  түсті. 

          Тіл  мен  ойдың  бір – бірімен  тығыз  байланыста  болатындығын  ерте  кездің  өзінде  ақ  байқаған.  Оған  қазақ  халқының  «Ішімдегінің  бәрі  тілімде,  тілімдегінің  бәрі  түсімде»  деген  мақалы  адамның  басындағы  ойы  тілінен  көрінетіндігін,  ал  тілдің  өзі  адам  психикасын  байқататын  тамаша  құрал  екендігін  жақсы  көрсетеді.  Осылайша,  ойдың  дамуы  аадмның  нақтылы  іс — әрекетіне  байланысты  болуымен  қатар,  оның  сөйлей  білу  мәдениетін  меңгеруімен  де  тығыз  байланысты.

          Сөйлеумен  тығыз  байланысты  жүріп  отыратын  ойлау  процесі  тек  адам  баласының  психикасына  ғана  тән  процесс  болып  табылады.

          Адам   ойлауының  эволюциялық  даму  жолы  өте  ұзақ.  Ойлаудың  ішкі  мазмұны,  қоғам  дамуымен  бірге  өзгеріп  отырады.  Неғұрлым  қоғам  ілгері  дамып  ғылымы  мен  техникасы  өскен  сайын  жаңа  ұғымдар  пайда  болып,  қалыптасады,  ал  бұрынғылар  ескіріп  отырады.  Мысалы,  бұрын  атом  бөлінбейді  деп  келсе,  енді  қазіргі  ғ,ыыылым  атом  ядросын  сансыз  бөлшектерге  бөліп  отыр.

          Адам  сыртқы  дүние  құбылыстарының  сырын  көбірек  білген  сайын,  оның  ойлауы  да  жетіле  түседі,  қазір  ойлаудың  практикалық  әрекетпен  байланысқан  сан – салалы  түрері  пайда  болды.  Адамдар  өз  ойлауларының  ақиқаттығын,  шындығы  мен  құдіреттілігін,  өмірге  жарасымдылығын  практика  жүзінде  дәлелдеуге  тиіс. Осылайша  ойлау  амалдары  мен  логикалық  операциялар,  оларды  орындаудың  ережелері  мен  жүйесінің  пайда  болуы – адам  ойлауының  зор  табысқа  жетуінің,  тарихи  дамуының  нәтижесі  болып  табылады. 

          Ойлаудың  заңдылықтары  мен  ережелері  сансыз  қайталау  мен  тәжірибеде  оның  бірнеше  тексерілулерінң  нәтижесінде  адам  санасында  бекіп,  зор  шындыққа  айналып  отыр.

          Ойлау – адамның  сыртқы  дүниемен  қарым – қатынас  жасау  нәтижесінде  туындап  отыр.  Адам  ойлауының  мазмұнын  билейтін – обьективтік  шындық,  ол  адамның  алдына  мақсат  қойып,  оны  шешуге  ұмтылдыратын   — оның  қажеттілігі.

          Соған  қарамастан,  ойлау — өзіндік  ішкі  қарама – қарсы  қайшылықтарға  толы  процесс.  Бұл  оның  дамуының  және  іске  асыруының  қозғаушы  күштері  болып  табылады.  Ойлаудың  пайда  болуында  жаңа,  белгісіз нәрселерге  зер  салып,  қызығудың да  маңызы  зор.  Белгісіз,  түсініксіз  нәрсені  білуге  деген  ынтазарлық,  түрлі  сұрақтарға  жауап  іздеп,  ой  әрекетімен  шұғылдануға  адамды  итермелейді,  ал  ойлау  болса – сұраққа  жауап  қайтарудан,  мәселені  шешуден,  огның  мән – мағнасын  түсіне  білуден  жақсы  байқалады.  Мәселен,  «Сырдария  арал  теңізіне құяды»  деген  сөйлемде  ой  туғызатындай  түрткі  жоқ.  Бұл  жерде  біреулерден  естіген,  немесе  көріп  келген  мағлұматтарды  жәй  ғана  қайталау  болып  тұр.  Ал  құбылысты  немесе  заттарды  тұспалдап  айтатын  жұмбақтардан,  айтыс  өнерінен – ой  өрісінің  небір  керемет  көріністерін  байқауға  болады. 

          Адам  әрқашан  алдына  мақсат – міндеттер  қоя  білуі  қажет.  Өмір  тәжірибесі  мен  білімі  жеткілікті  адам  алда  тұрған  міндеттерді  тез  байқайды  да,  оған  мәселе  қоя  біледі,  ой  өрісінің  бағытын  байқайды.  Осыдан  барып  қойған  мәселені  шешу,  ойлаудың  негізгі  кезеңі  басталады.  Бұл  адам  психолгиясында  ерекше  әсер  ететін  өзекті,  аса  маңызды  кезең  болып  табылады.  Ойдың  кейде  шындықтан  «ауытқитын  кездері  де  болады».  Бұл  адамдарды  шындықтағы  құбылыстар  жөнінде  қате  көзқарасқа,  теріс  пікірлерге  де  алып  келеді.  Қоғамдық  тәжірибенің,  адам  танымының  тарихи  дамуының  барысында  ғана    бұлар  біртіндеп,  түзетіліп  отырлады.  Түйсік  пен  қабылдауға  қарағанда  ойлауда  қателесу  жағдайы  болады.  Дегенімен,  ойлау  құбылыстарынынң  мәнін  екі  жақтан  (теория  мен  тәжірибе)  бірден  қарастырып,  тереңірек  біліп  отыратындықтапн,  қабылдау  мен  елестетуге  қарағанда  әлде  қайда  жоғары  болады.  Сөйтіп,  ойлау – сыртқы  дүниені  мида  бейнелеудің  ең  жоғарғы  формасы  болып  табылады.

          Заман келе – келе  ғылыми – техникалық  прогресс  «ойлайтын»  машиналарды  дүниеге  келтірді.  Қазіргі  заманымыздағы  есептегіш  машиналар  (оларды  «ойлайтын машиналар»  деп  те  ататйды)  өз  жұмысының  нәтижесін  бағалай  алады,  жоспарлаған  жұмыстарды  үйрене  де,  оны  жақсартуға  да  шамасы  келеді.  Қазір  машиналар  тексті  бір  тілден  екінші  тілге  де  аудара  алады,  сөйленіп  тұрған  сөзді  машина  тіліне,  яғни  «кодқа»  айналдырады.  Ондай  машиналар  дойбы,  шахмат  та  «ойнайды».  Олар  адамды  ұтым  кетуі  де  жаңалық  емес,  дегенімен  оқып  үйрену  қабілеті  жөнінен  адамнан  машина  аса  алмайды.  Машинаға  қарағанда  адамның  оқып,  үйренуі  әлдеқайда  жеңіл  және  жылдам.  Машинаның  алдына  тиісті  міндет қойып,  оған  жоспар  беретін – адам.  Ол  үшін  адамға  мол  білім  қажет.  Машинадан  «ақыл»  үйренуге  болмайды.  Машинаның  құндылығы – адамның  оны  дұрыс  пайдалана  білуінде.  Ол  үшін:

  1. Адам өзінің  ойлауын  үнемі  жетілдіріп  отыруы  тиіс;
  2. Машина да  адамның  ойлау  қабілетінің  дами  түсуіне  септігін  тигізеді;
  3. Адамның психикасының  «шыныға»  түсуіне  жағдай  жасайды;
  4. Адам – машинаға тәуелді  болып  қалмау.

Ойлау – аса  күрделі  психикалық  процесс. Бұл  жерде  логика  мен  психологияның  орны  ерекше.  Осы  екі  ғылымның  ойды  зерттеудегі  әдіс – тәсілдерінде  де  өзіндік  айырмашылықтар  бар.  Мәселен,  психология  мынаны  қарастырады:

  • түрлі жас  мөлшеріндегілердің  адам  ойының  пайда  болу,  даму,  

    қалыптасу  жолдары;

  • жеке адамның  ойлау  ерекшеліктерінің  заңдылықтарын  қарастырады.

          Ал  логика  болса:

  • бүкіл  адамзатқа  ортақ  ой  әрекетінің  заңдары  мен  формаларын  

         айқындайды;  

  • адам  ойының  нақты  нәтижесі  болып  табылатын: —   ұғым,  пікір,  

         дәлел,  — ой  формаларының  табиғатын  зерттейді.  

Осылайша  бұл  екеуі  бірін – бірі  толықтырып,  ой  мәдениетінің   арта  түсуіне  көп  пайдасын  тигізеді. 

          Ойлаудың  физиологиялық  негіздері  И.П.Павловтың  бірінші  және  екінші  сигнал  жүйесі  жөніндегі  іліміне  байланысты  түсіндіріледі.  Ойлау – ми  қабығының  күрделі  формадағы  анализдік – синтездік  қызметінің  нәтижесі,  мұнда  екінші  сигнал  жүйесінің  уақытша  нерв  байланыстары  жетекші  роль  атқарады.  Бірінші  сигнал  жүйесіндегі  реакциялар  нақты  құбылыстарға  байланысты  туса,  онда  екінші  сигнал  жүйесі  оларды  жалпылай  жайғап    отырады.

 

 

 

                                                   Ойлау  тәсілдері

          Ойлау  әрқашан  анализ  бен  синтез  процестерімен  байланысты.  Ойлау  түйсік  пен  қабылдаудағы  анализ  бен  синтез  жаңа  мазмұнға  ие  болған  түрі.  Анализ  дегеніміз ой  арқылы  түрлі  заттар  мен  құбылыстардың  мәнді  жақтарын  жеке  бөлектерге  бөлу .Синтезде – ой  арқылы  құбылыстың  барлық  элементтербіріктіріледі.  Анализ  бен  синтез  бір – бірімен  тығыз  байланысты,  бірінсіз  бірі  болмайтын  құбылыс.  Мәселен,   мылтықты  жеке  бөліктерге  ажыратсақ,  бұл –  анализ (талдау)  болады  да,  ал  оны  тәртіппен  құрастырсақ, — синтез  (топтастыру)  болады.  Осы  анализ  бен  синтез  негізінде  салыстыру  деп  аталатын  ой  операциясы  пайда  болады.  Салыстыруда  заттардың  ұқсастық  және  айырмашылық  қасиеттері  айқындалады.  Ойлау  операциясының  күрделі  түрі – абстракция  мен  жалпылау.

          Абстракция  дегенімізшындықтағы  заттар  мен  құбылыстарды  жалпылау  арқылы  оның  елеулі  қасиеттерін  басқа  қасиеттерімен  ойша  бөліп  алуды  атаймыз.  Мысалы,  бор,  қар,  қант  секілді  заттардың  ортақ  қасиеті  ретінде  «ақшыл»  деген  сөзді  алсақ,  бұл  абстракциялық  ұғымға  жатады.

Абстракциялға  қарама – қарсы  процесті  нақтылау  деп  ататймыз.  Ал, нақтылау – жеке  ұғымсдарм ен  түсіндіру,  жеке  заттар  мен  нәрселер  туралы  ой.Нақтылау  абстракцияға  қарағанда  ұғымды  көрнекті  етіп  түсіндіруге  мүмкіндік  береді.  Жеке  мысалдар,  көрнекті  құрал – нақтылаудың  формалары. 

Жалпылау  дегеніміз – бір  текті  заттардың,  құбылыстардың  ортақ  қасиеттерін  оймен  біріктіру.  Жалпылау  тәсілі  бізге  сыртқы  дүние  заттарының  мәнді  белгілерін  ажырата  алуға  жәрдем  береді.  Мысалы,  алма,  өрік,  алмұрт,  мейіз  т.б.  ұқсас  белгілері  жиналып,  «жеміс»  деген  ұғымды  береді.

Жалпылау  арқылы  шындықтағы  заттар  мен  құбылыстарды  белгілі  принцип  бойынша  орналастыруды – жүйелеу  (систематизация),  ал  жүйелеудің  жоғары  түрі – классификация.  Мәселен,  жануарлар – типке,  типтен – класқа,  кластан – отрядқа,  отрядтан – отбасыға,  отбасыдан – текке,  тектен – түрге  т.б.  болып  жүйеленеді.

                               Ойлау  формалары

Ойлау —  ой  операциясымен  қатар,  ой  формаларынан  да  тұрады.  Ойдың  бастапқы  формасы  болып – ұғым  тұрады.

Ұғым  дегеніміз – заттар  мен  құбылыстар  туралы  ой.  Ұғымдар  арқылы  адам  танымының  ұзақ  процесінің  нәтижесі  қорытылады.  Адамның  ұғымы  мәңгі  қозғалып  түрады.  Бірі  екіншісіне  құйылып  отырады,  мұнсыз  олар  нағыз  өмірді  көрсетпейді.  Ұғым  дара  және  жалпы  болып  бөлінеді.  Мәселен,  «Тараз»,  А.Әшімов»  дара  ұғым  болса,  ал  «адам»,  «жұлдыз»  жалпы  ұғым.  Ұғым  болу  үшін  ойлау  тәсілін  меңгере  білу  керек.  Ұғым  заттардың  өзіндік  қасиеттері  ғана  көрінбейді,  олардың  бір – бірімен  байланыстары  мен қарым – қатынастары  бейнеленіп  отырады.  Мәселен,  жоғары – төмен,  жақын – алыс  секілді  нақтылы  заттардың  өзара  байланысын  оқушы  қиналмай  ұғады.

Пікір – бір  зат  туралы  мақұлдау  немесе  оны  бекерге  шығаруда  көрінетін  ойлаудың  формасы.   Мысалы, «Асан  бүгін  неге    сабаққа  келмей  қалды ?»  деп  мұғалім  кезекшіден  сұрайтын  болса,  ,  «ауырып  қалды»  деп  біреуі  жауап  береді.  Ал  енді  біреулері  жорамал  пікір  айтуға  тырысады.  Бірақ  олар  өз  пікірлерін  дәлелдеп  жатуды  мақсат  етпейді.  Төртінші  сыныптан  бастап  өз  пікірлерін  жан – жақты  дәлелдей  алады. 

Ойлаудың  күрделі  формаларының  бірі – ой  қорытындылары.

 Ой  қорытындылары  дегеніміз – бірнреше  пікірлерден  жаңа  бір  пікір  шығару  тәсілі.  Қорытынды  пікір  шығару  үшін  оны  белгілі  тәртіпке  бір – бірімен  байланыстыруымыз  керек.  Қатар  тұрған  кездейсоқ  пікірлерден  қорытынды  шықпайды.

          Ой   қорытындысы  үшке  бөлінеді:

  1. Дедукциялық;
  2. Индукциялық;
  3. Аналогиялық болып.

Дедукциялық  дегеніміз – жалпыдан  жекеге  қарай  жұретін  ой  қорытындысы.  Мәселен,  біз  тірі  организмдер  оттегі  жоқ  жерде  тіршілік  ете  алмайды,  ал  балық  тірі  организмнің  бірі  десек,  онда,    балық   оттегі  жоқ  жерде  тіршілік  ете  алмайды  деген  қорытындығы  келеміз.

     Индукция – жалпыдан  жекеге  қарай  жасалатын  ой  қорытындысы.  Оған  мысал,  оттегі  болмаған  ауада  өсімдік,  жануарлар,  адамдар  да  тіршілік  ете  алмайды  десек,  осы  айтылғандардан  жалпылама – «оттегі  жоқ  ауада  «барлық  тірі  организмдер  тіршілік  етет  алмайды!»  деген  қорытындыға  келеміз. 

     Аналогия  дегеніміз – ұқсастық  бойынша  ой  қорытындыларын  жасау.  Мәселен,  И.Ньютон  бүкіл  әлемдік  тартылыс  заңын  тапқанда,  ой  қорытындысының  осы  түріне  сүйенді.

                       Түсіну – ойлаудың  негізгі  белгісі

Түсіну  арқылы  ғана  біз  айналамыздағы  заттардың  себеп – салдарлы  байланыстарын,  бір – біріне  тәуелділігінің  шығу  тегі  мен  даму  жолын  ажыратамыз.  Түсінудің  басы – заттар  мен  құбылыстарды  көріп,  білуден  басталады  және  күрделі  ой  жұмысын  қажет  етеді.  «Бұл  не  нәрсе?»  деп  сұрау,  түсінудің  қарапайым  формасы.

