«4 айдан кейін 17 жасқа толады»: Абай Бегей қызының құдалығына қатыспады
Қызын ұзатып, су жаңа құда атанған Абай Бегей қызының құдалығына қатыспай қалды. Бұл туралы Altyn-orda.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Өнер иесінің екінші қызын алып қашып кетіп, кейін әнші қайтарып әкелген еді.
“Әртүрлі әңгімелер болып жатқанын байқап отырмын. Тілектеріңізге, көңілдеріңізге рақмет!”, – деп жазды әнші.
Желі қолданушылары қыздың әлі 18 жасқа толмағанын жарыса жазып жатыр. Алайда әншінің блогер қызы Гүлеркем Ниязқұлова халыққа үндеу жасады.
“Бүкіл ел Сымбаттың жасын талқылап жатыр екен. Ол 4 айдан кейін 17 жасқа толады. Елде басқа мәселе қалмаған ба?! Жастарға бақыт тілеңіздер! Сымбатымыз “Сырғалым” атанып, ақ келін болып жатыр”, – деп жазды блогер қыз.
Еске салайық, жұлдызды әке қызын алып қашып кеткен әулетке ренішін жеткізген еді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram