Түркия Президенті Әзербайжанға ресми сапармен келді

2025 жылғы 4 шілдеде Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоған Экономикалық ынтымақтастық ұйымының (ЭЫҰ) 17-саммитіне қатысу үшін Әзербайжанға ресми сапармен келді деп хабарлайды Altyn-orda.kz Report агенттігіне сілтеме жасай отырып
Report агенттігінің хабарлауынша, Физули халықаралық әуежайында мәртебелі мейманды қарсы алу үшін құрмет қарауылы сап түзеді.
Түркия Президентін Әзербайжан Республикасының ғылым және білім министрі Эмин Амруллаев, Агдам, Физули және Ходжавенд аудандарындағы президенттің арнайы өкілі Эмин Гусейнов және басқа да ресми тұлғалар қарсы алды.
Сондай-ақ түрік БАҚ-тарына сілтеме жасаған Report агенттігі Ердоғанның ЭЫҰ саммитіне қатысу үшін Ханкендi қаласына аттанғанын хабарлады. Айта кетейік, саммит алғаш рет дәл осы қалада өтуде.
Бүгін басталған ЭЫҰ мемлекет басшыларының саммитіне Иран, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстан елдерінің жоғары деңгейдегі делегациялары қатысуда. Сонымен қатар, Солтүстік Кипр Түрік Республикасының (ТРСК) делегациясы бақылаушы ретінде қатысып отыр.