     Ал  түсіну  сөз  арқылы  берілетіндіктен,  түрлі  формаларда  тұжырымдалады.  Оның  түрлі  болып  келуі  аадамның  алдына  қойған  мақсатына,  жеке  психологиялық  ерекшеліктеріне,  солд  адамның  сөзі  мен  ісіне  байланысты.  Бір  нәрсені  дұрыс  түсінгендіктің  көрінісі – сол  материалды  өз  сөзімен  түсіндіріп  айтып,  іс  жүзінде  орындапе  көрсету  болып  атбылады.

Түсінк  екіге  бөлінеді:

  1. Тікелей түсіну;
  2. Жанама түсіну.

Тікелей  түсіну – ол қабылдау,  яғни  өзімізге  жақсы  таныс  сөз,  сөйлемдер,  құбылыстар,  адамдардың  қылықтары  т.б.

Жанама  түсіну – ой  операциясын  қажет  ететін  белгісіз  нәрсені  анық,  айқын  етіп  бейнелеуде  бірнеше  ой  түйіндерін  талап  ететін  процесс.   Жанама  түсіну  — жаңак  затты,  құбылысты   белгілі  ұғымға  жанастыра  барып  түсіну  деген  сөз. 

     Ойлау  дегеніміздің  өзі  мәселені  шешу,  оның  мәнісіне  түсіне  білу  деген  сөз.  Түсіну  үшін  оны  алдымен  жан – жағынан  жақсылап  қабылдап  алу  қажет.  Бір  нәрсенің  мәнін  түсіну  үшін  жәй  тану  жеткіліксіз, оған  қосма,  оның  себебін,  яғнинеліктен  осылай  болып  тұрғанын  білу  керек.

                   Ойлау  саласындағы  дара  айырмашылықтар

     Ойлауына  тән  адам  жалпы  заңдылықтар  болганымен,  әр  жеке  адамның  ойлауда  ерекшеліктері  дара  болады. Әрбір  адам  бір – бірінен  саналарымен  ажыратылады:

  • ойының кеңдігі  немесе  тарлығы;
  • орамдылығы  немесе  ұшқырлығы;
  • дербестігі, логикалық  жүйелілігі,  сыншылдығы.

Ой  өрісінің  кеңдігінееркін ойлайды, мәселені түрлі  әдістермен  шешеді.  Мақала  «Ой  ойласаң  тең  ойла,  тең  ойласаң  кең  ойла»   

Ой  өрісі  тарлығы —   мәселе  шешеуге  шорқақ,  ойға  шабан,  батылсыз,  ой  әрекетін  іске  асыра  алмайтын  енжар  адам.

Ойдың  ұшқырлығы – ойы  сергек  және  белсенді,  асып, саспайды  және  жағдаймен  санасады.

Ойдың  асығыстық  түрі – ауырдың  үстімен,  жекілдің  астымен,  дайын  тұжырымға  жармасқыш,  мәселені  үстірт  шешуге  бейім.

Ойсыз  өмір  кешетіндерге  Абай  былай  деген:

Басында  ми  жоқ,  өзінде  ой  жоқ,

Күлкішіл  кердең  наданның.

Көп  айтса  көнді,

Жұрт  айтса  болды,

Әдеті   надан  адамның.     [5]

«Ақылды  адам —   қателеспейтін  адам  емес,  ондай  адам  болмайды,  болуы  да  мүмкін  емес,  ол  адам  пәлендей  мәнді  емес  қателер  жіберіп,  ол  қателерді  оңай,  тез  түзете  білетін  адамды  айтамыз», — деген  екен В.И.Ленин.  [6]

                    Ойлаудың  дамуы  мен  оны  қалыптастыру

Ойлау  баланың  сыртқы  ортамен  белсенді  қарым – қатынас  жасауының  нәтижесінде,  өмір  тәжірибесімен  қосақталып  дамып  отырады.  Тілдің  шығуы  бала  ойлауының  елеулі  кезеңі  болып  табылады.  Мектепке  дейін  ойлау  бейнелі  болып  келеді.  Мектептегі  оқу  процесі  баланың  ойлауын шешуші роль  атқарады.  Бала  ойлауын  дамытуға  мұғалім  тиісті  жұмыс  жүргізіп  отыруы  тиіс:

  1. Балалардың белгілі  ережелер  жәнінде  өз  бетінше қортынды  жасай  алуға  үйрету  үшін  мұғалім  сабақта  эвристикалық  (гр – табамын)әдісті  жиі  пайдаланып  отыруы  тиіс.  Оқу  материалдарының  жас  ерекшеліктеріне,  оқу  қабілетіне  сай  келсе. 
  2. Сөйлеу қабілетін  дамыту – баланың  ойлануына  әсері  тиеді;
  3. Ойлау – қабылдау мен  елесетердің  негізінде  жасалады. 
  4. Ойланып оқуға  оқушыны  бағыттап  отыру.
  5. Оқушыларды өз  бетінше  жасаған  ой  операцияларының  дұрыс – бұрыстығын  тексеріп,  оны  түрлі  жолдармен  шешуге бағыттап  оытру  (есептер  шығару,  мысалдар  құрастыру,  шығармалар  жаздыру);
  6. Ойлауды тәрбиелеу – бала  психологиясын  жан – жақты  дамытумен  тығыз  ұштастыру.  Білуге  құмарлығын,  тануға  қызығулары,  көзқарас,  сенімін  тәрбиелеу.                       

 

                    Ойлаудың  адам  дүниетанымындағы  маңызы

 

     Адамның  өз  өмір – тіршілігі  мен  күнделікті  іс — әрекетінде  әр  алуан  мәселелердішешіп  отыруына  тура  келеді.  Осындай  мәселелер  мен  күрделі  істерді  шешу  жолында  кездесіп  отыратын  қиыншылықтар  қоршаған  ортамызда  бізге  әлі  де  беймәлім  құбылыстар  мен  сыры  ашылмаған  нәрселердің  көп  екендігін  көрсетеді.  Соған  орай,  біз  дүниенің  сыр – сипатын  ұғыну  үшін  заттар  мен  құбылыстардың  өзара  қатынастарының  құпиясын  тереңірек  білуді,  оларды  ашып  көрсетуді  мақсат  етеміз.  Міне,  осындай  мақсат – мүдделерге  жету  жолында  әрбір  адам  өзінің  іс — әрекетінде  заттар  мен  құбылыстардың  белгісіз  қасиеттерін,  ерекшеліктерін  кездестіріп  отырады,  өзінің  бұрынғы  тәжірибесі  мен  білімінің,  шама – шарқының  жеткіліксіздігін  ааңғарады,  өйткені  әлем  сексіз,  соған  орай  дүниені  танып  білу  де  шексіз.  Адамның  ойы  сол  шексіз  әлемдегі  нәрселердің  сырын,  құпиясын  білуге  бағытталады.  Әрбір  адам  ойланып,  толғанғанда  өзіне  беймәлім  нәрселердің  сырын  ашып,  жаңалықты  біледі.  Мысалы,  оқушы  оқу  материалының  мәнін  түсініп,  есеп  шығаратын  болса,  мұның  өзі  оған  жаңалық  ашқандай  болып  көрінеді.

     Сонымен,  ойлау  дегеніміз — әлеуметтік  жағдаймен  ұштасқан,  тілмен  тығыз  байланысты  психикалық  прогресс,  сол  арқылы  болмыстың,  дүниедегі  нәрселердің  жалпы  және  жанама  бейнеленуі.  Бұл  бейнелену  адам  ойының  талдау  мен  біріктіру  әрекеттері  арқылы  танылады.  Бір  сөзбен  айтқанда,  ойлау – сыртқы  дүниедегі  болмыстың  жалпы  жанама  жолымен  біздің  санамыздағы  ең  биік  сатыдағы  бейнесі.  Ойлау  адамның  өмір  тәжірибесі  мен  практиикалық  іс — әрекеттері  нәтижесінде  пайда  болып,  тікелей  сезім  процесінің  шеңберінен  әлдеқайда  асып  түседі.

 

     Ойлау  процесінің  психологиялық  және  логикалық  астарлары

          Адамның  дүниетанымы  қоғамдық – тарихи  даму  нәтижесінде  өрістейді.  Ол  табиғатқа  әсер  етіп,  қоғамды  өзінің  белсенді  әрекетімен  байытады.  Сөйтіп,  адамзаттың  ғылыми  білімі  дамып,  белгілі  бір  жүйеге  түседі.  Басқаша  айтқанда,  танып  білу  процесінде  тіл  арқылы  жинақталып  қорытылған  білімі  мен  оның  нәтижелері  жүйеленіп,  ғылым  салаларына  бөліеді.  Мысалы:  физика,  химия,  биология,  тарих,  социология,  психология  т.б.  Танымдық  процестердің  осы  тарихи  дамуы  және  олардың  ғылым  жүйелеріне  жіктеліп  бөлінуі  дүниетану  теориясын  немесе  гносеологияны  құрайды.  Гносеология – философия  мен  логиканың  дүниетану  теориясын  құрайтын  құрамдас  бөлігі,  танып  білудің  теориялық  негізі.

          Таным  теориясы – гносеология – философиялық  пән.  Ол  дүниетанудың  жалпы  заңдылықтарын  зерттейді.  Адамзат  тарихының  дамуында  қалыптасқан  «болмыс»,  «материя»,  «сана»,  «сан»,  «тартылыс»  тәрізді  басқа  да  үғымы  кең  категорияларды  қарастырады.  Осындай  таным  теолриясы  мен  философиялық  принциптерге  негізделетін  ойлау  процесі  өзара  байланысты  және  бір – бірін  толықтырып  оытратын  жеке  ғылыми  пәндер – формальдық  логика  мен  психология  арқылы  да  зерттеледі. 

          Логика  ғылымы – ойлаудың  фолрмаларының,  ұғымдар  мен  пікірлерді,  ой  қорытындыларын  және  ойлау  заңдарын  зерттейді.

          Ұғым – болмыстағы  нәрселер  мен  құбылыстардың  жалпымәнді  және  өзіндік  белгі – қасиеттерін  бейнелейтін  ойлау  формасы.  Мысалы,  «адам»  деген   ұғымның  мәні  оның  өндіріс  құралдарын  жасап  шығаратын  қабілеті  бар,  дыбысты  тіл  арқылы  сөйлейтін  ақыл  иесі  екендігін  білдіреді.  Ал  «емтижан»  деген  ұғымның  мәнісі – білімгерлердің  білім  деңгейін  анықтап,  олардың  дәрежесін  тиісті  белгілермен  анықтайтын  оқу  процесі.  Ұғымдардың  мазмұны  пікірлер  арқылы  ашылады.  Мұнда  нәрсе  мен  оның  қасиет – белгілері  арасындағы  байланыстар  ашып  көрсетіледі.  Мысалы,  металдарды  қыздырса,  олардың  көлемі  ұлғаяды.  Біз  пікірдің  формуласын – S  дегеніміз  P,  не  S  дегеніміз  P  емес  деп  жазып  көрсетеміз.  Пікірлер  сапаларына  қарай:

а)  қостаушы;

ә)  терістеуші —   болады. 

Мәселен,  Жер  Күнді  айналады —  S  дегеніміз  P;  Су  металл  емес —  S  дегеніміз  P  емес.  Пікірлер:

а)  ақиқат;

ә) жалған —   болып  келеді.

          Астана – Қазақстанның  астанасы  (S  дегеніміз  P).  Пікірлер  сан  жөнінен  жалпы,  ішінара,  дара  болып  келеді.  Сапа  мен  сан  жағынан  біріктіріп,  оларды  мынадай  таңбалармен  белгілейміз:  А,  Е,  І  О.Пікірлер  екі  түрлі  тәсілмен  құралады: 

а)  Тікелей  қабылдау  арқылы  құралатын  пікірлер.  Мысалы,  «Мына  бала  сабақты  нашар  даярлады». 

ә)  Жанама  жолмен  ой  қорытындысы,  ой  талқысы  арқылы  жасалған  пікірлер.  Логика  ғылымында  пікірлер  бұдан  басқа  да  негіздерге  сүйене  отырып,  түрлі – түрлі  болып  келеді.

          Ой  қорытындылары  бойынша  алғышарттар  негізінде  ұғымдар  мен  пікірлер  байланысынан  жаңа  пікірлер  аламыз  не  ой  ой  қортындысын  шығарамыз.  Мәселен,  үлкен  алғы  шарт:  Барлық  металлдар  электр  тоғын  өткізеді;  кіші  алғы  шарт:  ой  қорытындыларының  мынадай  үш  түрін  ажыратамыз:

  1. Дедукциялық ой  қорытындысы.  Оған  металдардың  электр  тоғын  өткізетіні  туралы  жоғарыдағы  мысаладр  келтіруге  болады.  «Дедукция» — латын  сөзі,  оның  қазақша  мағынасы шығару.  Ой  қорытындысының  бұл  түрі  бойынша  ой  жүйесі  жалпы  жағдайдан  жеке,  дара  жағдайға  қарай  өрбиді.
  2. Индукциялық ой  қорытындысы – ой  қорытындысының   жекеден  жалпыға  қарай  дамып  отыратын  түрі.

Мысалы,  Астанада  өткен  жетіде:

а) Дүйсенбі  күні  ауаның  теппературасы  20.С – тан  асқан  жоқ;

ә) Сенбі,  сәрсенбі  күндері  де  солай  болды;

б) Жұма,  сенбі  күндері  18 – 19. С  болды.

в) Жексенбі  күні  19.С  болды.

          Демек,  ауаның  температурасы  өткен  жетіде  Астанадан  20.С – тан  асқан  жоқ.

  1. 3. Традукция ой  қорытындысы.   Аналогия арқылы  жасалатын  ой  қорытындылары.  Бұл – жеке – дара  жағдайдан  жекеге  қарай  өрбіп  отыратын  ой  қорытындысы.
  2. Силлогизм — дедукциялық  ой  қорытындысының  кең  тараған  түрі.

Формальдық  логикада  зерттелетін  мәселелер – дұрыс  ойлаудың формалары  мен  заңдарды.  Ғылыми  пән  ойлау  формалары  мен  заңдарды    қолдана  отырып,  нәрселер  мен  құбылыстардың  ақиқаттығы  мен  шындығын  танып  білуді  мақсат  етеді.

          Ойлау  әрекетінің  ерекше  мәні  тағы  бір  жағы  бар.  Ол – ойлау  процесінің  өзі.  Психология  ғылымы  әрбір  дара  адамда  осы  ойлау  процесінің  қалайша  дамып,  өрістеп  отыратын  зерттейді.  Оқыту  процесінде  ойлаудың  дамуы,  білімдерді  ойлау  әрекеттері  арқылы  меңгеру,  ойын,  оқу,  еңбек  процестеріне  ойлауды  дамыту  мәселелері –

психология  ғылымы  қарастыратын  жайттар.  Әрбір  жеке  адамда  ойлау  процесі  қалайша  пайда  болып,  дамып  жетіледі  деген  мәселенің мән – жайы  психологияда  осы  бағытта  қарастырылады.  Ал  логика  ойдауды  таным  процесі  деп  санап,  шындықты,  ақиқатты  нендей  әдістер  арқылы  атнып,  білуге  болатындығын  анықтауды  көздейді.  Қорыта  айтқанда,  логикалық  ойлаудың  жемісті  болу  жолдарын  іздестірсе,  психология  сол  процестің  даму  заңдылықтарын  зерттейді.

          Ойлау – дербесс  процесс.  Ойлауды  психологиялық  тұрғыдан  зерттеу  дегеніміз – оның  ішкі,  танымдық  құпия  мәнін  және  жемісті  болуының  себебін  ашып  көрсету,  яғни  психология  детерминизм  принципіне  сүйене  отырып,  ойлаудың  мәнін  зерттейді,  әрбәр  адамның  өзіндік  ойлау  ерекшеліктерін  дамытып  отыруына  баса  мән  береді. [7]

 

                           Ойлау  процестері  мен  ойлау  әрекеттері

          Ойлау  процесінде  талдау  мен  біріктіру  әрекеттері  болады.   

