[:kz]
Павлодар облысы Баянауыл ауданы Егіндібұлақ ауылында зейнеткерді видеоға түсіріп, кешірім сұратқан әкімге қатысты қызметтік тергеу басталды деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өңірлік департаменті хабарлады. «Қазіргі уақытта ауылдық округ әкіміне қатысты тәртіптік іс қозғалды. Сол бойынша қызметтік тергеу жүргізетін боламыз. Қызметтік тергеу қорытындысы бойынша тиісті шешім қабылданады.
Егер жауапты адамның кінәсі расталса, ол тәртіптік жауапкершілікке тартылады. Тәртіптік нормаларды бұзғаны үшін жасалған теріс қылықтың ауырлығына байланысты ескертуден бастап жұмыстан шығаруға дейін тәртіптік жауапкершілік көзделген», — деп хабарлады ведомство.
Естеріңізге сала кетейік, Баянауыл ауданында Егіндібұлақ ауылын қар басып қалған болатын. Жергілікті тұрғын Майя Манашева қар басқан ауласын видеоға түсіріп, туыстарына жіберген.
Кейін видео әлеуметтік желілерде пайда болды. Оның артынан желіде әйел адамның кешірім сұрағаны түсірілген тағы бір видео тарады. Осыған байланысты Баянауыл ауданының әкімі Қанат Кәрімов пікір білдіріп, ауыл әкімінің дұрыс істемегінін айтып, зейнеткерден кешірім сұрады
kaz.nur.kz
[:]