[:kz]
Видеодан күннен-күнге жүріс-тұрыс, киіну стилі еркекке айналып бара жатқан Гүлмира Ізбасханованың ішіне жын кірген адамдай еліріп жүгіргенін аңғаруға болады.
Әлеуметтік желі арқылы танылған әнші Гүлмира Ізбасханова ессіз қылығымен тағы да жұртты шулатты, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Видеодан күннен-күнге жүріс-тұрыс, киіну стилі еркекке айналып бара жатқан Гүлмира Ізбасханованың ішіне жын кірген адамдай еліріп жүгіргенін аңғаруға болады. Басында қыз секілді әдемі жүріспен басталатын видеоның соңы адам түсініксіз есерсоқтыққа айналып кеткені ешкімді бей-жай қалдырмады.
Хайптың алдын бермей, қыздық қылықтан адаланған әншіні желі қолданушылары қатты сөгіп тастады. Ерекше дауыс иесі бола тұра, қыз баланың ерсі әрекетіне жаппай теріс пікір қалдырып жатқандардың саны толастар емес.
«Бұл қызда психологиялық тұрғыда ауытқу бар, емделу керек», «жарым екен ғой мынау», «жындыханадан қашқан-ау, сірә», «жетіспесе қиын ғой», «кеңкелес», «ішіне жын кірген», «есуас, жиіркенесің», «Алла сабыр мен тоқтау берсін», «Мына қыз әндерімен жап-жақсы елдің көзіне түсіп-ақ жүр еді, мынасы несі? Абыройын айрандай төгіп, жындының тірлігін істеп жүргені, масқара, мынау сау адамның тірлігі емес қой!», — деп шуласты олар.
[:]