«720 мың теңге несие алдық»: Англияға барып, құлпынай тереміз деп алданған алматылықтар шу шығарды
Шетелге барып қомақты ақша табуды көздеген азаматтар сан соғып қалды. Әрқайсысы өзге елден «жұмыс табуға көмектесеміз» деген компанияға 800 мың теңгеден аударған. Алайда арамыздан «Англияға ақша табуға аттанған адам көрмедік» дейді тұрғындар. «Алдандық» деген азаматтар бүгін серіктестіктің кеңсесіне жиналды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Мұрат Сайбеков Англияға жұмыс істеуге баруды жоспарлаған. Жұмысқа орналасуға көмектесемін деп уәде берген компанияны тапқан. Ер адам шетелде ай сайын миллион теңгеге жуық ақша алуы керек болған. Алайда оның жоспары іске аспады. Екі жылдан бері жолға қажет құжаттарына төлеген қаражатын қайтара алмай келе жатыр.
«Біз көп күттік, тағы да күтеміз», «екі ай, мүмкін үш». Енді келесі айдан бастап күтпейтін болдық. Ақшаны қайтару үшін арыз жаздық. Шетелге барып, жұмысқа орналасу үшін досым екеуміз 720 мың теңгеге несие алдық. Бұл несиені әлі де төлеп жатырмыз», – деді Мұрай Сайбеков.
Жұмысшылардың бәріне құлпынай фермаларында еңбек етесін деп, компания визаларды дайындап, консулдық пен жұмыс берушінің шақыруларын ұйымдастыруға уәде берген. Алайда ол өз міндеттерін орындамаған.
Мұрат Сайбековтың сөзінше, ол өз ешқандай компанияның көмегінсіз-ақ шетелге жұмыс істеуге бара алады.
Белгілі болғандай, компания әлеуметтік желілер арқылы клиенттерді тартты. Әсіресе Алматы, Астана, Қостанай, Шымкент, Түркістан қалаларының тұрғындары зардап шекті.
Владислав Медушевский де шетелде қосымша табыс тапқысы келген. Қызметі үшін компания одан 720 мың сұрады.
«Ақшасыз қалдық. Мұны уайымдап, ауруханаға түскен кезім де болды. Ақша өте қажет еді. Жұмыс жоқ, күнкөріс жоқ. Әлі қарызымнан құтыла алмай жатыр», – деді Владислав Медушевский.
Келісімге сәйкес, клиенттер алдағы төрт айда шетелге ұшуға тиіс еді. Бірақ келіссөз кезеңінде көпшілігі бірнәрсе дұрыс емес деп күдіктене бастаған.
«Олар жұмыс берушімен кездесу ұйымдастырғандай болды. Неге шақырғаны белгісіз. «Сіз көлік жүргізесіз бе?» деген ойға қонымсыз сұрақтар қойып, кейін «Күтіңіз, күтіңіз» деп шығарып салды», – деді Владислав Медушевский.
Компания өкілдері өздерінің адал жұмыс істейтіндерін айтып сендірді. Олардың сөзінше, компания былтырдың өзінде 700-ге жуық адамды шетелге жіберген. Ал қызметінен бас тартқандарға ақшасын міндетті түрде қайтаратынын жеткізді.
«Егер ол тоғыз айдан кейін ешқайда кетпеген болса, онда ол ақшаны қайтару туралы арыз жазады. Екі-үш ай ішінде жүз пайыз қайту керек. Егер адам дәл мерзімнің аяқталуын күтпесе немесе Англияға ұшпаса, онда бұл ұстап қалу ретінде саналады. Ақшаны қалай қайтаратынымызды шешеміз. Ол үшін әркіммен жеке келісемін. Мүмкін соның нәтижесінде шағым қалмас. Келіссөздерден кейін компания өкілдері клиенттермен есеп айырысуға шешім қабылдады. Адамдарға ақшасын қайтарды, бірақ әлі де толық емес», – деді компания өкілі Даниель Гратий.
«Алдандық» деген азаматтардың біразына қаражат қайтарылған көрінеді. Ал қалған зардап шеккені ақшасын түгеел алмайынша, қайтпайтынын айтты.