Шарын шатқалындағы дәмханада бауырсақ пен шайдың бағасы 15 мың теңгеге жетті: қазақстандықтар таңғалды

Қазақстандық әлеуметтік желілерде Шарын шатқалындағы мейрамханалардың бірінен алынған чек қызу талқыланып жатыр. Келуші бірнеше кесе шай мен бауырсақ үшін қанша төлегенін көрсетіп, көпшілікті таңғалдырды, деп хабарлайды Altyn-Orda.kz.

@sabinamur лақап атымен видео жариялаған бойжеткеннің айтуынша, үш шай мен екі порция бауырсақтың жалпы құны 15 350 теңге болған. Видео авторы мұндай шағын тапсырыс үшін осынша жоғары баға күтпегенін айтты.

Оның пікірінше, туристік орындардағы мұндай қымбатшылық саяхатшыларды үркітіп, ел ішіндегі туризмнің дамуына кері әсер етуі мүмкін. Бойжеткен видео соңында «Тары» мейрамханасының әкімшілігін  сатылым бағасын қайта қарауға  шақырды.

Жарияланым әлеуметтік желілерде тез тарап, көптеген пікір жиналды. Пікір қалдырғандардың көбі  қазақстанда демалғаннан  шетелде демалуға әлдеқайда тиімді екенін  жазды.

Кейбір қолданушылар бауырсақ қазақтың қонақжайлығының символы саналатынын еске салып, оны қонақтарға қымбат бағамен сатудың орнына тегін ұсыну керек деген пікір білдірді.

Материал дайындалып жатқан уақытта мейрамхана өкілдері бұл жағдайға қатысты ресми түсініктеме берген жоқ.

 

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от 𝐈𝐍𝐅𝐎 𝐌𝐎𝐍𝐈𝐓𝐎𝐑𝐈𝐍𝐆 (@infomonitoring)