Талдау  дегенімізх —   ой  арқылы  әрбәр  обьекті  мен  болмыстың  ерекшеліктерін,  қасиеттерін,  белгілерін  ашып  көрсету  тәсілі.  Талдау  нәтижесінде  айқындалған  белгілермен  қасиеттерін  біріктіру  (синтез)  деп  аталады.  Талдаудың  физхикалық  негізі – мидың  жоғары  бөлігіндегі  қозу  мен  тежеудің  өзара  байланысты  қызметі.  Ал  біріктірудің  физиологиялық  негізі – мидың  жүйке  жүйесіндегі  уақытша  байланыстардың  түйісіп  қосылуы.  Талдау  мен  біріктіру  — өзара  байланысты  әрекеттер.  Олардың  байланысы  мен  айырмашылығы  салыстыру  арқылы  танылады  және  сол  тәсілден  анық  көрінеді.  Салыстыру  тәсілі  жалпылау  әрекетіне  қарай  ойысады.  Мұнда  заттардың  жалпылық  және  мәнді  белгілері  ашып  көрсетіледі.  Ойлау  әрекетінде  абстаркциялау,  нақтылау,  жүйелер  тәсілдері  де  жиі  кездеседі.  Ондай  тәсілдер  булгілі  мәселелердің  түйін  шешуде  адамның  психологиялық  толғаныстарының  түр – сипатын  бейнелейді.

          Ойлау  әрекетіндегі  әрқилы  тәсілдер  мен  амалдардың  бәрі  де  жеке  адамның  ниет – тілегіне,  мұқтаждығы  мен  қабілеттілігіне  тәуелді  болып  отырады.  Ойлаудың  кез – келген  әрекетінің  туындауы  белгілі  бір  ынта – ниетке  байланысты.  Психологияда  ойланудағы  ниеттің  пайда  болу  себебінің  ммынадай  екі  түрі  бар:

«. Арнайы  танымдық  ойлау.  Әдетте,  бұл  белгілі  тілек – мақсатқа  сәйкес  пайда  болады.

Арнаусыз  ой.  Ойлаудың  бұл  түрі  сыртқы  жағдайдың  әсеріне  орай  туады.  Мысалы,  оқушының  сабаққа  дайындалуы  жайында  ойлануын  арнаусыз,  әрі  оның  өміріндегі  үйреншікті,  дағдылы  ой  деуге  болады.

Ойлау  мен  мәселені  шешу.  Адам  белгілі  бір  мәселенің  түйінін  шешу  барысында  түрлі  амал – тәсілдер  қолданып,  алға  қойған  мақсат – міндетін  орындап  шығу  үшін  ойланып,  толғанады.  Сол  мәселені  шешудің  жолын  іздестіреді.  Ойланудың  бұл  түрі  міндет – мақсатқа  сәйкес  жүзеге  асады.

  1. Проблемалық ойлау – түрлі  мақсат – міндеттерді  шешуде  шиеліністі  жағдайларды  сезіп  біліп,  олардың  мән – мағнасын  тұсінуді  қажет  етеді,  сөйтіп,  неше  түрлі  шиеленістеті  жайттардың  белгілі  себептермен  байланысын,  оардың  құпия  сырларын  ашып  көрсетуді  көздейді.  Ойлану  әрекетінде  ең  әуелі  сол  мәселенің  өзін  анықтап  алу – бірінші  кезектегі  міндет.
  2. Мұны анықтауға  адамның  білім  мен  өмірлік  тәжірибесі  қажет.
  3. Оқу барысында  балалар  өздігінен  ойланып – толғанып,  келелі  мәселелерді  шешуде  әралуан  қиындықтарға  кездеседі.  Олардың  бұл  кедергілерді  жеңуі  ойлану  әрекетінде  жаңалық  ендіреді.

 

 

 

 

                     Ойлау  түрлері  мен  ерекшеліктері

Біріншіден — ойлаудың  түрі  іс — әрекет  пен  қимыл – қозғалыс  жайындағы  практикалық  іспен  ұштесқан  Бөбектердің  ойы  осы  іс — әрекеттермен  байланысты.

Екіншіден,  бейнелі  ойлау  мектеп  жасына  дейінгі  балаларда  қарқынды  дамып,  олардың  заттарды  ұстап – тұтынуы  нәтижесінде  қалыптасады.  Олар  сол  заттардың  ұстап – тұтынуы  нәтижесінде  қплыптасады.  Олар  сол  заттардың  бейнесін  көрнекі  түрде  қабылдап  оытрады,\.

Үшінші,  абстрактылы  ой  ойлаудың  бұл  түрі  бойынша  адамның  ұғымы  меңгеруіә  нәтижесінде  пайымдау  әрекеттері  дамып,  ғылыми  түсініктері  өрісмтейді.

     Ойлаудың  даралық  ерекшелікьтері  адамның  танып  білуінің  сапалық  сипаттары м ен  ерекшеліктерін  қамтитың  ақыл – ойдың  қвқққызметі  болып  саналады.  Ондай  салаларға  өз  бетінше  ойлау,  оның  орамдылығы,  ойдың  тездігі  мен  ұшқырлығы  сияқты  қасиеттер  жатады.  Барлық  ойлау  әрекетіне  тән  басты  мақсат —   дара  ададмның  әрбәр  нәрсенің  мәнді  қасиеттерінінң  өздігінен  ажыратып,  олардан  жаңа  қорытындылар  жасай  білуі.  Ойлау  әрекетіндегі  адамның  мұндай  сапалық  қасиеттері   — нәрселердің  мән – жайын  дұрыс  ұғынып,  олардың  жалпы  заңдылықтары  мен  өзара  байланысын  ашып  беруге  қабілетті  болатындығы.  Мұндай  әрекет  ойлау  жүйесін  жетілдіріп,  аданың  ақыл – ойын  өрістетеді.  Адамның  ойлауының  дамуына  ықпал  етудегі  бір  мақсат – ойлау  әрекетінің  жасампаздық  қасиетін  арттыру,  адам  ойының  мүмкіндіктерін  толық  пайдалануды  жүзеге  асыру  болып  табылады.

 

            Ой  болжамы  арқылы  жұмбақ  мәселелерді  шешу

          Ой  болжамы – ғылыми  гепотез  деп  аталады.    Гепотеза  дегеніміз — әр  түрлі  деректер  негізінде  обьектілер  мен  құбылыстардың  байланысы,  олардың  себебі  туралы  қорытынды  жасау.  Бұл – ойлаудың  дамуындағы  өзіндік  тәсіл.  Алайда,  мұндай  шешім – ой  болжамын  анықтау  жолындағы  алғашқы  қадам.  Ал  мәселенің  шындығына  жету  үшін  ой  болжамынынң  ықтамалдық  сипатын  әлі  де  текскріп,  оны  дәлеледеу  керек  болады.  Осындай  тексеруден  кейін  ғана  ой  болжам  анықталса,  ол  ғылыми  теорияға  айналды.  Егер  тексеруде  теріс  нәтиже  алса,  онда  ол  өзгертіледі  не  теріске  шығарылады.  Біріне – бірі  қанша  ой  болжамдары  бір  обьектінің  әрқилы  қырлары  менг  байланымстарын  түсіндіргеннен  кейінгі  басқа  жағдайларда,  екеуі  бірдей  ақиқат  бола  алмайды.  Қазіргі  кездегі  позитивтер,  эмпириктер,  т.б.  ой  болжамдары  ғылыми  обьективтік  дүниенің  заңдылықтарын  қарастыруға  міндет  емес,  деректерді  ьтек  ғана  нақтылап  тіркеп  отыруды  қажет  дейді.  Өйткені,  олардың  пікірінше,  ой  болжам  тек  «жанама»  рөл  атқарады  да,  оның  маңызы  болмайды.  Осы  заманғы  ғылыми  эксперименттік  зерттеулердің  кұрделене  түсуі  әралуан  әдіс – тісілдерді  қолдану  арқылы  құпиясы  ашылмаған  мәселелердің  сырын  ашып  отыр.  Осы  орайда,  ғылыми  тұрғыда  құрылған  ой  болжамы  адамның  ойлау  процесін  дамытуға  зор  ықпал  ететін  қуатты  күш  болып  саналады.  Ойлау  әрекеті – тек  ғылыми  болжам  ғана  емемс,  жұмбақ  мәселелердің  мән – жайын  ұғыну  үшін  күнделікті  тәжірибеде  қолданылып  оытратын  күрделі  психикалық  процесс  және  адамның  ақыл – ойының  жемісі. [8] 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

         1.3.Оқушылардың  ақыл,   ой  өрісін —  дамыту    тәрбиесі   

 

          Ақыл – ой  тәрбиесі   — тәрбие  жүйесінің  маңызды   құрамдас  бір  бөлігі,  себебі,  жеке  тұлғаның  қалыптасып  дамуына  оның  білім  алуы  мен  оқуы  әрекеттерімен  тығыз  байланыста  жүзеге  асырылады,  яғни  баланың  рухани  дамуының  негізі – ақыл  ой  тәрбиесінен  басталады.

Ақыл – ой  тәрбиесі,  ой  өрісін  кеңейтуде  балаларға  білім  беру  барысында  олардың  танымдық  қабілеттері  артады.  (байқағыштық,  зейінділік,  шығармашылық,  қиялы,  сөйлеуі,  ойлауы,  есте  сақтауы)  ой  өрісінің  молдығынан  жэүзеге  асырылады.

Бала  мен  ақыл – ой  егіз.  Білім – ақылдың  ажары – көркі.  Оны  халқымыздың:  «Ақыл  азбайды,  білім  тозбайды», — деген  мақалынан  көруге  болады.Ұлы  ғұлама  ғалым  Әл – Фараби:  «Ақылды  болу  үшін  ғылымды  меңгеру,  өнермен  жетілуі  қажет», — десе,  «Білімді  болу  деген  сөз, — ол  белгісіз  нәрсені  біледі  және  қабілеті,  дарынды  ақылы  басқа  белгісіз  нәрселерді  өз  бетінше  аша  алады» – деп  түсіндірген.[ 9]

          С.Торайғыров,  «Қараңғы  қазақ  көгіне  өрмелеп  шығып  күн  болам», — дегендей  қазақ  халқының  біртуар  ұлдары,  ағартушы – педагогтары  да  һөз  халқының  сауатты,  білімді  және  мәдениетті  болуы  аңсаған.

          «Білімдіге  дүние  жарық,

            Білімсіздің  күні  кәріп»  (Халықтікі).

          «Білім  мақсат  емес,  қару» деп  орыс  жазушысы  Л.Толстой  айтқандай  ең  алдымен  білуге,  білімге  ұмтылу  жақсы  қасиет  екенін  ұмытпауымыз  керек.[ 10]

          Көне  грек  философы  Сократ  «Білмеген  масқара  емес,  білгісі  келмеген  ұятсыздық», — десе,  оның  шәкірті  Платон:  «Ештемені  білмейтін  және  бірдемені  білейінші  деп  талпынбайтын  адам — өте  жаман  адам,  оның  бойына  екі  кесел  бірден  ұялаған» — дейді.

          Ендігі  жерде  «Ой»,  «Ойлау»  ұғымына  келсек  бұл  өте  күрделі,  қайшылыққа  толы,  сан  қырлы  ұғым.  Философиялық  еңбектерде  бұған  анықтама  әртүрлі  пікірде,  қарама – қайшылықта  берілген.  «Бой  жетпеген  жерге  ой  жетеді,  қыран  жетпеген  жерге  қиял  жетеді»,    — деп  халқымыз  бекер  айтпаған.  Олай  болса,  жастарды  ойлай  білуге,  дұрыс  ойлауға  ерте  кезден,  жасынан  машықтандырған  абзал.  Ол  үшін,  баланың  ОЙ — ӨРІСІН  дамытуда,  ең  алдымен  айналадағы  қоршаған  дүниені ,  табиғатты,  бірте – бірте  қоғамды,  сонымен  қатар  өзінің  ойлау  қабілетін  тани  бастаған  жөн».  Бұл  үрдіс  бір – бірімен  тығыз  байланыста  жүргізіледі.

          Бұл  бағытта  отбасы,  бала – бақша,  мектеп,  тіпті  жоғары  оқу  орындарының  атқаратын  қызметі  ерекше.  Өкінішке  орай,  бүгінгі  таңда  жоғарғы  оқу  орындарында  ойлау  қабілеті  жетілмегенбілімгерлерді  кездестіруге  болады.  Оқытудың  негізгі  міндетінің  бірі – адамзат  ғасыр  бойы  жасап  келген  ұшан – теңіз  материалдық  және  рухани  байлықтарды  игеру.  Ол  диалектикалық  ойлау  негізінде  жүзеге  асырылады. 

          Ал  психология  саласындағы  еңбектерге  кесек,  (Ойлау,  ой  өрісі  адам  соның  арқасында  заттар  мен  шындық  құбылыстарын  олардың  елеулі  белгілері  бойынша  бейнелейді – ретін  және  олардың  ішінде,  сондай – ақ  арасында  болатын  әртүрлі  байланыстарды  ашатын  психикалық  процесс» — деген  анықтама  беріледі. [ 11]

          Барлық  танымдық  процестердің  арасында  ой — ең  күрделі  болып  есептеледі.  Ойдың  ерекшеліктері  оны  қабылдауымен  салыстырғанда  айқын  көрінеді.  Ойлау  ми  қыртысында  жүзеге  асатын  психикалық    процесс  болғанымен  ол  табиғаты  жағынан  әлеуметтік  болды.

          Ойлау – дегеніміз – белгілі  бір  дәрежедегі  мидың  дамуының  нәтижесі.  «Ойлау – мидың  жемісі».  Ми  жануарда  да  бар.  Одан  адам  миынан  ерекшелігі,  өмір  сүрген  ортасы,  онымен  қарым – қатынасы  бар,  яғни,  ойлау – қарым  қатынас  нәтижесі.  Ол  үшін,  ата – аналар  мен  мектеп  мұғалімдері  балаларды  дұрыс  ойлай  білуге  үйрету,  дағдыландырулары  қажет.

          Ой – танымның  жоғары  сатысы  бола  отырып,  сезімдік  әсерленумен  және  практикамен  ажырамастай  байланысқа  түседі.  Жекелеген  фактілерді  немесе  дұниедегі  құбылыстарды  қабылдай  отырып,  адам  оларды  ойша  өңдейді  және  сөйтіп  олардың  әрқайсысының  мәнімен  өзара  байланысты  танып  біледі. 

          Ойлау – дүние  құбылыстары  мен  заттарын  олардың  әртүрлі  байланысы  мен  қатынастарында  танып  білу.  Шындықта  болатын  байланыстардың  себептің,  мақсаттың,  жағдайлық,  қатынастыңт.б.  тәрізді  категориясы  адам  тәрбиесінде  танылып,  белгілі  тілдік  формалар  мен  аталып  отырады. 

          Қорыта  айтқанда  «..ақыл – ой  дегеніміз – адам  бойындағы  білім,  санасы,  ыстық  сезіммен  бірге  оның  адамдық  қасиеттері» .

 

              Ақыл – ой  және  оның  өрісі тәрбиесінің  мақсат,  міндеттері    

                                                  мен  құралдары

          Ақыл — ой және  ой  өрісін  тәрбиелеу дің  мақсаты  қандай?

  1. Жеке тұлғаның  сана – сезімі  мен  рухани  жан  дүниесін  дамыту.
  2. Адамзат жасаған  заттық  және  рухани  байлықтарды  меңгеру.  Оларды  өмірде,  практикада  қолдана  білуге  үйрету,  дағдыландыру.
  3. Баланы логикалық  тұрғыда  дұрыс  ойлай  білуге  үйрету.

Абай  ақыл  ой  мен  оның  өрісін  кеңейту  тәрбиесі  туралы  «Әр  түрлі  құбылыстардың, сан  алуан  көріністердің  себептерін,  мәнісін  дұрыс  түсіну  үшін,  оларды  ақыл  таразысына  салып,  әбден  өлшеу  керек», — деді.

