Қазақстандық каратэшілер Азиадада қос алтын еншіледі

фото  olympic.kz 

Қазақстандық каратэшілер Жоламан Биғабыл мен Софья Берульцева Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды. Осылайша ұлттық құрама қоржынына каратэден бірден екі алтын түсті.

Жоламан Биғабыл 55 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетіп, финалда Өзбекстан өкілі Хумоюнмирзо Халимовпен кездесті. Қазақстандық спортшы шешуші жекпе-жекте қарсыласын 9:1 есебімен жеңіп, Азия ойындарының чемпионы атанды. Бұл Биғабылдың Азиададағы алғашқы медалі.

Ал Софья Берульцева 68 келіден жоғары салмақта чемпион атанды. Финалда ол Таиланд өкілі Маниван Буцуванды жеңді. Осы жеңістің арқасында Берульцева Азия ойындарында қатарынан екінші рет чемпион атанып отыр. Бұған дейін ол Ханчжоу-2022 Азиадасында да алтын медаль иеленген болатын.

Осылайша каратэшілер Қазақстанға Азиада-2026-ның үшінші және төртінші алтын медальдарын алып келді. Бірінші жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының қоржынында төрт алтын және екі қола медаль бар.

Азиада-2026 ойындары Жапонияның  Аичи-Нагояда өтіп жатыр және 4 қазанға дейін жалғасады.