Қазақстанда заңсыз шығарылған активтерден қайтарылған 1,7 млрд теңге әлеуметтік инфрақұрылым құруға жұмсалады, деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі. Бұл қаражат Ақмола облысының 10 ауылында медициналық нысандардың құрылысын аяқтауға бағытталатынын Altyn-orda.kz хабарлады.
Атап айтқанда, бұл қаражатқа төрт дәрігерлік амбулатория, бес фельдшерлік-акушерлік пункт және бір медициналық пункт салынады. Бұл шаралар ауылдық жерлерде медициналық көмектің қолжетімділігін арттырып, бір ауысымда 405 пациентті қабылдауға мүмкіндік береді.
Дәрігерлік амбулаториялар келесі ауылдарда салынады:
-
Арнасай (Аршалы ауданы)
-
Ескі Қалутон (Астрахан ауданы)
-
Пятигорское (Жарқайың ауданы)
-
Жанаесіл (Целиноград ауданы)
Фельдшерлік-акушерлік пункттер келесі ауылдарда бой көтереді:
-
Кировское (Жақсы ауданы)
-
Жарлыколь (Целиноград ауданы)
-
Партизанка (Бұланды ауданы)
-
Алтынды (Бұланды ауданы)
-
Пригородное (Шортанды ауданы)
Медициналық пункт Целиноград ауданының Шалқар ауылында ашылады.