        «Ақыл  енбек  сенбеңіз,

          Бір  іске  кез  келсеңіз…

          Ақыл –мизам,  өлшеу  қыл», — дейді.[12]

          Ақыл  ой  адамға  ғана  тән  жоғары  қасиет  деп  сипаттайды  Абай.  

       Ақыл — ой және  ой  өрісін  тәрбиелеудің  міндеттері  қандай?

  1. Оқушылардың қазіргі  заман  талаптарына  сай  ғылым  негіздерімен  терең  және  берік  қаруландыру.
  2. Білім беру  негізінде  оқушыларда  ғылыми – материалистік  көзқарасты  қалыптастыру.
  3. Балалардың таным  қабілеттерін  дамыту,  олардың  ойлай  білуші,  қиялы  мен  түйсігін  дамыту.
  4. Оқушыларды ғылымның  кейбір  қарапайым  әдістерімен  таныстырып,  өздігінен  оқудың  тиімді  амалдарын  меңгеруге  үйрету.
  5. Балалардың білімге  қызығуын  арттырып,  олардың  бойында  өздігінен  білім  алуды  молайтудың  қажетсінуін  қалыптастыру.
  6. Ақыл ой  мен  оның  өрісін  молайтуға  қатысты  еңбектенуін  жалпы  мәдениетін  арттыру.

Ақыл – ой  тәрбиенің  мазмұнын  табиғат,  қоғам  және  адам  туралы,  қазіргі  кездегі  өндірістің  негіздері  жайлы  білімдер  жүйесі  құрайды.

     Ақыл – ой  тәрбиесін  ұйымдастырудың  негізгі  құралы – мектептегі  оқыту  мен  тәрбиелеу.  Ғылымға  негізделген  оқу  пәндері,  өйткені  ақыл – ой  және  оның  өрісін  кеңейту  тәрбиесі  көздеген  мақсат – міндеттер  ғылымға  негізделіп,  оқыту  процесінде  жүзеге  асады. [ 13]

   

           Ақыл —  ой  тәрбиесі  және  халықтық  тәлім – тәрбие.

 

          Халықтық  тәлім – тәрбие  оның  тұрмыс – тіршілікгімен  тығыз  байланысты.  Әр  елдің  тұрмыстағы  әдет – ғұрпы,  ой – санасы  халық  тағдырымен  ұштасып  жатады.

          Қазақ  халқында  өскелең  жас  ұрпаққа  ақыл – ой  тәрбиесін  беруде,  ой  санас  өрісін  дамытуда  ауыз  әдебиетінің  маңызы  ерекше  болған.  Ғалым  А.Э. Измаилов  халықтың  тәлім – тәрбие  жайында:  «Қазақ  халқының  тәрбие  саласындағы  тәжірибесі  көбінесе  ұрпақтан – ұрпаққа  ауызша  түрде  жалғасып  халық  ертегілерінде,  аңыздарында,  жырларында  мақал – мәтелдерінде,  музыкалық  фольклорында  сақталып,  ұлттық  салттары,  дәстүрлері  арқылы  өзінің  көрінісін  беріп  отырады.

          Тұрмыстың – мәдени  жағдайларға  сай  туып,  қалыптасқан  дүниетаным,  білім,  тәжірибе  айтыс  жанрларында,  оның  ішінде  әсресе  жұмбақ  айтыстарында,  ауыз  әңгімелерінде  музыкалық  фольклоры,  ән – күйлерінде,  халқымыздың  ой – қиялынан,  сана – сезімінен  туған  бата  сөздерінде,  халық  әндерінде,  төрт  түлікке  сай  өлең  жырларында  ерекше  маңызға  ие  болған.  Жұмбақ  айтысының  өзінде  қанша  тапқырлық,  ақыл – ой  тәрбиесі  барын  көруге  болады. 

          Сонымен  қатар  қазақ  халқы  өзінің  өмір  тіршілігі,  күн  көріс  кәсібімен  байланысты  жыл  мезгілі  құбылыстарынынң  ерекшеліңктерін  бақылау,  табиғат  және  жұлдыздырға  қарап  ауа  райын  алды – ала  болжау  қасиеттерінің  арқасында  дараланған.  Осының  бәрі  ұрпақтың  ақыл – ой  тәрбиесіне  қатысты  алатын  орны  ерекше  болған.

 

 

 

 

Бөлім бойынша түйін.

 

  1. Музыка — адамның  жаңа  сезімдеріне  жол  ашады,  қоршаған  адамдарды  түсінуге,  адамның  жер  бетінде  не  үшін  өмір  сүретіндігін,  өмірінің  мәнін  бағамдауға  итермелейді,  табиғаттың  сұлулығына,  адамның  жан  дүниесіне  көңіл  аудара  білуге  көмектеседі.
  2. Музыка  кеудеңдегі  ауыртпалықтан  арылтады,  қандай  да  болмасын  жан  жарасын  жазып,  адамның  қиялына  қанат  бітіп,  бақыт  сезіміне  бөлейді,   адамның  жан  дүниесін  сауықтырады,  рузани  әлемін  байытады.
  3. Ойлау дегеніміз —  сыртқы  дүние  заттары  мен  құбылыстарының  байланыс – қатынастарының  миымызда  жалпылай  және  жанама  түрде  сөз  арқылы  бейнеленуі.
  4. Ой – сыртқы дүниені  бейнелеудің  ең  жоғарғы  формасы,  ал  сөз – ойды  басқа  ададмдарға  жеткізетін  құрал.
  5. Сөйлеумен  тығыз  байланысты  жүріп  отыратын  ойлау  процесі  тек  адам  баласының  психикасына  ғана  тән  процесс  болып  табылады.
  6. Ойлау – адамның сыртқы  дүниемен  қарым – қатынас  жасау  нәтижесінде  туындайды,  адам  ойлауының  мазмұнын  билейтін – обьективтік  шындық,  ол  адамның  алдына  мақсат  қойып,  оны  шешуге  ұмтылдыратын  қажеттілігі.
  7. Ойлаудың пайда  болуында,  белгісіз нәрселерге  зер  салып,  қызығуыңа  маңызы белгісіз,  түсініксіз  нәрсені  білуге  деген  ынтазарлық,  сұрақтарға  жауап  іздеп,  ой  әрекетімен  шұғылдануға  адамды  итермелейді, ойлау – сұраққа  жауап  қайтарудан,  мәселені  шешуден,  оның  мән – мағнасын  түсіне  білуден    байқалады.
  8. Ойлау – сыртқы дүниені  мида  бейнелеудің  ең  жоғарғы  формасы  болып  табылады.
  9. Ақылды  адам —   қателеспейтін  адам  емес,  ол  адам  пәлендей  мәнді  емес  қателер  жіберіп,  ол  қателерді  оңай,  тез  түзете  білетін  адамды  айтамыз», — деген  екен В.И.Ленин.
  10. Ойлау дегеніміз — әлеуметтік  жағдаймен  ұштасқан,  тілмен  тығыз  байланысты  психикалық  прогресс,  сол  арқылы,  дүниедегі  нәрселердің  жалпы  және  жанама  бейнеленуі,  ол  адам  ойының  талдау  мен  біріктіру  әрекеттері  арқылы  танылады.
  11. Ойлау – сыртқы дүниедегі  болмыстың  жалпы  жанама  жолымен  біздің  санамыздағы  ең  биік  сатыдағы  бейнесі, адамның  өмір  тәжірибесі  мен  практиикалық  іс — әрекеттері  нәтижесінде  пайда  болып,  тікелей  сезім  процесінің  шеңберінен  әлдеқайда айқындалып  тұрады.

 

 

 

 

  1. МУЗЫКАЛЫҚ ОҚУ – ТӘРБИЕ ҮРДІСІНДЕГІ ҰЖЫМДЫҚ

            ТӘРБИЕНІҢ  ТӘЖІРИБЕЛІК  СИПАТТАМАСЫ

     Оқушылардың ой-өрісін дамытудағы   музыкалық  тәрбиенің

                   дамушылық  бағыты                                                                                                           

 \\\\\/////  Т. Жұпарбаев. Жеке  тұлғаны  ой  мен  тіл  арқылы адамгершілікке  тәрбиелеу.    Мақала. Қазақстан  мектебі. 04. 2011ж./////басталды//////(14)

     2.1.Тұлғаға  негізделген  ойын  сабақ –  оқушылардың  түлғалық    

                        ерекшеліктерін  ашылатын   ізгі  қасиеттер 

 

XXI  ғасыр  табалдырығын  білім  мен  ғылымды  инновациялық  бағытымен  дамыту  мақсатымен  қадам  басуымыз  жақсылыққа  үміттенуіміздің  негізгі  бағыты  болып  табылады.  Жастары  білімді  халықтың  келешегі  жарқын.    Жас  ұрпақ – мектеп  оқушыларына  мәнді  де  мағыналы,  өнерлі  де  өнегелі  тәрбие  мен  білім  негізін  қалау – бүгінгі  уақыттың  басты  да  күттірмейтін  талабы.  Оқушылардың  ақыл – ой,  ой  өрісін  барынша  дамыта  отырып  қалыптастыру  үшін  білім  беру  жүйесін  тиімді  де  мазмұнды  құра  алған  ұлттың  еңсесі  биік,  абырой  жоғары  болмақ,  міне,  сондықтан  да  бүгінгі  уақыттың  негізгі  міндеті, — ол білім  беру  жүйесін  дамыту  парадигмасының  «баршаға  білім  беруді  таңдау  бойынша  білім  беруге»  ауысуы  болып  табылмақ.     

          Әр  педагогтың  көзқарасын,  оқушымен  қарым  — қатынасын  түбегейлі  өзгерту,  яғни  оқу – тәрбие  үрдісін  жаңарту  болып  саналады.  Әрбір  оқушының  жекелей  және  жастарының  айырмасына  қарай  дербес  дамуын  қамтамасыз  ету,  оларға  білім  мен  өнердің  өз  мүддесі  үшін  қажет  екендігін  түсіндіріп,  сездіру,  яғни  құзырлығын  анықтау – бүгінгі  уақыттың  негізгі  де,  қажетті  мәселесі.

          Жаңаша  білім  беру  жүйесін  мектеп  өміріне  енгізуге  талпынған  әрбір  ұстаз  педагогикалық – психологиялық,  философиялық,  физиологиялық  және  т.б.  ғылым  мен  өнер  салаларының  тиімді  зерттеу  нәтижелері  мен  әлемдік  озық  тәжірибелердің  алдыңғы  қатарлы  идеяларын  басшылыққа  алады.  Бүгінгі  күні  білім  беру  саласында  қызмет  жасайтын  әрбәр  педагог,  ұстаз  қазіргі  жаңару  үрдісін  жақтырмай  қарсы  алып,  өзінің  білім  берудегі,  ұстаздық  іс – тәжірибесіне  енгізуге  асығуы  тиіс  деп  санаймыз,  өйткені  өркениетті  де  өсетін  елдің  білім,  өнер,  тәрбие  саясаты  жаңа  тұрпатты  педагогтың  көзқарасын  қажет  етеді.

          Әр  оқушының  жеке  тұлға  ретінде  дамып,  өсуі  өзіндік  көзқарасының  қалыптасуы,  ой —  өрісінің  кеңеюі  мектеп  қабырғасынан  басталатыны  белгілі.  Негізінен  мектептерде  оқушыларға  көтеріңкі  көңіл  күй  туғызатын  түрлі  музыкалық,  шығармашылық  тақырыптарға  толы  түрлі  бағыттағы  ашық  сабақтар  кеңінен  қолданылады.

          Тұлғаға  негізделген  ойын  сабақ  дегеніміз – оқушыға  деген  құрмет,  ізгі  қатынас,  оқушылардың  түлғалық  ерекшеліктеріне  ашылатын,  ізгі  қасиеттері  қалыптасатын,  барлық  мүмкіндіктері  жүзеге  асырылатын  оқыту  жағдаяты,  сахналық  алаң.  Ой  дамыту  ойындары  арқылы  оқушылармен  жүргізілген  «Музыка – адамгершілік  »  деп  аталатын  сыныптан  тыс  тәрбиелік  жұмыста  қолданылған  екі  жақты  сөздер  мен  музыкалық  сөздер  арқылы  адамгершілік  сөз  туым  жұмбағын  құрамыз.

          Бұл  ойын – сабақты  тәжірибе  жасап  отырған  5 – сынып  оқушыларымен  жүргізілді.

 

                                                                                                                   №  кесте

                                   МУЗЫКАЛЫҚ СӨЗ ЖҰМБАҚ

 

Сөз  мазмұны

Музыкалық сөздіктер

Т үсінік

1

Күй                    →

а

д

А

й

←           

          Құрманғазы      

2

Тоналдық →

ф

а

Д

и

ез

←          Қозғау

 

3

Музыкалық кілт →

б

А

с

←    Төменгі нота

 

3

Жарты тон →

б

е

М

о

ль

←                

            Төмендету

 

5

Белгі →

л

и

Г

а

←                     

                  Жалғау

 

6

Домбыра →

і

ш

Е

к

 ←          Пернелер

 

7

Ұзақтық →

ш

и

Р

е

к

  ←                 Нота

 

8

Музыкалық →

ө

л

Ш

е

м

Әлді әлсіз үлес   

 ←               қайталау

9

Халық әні  →

е

л

І

м

-ай

Мұңды тарихи ән

10

Музыкалық белгі      

                            →

в

о

Л

ь

та

 ←            Аяқталу

11

Саусақпен  →

і

л

І

п

               Қағыстар

 ←               ойыны

12

Музыкалық таңба 

                           →

Б          

е

К

а

рь

 ←     Әсерін жою

 

            Адамгершілік  сөзжұмбағын  шешіп  болған  соң  оқушылар  «Адамгершілік»  сөзін  қалай  түсінесің? — деген  сөзге  топтастыру  әдісін  ұсындым.  Оқушылар  жауабын  былай  берді:

  • Ары  таза,  адал  да  шыншыл   адам;
  • Зор  тұлғалы  көпшіл,  ешкімді  алдамайтын  адам;
  • Иманды, ілтипатты,  сыпайы,  әдепті  адам;
  • Үлкенді  құрметтейтін,  кішіге  қамқор  абзал  адам;
  • Жетімдерді  жебеп  жүретін,  жақсылығын  ешкімнен  аямайтын  биязы    

      Адам.

          Осылайша  өздерінің  түсінігі  бойынша  білетін  сөздерін  ассоциация  арқылы  топтастырып  жазып  шықты. 

          Оқушылар  өздері  білетінін  жазып  шыққанан  соң,  мынадай  ОЙ  ЖҰМБАҚТЫ  шешіп  сабақты  қорытындыладым.

          Бұл  ой – жұмбақ  бәрімізге  белгілі  заманымыздың  қасыреті  болып  тұрған,  жаман  әдеттер  мен  жаман  қылықтардың  болмауы  керектігін  көрсетеді.  Егер  өмірде  осындай  жат  қылықтар  мен  құбылыстар  болып  қалған  жағдайларды  осы  аталған  інднттнрден  қашық  жүрсін  деп  тек  жаман  аттар  мен  ой,  санасы  дұрыс  болсын,  ойлана  жүрсін,  өмір  өрістері  кең  болсын  деген  мақсатта  омындай  ой – жұмбақтарды  сендерге  қойдым.

 

 

 

  1. XXI ғасыр  обасы – СПИД.
  2. Аты әйгілі  шөп – наша.
  3. Көп тараған  ауру – туберкулез.
  4. Маскүнемнің сусыны – арақ.
  5. Темекідегі улы  зат – никотин.
  6. Қоғамға жат  қылық  әкелуші – қылмыскер.
  7. Ең жаман  қасиеті  бар  адам  — өтірікші.
  8. Адамға жат  мінез – ұрысқақ.
  9. Достыққа жатпайтын  қылық – сатқын.
  10. Жастарға жараспайтын іс – ұрлық.
  11. Адамның бойындағы ең  маңызды  қасиет – АДАМГЕРШІЛІК.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Осы  ойын  сабақта  қатысып  отырған  барлық  оқушылардың  көз  алдына  мынадай  қабырға қағазын  іліп  қойдым.  Бұл  ұлағаттық  қабырға  қадағы  осы  сыныптың  аудиторияларында  ілулі  тұрады,  себеі  жайшылықта  да  ой  толқтата  жүрсін  деген  мәселе.

