«17 жасымда миллионерша болдым». Төреғалидің қарындасы жетістікке жетудің құпиясымен бөлісті
Дина Төреәлі кәсіп бастамай тұрып талай сәтсіздіктерді бастан өткергенін айтты, деп Stan.kz ақпарат агенттігі.
“17 жасымда миллионерша болдым. Ата-анамнан ақша сұрауды азайттым. 18 жастан бастап мүлде сұрамай, керісінше, ата-анама, бауырларыма қымбат брендтерден сыйлық жасадым. 19 жасым мен үшін ең үлкен тәжірибеге, табыстарға толы болды”, – деп жазды Дина Төреәлі.
Блогер мұндай жетістікке ата-анасының қолдауының арқасында жеткенін айтты.
“Баланың мұндай жетістікке жетуі бірінші Алланың, екінші ата-ананың қолдауы. Және тек материалдық жағынан емес, моральдік тұрғыдан. Мен жүрегім қалаған істі бірден анама келіп айтатынмын. Ол: “Иә, жасап көр, болса болды, болмаса тәжірибе жинайсың” дейді. Әкешім де қолдап: “Бірнәрсе болса маған айт, кез келгенінің әкесін танытамын” деп отыратын.
Дина Төреәлі кәсіп бастауда сәтсіздіктерге ұшырағанын да жасырмады.
«Басында ата-анамның ақшасына бастап көргім келді. Тәжірибесіздігімен, бизнестен білімімнің жоқтығынан, жас болғандықтан миллиондар ауаға кетті. Баланың жетістікке жетуіне кедергі болатын ата-ананың ауыр сөздері. Олар: біреудің баласымен салыстыру, кемсіту, кемшілігін бетіне басу», – деп ойын қорытындылады ол.