[:kz]
Қазақстандық файтер Николай Самусев орташа жеңіл салмақтағы NFC чемпионы титулын қорғағаннан кейін мәлімдеме жасады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
Алматыдағы ММА турнирінде ол жерлесі Райымбек Орынбайды нокаутқа түсірді. Самусев жекпе-жектен кейін, белбеуге тағы да қазақ үміткерлік етсе, оны бере салатынын айтты.
«Ассаламуалейкум, Қазақ елі! Мен — қазақпын. Менталды тұрғыда — қазақпын! Мен осы жерде дүниеге келдім. Енді қазақтармен айқаспайтынымды айтқым келеді. Біреу үміткер болса, белбеуімді қалдырамын. Сол үшін маған басқа файтерлерді беріңдер, жарай ма?»- деді Самусев.
[:]