  Ол  мынадай  мазмұнда  болды:

 

                       АТАДАН ҚАЛҒАН ҰЛАҒАТ СӨЗДЕР

                                                                                                     № кесте

 Ұлағатты  сөздердің  мазмұны

Оның  авторлары

1

Ішімдегінің  бәрі  тілімде,  тілімдегінің  бәрі  түсімде  

Халық  мақалы

2

Ойсыз  өмір  кешетіндерге:

       Басында  ми  жоқ,  өзінде  ой  жоқ,

       Күлкішіл  кердең  наданның.

       Көп  айтса  көнді,

       Жұрт  айтса  болды,

            Әдеті   надан  адамның

Абай

3

Ақылды  адам —   қателеспейтін  адам  емес,  ондай  адам  болмайды,  болуы  да  мүмкін  емес,  ол  адам  пәлендей  мәнді  емес  қателер  жіберіп,  ол  қателерді  оңай,  тез  түзете  білетін  адамды  айтамыз

 В.И.Ленин

4

Ақыл  азбайды,  білім  тозбайды

Халық мақалы

5

Ақылды  болу  үшін  ғылымды  меңгеру,  өнермен  жетілуі  қажет

Әл — Фараби

6

Қараңғы  қазақ  көгіне  өрмелеп  шығып  күн  болам

С.Торайғыров, 

7

Білімдіге  дүние  жарық,  білімсіздің  күні  кәріп 

Халық  мақалы

8

Ең  алдымен  білуге,  білімге  ұмтылу  жақсы  қасиет  екенін  ұмытпауымыз  керек.

Л.Толстой

9

Білмеген  масқара  емес,  білгісі  келмеген  ұятсыздық

Сократ

10

Ештемені  білмейтін  және  бірдемені  білейінші  деп  талпынбайтын  адам — өте  жаман  адам,  оның бойына  екі  кесел  бірден  ұялаған

 

Сократтың шәкірті  Платон

11

Ақыл  ой  адамға  ғана  тән  жоғары  қасиет  

Абай

          Бұл  келтірген  баланың  ой — өрісіндамытуға  бағытталған  ойын – сабақ  жаңа  білімді  іздеу  арқылы  тәжірибеде  қолдана  білуге  ықпал  етеді.  Мұндағы  басты  міндет – оқушының  жалпы  және  өзіне  тән  қабілеттерінің  даму  мүмкіндіктерімен  бірге  білім,  білік,  дағдыларын  қалыптастыру  және  оларды  қолдана  білу.  Бұр  көрнектілікке  көрсеткен  сабағымыз  мұғалімнің  оқыту  мен  тәрбиелеу  ісін  ұйымдаструшы  ғана  емес,  оқушыға  серік,  дос,  сырлас  кеңесші  қызметін  де  атқарады.  Осының  нәтижесінде  жеке  тұлғаның  өзіндік  пікірі,  қоршаған  ортасына  құрметпен  қарау  көзқарасы  қалыптасып,  музыкалық,  таным  қабілеті  ашыла  түсіп,  ой — өрісі   кеңейе  береді.

          Музыканы  оймен,  санамен  қабылдау – барынша  күрделі  процесс.  Оның  негізі – шындықтың  негізін сезіну, есту,  толғану. 

          Шығыс  педагогикасында  музыканы   қабылдауға  байланысты “Қабуснама”  шығармасында  ұлы Гиланшахқа  Кайкауыстың  “Жыршы  және  музыканттық  туралы”  еңбегінің  36 — шы  тарауында   музыка  жолына  түсер  болсаң  мінезінің  жеңіл  де  жайдары  болуын,  киген  киімінің  таза  болуы  керектігін  ескертеді.  Зәулім  сарайға  енгенде  өзіңді  жайдары  ұстап,  бетіңді  тыржитпай,  қабағыңды  түйме  деп  ескертеді.  Музыканы  адамдардың  бірдей  мінездері,  көңілдері  болмағандықтан,  шығарманың  әр  түрлі  үлгісін  ойнауды  ұсынған.  Сондай  ақ  музыка  аспабының ішектері  адамның  төрт  түрлі  мінезіне  қарай  ойнау  керектігін,  тыңдаушылардың  қабылдауына  қарай,  оймен  түйіндеп, эстетикалық  талғамына  сай  болуды  мезгеген.  Ал  әрбір  музыканы  қабылдау  да  ақыл  мен  ойдың  жиынтығынан барып  нәтиже  беретіндігін  анықталған.

          Ақыл – ой  тәрбиесі   — тәрбие  жүйесінің  маңызды   құрамдас  бір  бөлігі  екендігін  теориялық  бөлімде  анықтадық,   жеке  тұлға – оқушының    қалыптасып  дамуына  оның  білім  алуы,  өнермен  айналысуы,  сол  арқылы  ой — өрісінің  кеңеюіне  оқу,  тәрбие  алу    әрекеттерімен  тығыз  байланыста  жүзеге  асырылады,  яғни  баланың  рухани  дамуының  негізі – ақыл  ой  тәрбиесінен  басталады.

Ақыл – ой  тәрбиесі,  ой  өрісін  кеңейтуде  балаларға  білім  беру  барысында  олардың  танымдық  қабілеттері  артады.  (байқағыштық,  зейінділік,  шығармашылық, музыкалық  қиялы,  сөйлеуі,  ойлауы,  есте  сақтауы,  өнер  түрлерімен  айналысуы  т.б.)  ой  өрісінің  молдығынан  жүзеге  асырылады.

Бала  мен  ақыл – ой  егіз.   Оны  халқымыздың:  «Ақыл  азбайды,  білім  тозбайды», — деген  мақалынан  көруге  болады.  Ұлы  ғұлама  ғалым  Әл – Фараби:  «Ақылды  болу  үшін  ғылымды  меңгеру,  өнермен  жетілуі  қажет», — десе,  «Білімді  болу  деген  сөз, — ол  белгісіз  нәрсені  біледі  және  қабілеті,  дарынды  ақылы  басқа  белгісіз  нәрселерді  өз  бетінше  аша  алады» – деп  түсіндірген  екен. [15]

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2. Мектептің  сыныптан  тыс  ұжымдық  тәрбиесі  арқылы

          оқушылардың  ой — өрісін  қалыптастыру   жолдары

Ақыл – ой  тәрбиесі,  ой  өрісін  кеңейтіп,  балаларға  білім  беру  барысында,  олардың  танымдық  қабілеттері  артады.  Ендеше  осы  қағидаларды  ұстана  отырып,   мен  өзімнің     Аса  аудан  орталығының  Бауыржан  Момышұлы   қазақ  орта  мектебінің  5 —  сыныбындағы    37 оқушымен (19  қызбала,  18  ербала )   2011-2012  оқу  жылының  қазаны   мен  мамыр  айлары  арасында  “Музыка  тәрбиесі  негізін — оқушыларға  ой  өрісін  музыкалық  өнерімен  қалыптастыру  арқылы  және  өнерпаздардың       психологиялы – педагогикалық  мәселелері”  ғылыми  зерттеу  тәжірибелік   бағытты  ұстандық.    Сыныптар  арасынан  жаңа  оқу  жылы  басталысымен  ақ  өнерге  тартылған,  саналы – ойлы,  соның  ішінде  музыка,  яғни  әншілік – хор  өнеріне  баулу  мақсатында  арнайы  дауысы  және  музыкалық  есту  сезімі  биік,  музыкалық  сазды есте  сақтау  қабілеті бар   балалар  таңдалынып  алынды.  

  Мақсат — міндеттері:

  • Хор музыкасы арқылы  балалардың өнер  туындыларына    эмоционалды – эстетикалық  баға  беруін,  сезімдік,  ой – саналылық      мәдениетін  дамыту;
  • Оқушылардың музыканы  ой – санамен тыңдап,  қабылдауды     қалыптастыру,  музыкаға  құштарлығын,  ән  мен  хор  туындыларын    тыңдау  мен  орындауға  деген  ынталарын   дамыту.
  • Өмірмен рухани  байланыстағы  музыка  туралы  білімдерді  меңгерту, хор  шығармаларын  есту  қабілеті  арқылы  тұтас  қабылдауға  шынықтыру;
  • Музыкалық есту, есте  сақтау  қабілеттерін  дамыту,  музыкамен  шұғылдану  процесінде  өздерінің  жеке  тұлға  екендігін  ойлы,  саналы  түрде  ұғындыру;
  • Көркемдігі жоғары  музыкамен  шұғылдануға  деген  қажеттіктерін  дамыту,  хор  шығармасын  таңдамалы  қабылдауға  қалыптастыру;
  • Өз  бетімен   музыкалық  білімін  толықтыруға  қабілеттерін  дамыту,  хормен  ән  сала  білу  —   орындаушылықты  ойлы   көзқарасты  қалыптастыру. 

Мынадай  міндеттерді  орындауды  жоспарладық:

  • Әлемдегі хор  шығармасына  жазылған   туындыларды  тыңдатып,   оларды  оймен  түйсіктік  негізде  қабылдату;
  • Әншілердің дауыс  аппараттарымен  кәсіби  тұрғыда  қалыптастыру;
  • Музыка теориясымен  хор  шығармасын  еркін  оқып,  меңгеруге  шұғылдандыру,  әуенді  тез  қабылдауға  шынықтыру. 
  • Әншілік қабілеттерінің  дамыту  арқылы  көркемдік  тәжірибесін  байытып,  орындаушылық  іс  әрекетке   қызықтыруды  ойлы – саналы  қабылдату.
  • Мектептің акт  залында   аптасына  екі  күн екі  сағаттан хорға  жинап,  әншілік  өнеріне  баулу.
  • Оқушылардың вокалды — хормен  музыкалық  мәдениетін     қалыптастыру.

        Хор  дегеніміз—   ән  сала  алатын  өздерінің  орындауындағы  шығарманы  көркем  тіл  мен  идеялық  мазмұнын  бұзбай  жеткілікті  түрде  тыңдаушыға  жеткізетін  және  хор  айтудың  техникалық,  әсемдеу  жағынан  толық  мағлұматы  бар  ұжым.  Партиялар  дауыс  диапазонымен,  дыбыс  шығаруларына  қарай  топтасады.  Балалардың  жоғары  (жіңішке )  дауысы – сопран,  төменгі  дауысы (жуан ) – альт  деп  аталады.  Ер  балаларды,  кейде  дискант  деп  те  аталады.

          Хордың  негізгі  белгілері: ансамбль,  строй,  дикция,  нюанс.  Міне  осылар  түгел  болғанда  ғана  хор  деген  атқа  ие  бола  алады.  Хордың  негізгі  мақсатының  бірі —  хор  өнерімен музыканы  қабылдауда  хор  әншілерінің  музыкалы  —  психологиялық  негіздерін  қалыптастыру.

          Мынадай  әншілік  “ Ән  салу  ережелері”   қабырғаға  қойылды.

                                                                                                                 №   кесте.

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ХОРДАҒЫ ӘНШІЛІК  ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ  ЕРЕЖЕЛЕРІ

·         Хормен  ән  салғанда  денені  тік  және  еңсене  көтеріп  тұру

·         Әншілік  дем – ауаны  өкпеге  мүмкіндігінше  тез  және  иықты  көтермей  алу.

·          Ән  салғанда  орындалатын  шығарманың  текстін  анық,  айқын  етіп  шығару.  Дикцияны  сақтау.

·         Бүкіл  хор  әншілерінің  үндерінің  біркелкі  шығуына  әрқайсысының  ат  салысуы.

·         Әншілік  дауысты  сақтау  және  оның  тәртібін  жаттау.

·         Әр  әнші дауыс  ырғағын  таза  шығаруы,  хордың  әнді  таза  орындауының  кепілі.

·         Әннің  әрбір  басталуы  мен  бітіруін  және  әрьәр  әншінің  әншілік  дыбыстарды  игеруі  бір  адамдай  айтылуы  

    *    Дауыссыз  дыбыстарға  көп  тоқтамай  тезірек  орындап  жіберу,     

          дауысты  дыбыстарға  ауысып  кету

·        Екі  қолды  тізенің  үстіне  қою  және  сәл  артқа  қарай  көтеріліп  

     отыру 

·        Әнді  бастауы  дирижердың  қолының  көтерілуіне  байланыстыра  білу

·        Хормен  ән  салғанда   гармониялық,  ырғақтық,  екпін,  дыбыстық     әннің   мәтінінің,  дыбыс  үнінің  полифониялық  дыбыстық  үйлесімділігін  жасау 

·        Мутациялық  кезеңнің  басталуы  мен  аяқталуына  абай  болу

 

 

Жыл  бойына  тәрбиелік  мәні  және  көркемді – техникалық бағыттарын  жаттықтыра  отырып,  хорымызға  “Балауса”  деген  ат  беріп  орындайтын  шығармаларымыздың    Отан, ел,  білім,  табиғаттың  тамаша  уақыттарын  бейнелейтін  және  бірнеше  тілдерде оқушылардың  қалаулары  бойынша  репертуары  жинақталды  және  педагогтар  советінде  арнайы бекітілді.

             ОҚУШЫЛАР ХОРЫНЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ РЕПЕРТУАРЫ

                                                                                                                     №  кесте

Реті

Шығарманың  аттары

Шығарма  авторлары.

Шығармаға  қысқ.түсініктеме.

Шығарма тілі

1.

Туған жер туралы толғау.

Ә.Бейсеуов.М.Әлімбаев.

Туған ел,жерге құрмет.

Қазақша

2.

Атамның ақ  үйі.Кантатадан  үзінді

Т.Базарбаев.

Каникалда жайлаудағы  атамыздың  ақ  киіз  үйі

Қазақша

3.

Азбука..Хоровая  шутка.

В.А.Моцар.

Әліппені  қайталау әдісі.

Ағылшынша

4.

Туған  ел.

М.Сағатов.      Б.Ниязов

Отанның  арқасында  балалардың  еркелеуі.

Қазақша

6.

Сара  апа.

М.Омаров.

Сара  Назарбаеваға балалардың  сәлем  жолдауы.

Қазақша,орысша

7.

Музыка.

Г.Струве

Музыка  өнерінің  құдіретіне  бас  ию.

Орысша.

8.

Музыкальный  корабль.

Г.Струве

Хордағы  аккордтық

үйлесімдерді  тамашалау 

Орысша

9.

Летите,голуби.

И.Дунаевский.

М.Матусовский.

Әлемде  бейбітшілік  сақтауға  шақыру.

Орысша

10.

Весна.

В.А.Моцарт.

Көктем  айымен  сырласу

Орыс

қазақша

11.

Май  жыры

Ө.Байділдаев.Қ.Мырзаәлі.

Тру-ту деп  үйрек, қазды әнге  салу

Қазақша

12.

Еркем  ай.

Қазақтың  хал.әні

Халық  әндеріне  құрмет

Қазақша

          Хордың  орналасу  тәртібі  хордың  көркемдік  жетекшісінің  жұмыс  жасау  барысындағы  тәжірибесіне  байланысты.  Әншілердің  дауыстарына  байланысты  кейді  топтарды  қатар  қояды,  ал  кейбір  жағдайларды  аттас  дауыстарды  бірінен  кейін  бірін  қоюы  да  мүмкін.

          Кейбір  жағдайларды  партия  арасын  алшақтата  орналастыратын  жәйттар  да  кездеседі,  өйткені  оқушылардың  өзара  бір  бірінің  париялық  дауыстарының  қосылып  орындап  кетулеріне  байланысты.  Егер  шебер  хор  жетекшісі  болса,  онда  ондай  парияның  қосылуы  секілді  келеңсіз  жағдайға  дейін  жеткізбейді.

