АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Ешкімді сөйлеткен жоқпын»: Белгілі жазушы қызының тойын қалай тілексіз өткізгенін айтып берді[:]

[:kz]

Ақын-жазушылар бүгінде тойдың мазмұнын қалай өзгерту керектігін Sputnik Қазақстан-ға айтып берді. Жазушы-драматург Төлен Әбдік тойдың қазіргі форматын ауыстыру үшін уақыт керек деп санайды. Себебі бір стереотипті өзгерту оңай емес екен. Ал жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет тойын тілексіз өткізіп көрген. Қуанышты күн концерт сияқты өттіп, қонақтардың бәрі риза болып кеткен екен.

Төлен Әбдіктің сөзінше, той біреу өзгертейік деп, өзгерте салатын нәрсе емес. Оған уақыт керек дейді.

«Ұрпақ ауысуы керек шығар. Иә, адамды жалықтыратын тойлар болады, кейде дұрыс өтетін тойлар да бар. Ол өзі бір стереотип қой. Мысалы, қазір жұрттың бәріне сөз беру әлі басылмай жатыр ғой. Шынымен де, шаршап шығасың. Музыканы даңғырлатып қояды. Ал тойға барғаннан кейін адаммен араласып, сөйлескің келді. Оған мүмкіндік бермейді», — дейді Төлен Әбдік.

Осы орайда жазушы шетелдегі жиындарды мысалға келтірді. Ол жақта тойға барған адамдар танысымен сөйлеседі, пікір алмасады. Тілек айтқанда ешкім ұзақ сөйлемейді.

«Сосын халықты әдемі сөздер мен бөлек бір адамдардың төңірегінде емес, құндылықтардың төңірегінде біріктіру керек. Қазір бір асабаны таңдап алады. Ол айқайды салып сөйлейді. Оны тоқтата алмайсың, өңкей бір поэзия, ұйқасқан сөздер. Оның бәрі — «фальш». Ал адамға шынайы сөз, шын қуаныш керек», — дейді жазушы.

Ал жазушы Ұлықбек Есдәулет ешкімді сөйлетпей қызының тойын тілексіз өткізіп көрген.

«Мен қызымның тойын тілексіз өткіздім. Ешкімді сөйлеткен жоқпын. Тілекті тамаданың аузына салып бердік. Мына үстелде осындай адам отыр, сол қонақтардың құрметіне ән шырқалсын, келесі үстелде отырғандар үшін күй тартылсын деп, өнердің жарысы сияқты өткіздік. Артынан бір депутат досымыз келіп, сіздің тойыңыз керемет өтті, бірақ мен олай істей алмаймын, себебі алыстан келген туыстарым өкпелеп кетеді деді. Бізде ондай реніш болған жоқ«, — дейді Ұлықбек Есдәулет.

 

[:]