Имам шугаринг жасату ауыр күнә екенін мәлімдеді
Қазақстанның белгілі имамы Нұрлан Байжігітов қыз-келіншектерге шугаринг жасатудың ауыр күнә екенін мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ.
Оның айтуынша, белгілі бір жағдайларда ғана өзгенің көмегіне жүгінуге болады. Одан басқа кезде біреуге әуретін ашу – ауыр күнә.
«Шугаринг жасау – күнә. Оны жасайтын мастер айел адам болса да болмайды. Өйткені шариғатымызда адам адамға көрінудің бес түрі бар. Соның бірі – әурет жері, негізгісі. Cебепсізден себепсіз әурет жерлерін ашып көрсете беру – күнә. Тек қана ауру болса, қолы жетпесе, басқа жағдай болса, сол кезде ғана басқа адамға жүгінуге болады. Әйелі жоқ болса, күйеуі жоқ болса. Басқа уақытта бір-бірінің әуретін ашу, бұл – ауыр күнәға бату. Керек десеңіз, өлген адамның әуретін жуған адам жауып қояды. Жуған кезде қарамай, қолына қалың перчатка киіп алып жуады», — дейді имам.