          Мектеп хорының  шығарманы   орындау  барысында  барлығының  бірдей  формада  шығуларына  да  көңіл  бөлінеді.  Мектепте  әдетте  барлығы  бірдей  академиялық  формамен  шығуды  көздейді,  оған  мектеп  формалары  немесе  бірдей  ұстамды  түр – түстегі  мата  түстерінің  байсалды  түрде  болып  келеулерін  ұстанады.

          Ал  төменгі  сынып  оқушыларының  жалпы  хормаларының  түрлері  ашық,  көңілді  немесе  кейде  өте  ашық  гүл  тектес  маталардан  тігілулері  де  мүмкін,  себебі  олардың  көңіл  күйлерінің  жеңіл,  жоғары  болып  тұру  жақтарын  да  қарастырып  жатады.

          Ал  дирижерға  келсек,  ол  әдетте  костюмінің  жеңі  ұзын,  мойнында  біртектес  ашық  түстегі   желбіршек,  етек  жеңі  ұзын  болып  келеді,   Хордың  академиялық  киім  формалардың  ұстанымдық  тәртіптері  мен  ережелерінде ерте кездердегі  хор  ұжымдарының  тәжірибе – тәртіп    көздерінен  қалған  ережелерге  бағынады. 

          Ал  хор  әншілерінің  адам  санының  көптігіне  (хор  мүшелері  кемінде  12 – 15  адамнан  кем  болмауы  тиіс)  дауыстары  мен  өздерінің  бір  бірінен  жасырын  көрінбей,  естілмей  қалмау  үшін  арнайы  подставка   немесе  түрғақ  тақтайлар  болады.  Олар  міндетті  түрде  хор  әншілерінің   салмағын  көтере  алатындай  болуы  тиіс.  Ондай  тұрақ  тақтайлар  арнайы  сахнада  немесе  сол  сахнаның  арнайы  орындарында  сақталады  және  қолданылады. 

          Оқушылардың  дауысын  дискант  деп  те  атауға  болады,  ал  көбінесе  олардың  әншілік  ән  айта  алу  дауыс  диапазондары  әйелдер  дауыстарымен  де  теңдес  келіп  қалады,  себебі  әйелдер  дауысы  секілді  жіңішкелеу  болып  келеді,  (ал  аралас  хорларда  ерлердің  дауыстары  да  болады,  ал  олардың  дауыстық  диапазоны  өте  төмендеп  те  кетеді)  сондықтан  олардың  репертуарлық  материалдары  балаларға  да  келеді,  әрине  мазмұндық,  тақырыптық,  мақсаттық  жағынан  келіп  жатса.                                                                                                              

                                     ХОРДЫҢ ОРНАЛАСУ ТӘРТІБІ

                                                                                                                 Кесте №

 

II -АЛЬТ ПАРТИЯСЫ, 11 оқушы

II –АЛЬТ ПАРТИЯСЫ, 9 оқушы

I–СОПРАНО ПАРТИЯСЫ, 10 оқушы

I – СОПРАНО ПАРТИЯСЫ,7 оқушы 

 

                                                            I дирижеры I

 

      Оқушылардың  хор  өнерінен  алған  түсініктерін  сезіну,  ойлау,  түйсіну,  қабылдау,  ой  өрбіту  қабілеттерін  мынадай  әрекеттермен  тереңдету  шараларын  жүргіздім.

  1. Күйтаспадан шет  елдер  мен  Қазақстан  балаларының  хор  шығармаларын  тыңдатып,  әуені  мен  олардың  мазмұнын  оймен ,  талғаммен  талдадық.
  2. Қазақтың халық  әндерінің  қызқаша  әуенін  дауыс  жаттығуларында  қолдану  арқылы  әуендерін  жаттаттым. Түйсіну,  есте  сақтау, қабылдау  процесстерін  бекіту  үшін.  (Алатау,  Еркем  ай,  Бір  бала,  Маусымжан,  Гаухар тас т.б. ).
  3. Қаладағы хор  ұжымжарының  концерттеріне  апарып,  тыңдаттым. Еліктеу  мен  қызығушылықтарын,  ой — саналырын  ояту  мақсатында. (Соғыс  ардагерлері,  Ардақты  аналар,  Жас  өспірімдер  сарайының  хоры, Абай  атындағы  пед.колледж  хоры, Тараз  мемлекеттік  педагогикалық  институтының  хоры – жетекшісі  Б.Көшербаева )
  4. Жиі естіркен  немесе  жиі  орындаған  әндердің  әуенін  кез  келген  хор  мүшелері  іле  жалғастыра  орындап  кету  әдісін  қалыптастырдым,  яғни  тұтас  қабылдау,  бірнеше  анализатордың  бірлескен  қызметінің  нәтижесі. (Хор  репертуары,  дауыс  жаттығуындағы  әуендер, қазіргі уақыт  әндері т.б.)
  5. Музыка сабағынан  тыс  уақыттарда  Еуропалық  нота  сауаттарымен  аптасына  екі  сағаттан  музыка  теориясын өтіп,  әрқайсысымен  жеке  дауыс  қою  жаттығуларын  жасату  арқылы вокалдың  орындаушылық  қасиеттерді  қалыптастырды

Хор  мүшелерінің  музыкаға,  өмірге,  қоғамға  деген  өзіндік  ойлы  көзқарастарын  таразылау  үшін  мынадай  сауалнама  жүргіздім.

Бұл  сауалнамаға  хор  мүшелерінен  35  оқушы  қатысты. ( 2 оқушы  ауырып  қалды)

                                                                                                                   №  кесте

ОҚУШЫЛАРМЕН  ЖҮРГІЗІЛГЕН САУАЛДАМА ҮЛГІСІ

 

Сұрақтардың  мазмұны

Қолдаушылар  саны. “Иә”

Қолдамаушылар  саны.”Жоқ”

Дара  қалушылар  саны.

“Білмеймін”.

1.Музыкасыз  өмір  сүруге  бола  ма,  болса неге?

1 оқушы

30  оқушы

 

4 оқушы

2.Музыка  мамандығын  таңдайсың  ба?

2 оқушы

26 оқушы

7 оқушы

3.Музыка сезіміңе  әсер  ете  ме,  қалай?

3 оқушы

25 оқушы

7 оқушы

4.Музыканың  тілі  бар  ма, болса  не  дейді?

2 оқушы

27 оқушы

6 оқушы

5.Хорға  қатысқаныңа  өкінбейсің  бе?

0 оқушы

33 оқушы

2 оқушы

6. Әрі  қарай  хор  мүшесі  боласың  ба?

1 оқушы

34 оқушы

0 оқушы

НӘТИЖЕЛЕРІ

9 оқушы     —  0, 05 %

179 — оқушы  89%

26 – оқушы

10,05 %

 “Балауса”  хоры  осы  аталған  оқу  жылында  концерттік  бағдарламасымен   көптеген  орындарда  өнерлерін  көрсетті.  Мысалы,

а)  Мектептің  “Желтоқсан  желі”  мерекелік  кеші

ә)  Мектептің  ата – аналарға  арналған жалпы  жиналысы.

б) Жас  өспірімдер  сарайы.   Хор жанры  өнері  жарысы.

в) Жамбыл  облысының  радио  комитеті.

г) Облыстық  “Ұлағатты  ұстаз”  атты  облыстық  көркемөнерлер   жарысы.

д) “ Армысың  — көктем — 2011” қалалық  сұлулық сән  көрмесі.

ж)  Мектеп  бітірушілердің  кеші.

          Осыдан  кейін  барлық  хор  мүшелерінің  тек  ғана  ән  салуға  ғана  емес,  сондай  ақ    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                     Оқушының  ой — өрісінің қалыптасу  шеңбері

                                                                                                           №   кесте

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                АШЫҚ САБАҚТЫҢ  ҮЛГІ — ЖОСПАРЫ

 

        Ашық  сабақтың  тақырыбы:  КӨҢІЛДІ  НОТАЛАР. 

                5 — сыныппен — өткен  материалдарды  пысықтау

Сабақтың  мақсаты:

Білімділік:  : Оқушыларға  көркемдік  білім  беріп,  музыка  теориясы  элементтерін   ой — өрісін  дамыта  отырып, игерту,  саз  сырын  ұғындыру.  Ән  айту  техникасын,  эстетикалық  ОЙ — ӨРІСІН,  музыка  тыңдау  мәдениетін  дамыту. 

Дамытушылық:  Ән  айту  техникасын,  эстетикалық  ОЙ — ӨРІСІН,  музыка  тыңдау  мәдениетін  дамыту.

Тәрбиелілік: Өнерді  сүйіп,  эмоциялық  сезімдерін  оятуға,  шығармашылық  мүмкіндіктерін,  музыка  сабағына  деген  қызығушылықтарын  ойлы – саналы  меңгеруге  тәрбиелеу.

Сабақтың  түрі:  Бекіту  сабағы.

Оқыту  технологиясы:  Ұжымдық  оқыту.

Сабақта  қолданылған  әдістер:  сұрақ – жауап,  ойын  элементтнрі,  ән  салу,  өзбетімен  жұмыс.

Сабақта  пайдаланылған  көрнекті  құралдар:  видео – проектор,  үнтаспа,  қобыз,  баян,  тапсырмалар  жазылған  слайдтар,  нота  таблицасы,  үлестірмелі  қағаздар.

Музыкалық  материалдар:  Б.Ғизатов.»Көңілді  ән»,  Ө.Байділдаев.  «До,  ре,  ми»,  Б.Жүнісәлиевтің  «Нота  үйренеміз»  әндері.

Сабақтың  барысы:  Қазақстанның  гимнін  орындау.

              I.Ұйымастыру  кезеңі:

Жүргізуші:

     Музыка – шынайы  өнер,  адамға  әсер  етіп,  құдіретті  эмоциялық  орасан  зор  күш  арқылы  эстетикалық  талғамын  оятады.  Музыканы  дұрыс  түсініп  тыңдай  білуге,  нота  сауаттарын  еркін  меңгеруге  тәрбиелеу  арқылы  оқушылардың  ой — өрісін,  сезімін,  санасын,  қиялын,  талғамын  жалпы  өнерге  деген  сүйіспеншілігі  мен  мәдениетін  дамытамыз.

 

Оқушылардың  таңдауы  бойынша  сынып  екі  топқа  бөлінеді.

1 – топ – «До»  нотасы

2 – топ —   «Ре»  нотасы

Топ  басшылары  сайланады

             II.Қобыз  аспабында  музыка  тыңдау.

Ой  шақыру

Сұрақ:

Музыка  неден  тұрады?

Музыкалық  дыбыстардың  таңбасы  қалай  аталады?

Ноталар  қайда  жазылады?

Ноталар  нешеу?

Жауап:

Музыка  дыбыстардан  тұрады.

Музыкалық  дыбыстардың  таңбасы – нота.

Ноталар  нота  сызығына  жазылады.

Нота  сызығы  бес  сызықтан  тұрады.

               III. Мұғалім:

Қазақ  халқында  5, 7  сандары  қасиетті  деп  саналады.  Бес  санына  байланысты  не  білеміз?

 Оқушылар:  «Жігіттің  бес  қаруын»,  бес  саусақ,  бестік  баға  мен  Абайдың  «Ғылым  таппай  мақтанба

                  Өнер  таппай  баптанба, — өлеңін  жатқа  аяғына  дейін  айтады.

Мұғалім:  Нота  сызығы  да  бес  сызықтан  тұратынын  есімізден  шығармайық.

«Ақ  дәптерге  мына  біз,

Бес  жол  сызық  сызамыз».

Оқушылар:  Осы  берілген  бес  сызық – негізгі  нота  сызығы  деп  аталады.

Мұғалім:  Дұрыс  жауап  бердіңдер,  Енді  нота  сызығына  ноталарды  дұрыстапжазып,  орналастырайық.  Дыбыс  қатарын  атайық:  ДО,  РЕ,  МИ,  фА,  СОЛЬ,  ЛЯ,  СИ.  Неше  дыбыстан  тұрады?

Оқушылар:  Жеті  дыбыстан  тұрады.

Мұғалім:  Өнерден  тағы  жеті  нені  білесіңдер,  оны  атаңдар!

Оқушылар:  Табиғаттың  жеті  бояу  түрін  білеміз.  Қызыл,  қызғылтсары,  сары,  жасыл,  ашықкөк,  аспанкөк,  күлгін.   

  1. Музыкалық қойылым.

Мұғалім: — Сендер  «Жеті  лақ»  ертегісін  білесіңдер  ме?

Оқушылар:   Білеміз.

Мұғалім: — Олай  болса,  сол  ертедегі  қасқыр  біздің  жеті  нотамызды  алып  кетіпті.  Міне,  скрипка  кілті  келіп,  сендерден  көмек  сұрап  тұр.  Ноталарға  көмектесеміз  бе? 

Оқушылар:  Көмектесеміз.

Мұғалім:  Қасқырдың  мынадай  шарты  бар.  Жеті  нотаның  атын,  сызықтағы  орнын  дұрыс  тапсаңдар,  ноталарды  босатады.

1 – оқушы:  Бірінші  нота – До  нотасы.  Ол  негізгі  сызықтың  астындығы  қосымша  сызыққа  жазылады.  До  нотасының әнін  орындайды.

Мен  отырмын  бақылап,

Бірінші  сызық  жақын  ақ.

До  нотасы  болған  соң,

Көтерілем  сатылап.

2 – оқушы:  Ре  нотасы  бірінші  сызықтың  астына  жазылады.  Ре  нотасының  әнін  орындайды.

Мен – ре,  ремін,  ремін,

Ре  ретінде  білемін.

Бірінші  сызық  астында, 

Қатарласып  келемін.

Ре  нотасын  сызыққа  жазып,  қатарға  тұрады.

3 – оқушы:  Ми  нотасы  бірінші  сызыққа  жазылады. Ми  нотасының  әнін  орындайды. 

Бірінші  сызық  үстіне,

Шығып  алдым,  күш  міне!

Ми  нотасы  боламын,

Естеріңе  түсті  ме?

Ми  нотасын  сызыққа  жазып,  қатарға  тұрады.

4 – оқушы:  Фа  нотасы нотасы  бірінші  мен  екінші  сызық  арасына    жазылады. фА  нотасының  әнін  орындайды.

Қос  сызық  ортасында  тұрамын,

Фа  нотасын  құрамын.

Нотасы  боп   жазып,

Қатарға  тұрамын

5 – оқушы:  Соль  нотасы  екінші  сызыққа  жазылады.

Соль мын,  сольмын,  тұз  деме,

Төменнен  де  іздеме.

Екінші  сызық  үстінде,

Тұрмын  түспей,  түс  десе.

Соль  дыбысын  жазып,  қатарға  тұрады.

6 – оқушы:  Ля  нотасы  2 – ші  сызық  пен  3 – ші  сызық  арасына  жазылады.

Мен  Ля,  ля,  ля,  биікпін,  биікпін,

Көңілдімін  сүйіктім,  сүйіктім!

Аяғым  екінші  сызықта,

Төбем  үшке  тиіп  тұр,  тиіп  тұр.

Ля  нотасын  сызыққа  жазып,  қатарға  тұрады.

7 – оқушы:  Си  нотасы  үшінші  сызыққа  жазылады.

Си  нота  деп  аталдым,

Рас,  біраз  мен  қиналдым.

Үш  сызыққа  шыққанда,

Қасыма  бәрің  жиналдың.

Ля  нотасын  сызыққа  жазып,  қатарға  тұрады.

Оқушылардың  дұрыс  жауабына  лажы  қалмаған  қасқыр  ноталарды  босатады.  Қатар  тұрған  ноталар  «Көңілді  би»  билерін  билейді.

  1. Мұғалім: Енді сендер  нота  арқылы  әндерді  оқи  алатын  болдыңдар.  Мына  өлеңдегі  көп  нүктенің  орнына  сөз  қойып,  дыбыстардың  ұзақтығын  есімізге  түсірейік.
  2. Ортасы ақ, қалғаны –

…………….нота  болғаны.

  1. Бөлінген бүтін  нотамыз –

Екі………………нотаңыз.

  1. Әр жартыға   екіден,

………..нотаға  бекіген.

  1. Төрттік нота  қарадан,

…………….нота  тараған.

Дыбыстардың  ұзақтығы:  Бүтін  нота,  жарты   нота,   өрттік   нота,  сегіздік  нота.  Екі  топ  бір – біріне  қима  қағаз  көрсетіп,  ондағы  дыбыстардың  ұзақтығын,  саналуын  айтады.

  1. Сергіту сәті.  «Адасқан  ноталар»  ойыны.  Ән  салу ережесін  естеріне  түсіреді.

VII. Дауысқа  жаттығу.  «Нота  үйренеміз»  әні.

1 – топ  слайдтан  «Біздің  ән»  әнін   тыңдап,   әннің   ырғағын  шапалақтау  арқылы  келтіріп,  сызықтағы  ноталарды  оқиды.  Әннің  екпінін  сақтай  отырып,  нақышын  келтіре  айтады. 

1 – топ  «До – ре – ми»  әнінің  құрылысын  талдап,  орындайды.

VIII. Қорытынды.

Тест  сұрақтары:

  1. Нота неше  дыбыстан  тұрады?

а)  5;   ә)  7;    б)  4.

  1. Бас  дыбысын  ата!

а)  ми;  ә)  ре;  б)  до.

  1. Ең  ұзақ  нота.

а)  жарты;   ә)  бүтін;    б)  сегіздік  ;

]а)  ми;   ә)  ре;    б)  соль; 

  1. Бірінші  сызық  пен  екінші  сызықтың  ортасына  орналасқан  нота? а)  фа;   ә)  ре;    б)  соль ;

Жауабы:

  1. Ә; 2.Б,  3.Ә;  4.Б;  5.А.
  2. Венн диаграммасы.
  3. Дыбыс қатары.
  4. Дыбыс ұзақтығы.

Бағалау

 

                Үйге  тапсырма:   Дыбыс   биіктіктерін   таза   айтуға   жаттығып,  нота   ұзақтықтарын   есептеп   құрастыру.

                Қорытындылау:   Музыкалық  ноталардың  осындай  құдыретті  күші  мен  өзіндік  тәртіптері  болатынын  білдіңдер,  ол  есептеледі,  жоғарлайды,  төмендейді,  жуандайды,  жіңішкереді,  кейде  ән  нота  «Кемпірқосақ»  түрлерінің  бояуына  да  ұласып  кетеді.  Міне,  балалар!  Музыкалық  ноталар  осындай  болады! [16]

          Ендігі  тұста  сендерге  мынадай музыкалық  жұмбақ  жасырып,   сұрақтар  қойып,  жауаптарыңды  естігім  келіп  тұр  және  ой  тоқтамдарыңа  қысқаша  түйін  жасайын.

 

 

 

           МЫНАДАЙ   МУЗЫКАЛЫҚ  ЖҰМБАҚТАРДЫ ТАБАМЫЗ!

                                                                                                №  КЕСТЕ

Жұмбақтың  мазмұны

Жауабы

1

Зарлап – зарлап  салды  ирек,

Тұлпар  қашқан  көп  ізді.

Кейде  зарлапзарылдап,

Ел  сүйеді ……………………….

ҚОБЫЗ

2

 

Шашубайша  әлі  де,

Ұрпағы  асқан  жырлайды.

Созыңқы  үнді  әнін  де,

Қадірлейік……………………….

 

 

СЫРНАЙ

3

Кесіп  алған  қамыстан,

Қурайымның  үні  ізгі.

Үні  кетпес  құлақтан,

Қандай  аспап……………

СЫБЫЗҒЫ

4

Сепсін  десең  нұрлы  саз,

Құлағын  сен  оң  бұра,

Даусына  мәз  бар  жұртың,

Ел  мақтаны…………………….

ДОМБЫРА

5

Бойы  сыммен  керілген,

Бар  екен  екі-үш  тесігі,

Жеті  ішекке  берілген,

Жеті  жігіт  есімі

ЖЕТІГЕН

6

Түзу  бес  жол  бойында,

Ұқсап  тұр  ол – оюға.

Ноталарды  қырағы,

Күзетіп  ол  тұрады.

СКРИПКА  КІЛТІ

7

Шаттық  құсын  ұшырдым,

Досқа  көңіл  ұсындым,

Барлығына  бір  тілде,

Аудармасыз  түсіндім.

МУЗЫКА

8

Бес  түзудің  бойында,

Шашылды  бақ – бақ  ұлпасы.

Әлемге  қарап  отырып,

Әніңді   қане,  шырқашы!

МУЗЫКАЛЫҚ

НОТАЛАР

 

 

        МУЗЫКАЛЫҚ   ЖҰМБАҚ   ЖАУАБЫНЫҢ   НӘТИЖЕСІ

                                           5 – сынып.   37  оқушы

 

Сұрақтардың  мазмұны

Жауабын

тапқандар

саны

Жауапсыз

қалдырғандар

саны

1

1 – сұраққа  жауап

30

4

2

2 — сұраққа  жауап

33

2

3

3 — сұраққа  жауап

20

10

4

4 — сұраққа  жауап

31

2

6

6 — сұраққа  жауап

25

10

7

7 — сұраққа  жауап

29

3

8

8 — сұраққа  жауап

28

4

9

9 — сұраққа  жауап

28

5

 

Жауаптарының  сандары

224

40

 

 

 

 

    Осы  ой  қозғау  музыкалық  жұмбақ  сұрақтарын  сұрыптай  келе,  оқушылардың  қаншалықты  әлем  құбылыстары  мен  музыка  өнерінен  хабарлары  бар  екендігін  анықтауға  болады.

       Тапқандар  жауабының  басым  болғаны,  яғни  9  сұрақтың   37 баланың    жауабы  шыққандығы – 224  ,  ол  оқушылардың  дұрыс  жауабы  мен  ойлау  қабілеттерінің  ұштаса  дамуының   және  сөз  ұйқастарының  астарын  аңғарғандығы,  музыканың  кейбір  ерекшеліктері  мен  теориялық  сауаттарынан  да  хабарлары     болды  деуге  болады;

       Таппағандар  жауабының  бар  болғаны  40  бала ,  яғни  9  сұрақтың   37 баланың    жауабы  бойынша  шыққандығы –  ол  оқушылардың  дұрыс  жауабы аз  болып,   ойлап  табу,  сөз  ұйқасын  түсіну,    қабілеттерінің  әлі  де  болса  ой  тастау  мен  жан – жақты  шынықтыру  керектігін  түсіндіреді. 

 

 

          Осы  сұрақ – жауап  тәсілінен  сендердің  «КӨҢІЛДІ  НОТА»  атты  музыкалық  сабақтарың  әлі  де  болса  көңілді  өтіп  жатқандығын  анықтайды,  сана  сезімдеріңнің  даму  үстінде,  ізденіс ,  таным  үстінде  екендігін  көрсетті,   себебі  басым  «дұрыс»  деген    жауапты  берді  және  сендердің  шамалы  ғана  оқушыларының  әлі  де  болса  музыка  мен  ой  қозғау  дидактикалық  ой  қимылының  керектігін  айтады.

 

 

          Енді,  есті  ойлы,  зейінді  бала  болам  десеңдер  мына  асыл  ойларды,  даналық  сөздерді,  нақыл  сөздерді    естеріңнен   шығармай   жаттап,  айтып,  өз   өмірлерің   жаратып   жүрерсіңдер:

                   Халық  даналығы

  *   Ойы  мұнардың – сөзі  шұбар.

  *   Ұстазы  жақсының – ұстамы  жақсы.

  *   Ақыл  азбайды,  білім  тозбайды.

  *   Айтушы  ақылды  болса – тыцңдаушы  дана  болады

 

                   Ойыңа  тоқып  ал!

  *   Балаға  өнер,  білім  берілсін,

       Сұлу  мінез  әр  өнермен  өрілсін

                                                                           Ж.Баласағүн.

  *   Жас  қырандар  балапан,

       Жайып  қанат  ұмтылған.

       Көздегені – көк  аспан,

       Мен  жастарға  сенемін!

                                                                         М.  Жұмабаев.

  *   Білімдінің  сөзін  тыңда,

       Айтқанын  үйрен – іске  асыр.

                                                                           М. Қашқари

 

                  Даналық  сөздер

*   Қу  болсаң – алқымнан  асыласың,

       Ынжық  болсаң,  аяққа  басыларсың.

  *   Би болатын  жігіттің,  төбеде  болар  жұмысы,

Мерген  болар  жігіттің,  жебеде  болар  жұмысы

                                                                      Ізбасты  шешен

 *  Әдепті  басы,  аңдап  сөйлеу

                                                                              А.Ігунеки

*   Ақыл – мың  оқудың  басы.

                                                                               Ж.  Баласағұн

*   Өнер – ағып  жатқан  бұлақ,

     Білім – жанып  жатқан  шырақ

*   Адамды  ойлай  білуге  үйрету — өркениеттің  аса  маңызды  міндеті

                                                                                    Т. Эдисон

 *   Тіл  қаруы – сөз,

     Сөз  қаруы – ОЙ,

     Ақылды  ой,  алғыр  сөз,

     Адамның  ең  жоғарғы  қасиеті

                                                                                    Ғ.  Мүсірепов

 

               Ұлылардан  ұлағат

*   Адамдардың  жақсы  өмір  сүруіне  үш  сапа  негіз  бола  алады  және    

     олар  барлығынан  үстем  болады:

  • Адал еңбек;
  • Мінсіз ақыл;
  • Таза жүрек.

     Бұл  сапалар  адамды  дүниеге  келген  күннен  бастап  тәрбиелейді.

                                                                                           Шәкәрім.

*   Адамды  не  істеу  керекке  үйретпей,  қалай  ойлау  керекке  үйрет кен  кезде  ғана  түрлі  келеңсіздіктерден  арыламыз.

  • Қ.Лихтенберг.

 

                 Тағылым

  *   Кім  үлкенді   құрметтеп  сәлем  берсе  оған  төрт  қасиет:  ұзақ  өмір,  көп  білу,  даңқ  және  сұлулық  рухының  нұры  жауады. 

                                                                                            Үндінің  мәну заңынан

*   Өнерден  жақсы,  білімнен – үлкен,

  • Ұяттан — сұлу  нәрсе
  • Қызғаныштан асқан  дұшпан  жоқ. 

                                                                                      Сократ.

*   Солдат  өлсе – орнын  толтыруға  болады,

  • Ақыл өлсе – оның  орнын  толтыру  мүмкін  емес.

                                                                                      Наполеон.

  • Кім өзін  жұрттан  ақылды  санаса,  сол – ақымақ
  • Жақсы атақ  алғаннан  басқа  жақсы  іс  жоқ.
  • Сәлем берген,  саулық  береді.
  • Ақыл – адамның сыйлығы.
  • Ақыл, ой,  білім –   әр  адамның  сәулеті.
  • Ақылды  адам – ажарлы.   [17]

Осыдан  кейін   барлығы   қосылып   хормен   Б. Ғизатовтың  «Көңілді  ноталар»  әнін  орындайды.

          Құрметті  оқушылар!  Осымен  ой — өрісімізді  біліміміз  бен  өнер,  өнегелеріміз  арқылы  молайтып,  Отанымыздың  саналы  да  парасатты  ұл – қыздары  болып  өсіп,  өне  берсек,  халқымыздың  сәулелі  болашағын  орнатуға  септігіміз  тиер  еді.  Ойлы,  ақылды,  саналы,  мейірімді  болып  өсулеріңе  тілектеспін!

     Осыдан  кейін   барлығы   қосылып   хормен   Б. Ғизатовтың  «Көңілді  ноталар»  әнін  орындайды.

 

                           Ой — өрісінің  даму пирамидасы          №   кесте

Осылайша  мектепте  зерттеу  мақсаттарымды  музыка  сабақтары,  сабақтан  тыс  тәрби  көздері  арқылы,  ән  салуға  хор  өнерінің  ықпалдары  арқылы  зерттеуімізді  орындай  келе,  мынадай  тұжырымдар  мен  сараптамаларға  тоқталамыз.

        Эксперименттік зерттеу кезеңінің бірінші кезеңінде, мынадай  ерекшеліктерді  байқадық.

Бақылау жұмыстарында мынадай міндеттерді алға тарттық:

  1. Қанша оқушының  хор  өнеріне  ынтасы  арттып,  ой – саналары  өсті;
  2. Музыканың көркемдігі  мен  орындау  техникаларын  меңгере  отырып,  музыка  өнеріне  қызығушылығы  артты;
  3. Сабақтағы үлгерік  көрсеткішін  анықтадық.

   Зерттеу жүргізіп жүрген 37 оқушыға жүргізілген хор  өнері  арқылы  өнерге  деген  өзіндік  көзқарас,  оны  қабылдауы,  сезінуі,  эстетикалық  талғамының  өсуінің  бастапқы кезеңдегі мүмкіндік деңгейлерін анықтадық. Мұнда эксперименттік тобының жоғары деңгейі 25,6%, орта30,8 %,  төмен   43,6  %

көрсетсе, оқушылардың   хор — әншілік,  оның  көркемдігін  сезіну,  бағалау,  техникасын   шапшаң игере қоймағандығы анықталды.

    Эксперимент жүргізудің екінші кезеңінде көптеген  хор  өнерімен  шұғылдануды  кәсіби  тұрғыда  игеріп,  осы  өнерді  сүйгендіктен,  оны  меңгере  білудің     білудің түрлі әдістер негізіне сүйендік:

  • Таңдан алынған сыныпты оқыту – тәрбиелеу негізінде  икемдері  мен  өнерге  көзқарастарын қалыптастырдық, яғни әр сабақты бір ізділікпен ,жүйелі мақсат – міндеттерге  қарай  оқу – тәрбие  тақырыптарын бөлдік;
  • Жоспарлау барысында  ұтымды  да тартымды  стратегиялық әдістерді қолдана  отырып, сапалы  нәтижелерін алып, балалардың  ән  салу,  музыканы  мазмұнды  қабылдау,  қызығушылықтарын байқап отырдық;
  • Түрлі ғылым салаларымен (педагогика, психология, физиология, валеология,  анатомия  т.б) тікелей байланыстыра, концерттер  мен  әншілікке  жаттықтыру,  ой — өрісін  дамытушы  іс — әрекеттердің  түрлі  тәсілдерін  қолдану  арқылы  оқу – тәрбие  жұмыстарымыздың   тартымдылығын арттырып отырдық.

Оқу – тәрбие    барысында түрлі тәсіл-амалдар қолданылды:

  1. Дауыс қою  жаттығуларын  қайталау; 
  2. Музыка дәне  әлем,  өмір,  қоғам    туралы  әңгіме – дүкен  өткізу;
  3. Ой — пікір айту, жаттығуларды қайталау,  шығарманы  көркем  де  техникалы  орындау,  оқушы  пікірімен  бөлісу,  ортақ  шешім  қабылдау;
  4. Өзге хор  ұжымдарымен  ұтымды  ой — пікір,  тәжірибе  алмасу.
  5.  

Осы амалдарды тиімді қолдану, оқушылардың өздігінен жылдам игеріп,түсінуі және балалардың қызыға тез игеруге себепші болуларының  нәтижесінде жақсы көрсеткіштік деңгейге жеттік.

Эксперименттік топ оқушылары бастапқы кезеңде – жоғары-25,6% ,  -орта-30,8%, — төмен 44,3%  құрса, экспериментіміздің соңындағы балалардың  музыка  өнерін  саналы – ойлы   қабылдауы, білімі, талаптары, қызығушылығы  арқасында  болжауымыздың  нәтижесі  мынаны  көрсетті;

  • Жоғары-44,3 %, орта 48,5% , ал төмен 12,7 % көрсетті.

Бұдан эксперимент ретінде өткізген оқу – тәрбие  жұмыстарымыздың   қортынды  тиімді нәтижелерін көреміз.

 

 кесте

 

Топтар

Эксперим

топ.

жоғары

Бақылау тобы.

жоғары

Эксперим

топ.

орта

Бақылау

тобы.

орта

Эксперим

топ.

жоғары

Бақылау

тобы.

жоғары

Бастапқы

кезең

25,6%

25,2%

30,8%

30,5%

43,6%

44,3%

Эксперим

соңы кезеңі

38,8%

28,1%

48,5%

32,6%

12,7%

39,3%

 

Көрсетілген нәтиже бойынша  5 – сынып  оқушыларының  хор  өнерімен  тікелей айналысуының  негізінде  олардың  ден  саулықтарының   шынығуына  (әншілік  демнің  өкпеге  тиімді  ықпалы  ),  ұжымдық  өнер – хормен   айналысу  барысында  шығармашылық  саналы  ой  сезімді,   көңіл  хошын,  қуанышты,   өнер  даңқын  көтеру  патриоттық  сезімдерді  ұғынуға  толық мүмкіндіктер бар. Себебі:

      а)Осы хор  өнерімен  айналысу  арқылы мектеп  оқушыларының  тұлғалық  сапа – қасиеттерінің бірізділік,  жүйелі  шығармашылықпен  айналысу  негізінде  музыкалық  мәдениеттерін  қалыптастыруға   болатындығы;

     ә) Өнердің  бұл  түрінің  оқушылар  үшін  ең  тиімді  оқу – тәрбие  құралы   екендігі, оның  тек  мектеп  оқушылары  ғана  емес,  кез  келген  ұжымдағы  өнер  сүйер  қауымның  айналысуына  болатындығы   анықталды.

      б) Оқушылардың  ән  салу,  хор  өнерінің  сырын  терең  ұғына  бастап,  қоршаған  ортаға  терең  оймен  қарауға,  музыканың  өзі  ой – сананың  тиянақты  жиынтығының  нәтижесі  екендігіне  көздерін  жеткізу  болды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

              Мектеп  оқушыларының  ой — өрісін  дамытуға  музыканың  

                                                       ықпалы ( эксперимент топ)

 

                                   Экспериментке дейінгі кезең

 

 

 

 

                                                                                 

 

                               Эксперименттен кейінгі кезең:

 

 

 

 

 

Бөлім бойынша қысқаша тұжырымдамалар

  1. Психологиялық құбылыстар біздің  қоршаған  сыртқы  дүние  заттары мен  құбылыстарының  мидағы – түйсік,  елес,  ой,  сезім,  тілек,  қабілет,  қызығу,  мінез,  әдет т.б. өмір  тәжірибесінен  жиі  кездестін  ұғымдарды  музыка  өнері  арқылы  ұғынды.   психология  адамның  өзін — өзі  тәрбиелеуге  жөн  сілтеп,  оның  өз  ерекшеліктерін  ой — өрісінің  дамуы  ажырата  білуге  жәрдемдеседі. 

2 Музыка  тәрбиесінің  негізінің  бірі  —   музыканы  тыңдау  мен   қабылдауды  оқушылар  хор өнерімен  арқылы қалыптасып  және  әншілердің    псигологиялы   

3.Өнерге,  соның  ішінде  музыка,  яғни  әншілік – хор  өнеріне  баулу  мақсатында  арнайы  дауысы  және  музыкалық  есту  сезімі  биік,  музыкалық  сазды есте  сақтау  қабілеті бар   балалар  таңдалынып  алынды.    

  1. Хор музыкасы арқылы балалардың өнер  туындыларына    эмоционалды – эстетикалық  баға  беруіп,   сезімдік   мәдениетіне,  ой,  түйсіктеріне  ықпалы   болдды;

5.Оқушылардың  музыканы  ойлы – санамен  қабылдап,    қалыптастыру мақсатында   музыкаға  құштарлығын,  ән  мен  хор  туындыларын    тыңдау  мен  орындауға  деген  ынталары   дамыды;

  1. Өмірмен рухани байланыстағы  музыка  туралы  білімдерін   меңгеріп, хор  шығармаларын  есту  қабілеті  арқылы  тұтас  қабылдауға  шынықты,  музыкалық  есту, есте  сақтау  қабілеттерін  дамыту  және    музыкамен  шұғылдану  процесінде  оқушылар  өздерінің  жеке  тұлға  екендігін  саналы  түрде  ұғынды;
  2. Көркемдігі жоғары музыкамен  шұғылдануға  деген  қажеттіктерін  дамытып,    хор  шығармасын  таңдамалы  қабылдауға  қалыптастырып,  өз  беттерімен   музыкалық  білімін  толықтыруға  талпындырып,  хормен  ән  сала  білу  —   орындаушылық  өнерге  оймен    көзқарастары  қалыптасты. 
  3. Әншілік қабілеттерінің дамыту  арқылы  көркемдік  тәжірибесін  байытып, ән  салу ережелерін  орындаушылықта   іске  асырып,   оқушылардың  вокалды — хормен  музыкалық  мәдениетін     қалыптастыру
  4. “Балауса” деген хор  ұжымына  ат  беріп  орындайтын  шығармаларын     Отан, ел,  білім,  табиғаттың  тамаша  уақыттарын  бейнелейтін  және  бірнеше  тілдерде оқушылардың  қалаулары  бойынша  репертуарларын    жинақтады.  
  5. Оқушылардың хор өнерінен  алған    сезіну,  ойлау,  түйсіну,қабылдау    қабілеттерін   ой — өрісі  арқылы    тереңдету   мәдени  іс — шаралары  жүргізілді

11.Қаладағы  хор  ұжымжарының  концерттеріне еліктеу  мен  қызығушылықтарын  ояту  мақсатында  соғыс  ардагерлері,  Ардақты  аналар,  Жас  өспірімдер  сарайының  хоры, Абай  атындағы  пед.колледж  хоры,  Тараз  мемлекеттік  педагогикалық  институтының  хоры  арқылы  хор  әсерінен  хор  ұжымының  ұжымдық  еңбеңтену,  өнерлерді  сараптай  алу,  әр  дыбыстардың  үйлесімдіктерін  құра    ой – саналы  қалыпты  жағдайларға  жетті. 

  1. “Балауса” хоры концерттік  бағдарламасымен   көптеген  орындарда  өнерлерін  көрсетіп,   сахналық  өнердің  сырын   ой – түйсіктерімен  түсіне  бастады  және  оқушылардың  өзіндік  ой   пікірімен бөлісу,  ортақ шешім қабылдау,  өзге  хор  ұжымдарымен  ұтымды  пікір,  тәжірибе  алмасу  негізінде   көркемдік  пен  орындаушылық  тәжірибе  толықтырылды.

13.Оқушыларға  түрлі  ашық  сабақ,  ой  толғау  мәдени  тәрбиелік әрекеттермен  көркемдік  білім  беріп,  музыка  теориясы  элементтерін   ой – толғаныстарын  қозғай  отыра   саз  сырын  ұғындыру.  Ән  айту  техникасын,  эстетикалық  ОЙ — ӨРІСІН,  музыка  тыңдау  мәдениетін  дамыту. 

14.Өнерді  сүйіп,  эмоциялық  сезімдерін  оятуға,  шығармашылық  мүмкіндіктерін,  музыка  сабағына  деген  қызығушылықтарын  ойлы – саналы  меңгеруге  тәрбиелеу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                        Қорытынды

 

Музыка — адамның   сезімдерін  оятады, өзін  қоршаған  адамдарды  түсінуге,  жер  бетінде  не  үшін  өмір  сүретіндігін,  өмірінің  мәнін бағалауға   итермелейді.   Табиғаттың  сұлулығына,  адамның  жан  дүниесіне  көңіл  аудара  білуге  көмектеседі.  Музыка  кеудеңдегі  ауыртпалықтан  арылтып,   жан  жарасын  жазады,  адамның  қиялына  қанат  бітіріп,  бақыт  сезіміне  бөлейді.  Музыка  адамның  жан  дүниесін  сауықтырады,  рухани  әлемін  байытады.  Осындай  ізгі  қасиеттерімен  қай  заманда  болмасын  адамның  рухани  қазынасына  айналып,   ойландырады  көңіліне  ой  салады.

Міне,  осылайша  оқушының  ой — өрісінің,  білім  алумен  қатар  дамып  қалыптасуына   тәрбиенің  де  зор  орны  бар  екендігін,  ол  білім  алудың  негізгі  құрамдас  бөлігі  екендігін  мемлекет   тарапындағы  саясаттан  да    алшақтамайтындығының  бір  дәлелі, — ол  оқу  үрдісінің  тәрбиелік  құрамдасын  қүшейту, олар – патриотизм,  мораль,  парасаттылық. 

Музыканың   тәрбиелеу  күші,  мектеп  оқушысы  үшін  қазіргі  заманның  ғана  құндылығы  емес,  ол —  ежелден  ақ  ізімен  келе  жатқан  тәрбие  көзі,  өмір  сүрудің  рухани  құндылығы.

Осы  құндылықтың  маңызды  қасиеииерін  дамытып,  өрбіту  үшін   мектеп  оқушысына,  жастарға     музыка  тәрбиесін  беретін  және  эстетикалық  талғамын  қалыптастырушы  саналы  да  ойлы   өмірге  ынталандырушы,   оқу-тәрбие  жүйесі,  яғни  мектебі.   Соның  ішінде  ұстаздардың,  ата – аналардың,  қоғамдық  жастар  ортасының  баланың  немесе  жастардың   бойына музыкалық өнерді дарыту үшін  басқа  тәрбиелермен  қатар  музыкалық  мәдениетін  дамыту  барысында  көптеген   іс — әрекеттермен,  тәрбие  бағыт,  жүйелерімен,  жұмыстарымен   айналыстырады.

Мектептер —  музыкалық – тәрбиелік іс- шаралық  жұмыстары  орасан зор  роль атқарады,  сондықтан мектептегі,  оқу  орындарындағы саналы  да  салауатты  өмір  кешу  бағыт,  бағдарламаларын     өмір талабына сай құрып,   ұйымдастырып, жаңа  ғасыр  заманы  жастары, оқушысының қалыптасуына керекті музыкалық тәрбиеге  жаңа  көзқараспен қарап, мектептегі,  оқу  орындарындағы  саналы  да  салауатты  өмір  сүрулеріне,  ой — өрістерін  дамытып  отыруға     музыка тәрбиесін  кешенді түрде жүргізіп,   бүгінгі музыкалық білім беру саласының  көкейтесті  мәселесі  болып  табылады  Осы,  орайда  көкейтесті  мәселені  жүзеге  асыруда  баланың  ойлау  процесстерінің  атқаратын  орны  бір  бөлек 

Ойлау — сыртқы  дүние  заттары  мен  құбылыстарының  байланыс – қатынастарының  миымызда  жалпылай  және  жанама  түрде  сөз,  музыка  әуендері   арқылы  бейнеленуі  және — өзіндік  ішкі  қарама – қарсы  қайшылықтарға  толы  процесс.  Ойлаудың  пайда  болуында — белгісіз,  түсініксіз  нәрсені  білуге  деген  ынтазарлық,  түрлі  сұрақтарға  жауап  іздеп,  ой  әрекетімен  шұғылдануға  адамды  итермелейді,  ал  ойлау  болса – сұраққа  жауап  қайтарудан,  мәселені  шешуден,  оның  мән – мағнасын  түсіне  білуден  тұрады.

Оқушы  қоршаған  ортаны  өзінің  түйсігі ,  танымы,  қабылдауы  арқылы  танып  біледі.  Ал  оларға  өзге  де  оқу  тәрбиелік  үрдісінен  басқа  да  түрлі  тәрбиелік  әдіс – тәілдерді  қолдана  отырып,  музыканың  ықпалымен  ой  қозғау,  музыканы  тану,  оның  түрлі  сырларын  ұғыну  арқылы  ой — өрісімізді  дамытуға,  әлемді,  қоршаған  ортаны  білуімізге  болады.

 Оқушылардың  ақыл – ой,  ой  өрісін  барынша  дамытуға  мектептегі  ән – хор  өнерін  уағыздай  отырып,  әрбәр  оқушыға  әншілік  өнерді  таныта    отырып  қалыптастыру  үшін  білім  беру  мен  тәрбие,  сыныптан  тыс  жұмыс    жүйесін  тиімді  де  мазмұнды  құра  алғанда  тиімді  тәрбие  тұғыны  таңдаймыз,  сондықтан  да  бүгінгі  уақыттың  негізгі  міндеті, — ол білім  беру  мен  эстетикалық  пәндер  арқылы    жүйесін  дамыту  парадигмасының  баршаға  музыкалық  білім  беруді  оқушының  өз  қалауы    бойынша  білім  беруге,  оларды  өнермен  қызықтыра  отырып,    түрлі  музыкалық  қызықты  да,  тартымды  ашық  саба,  ойын – сабақ,  үйірмелер,  хормен  ұжымдық  концерттер  беру,  мектептің  даңқын  көтеретін  әншілік  топтардың  өнерлі  даңқтарымен,  ой — өрісін  қалыптастыруға  болатын  тәсіл  жолдарын  таптық  деп  санаймыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                Қолданылған  әдебиеттер  тізімі

  1. «Әлеуметтік – экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының  басты  

    бағыты».  ҚР  президенті Н.Ә  Назарбаевтің  «Қазақстан  халқына  

    жолдауы» Астана . «Дала  мен  қала» республикалық газет.  30.01.2012ж

  1. Музык және денсаулық. С.Ордабеков. Тараз. Ден-саулық әлемі.2005.
  2. Қазақ ССР Орталық мемлекеттік архиві,ф.1962, оп. 2,д.1097,222-бет.

4.Материалы  Республиканского  совещания  работников  народного

   образования по переходу школ на новые программы и учебники. А.,1969,с

  1. А.Құнанбаев Шығармаларынынң бірінші  томдық  толық жинағы.   

    А..,1961

  1. В.И.Ленин Шығармалар толық  жинағы.41-том. Алматы,1981,19-20 бет
  2. Қ.Жарықбаев. Психология. Алматы, «Білім», 1993
  3. Алдамұратов Ә. Жалпы психология. А.., «Білім».1996.
  4. Қазақ тәлім – тәрбиесі. Қ.Жарықбаев., С.ҚалиевАлматы. «Санат» 1995

10.Нысанбаев.Ә, Әбжанов Т. Ой. Ақыл. Адамгершілік. – А..,  Білім,1994

11.Богословский В.В. т.б.  Жалпы  психология – А.,Мектеп,  1980. 12.Әділова 12.Этнопедагогика – А..,Қаз МӘТУ,  1997,  66-76 беттер.

13.Тәрбие  теориясы  мен  әдістемесі. М.С.Әбденбаев. «Білім», 1999 

14.Тәрбие  теориясы  мен  әдістемесі. М.С.Әбденбаев. «Білім», 1999

  1. Қазақстан мектебі. К.Найманбаева. Мақала.Астана, 2011.

16.Т.Жұпарбаев. Жеке  тұлғаны  ой  мен  тіл  арқылы адамгершілікке 

    тәрбиелеу.    Мақала. Қазақстан  мектебі04. 2011

  1. К.Ж.Бұзаубақова. Педагогикалық тренинг жеке  тұлғаны  дамыту    

     құралы  ретінде.  Алматы, «Жазушы», 2006

  1. 18. Елеманова С. А. Қазақ музыка әдебиеті.  Алматы,  Өнер, 
  2. 19. Аль Фараби. Трактат  о  музыке /  Аль – Фараби.  Избранные  трактаты. Алматы:  Ғылым,1994.
  3. Қазақтың тәлімдік ой – пікір антологиясы. 1том.  Алматы: Рауан,  1994
  4. 21. Казыханова Б.Р. Эстетическая культура  казахского  народа.  Алматы:   

    Казахстан.  1973.

  1. 22. Марғұлан Әлкей. Ежелгі жыр,  аңыздар.  Алматы:  Өнер, 
  2. 23. Нурланова К. Ш. Эстетика художественной  культуры  казахского 

     народа.  Алматы:  Ғылым,  1987.

  1. Тарақты А. Күй  шежіре.  Алматы: Крамдс – Ясауи,  1992.
  2. Уахатов Б. Қазақтың  халық  өлеңдері.  Алматы:  Ғылым,  1974.